Балабақша меңгерушісінің бассыздығына шыдамаған тәрбиешілер шындықты жайып салды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 25 вер 2024
  • Қызылорда облысында балабақша қызметкерлері бір жыл бойы еңбек құқықтарының тапталып келе жатқанын айтып жиналды. Айтуларынша жекеменшік бөбекжайдың құрылтайшысы мен меңгерушісі тәрбиешілерді қорқытып, олардың банк карталарын алып қойған. Осылайша ай сайын есепшотымызға 300 мың теңге жалақы аударып, бірақ оның қомақты бөлігін өз пайдаларына жаратып келеді дейді. Ең сұмдығы, бізге жалақы ретінде жүз мың теңгені ғана қолма қол беріп отыр деп ашулы.
    Сырдария ауданындағы «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлері басшыларымыздың әрекетінен әбден мезі болдық дейді. Тәрбиешілердің айтуынша, әу баста жұмысқа орналасқан кезде құрылтайшы оларға келісімшарт бермеген. Содан соң әрқайсымыздың банк картамызды алып қойып, айлық пен еңбек демалысының ақысынан қомақты қаражатты бір жыл бойы қалтасына басып келді дейді. Ал қызметкерлер отбасымызды асырап отырған жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деген қорқынышпен осы кезге дейін ешқандай органға шағым түсірмепті.
    ГҮЛЖАУХАР ҚҰРМАНАЕВА, тәрбиеші:
    - Банкоматыңды маған бере тұр сентябрьде жұмысқа қосылған соң беремін деген сияқты айтып пинкодымды жазып алды. Маған уведомление келді. 300-300 -ден снимать етіп алған. Общий отпускнойым 700 мың түскен.
    ГАУХАР АСЫЛБЕК, ТӘРБИЕШІ:
    - Айлық 300-дің үстінде түседі. Соның жүз мыңын ғана береді. Банкоматым апайда осы күнге дейін.
    Қолдарында келісімшарт болмаған соң тәрбиешілер нақты қанша жалақы алатындарын да білмейді. Тек басшыларының ауызша жүз мың теңге береміз дегеніне көнген. Ал енді есепшотымызға ай сайын қомақты қаржы түсіп тұрғандықтан мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан да қағылып келеміз деп қынжылады тәрбиешілер. Мұндай қысымға шыдамай 3-4 күн бұрын жұмыстан шығып кеттім деген қызметкер Баян Сүйіндікова жеке балабақша басшыларының бұдан бөлек те құйтырқы әрекеттерін жайып салды. Айтуынша, құрылтайшы мұнда тәрбиеленбейтін балаларды тізімге қосып, мемлекеттен қыруар қаражат алып жүр.
    БАЯН СҮЙІНДІКОВА, балабақшаның бұрынғы қызметкері:
    - Бір группада 18 бала бар, екінші группада 22 бала бар. Бірақ біз 50 бала деп белгілеп отырмыз. Қаншама бала жоқ бізде. Басқа жақтан алып келеміз. Қызылорда, Алматыдан да бізде бала тіркеліп тұр.
    Ал тәрбие ошағының құрылтайшысы мен меңгерушісі қызметкерлерінің шағымдарын жоққа шығарды.
    ЭЛЬВИРА ЗБАЙРОВА, «ҚАРЛЫҒАШ» балабақшасының меңгерушісі:
    - Мен ешкімнің карточкасын алмаймын. Мен меңгеруші болғаныммен бізде частный садик. Мен ешқандай тәрбиешінің карточкасын алған жоқпын. Бала санына қарай айлық төленетіні рас. Қазір бізде портал, бұрынғыдай қағаз жүзінде біз өтірік белгілей алмаймыз. Өтірік информация бере алмаймыз жоғары жаққа.
    Білім бөліміндегілер тәрбиешілердің еңбек құқықтарының шектеліп келгенінен бұған дейін хабарсыз болдық дейді. Ал балабақшадағы бала санына байланысты тексеріс жүргізіліп жатқанын айтады. Шағым білдірген қызметкерлер мәселелерінің ақ-қарасын енді құзырлы органдар анықтап берсе деп үміттеніп отыр.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 51

  • @sagimbaibaigabilov8257
    @sagimbaibaigabilov8257 Рік тому +13

    Жеке балабақшаларды, мемлекеттік қылу керек.Бала тәрбиесін жекеге бермеу керек

  • @Зағира_1961
    @Зағира_1961 Рік тому +11

    ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ БӘРІ ОСЫНДАИ. ОЛАРДЫ ЕШКІМ ТЕКСЕРМЕИДІ.

