«Бозторғай. Жылы ұя» телехикаясы. 1-бөлім / Телесериал «Бозторгай. Жылы уя». 1-серия (рус.суб)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 жов 2023
  • Жоқшылық, қиындық, арамдық пен кері пиғыл да бұл отбасын құлата алмады. Нұрлан мен Қарлыға балаларын алып, Қостанайдағы жылы ұяларына көшіп келді. Жаңа шаңырақтарына енді үйреніп, саябырси бастаған отбасын көршілері жақтырмай бастайды. Нұрлан балаларын асырау үшін жаңа жұмыс іздегелі жатыр. Ғалия нәпақасын табу үшін базарға жұмысқа шықты. Ал Бикон болса кенеттен бәрін аузына қаратып үлгерді.
    Нұрлан мен Қарлыға асырап алған 10 баланы өздерінің екі баласымен бірге ешқайсысын кемсітпей бағады. Нұрлан жұмыссыз қалып, Қарлыға үйде бала қарап отырғандықтан, оларды тұрмыстың тауқыметі қысады. Көмек қолын созғысы келген адамдардан Нұрлан намыстанып, ештеңе алмайды. Түрлі жұмыстарға жалданып, күні-түні еңбек етеді.
    Қарлыға өзі асырап алған балалардың тегін анықтап, олардың ата-аналарымен кезігіп, олардың тағдырымен танысады. Өз істеріне өкініп, өмірде жолы болмай жүрген жандар балаларын қайтарып алғылары келмейтінін айтады. Балалар да осы жағдайдан кейін Қарлыға мен Нұрланға бұрынғыдан да қатты жақындай түседі. Кеңестік дәуір құлаған шақта өздері қиын жағдайда бола тұра жетімдер үйінен 10 бала асырап алған Нұрлан мен Қарлыға шаңырағының басынан кешкенін бірге тамашалайық!
    КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: / khabarshowtv
    АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
    • «Келінжан 5» телехикаясы: studio.ua-cam.com/users/playlistP...
    • «Рауза. Сакура - Жас өркен» телехикаясы: • «РАУЗА. Сакура - жас ө...
    • «COVER SHOW 3» ойын-сауық бағдарламасы: studio.ua-cam.com/users/playlistP...
    • «Ұйқым келмейді» бағдарламасы: • «Ұйқым келмейді» бағда...
    БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛ:
    Facebook: / habartv.telearnasy
    Instagram: khabartv?i...
    *
    Біздің сайт - khabar.kz
    #бозторғай2 #ШерханПірназар #АлтыншашШаяхметова #бозторгай #бозторғайжылыұя #Қостанайоблысы #балаларүйі #көпбалалылар
  • Розваги

КОМЕНТАРІ • 614

  • @Khabar_TV
    @Khabar_TV  7 місяців тому +355

    Көптен күткен телехикаяларыңыз жалғасын тауып жатыр!🥳 Лүпіл басып, пікір қалдырайық. Қолдауларыңызды күтеміз!❤

    • @syimykerkinbekov5561
      @syimykerkinbekov5561 7 місяців тому +3

      Рауза не болды

    • @user-vk8pn8uf3l
      @user-vk8pn8uf3l 7 місяців тому +4

      Баска кино карауга кіріп едім Бозторгайым бірінші тұр екен бірден кірдім

    • @user-bc6ck1ei9x
      @user-bc6ck1ei9x 7 місяців тому +3

      Хабар арнасы пикчерс Шерхан Пірназаракшын 😅 қатарынан көрген киномыздың бәрінде Шерхан болды, Шерхансыз кино түспейді ау

    • @HAKEEER906
      @HAKEEER906 7 місяців тому +1

      Жарайсыздар осындай телехикаялар көп болсын. Бозторғайдың 2маусыммы кызыкты болады деген ойдамын тек алға жарайсыздар ❤❤❤❤❤

    • @esombeytlepbayov8236
      @esombeytlepbayov8236 7 місяців тому

      Ия менде куттим осы 2 сезонды

  • @Zickyeager
    @Zickyeager 7 місяців тому +641

    Келінжанды бітіріп, Раузаны бітіріп, енді Бозторғайға көшкендер, біз біргеміз))

