Сиқыршы мен жынның арасында болатын келісім ᴴᴰ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 лис 2024

КОМЕНТАРІ • 188

  • @НурбекОрысбаев
    @НурбекОрысбаев 7 років тому +127

    Машаллах мына видеоны шыгарган адамда Аллах екі дуниенин бакытын насип етсин сикыршылардын маскасын шешти.Джазака Аллаху хаир

  • @ОркенТастанбек
    @ОркенТастанбек 8 років тому +40

    Құрметті амин! (ренжімеңіз есіміңізді білмеймін) Сіздерден Аллаһ разы болсын! көптеген айтып жеткізе алмайтын нəрселерді өте көркем түрде баян етесіздер. .. Алла істеріңізді береттендірсін инша Аллаһ

  • @NamysTV_official
    @NamysTV_official  8 років тому +74

    СИҚЫРШЫ МЕН ЖЫННЫҢ АРАСЫНДА БОЛАТЫН КЕЛІСІМ
    Сиқыршы мен жын-шайтанның арасында болатын келісім көбіне біріншісінің кейбір шірік істерді, ашық күпірлік істерін жария не жасырын түрде жасауды мойнына алуымен, ал есесіне жын-шайтанның оның қызметін атқарып, сиқыр жасалатын адамды бағындырып беруімен түсіндіріледі. Өйткені сиқыршылардың көпшілігі жын тайпаларының көсемдерімен шарт жасасып, ол тиісінше өз тайпасының ішінен біреуіне осы сиқыршыға қалтқысыз қызмет етуге бұйырады. Сиқыршыға бекітілген бұл шайтан болған істердің хабарларын жеткізеді, екі адамның арасын ажырату не қосу, күйеуінің зайыбымен қатынасын бұзу сияқты іс-әрекеттерді істеп, сиқыршының бұйырған істерін бұлжытпай орындайды.
    Сиқыршы осылайша жынды өзі қалаған зымиян істерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланады. Ал егер өзіне бекітілген бұл жын айтқанына көнбейтін болса, дереу жын тайпасының көсеміне байланысады. Бұл байланыс Алла Тағалаға серік қосатын сөздермен шақырып, дуа ету арқылы орындалады. Ал жындардың көсемі өз кезегінде сиқыршының әміріне бойсұнбаған әлгі жынды қатал жазалап, оны сиқыршыға бағынуын талап етеді немесе оның орнына Құдайға серік қосушы сиқыршыға басқа жынды бекітеді.
    Сондықтан да сиқыршы мен жынның арасындағы байланыс жеккөрініштілік негізінде құрылған. Осыдан соң жынның көбіне сиқыршының отбасына, ұрпақтарына, мал-мүлкіне зарар келтіретінін көреміз. Кейде тіпті сиқыршының жеке басына әсер етіп, үнемі бас ауруы, ұйқысыздық, түн ортасында шошып ояну сияқты жағдайларға ұшыратады. Оны сиқыршының өзі сезбеуі де мүмкін. Азғын сиқыршылардың мүлде ұрпақсыз қалатын жағдайлары да жиі ұшырасады. Өйткені қиналған жын оның баласын тумай тұрып өлтіреді. Ұрпақсыз қалмау үшін бақсы сиқыршылар бұл кәсібін тоқтатып та жатады.
    Сөзіме дәлел ретінде бір оқиғаны айтып берейін. Бірде сиқырланған әйелді емдедім. Оған Құран аяттарын оқып едім, оның тілімен сиқырды орындаушы жын сөйлеп қоя берді.
    Жын: Мен бұл әйелден шыға алмаймын!
    Шейх: Неліктен шыға алмайсың?
    Жын: Шықсам сиқыршы өлтіреді деп қорқамын.
    Шейх: Сиқыршы білмейтін басқа жерге бар.
    Жын: Онда ол менің артымнан басқа жынды жібереді.
    Шейх: Егер Ислам дінін қабыл алып, шынайы түрде істеген күнәларыңа тәубе жасасаң, Алланың қолдауымен саған жын-шайтанның кесірлерінен сақтайтын Құран аяттарын үйретеміз.
    Жын: Жоқ, мұсылман болмаймын. Мен христианмын және осы дінімде қала беремін.
    Шейх: Жарайды. «Дінде зорлық жоқ». Бірақ сен мына әйелдің денесінен шығуға тиіссің.
    Жын: Ешқашан да шықпаймын.
    Шейх: Олай болса, Алланың қолдауымен сені Құран аяттарын оқып күйдіреміз.
    Сонан соң жынды қатты ұрдым. Ол жылап жіберді де былай деді:
    - Мен онда шығамын, шығамын.
    Осылайша жын әйелдің денесінен шығып кетті. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға! Барлық артықшылықтың Иесі де Алла. Белгілі болғанындай, сиқыршы қанша күпірлікке кіріп, азғындаған сайын жын да оған бойсұнып, айтқанын екі етпейтін болады.