  • @aijanibrashova2411
    @aijanibrashova2411 Рік тому +8

    Коремизге барындар!Жемкорларды бирден тексерип ак карасын шешип береди.

  • @КуралайНурышева-х1ю

    Барлық балабақшаларды тексерсін,Алматыда да неше түрлі жағдайлар көп,мертвые души дофига

  • @bagdatmoldabekova5692
    @bagdatmoldabekova5692 Рік тому +10

    Аудандық білім бөлімінің білмеуі мүмкін емес,олар бәрін біледі,олар учиридительмен бірігіп алған жемқорлар

  • @ТакежанШегиров-я3е

    Менгеруши бурынгыдай отирик белгилей алмаймыз деп оз артын ашып отыр😅😂

  • @azamatkoshamanov4621
    @azamatkoshamanov4621 Рік тому +1

    Масқара сөзім жоқ беті бүлк етпейді ғой 🤦‍♀️😡😡😡😡😡😡😡❗❗❗❗❗❗

  • @aijanibrashova2411
    @aijanibrashova2411 Рік тому +4

    Ай сумдык ай.Жемкорлар арамызда жур екен .😮😮😮Алладан корыкпайд екен

  • @ӨтениязДиханбаев

    Ассалаума алейкум, жоғарыдан бастап тазалау керек, олар төмендеглерді өздері сайлап қойады алатынын алып, сосын айма ай алып отырады

  • @Мария1962-щ2г
    @Мария1962-щ2г Рік тому +7

    Ақша жегіштер мойындамай тұр ғой. КӨРЕМІЗГЕ РУСЛАНҒА ХАБАРЛАСЫҢДАР.

  • @МухтарНазаров-д3ч

    Ұқит, шұқит, ешкім кінәлі емес боладыда

  • @ЕрикСайлау-ъ4в
    @ЕрикСайлау-ъ4в Рік тому +7

    Біреудің картасын алуға,пайдалануға рұқсат жоққой

  • @rewwi.brow_
    @rewwi.brow_ Рік тому

    Барлық жеке меншік балабақша сондай... Ол біз үшін жаңалық емес... Тек жоғарыда отырғандар ғана білмейді😢😢😢әлде білгісі келмейме??!!!

  • @ЖұпарСәрсекова
    @ЖұпарСәрсекова Рік тому +1

    Осыған ұқсас жайлар барлық жерде бар, жекеменшік дегенді жою керек,мұғалімнің балаларын жасы жетпесе де заңсыз тіркеусіз алып отыру үйреншікті жағдай
    Халық арасында сауалнама жүргізсе 80пайызы растайды

  • @Айман-н4с
    @Айман-н4с Рік тому +3

    Мен 41балл алсам да 17жыл стажбен жұмысқа орналаса алмай отырмын,1000$ сұрап отыр 😢

  • @ШараКемал-ж9е
    @ШараКемал-ж9е Рік тому +1

    Меңгеруші бұрынғыдаи белгілеи алмаимыз деима😂менің қызым жұмыс істеген осы балабақшада отпускноиды берсін деп үиге адамдарын жіберіп мазамызды алған күндерде болды. Әр нәрсенің жауабы бар. Дұрыс болды қашанғы жем болады халық

  • @Ерлан-н9н
    @Ерлан-н9н Рік тому +1

    Тексерсын балабакшаларды

  • @КулайханКусаинова-х2т

    Осы кезде де осындай неграмотный адамдар болады екен

  • @ГулнараСагинбаева

    Осы қай жерде болсада бастықтар қарамағындағылардың ЕҢБЕК АҚЫСЫН НЕГЕ ЖЕЙДІ???БАРЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЛЕТІН ЖЕРГЕ. ЖАРЫҚ ДҮНИЕДЕ: ЕҢ АУЫР КҮНӘ ЕҢБЕК АҚЫ МЕН ЖОЛ АҚЫСЫН ЖЕУ!!!!

  • @ҚазақТарвз
    @ҚазақТарвз Рік тому +1

    Ақша жеу үшін небір айла тәсілдерге баратын болғаны да. Мынв келіншек сонда 300 мың айлық төлеп отырмын дей ма. Онда тірбиешілер шағымданбас еді.