    • @user-kt6ve7mw5c
      @user-kt6ve7mw5c 7 місяців тому

      😂😅

    • @user-qz4rz8qt1t
      @user-qz4rz8qt1t 7 місяців тому +11

      Ойбай биргемиз,тыпырлап не коретинимизды билмей калдыккой

    • @botagozomirgali
      @botagozomirgali 7 місяців тому +3

      Рауза биттимане

    • @user-sl1gb1hw6v
      @user-sl1gb1hw6v 7 місяців тому +2

      😂иә

    • @fcbarcelonaoff9495
      @fcbarcelonaoff9495 7 місяців тому +5

      Сого брак шеше кормендер советую зеригип кетесиндер😂

  • @toretto6607
    @toretto6607 7 місяців тому +242

    Шетелдік киноларды өзіміздің кинолар басқанына ризамын!

  • @user-eo3sz1cm6j
    @user-eo3sz1cm6j 6 місяців тому +32

    Раузаны бітіріп келинжанды бітіріп карганы бітіріп босторгайга кошкендер быз быргемыз😅🎉😊

  • @marzhanabdi
    @marzhanabdi 7 місяців тому +56

    Шерхан Пірназар 😂 адамды жынды кылды гой. 1 ай бұрын Келінжанда аяп кетіп, кеше Сакурада Маңқаны жек көріп, бүгін мәә не деген әке деп отырмыз😂😂

    • @gulim.ayimm7
      @gulim.ayimm7 7 місяців тому

      Келінжанға түскен жоққой шерхан

    • @user-cw1bq4yy7q
      @user-cw1bq4yy7q 7 місяців тому

      ​@@gulim.ayimm7тусти 5 сезонда ветеринар кыздын куйеуи болып

    • @ballzhann
      @ballzhann 7 місяців тому

      ⁠@@user-cw1bq4yy7qжоқ қателеспеңіз, ол Қобыланды Болат, ветиринар қыздың жігіті болып ойнаған

    • @user-cw1bq4yy7q
      @user-cw1bq4yy7q 7 місяців тому +4

      @@ballzhann Ветеринанын қаладағы күиеуи.Шерхан Ажыраскалы жатырган..Келинжан 5 сезонын доканца қараныз.

    • @Zheniskyzy
      @Zheniskyzy 7 місяців тому

      @@ballzhannдурыс карамапсызгой

  • @user-dc3dh4xq7p
    @user-dc3dh4xq7p 7 місяців тому +42

    Шетел,орыс т.б шаршадық өзіміздікіне жетпейді кім келіседі 👍👍👍🔥🔥🔥🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @Uljan_94.
    @Uljan_94. 7 місяців тому +35

    Биконтайды көргеніме қуанып кеттім❤. Ақылды бала

    • @user-ch5hs8do5r
      @user-ch5hs8do5r 7 місяців тому

      Келдима ол

    • @user-mf1id4sk4z
      @user-mf1id4sk4z 6 місяців тому

      Менде ең ақылды бала Биконның тағдыры не болды екен деп уайымдап ,жылап едім.Тірі екен ғой әйтеуір...

    • @Uljan_94.
      @Uljan_94. 6 місяців тому

      @@user-ch5hs8do5r иа келді 2ші сезонда тіптен тағдыры қыйын болып кетті ғой😓

  • @user-sy1hb6ln3v
    @user-sy1hb6ln3v 7 місяців тому +25

    Келинжанды Раузаны, Чёрный дворды,Қарғаны, Хақты, көрип болып енди Бозторғайды көрип отырғандар биз биргемиз👏

    • @user-zh6lx2ef9e
      @user-zh6lx2ef9e 6 місяців тому

      Биргемиз

    • @user-dd9wp3zo8n
      @user-dd9wp3zo8n 6 місяців тому

      Енді "өмір" сериялын көрсең өкінбейсің деп ойлаймын . Енді ол біраз жыл бұрын шыққан , бірақ маған қатты ұнады❤

    • @baqtiyaraktu6234
      @baqtiyaraktu6234 6 місяців тому

      Соңғы аялдама ше?

