Бизон Ақтау @bizon_akt

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024
  • Көлік жүргізушілер, әсіресе, өзім сияқты далалыққа көп шығатын жүргізушілердің қорқынышы десек те болады, бұл - машина дөңгелегінің жел жіберіп қоюы. Яғни, шөп, шеге немесе сондай қатты заттардың көлік дөңгелегіне кіріп кетуінен желі шығып, қолайсыз жағдайға тап болып жатады. Ал мұндай жағдай айдалада, шаң-шаң болып жүргенде "жығылғанға - жұдырық" болады. Шаң-шаң болып далада дөңгелек ауыстыру, желімдеп үру дегенге өз қара басым жыным келеді. Тап осындай жағдай былтыр Булыойыққа барғанда болды. Қоянсүйек деген шөп кіріп, запаскамды ауыстырып алдым. Ал жарылған дөңгелегімді желімдегенде төрт-бес тесік анықталды. Осы аталған жағдайлардың алдын алу мақсатында Саламат атты бауырымыз Ақтау қаласынан орталық ашыпты. Полимерді ыстықта ерітіп аппарат көмегімен дөңгелектің ішкі жағынан жағып береді. Нәтежесінде дөңгелек табанына кірген заттардан желі шықпайды, жолда жүру қауіпсіздігі артады. Инстаграм желісінде @bizon_akt деген атаумен тіркелген олардың жұмысын көріп, мен де өз темір тұлпарыма да жасатып алдым. Жақсыны неге айтпасқа, достарыма да жасатып алуға неге кеңес бермеске деген оймен сіздерге бейнеролик арқылы жеткізіп отырғаным. Әрі осындай өңірімізде алғаш кәсіп бастап жатқан інімізге ақпараттық қолдау мақсатында жариялап отырмын. Толық мәліметті инстаграм парақшасына өтіп немесе +77757484483 телефон нөміріне қоңырау шалып сұрасаңыздар болады.

КОМЕНТАРІ • 2