    Сиқыршы жынды қалай шақырады? Сиқыршының жынды шақыратын жолдары көп. Барлығы да азғындаған, күпірлікке, ширкке толы жолдар. Осылардың сегізін айтып өтейін. Бұларды келтіріп отырғаным көптеген мұсылмандар Құран аяттары арқылы емдеу мен сиқырмен емдеудің ара-жігін айыра алмайды. Бұлардың біріншісі имани жол, ал, екіншісі шайтани жол. Кейбір сиқыршылардың күпірлік ниеттерін жасырып, ауруға жасаған ем-домдарының арасында кейбір Құран аяттарын оқуы оның қай жолмен емдейтінін танып-білуін тіптен қиындатады. Ауру кісі оны Құран аяттарымен емдейді деп ойлайды. Бірақ, шындығында, олай емес. Төменде сиқыршының жынды шақыру жолдарын баяндаудағы мақсатымыз мұсылман бауырларымызды адасудан, азғыруға душар болудан сақтандыру, залымдардың қара ниеттерін ашып көрсету.
    Бірінші тәсілі: Ант ішу арқылы. Сиқыршы қараңғы бөлмеге кіріп от жағады. Жағылған оттың үстіне сиқырдың түріне қарай иіссу қояды. Егер ерлі-зайыптылардың арасын ажырату немесе адамдардың арасында араздық, жеккөрініш тудыру сияқты болса көңірсіген иісті шөпті қояды. Ал егер махаббат тудыру, ер кісінің әйелімен қатынасын бұзу болса жағымды иісті шөптерді қояды. Сонан соң сиқыршы шірік сөздеріне толы дуасын оқиды. Оның мазмұны жындарға олардың көсемдерінің атымен ант ішіп, сұрақ сұрайды. Жындардан медет-көмек сұрап, қажетін өтеуін тілеп жалбарынады, т.б. шіріктік амалдар жасайды. Бұл дуалардың жасаудың бір шарты сиқыршы дәретсіз не жүніп халінде немесе лас киімде болуы тиіс. Күпірлікке толы дуасын жасап болған кезде алдынан ит не жылан, не тағы басқа бейнедегі елес пайда болады. Сиқыршы оған қалаған нәрсесін бұйырады. Кейде оның алдынан ештеңе көрінбейді, тек дауыс естіледі, кейде сиқыр жасалатын адамның не шашы, не тері сіңген киімінің бір бөлігі сияқты нәрселері көрінеді. Сонан соң жынға қалаған нәрсесін бұйырады.
    Бұл тәсілдің түсініктемесі, бұл жолды зерттеу арқылы оның төмендегідей ерекшеліктерін байқадық:
    1. Жын қараңғы бөлмені қалайды.
    2. Жын Алланың есімі айтылмаған шөптің иісін қалайды.
    3. Мұндағы Аллаға серік қосу жындардың атымен ант-су ішіп, солардан медет тілеу арқылы болады.
    4. Жын нәжіс заттарды жақсы көреді, лас ортаны ұнатады.
    Екінші тәсілі: Құрбандық шалу. Сиқыршы бір құсты, не хайуанды, не тауықты, не кептерді, не т.б. жын талап еткен сипаттағы аң-құсты әкеледі. Көбіне бұл нәрсе қара түсте болады, өйткені жын көбіне қара түсті ұнатады. Сосын бұл нәрсені Алланың атын атамай бауыздайды. Кейде бұл құрбанның қанымен аурудың үстіне жағады. Сосын құрбандықты қиранды үйлер, көшіп кеткен елдің жұрты, құдық сияқты елсіз жерлерге апарып тастайды. Өйткені мұндай жерлерді көбіне жын-шайтандар мекендейді. Бұл амалдарында Алланың атын атамайды. Сонан соң үйіне қайтып келіп, күпірлік сөзге толы дуасын әрі қарай жалғастырып, жыннан тілегін орындауын тілейді.
    Бұл тәсілдің қысқаша түсініктемесі: Жынмен тілдесудегі бұл жолдағы Аллаға серік қосу күнәсі екі амалмен жасалынады. Біріншісі: жын үшін құрбандық шалу. Бұл - барлық дін ғұламалары бірауыздан харам еткен іс. Бұл - ең үлкен күнә - Аллаға серік қосу. Өйткені мұнда Алладан өзге нәрсе үшін құрбандық шалынды. Мұсылман үшін бұл істі істемек түгілі, мұндай құрбандықтың етінен ауыз тиюге де болмайды. Соған қарамастан, қазірде Құдайдан қорықпай, азғындауға ұшыраған надан, қаскөй жандар мұндай іс-әрекеттерін жалғастырып жүр.
    Үмметіміздің бұрынғы ғалымдары мұндай сорақылықтарды қатаң тыйып отырған. Мысалы, Яхия ибн Яхия былай деген: «Маған Уаһб атты атақты ғалым мынаны жеткізді: «Халифалардың бірі бұлақ көзін ашып, су ағызды. Сосын бұл бұлақ кеуіп қалмас үшін жынға құрбандық шалды. Бұл құрбандықтың етін адамдарға таратты. Мұны естіген сол кездің ғұламасы Ибн Шиһаб әз-Зуһри: «Халифа халал болмаған іс жасап, адамдарға халал емес нәрсемен тамақтандырыпты, ал жынға сойылғанды жеуге Расулалла (ﷺ) қатаң тыйым салған»,- деп үкім айтқан екен,- деді». Мүслимның Әли ибн Әбу Талибтен риуаят еткен хадисінде Расулалла (ﷺ) былай деген: «Алладан басқа үшін құрбан шалғанға Алла лағынет айтты». Екіншісі: Аллаға серік қосатын шірік дуасы. Жынды шақыру үшін оқитын сиқыршының бұл дуасы көптеген ғалымдар айтып өткендей күпірлік сөздерге толы.