    • @user-dd9wp3zo8n
      @user-dd9wp3zo8n 6 місяців тому

      @@baqtiyaraktu6234 әлі көрмеппін😕

  • @ramazansrazhadin6421
    @ramazansrazhadin6421 7 місяців тому +20

    2006 Ақтөбеге келіп едім 8 жасымдағы өмірім көз алдымнан өткендей болды. 8 жасымнан бастап өз күнімді өзім көріп келе жатырмын Кәзір шүкір Аллаға. Қанша жоқшылықта жүрдім. Бірақ ұрлық жасамаппын

    • @Monalizaxl
      @Monalizaxl 2 місяці тому

      Қиын болған екен

  • @user-ne9cd4du9k
    @user-ne9cd4du9k 7 місяців тому +38

    Костанай каламызда муншалыкты масштабты съемка болмаган еды. Керемет шыккан🔥😍😍😍

    • @ZhadyraAhmetsabirova
      @ZhadyraAhmetsabirova 6 місяців тому

      Иә таңқалып отырмын таныстарды көріп, Қостанайда қай кезде түсірген 😊

  • @user-in4id9gt3p
    @user-in4id9gt3p 4 дні тому

    Иа, фильм маған ұнады, шындық түсірілген Сол уақыттарда Қазақ елінің біраз жерінде неше түрлі болды Мынаны түсірген режиссердың, кішкентай Биконның ролін қарап отырып, риза болдым. Нағыз мақтауға лайық, шығарма, рольдер. Бұлда тарих. Тамаша еңбек!!¡

  • @user-ec8wd1hd2w
    @user-ec8wd1hd2w 7 місяців тому +75

    Уррааа!Асыға күтіп едік отбасымызбен🎉 Бикомен түсірілім кезінде таныстық!Тамаша бала,ұялшақ екен өмірде

  • @user-sk8fp7sq1d
    @user-sk8fp7sq1d 7 місяців тому +33

    Кино деген осындай болады ғой. Хабар арнасының сериалдары керемет, бірінен бірі өтеді. Қазақстанда Сезім толқыны деген болып жатыр, индиский кино сияқты өтірік оқиғалар.😀

  • @korkemnurdauletova6597
    @korkemnurdauletova6597 7 місяців тому +45

    Қандай жақсы!!! Қатарынан 3 сериялда да Шерхан Пірназар ойнайды! Өте талантты керемет актер!

  • @nurila1295
    @nurila1295 7 місяців тому +55

    Өте тамаша туынды деп ойлаймын, актерлер рольдерін жоғары дәрежеде алып шыққан 👍

  • @user-to6nt4ji7t
    @user-to6nt4ji7t 7 місяців тому +20

    Мен кешеден бастап 1 сезоннан үзбей көріп тастадым. Сөйтсе. Өмірде болған оқиға желісімен екенғой. Қандай керемет сюжет. Респект 👏👏👏👏👌👍👍👍

    • @user-xz3yp8cn4m
      @user-xz3yp8cn4m 6 місяців тому

      Мен 1 сезонун бутуруп 2 сезонго келдим дал азыр коруп баштадым
      21 32 минутта 😅😮
      Жакшы сериал экен Рауза буттубу ким жооп берет

  • @user-hx8pe9dh4p
    @user-hx8pe9dh4p 7 місяців тому +14

    Біздің Арқалық 😍

  • @tgk75102
    @tgk75102 7 місяців тому +26

    1990-1995 жылдары Арқалық қаласында студенттік шағым өтті. Шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген осы фильмді көре отырып сол заманға қайта оралғандай болдым. Фильм өте жақсы түсірілген. Кішкене актерлерде өз рольдерін кәсіби актерлермен теңдей ойнап шыққан. "Мазга", "Боковой", "Түрді жібермеш" деген сол заманның сленгтары еді 😂🤣😅 Фильмді түсіруге ат салысқан барлық шығармашылық топқа алғыс айтамын.

  • @AlbinaMaqan
    @AlbinaMaqan 6 місяців тому +6

    Раузаны, келінжанды, шешені, қарғаны, сезім толқынын бітіріп бозторғайға көшкендер біргеміз🎉😂❤

  • @user-iu3kr7gj4i
    @user-iu3kr7gj4i 7 місяців тому +34

    Хабар телеарнасының басшылығына рақмет !
    Осы сериалды түсіруге қанша тер төгілді екен барша ұжымға алғысым шексіз!
    Қазақ өнері өркендей берсін !!!

