Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді, Күдерін құштарынан бір үзбейді. Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма, Өзіңді мен іздемей кім іздейді! Арына махаббаттың шырай керек, Шын сүйген азабына шыдайды көп. Ән айттым арнап саған ұнай ма деп, Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек. Қ а й ы р м а с ы: Арманымның нұры, Ақындықтың сыры, Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау. Көңілімнің сазы, Өмірімнің жазы, Қайда жүрсің, Әдемі-ау. Өзің ғой өміріме сән берген де, Дүниеде саған ару тең келген бе? Сәулем-ау, сен келесің көз алдыма, Ақ қайың самал желмен тербелгенде. Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма, Өзгелер сені мендей сезе алар ма? Ақ толқын жағалауға асыққанда, Айым-ау, сен келесің көз алдыма, Қ а й ы р м а с ы.
Керемет Алтынай Жорабаева Әдем ау тамаша ән жарайсың көңілді бір көтеріп тастадың рахмет АО Семей қаласынан сәлем 🎉🎉🎉
Унун очпесин Алтынай кубулжуй бер кыргыздан салем
Алтынай шкарный әдемі мықты қайсарлық жақсы қыз
Жаксы шыккан
Керемет!
Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,
Күдерін құштарынан бір үзбейді.
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма,
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!
Арына махаббаттың шырай керек,
Шын сүйген азабына шыдайды көп.
Ән айттым арнап саған ұнай ма деп,
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек.
Қ а й ы р м а с ы:
Арманымның нұры,
Ақындықтың сыры,
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау.
Көңілімнің сазы,
Өмірімнің жазы,
Қайда жүрсің, Әдемі-ау.
Өзің ғой өміріме сән берген де,
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау, сен келесің көз алдыма,
Ақ қайың самал желмен тербелгенде.
Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма,
Өзгелер сені мендей сезе алар ма?
Ақ толқын жағалауға асыққанда,
Айым-ау, сен келесің көз алдыма,
Қ а й ы р м а с ы.
КУШТИ АЛТЫНАЙДЫН ДАУСЫ КЕЗ КЕЛГЕН АНДИ ШЕРТИП ТУРЫП ЖУРЕККЕ ЖЕТКИЗЕДИГОЙ
Алтынай əдемі болып баратсыз өзгеріп