  • @serikkuatbayev5246
    @serikkuatbayev5246 Рік тому

    осындай өлімтікке жиналған қарғалар қазағымда көбейіп бара жатыр. Осы азғындарды өсірген әке- шешелеріне лағнет, атадан азып туғандар.

  • @DaryandUncle
    @DaryandUncle Рік тому +1

    Жекенің бари сондай

  • @МейКвансу
    @МейКвансу Рік тому +1

    Масқара.

  • @kentau6622
    @kentau6622 Рік тому +3

    менгерушинин денсаулыгы дурыс па екен.

  • @СергейМорозов-т4в

    тексеру керек жалгыз бала бакша емес анткор дурыс жумыс жасамайды

  • @gulnaraismaganbetova3223
    @gulnaraismaganbetova3223 Рік тому

    Тұрі құрсын уятсыз неме

  • @ПользовательПользователь-ъ2л

    Жемқорлық қашан тиылады масқара

  • @АйшаМалик-э4с
    @АйшаМалик-э4с Рік тому

    Женилдик. Заны.жаксы.болды.
    Алла.жазасын.берсин.
    Аумин.

  • @Ботакоз-о2т
    @Ботакоз-о2т Рік тому

    Қызылорда таң қалмаймын

  • @БейсекульДаткабаева

    НЕҒЫЛҒАН БЫЛЫҚТАР ,СҰМДЫҚ, БІРЕУДІҢ ФИНКОДЫН ,КАРТОЧКАСЫН АЛУ ДЕГЕН БАРЫП ТҰРҒАН ҚЫЛМЫС ҚОЙ ..ФИНПОЛИЦИЯҒА АРЫЗДАРЫН ЖАЗУ КЕРЕК ҚОЙ....

  • @КуралайНурышева-х1ю

    Алматыда гос .садиктерде де бар еңбекақы жеу деген,меңгерушілер білгенін істеп жатыр

  • @Гульбадам
    @Гульбадам 3 місяці тому +1

    Менгерушинин тури кандай жиркеништи сүркия катыннын кандай екени тусинен коринип тур

  • @Жекебатыр-ы2б
    @Жекебатыр-ы2б Рік тому

    Сұмдық,масқара,жабайлар

  • @АсселСабырова
    @АсселСабырова Рік тому

    Сотталсын

  • @rustamchaxabaev3924
    @rustamchaxabaev3924 Рік тому

    Бәріде біліп долясын алып отыр құзырлы органдар,Бүкіл елде осындай былық.

  • @КайратСафарбеков-д2з

    Болмеге камап алып жабылып амын шыгарып урмайсындарма

  • @DaryandUncle
    @DaryandUncle Рік тому

    Бұрыңғыдай өтірік информация бере алмаймыз дей ма😂

  • @РауанАнапияев
    @РауанАнапияев Рік тому +1

    Менің екі қызым садикте документ бойынша бирақ былайынша үйде жүр жеке садик тиркеп коя салады

  • @sabofaizulyn6726
    @sabofaizulyn6726 Рік тому

    Жегенин желкесинен шыгарындар..

  • @ДилназИскендирова

    Бул коргенсиздик токтамаиды

  • @Sarkit-sj2um
    @Sarkit-sj2um Рік тому +1

    Билим болими бирге, неге береди, акмакпа

  • @sos7799
    @sos7799 Рік тому

    Ал міне саған жекеге балабақша, мектепті жекеге бергеннің пайдасы үкіметтен бір адамға үшжүзмың айлық бөлінсе Әкімшілік, гароно 100 меңгеруші 100 жұмысшы жүз үшке бөлінеді айлық екі ортада бала шырылдайды жетістірдің жаңа Қазақстан болып

  • @хай-э4у
    @хай-э4у Рік тому +2

    Коррупция коррупция коррупция коррупция коррупция коррупция коррупция коррупция коррупция коррупция прогрызли все государство все связано с акиматами и отделами образованиями все коррумпированно больное насквозь навылет кзылорда все коррумпированно начиная с акима все родственники этого бордюбека

  • @DjDivas-m8p
    @DjDivas-m8p Рік тому

    Менгерушынын бетынен сыдыгы шыгып тургой😂