    • @user-ml1gf8oj9q
      @user-ml1gf8oj9q 7 місяців тому

      Хабар сағат неше де болады кино

  • @Uljan_94.
    @Uljan_94. 7 місяців тому +17

    1 сезонда Бекон деген баланы ұрлап кеткен еді. Бірақ ол қашып кеткен жерінен кино біткен еді. Беконтай аман есен екен😍

    • @weberka
      @weberka 7 місяців тому

      Ияяя, коргенде катты куанып кеттым гооой🥹

  • @makhambetkausar
    @makhambetkausar 7 місяців тому +16

    На конец - то шықты😍😍😍
    Қатты күтім ғой мен😍😍😍😍😍🥳🥳🥳

  • @user-zp4hs2bu1y
    @user-zp4hs2bu1y 6 місяців тому +5

    Арқалық ❤❤❤

  • @user-zp3xu8ox3l
    @user-zp3xu8ox3l 7 місяців тому +12

    Бекошты көріп жаным ашып кетті😢😢

  • @HAKEEER906
    @HAKEEER906 7 місяців тому +18

    Көп күтіп едім бозторғайдың 2маусымын. жарайсыздар 2серияны күтеміз, жарайсыздар. Өмірден алынғандай шынайы актер актрисалары бәрі күшті ойнап шықты. ❤❤❤❤❤❤

  • @user-bc3lz8qz9z
    @user-bc3lz8qz9z 6 місяців тому +2

    Аркалык базары, қазірде осындай жағдай да ғой, өзгермен

  • @user-yg9dt2xd1n
    @user-yg9dt2xd1n 7 місяців тому +23

    Құдай каласа 3 сезон шыкса Аркаллыка келип тусирсегой
    Оте керемет шыкан ❤❤❤
    Актёрлер кереметтт😍😍😍

    • @botaakhmediyakyzy617
      @botaakhmediyakyzy617 7 місяців тому +2

      2 сезон Арқалықта және Қостанайда түсірілген

    • @user-sg8ck6yb4v
      @user-sg8ck6yb4v 7 місяців тому

      Түсірдігой Аркалыққа барып

  • @Zhans177
    @Zhans177 6 місяців тому +20

    Огромное благодарность всем актёрам и всему коллективу ! Режиссёру за прерасную сделанную работу! Пусть Вас всех хранит Всевышний! Мир вам милость и благословение Аллаха! Әмин!🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍👍 Трогательно! Впечатлен!

  • @user-os9vt8mk4e
    @user-os9vt8mk4e 7 місяців тому +10

    Қанат күшті бала ұнайды ше 😊❤

  • @Aikoh_ai06
    @Aikoh_ai06 7 місяців тому +7

    Осы кинода ойнайтын үш актор тик токта хит болды ғой біз түрмеден қаштық у аа деп😂😂😂

  • @user-ll3ug8bf3h
    @user-ll3ug8bf3h 7 місяців тому +34

    Сакура жас өркен біткеннен кейін көріп жатқандар лайкккккккккк

  • @user-ub5kx8nq1j
    @user-ub5kx8nq1j 7 місяців тому +3

    Керемет тусирген кино болды оте тартымды карапайым казаки омирди кйындын корсете билген.

  • @user-xk4fv3xs7r
    @user-xk4fv3xs7r 6 місяців тому +5

    Долгожданное продолжение. Честно, очень рады тому, что Шерхан Пирназар вернулся к положительному амплуа после мерзкой роли в трех частях "Раузы".

  • @ainagul_baibolat
    @ainagul_baibolat 7 місяців тому +7

    Арқалықта түсіргеніне қуаныштымын!!!

  • @user-vd7ic9bc5w
    @user-vd7ic9bc5w 7 місяців тому +10

    Әдемі шыққан жарайсыздарррр құдай қаласа 3сезон шықса ғоо иншааллаһ ❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-ul9vf1xt9f
    @user-ul9vf1xt9f 7 місяців тому +13

    Бикон жоғалып кетті деп
    Катты уайымдап едим 😢
    Бар екен ғой 😊

  • @tilekkialbekov8317
    @tilekkialbekov8317 6 місяців тому +3

    Өмірде сериал көрмейтін едім. Өте тамаша кино екен. Рахмет барлықтарыңа. Сериал өте тамаша, мағыналы, прямо жылап тұрып көретін болдық. Қазақ киносы осылай дами берсін. Керемет әсердемін. Барлық сериалды көріп шықтым. Бұлай Қазақтар кино түсіреді деп ойламаппын. Алға Қазақ киносы тек алға

  • @moldirakhmetova8296
    @moldirakhmetova8296 7 місяців тому +8

    Эх менің қайран Арқалығым 😢

  • @syrman20
    @syrman20 7 місяців тому +10

    2 болим шыкканына куаныштымын!

  • @Tosya75
    @Tosya75 7 місяців тому +7

    Шерхан Пірназар керемет актёр
    Барлық кинода өзін сендіре алды

  • @superqyz
    @superqyz 7 місяців тому +8

    Керемет!💯❤️
    Актерский состав күшті!

  • @raushanduanaeva7113
    @raushanduanaeva7113 7 місяців тому +10

    Өмірде осындай жағдайлар болды ғой. Шыңайы өмірден алынған. ❤

  • @user-nu4xp7wr4z
    @user-nu4xp7wr4z 7 місяців тому +6

    Күшті сериал. Урааа Бекон табылды

  • @anwarorg6311
    @anwarorg6311 7 місяців тому +182

    2ші бөлім күтетіндер лайк басып кетші (бозторғай 2ші маусым күткендер + 1 бөлім) ❤🎉

    • @makhambetkausar
      @makhambetkausar 7 місяців тому +4

      Мен сені мұғалім сериалында коменттерінде көремін ғой

  • @AkzhunisMukhtarova
    @AkzhunisMukhtarova 7 місяців тому +4

    Не плач, не плач. Я тебе гаварю саблазнения🥀😂

  • @user-df7kj3pp6u
    @user-df7kj3pp6u 7 місяців тому +8

    Өте керемет кино өмірлік мән мағынасы бар тәрбиелік 👏🏻👏🏻👏🏻

  • @inkarrystem6678
    @inkarrystem6678 7 місяців тому +4

    Кутым гой сыны оте керемет кино❤

  • @Mir_miru888
    @Mir_miru888 7 місяців тому +2

    Жаксы болды гой Беконды уайымдап жур едим табылатын шыгар

  • @aser9814
    @aser9814 7 місяців тому +5

    Арқалығымды көріп қуанып қалдым ғой! Шығармашылық топқа рахмет! ❤

    • @user-fr3eh6rv6s
      @user-fr3eh6rv6s 6 місяців тому +1

      Арқалығым аңызым
      Тарихым Торғай

    • @user-ec7nr6qn9n
      @user-ec7nr6qn9n 6 місяців тому

      @@user-fr3eh6rv6s Аманкелді жолын келемін келемін жалғай😊

  • @user-go7qq6fl1q
    @user-go7qq6fl1q 7 місяців тому +3

    Актёр лар жогаргы дарежеде ойнап шыккан мыкты тандап алыпты кино керемет шыгыпты

  • @user-hx1jw2ls7q
    @user-hx1jw2ls7q 6 місяців тому +2

    Осы кино ұнаиды ❤❤❤❤

  • @raushanduanaeva7113
    @raushanduanaeva7113 7 місяців тому +3

    Керемет! 👏👏👏👍👍👍

  • @user-sd6qp2hg4h
    @user-sd6qp2hg4h 7 місяців тому +2

    Өте керемет кино өмірден алынған ои салатын ертеңгі өмірге

  • @ainyakakasen7915
    @ainyakakasen7915 7 місяців тому +2

    Мамонт суйегин тапкандары топ болды)

  • @user-fd2vf4jt4y
    @user-fd2vf4jt4y 6 місяців тому

    Басыңда туған жерім Арқалығымды көрсеткен😪♥️♥️

  • @user-yj7ec8uw5s
    @user-yj7ec8uw5s 6 місяців тому +2

    Келінжан бітті Рауза бітті Қарға бітті Енді Бозторғай😂👍

  • @syrman25
    @syrman25 7 місяців тому +10

    біздің Заречный ауылында түсірілді, кино түсіру оңай шаруа емес екенғой 🔥

    • @user-kl9wt9sx3d
      @user-kl9wt9sx3d 7 місяців тому

      Заречныйда біздің үйдің қасына келіп, бір екі рет түсірген

  • @user-lv7xz5kz5x
    @user-lv7xz5kz5x 3 місяці тому +2

    Келінжанды бітіріп, Раузаны бітіріп, Қарғаны бітіріп, Қара Жәшік бітіріп, Бозторғайға шыққандар біргеміз *)😅😅😅

  • @user-lp7uy6gx8i
    @user-lp7uy6gx8i 7 місяців тому +15

    Хабар телеарнасының басшылығыңа рахмет! Қазақ киносын дамытып жатқан!🎉🎉🎉

    • @user-hg4fc3cg9t
      @user-hg4fc3cg9t 6 місяців тому

      Басшылығыңа-Басшылығына

  • @adaibalasy4999
    @adaibalasy4999 6 місяців тому +1

    өте жақсы кино маған ұнады,,,жалпы Қазақстанда ескі кино түсіру қиын емес любой аулға барса бәрі ескі

  • @user-xh6gy9fm6y
    @user-xh6gy9fm6y 7 місяців тому +4

    Шерхан мыкты октёр

  • @user-vt5ok2ei6i
    @user-vt5ok2ei6i 7 місяців тому +3

    Биз турмеден каштык деп уш жигит жургой прикол болып осы кино екенгой😂

  • @user-rc7kt7zi9g
    @user-rc7kt7zi9g 7 місяців тому +3

    Қызық екен екінші сезоны👍

  • @user-jv5ph7qs3g
    @user-jv5ph7qs3g 7 місяців тому +3

    Сәттілік🙏🏼🙏🏼🙏🏼

  • @user-pp3yh2br6p
    @user-pp3yh2br6p 7 місяців тому +1

    Шерхан совсем Манканын ролине жараспады, ози оте акконил адамга уксайды

  • @user-yx7bv1zs3h
    @user-yx7bv1zs3h 7 місяців тому +14

    😍 керемет сериал, 2-ші сезонын асыға күтіп едік 🎉

  • @user-bn2jr6zi8n
    @user-bn2jr6zi8n 6 місяців тому +3

    Өте керемет жарайсындар асыға күтіп жүрген едім ❤❤❤👍👍👍

  • @user-wo5bu9st5u
    @user-wo5bu9st5u 7 місяців тому +5

    Биконга обал болды

  • @Inzhuka707
    @Inzhuka707 6 місяців тому +1

    Аоаоаоаоаово маликаааааа моя подруга❤❤❤❤❤

  • @cacaojemgg1874
    @cacaojemgg1874 7 місяців тому +23

    Манкамен коштасып нурланга келдикпа😀

    • @korkemnurdauletova6597
      @korkemnurdauletova6597 7 місяців тому +1

      Келінжанда Диас, Раузада Аман😅, мұнда Нұрлан

    • @user-rv5oo8ub3k
      @user-rv5oo8ub3k 7 місяців тому

      ​@@korkemnurdauletova6597Диас деген баскаго 😂

  • @user-rg6ri8xq8y
    @user-rg6ri8xq8y 7 місяців тому +9

    Осы киноны көп тостм ❤шыктыгой айтеу❤😊

    • @Zickyeager
      @Zickyeager 7 місяців тому

      Шығыстансыз ба?)

  • @syrman25
    @syrman25 7 місяців тому +6

    Биконды көріп өз баламды көргендей қуандымғой😢

    • @Stark-1997
      @Stark-1997 5 місяців тому

      Бикон ол қайсысы?

  • @N.F.Mobilo
    @N.F.Mobilo 7 місяців тому +1

    Қостанай жарайсыздар керемет .Павлодардан сәлем

  • @bbb5424
    @bbb5424 7 місяців тому +5

    Боковой 😂👍👍👍

  • @user-iw5wf4xx3j
    @user-iw5wf4xx3j 6 місяців тому +1

    Аркалык Торгайым жаным менын жерым

  • @user-fu4qn1wm3b
    @user-fu4qn1wm3b 7 місяців тому +5

    Қандай керемет сериал ❤❤❤

  • @Difexwe
    @Difexwe 3 місяці тому

    Осы киноны кайта кайта коргым келеды кушты прям

  • @user-bk4ys3ns7g
    @user-bk4ys3ns7g 7 місяців тому +5

    Көгершін ❤

  • @user-vj4jz7re8r
    @user-vj4jz7re8r 6 місяців тому +1

    Арман сөйлеп кетіпті ғой😮❤❤

  • @timka6674
    @timka6674 7 місяців тому +2

    АРҚАЛЫҒЫМ АЙЙЙ😍😍

  • @guldanaoryngalieva6548
    @guldanaoryngalieva6548 7 місяців тому +4

    Сериалдың жалғасын тапқанына қуаныштымын. Актерлық составқа шығармашылық табыс тілеймін .

  • @daniarmedet8218
    @daniarmedet8218 7 місяців тому +1

    Қалаулым басқа да болмағыр нәреден осылар мын есе артық ризамын

  • @user-pu7io6ps8d
    @user-pu7io6ps8d 6 місяців тому +1

    Оо Ниязов жүрғо Көк тарландарындағы👍🏻

  • @tohalaek5103
    @tohalaek5103 7 місяців тому +2

    Отандық туынды, тамаша🇰🇿✨❤️😍😍

  • @aisulushokputova2639
    @aisulushokputova2639 7 місяців тому +3

    Керисинше Шерхан Пирназардын осы роли унаиды маган.

    • @user-er9yc1rb5j
      @user-er9yc1rb5j 7 місяців тому

      Келісем Сакупадағы рөлі тым жиіркенішті

  • @user-ls1yy8uj2t
    @user-ls1yy8uj2t 7 місяців тому +3

    Жақсы кино екен, ұнады👍🏼👍🏼👍🏼

  • @user-zv9zk4yx9j
    @user-zv9zk4yx9j 7 місяців тому +2

    ❤қуаныштымын шыққанына өте жақсы фильм сіздерге шығармашылық табыс тілеймін 🎉🎉

  • @MuhitAbdreim
    @MuhitAbdreim 4 місяці тому

    Шынымен болган окига екенго.Керемет

  • @user-cl9yb9zu4b
    @user-cl9yb9zu4b 7 місяців тому +2

    Кельсем казак кеносы керемет болиап жатир❤👍🇰🇿

    • @user-hg4fc3cg9t
      @user-hg4fc3cg9t 6 місяців тому

      қазақ кеносы, болиап жатыр, кельсем

  • @user-ub2xr6nv2y
    @user-ub2xr6nv2y 7 місяців тому +1

    Қанша кино көрсемде осы киноға жатпеиді❤❤❤😊

  • @Nurserik738
    @Nurserik738 2 місяці тому

    Керемет 🤘

  • @user-zt2lg1rb1t
    @user-zt2lg1rb1t 7 місяців тому +8

    рауза 3 сезон битирип осыны корейын деп отырм🤣

  • @venakmatowa4783
    @venakmatowa4783 7 місяців тому +5

    🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉КАК Я ЖДАЛА 2 СЕЗОНДЫ

  • @user-xh6gy9fm6y
    @user-xh6gy9fm6y 7 місяців тому +1

    Рахмат чыгыптыр гооо

  • @asemabugalyeva8142
    @asemabugalyeva8142 7 місяців тому +1

    Арқалығым туған жерім...сағындым...

  • @Zhans177
    @Zhans177 6 місяців тому +1

    Керемет 🇰🇿👍

  • @user-hp8bg5ul6f
    @user-hp8bg5ul6f 6 місяців тому +2

    Манканы раузадан корген жаксы еди,мынау манкага серьезный болган жараспайды еккен😅😅😅😅

  • @xaybullashamuratov5072
    @xaybullashamuratov5072 7 місяців тому +2

    Кушти Казахстан аллга

  • @user-pj7dc2ku9k
    @user-pj7dc2ku9k 6 місяців тому

    Не деген бітпейтін жарнама

  • @user-oj8el7un1q
    @user-oj8el7un1q 7 місяців тому +1

    Оте оте керемет болыпты респект осындай кинолар жарык коре берсе екен 😍 актёрлар оздеринин рольдарын керемет алып жыгыпты ❤