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +11

      Жалғасы:
      Үшінші тәсілі: Басқа да күпірлік істер арқылы. Бұл тәсіл сиқыршылардың арасында «ең төмен амал» деген атпен белгілі. Бүл тәсілді қолданушының өзіне қызмет жасайтын көптеген жын-шайтандары болады. Өйткені бұл сиқыршылардың ішіндегі ең сұмпайысы, ең бір шектен шығушысы. Бұл тәсілдің қысқаша түсініктемесі: Алланың лағынеті болғыр мұндай сиқыршы Құран парақтарын аяқ киім орнына киіп, әжетханаға кіреді. Сонан соң сол әжетхананың ішінде күпір сөздерге толы дуасын қылады. Сонан соң әжетханадан шығып, үйіне кіріп, жынға қалаған нәрселерін бұйырады. Сол кезде жындар оның талаптарын тез арада орындауға тырысады. Өйткені бұл сиқыршы Аллаға ашық қарсы шығып, лезде кәпір болды. Осылайша Шайтандардың нағыз досына, ағайындарына айналып шыға келеді. Ақыретін дүниесіне сатуымен Алла Тағаланың лағынет-қарғысына бірден-бір лайықты пенде болды. Мұндай сиқыршы зинақор, дінбұзар, біржынысты қатынас жасау сияқты сорақы күнәлардың иесі болып келеді.
      Төртінші тәсілі: Нәжіс жол. Бұл тәсілде қарғысқа лайық болған сиқыршы Құран Кәрім аяттарын етеккірмен немесе басқа да нәжіс заттармен жазады. Сосын күпірлік сөздерден құралған дуасын оқып, жындарын шақырады, оларға қалаған нәрсесін бұйырады. Бұл тәсілдегі күпірлік айқын. Құран Кәрім сүрелерін лас нәрсемен жазбақ түгілі бір аятты теріске шығарудың өзі күпірлікке жататынын ескерсек, мұндай сиқыршының нағыз тозақы пенде екеніне әбден көзіміз жетеді. Алла Тағала бізді мұндай төмен дәрежелерден сақтасын.
      Бесінші тәсілі: Құран аяттарын теріс оқумен. Бұл тәсілінде Алланың лағынеті жауғыр сиқыршы Құран Кәрім сүрелерінің бірін соңынан басына қарай теріс оқып, сосын күпірлік дуасын айтып, жындарын шақырады, оларға қалаған талабын орындатады. Бұл тәсілдің де шірік пен күпірлік амалдары арқылы жүзеге асатыны айқын көрініп тұр. [Аудармашыдан: Қазіргі казақ қоғамында «бұрынғы молдалардың ілімі күшті болған, олар теріс оқуды білген, суды теріс ағызған» деген сияқты жаңсақ пікірлерге бейім адамдар көп. Сиқыршылардың мына белгілерін оқыған жан олардың басқа емес, нағыз сиқырмен айналысқандықтарын түсінер еді].
      Алтыншы тәсілі: Жұлдыздар арқылы. Бұл тәсіл жұлдызды бақылау деп те аталады. Өйткені мұнда сиқыршы белгілі бір жұлдыздың тууын күтіп, ол шыққан кезде оған тіл қатып, сиқыр амалдарын жасайды. Сонан соң шірік, күпірлік сөздерге толы дуасын оқиды. Алла Тағала олардың әрбір ісінен хабардар. Сиқыршы сол жұлдыздың аруағын жерге түсірдім деп көлгірсиді. Бірақ та шындығында бұл басқа емес, осы жұлдызға табыну болып есептеледі. Бұл сиқыршы өзінің ғибадатқа лайықты бір Алладан басқа нәрсеге - жұлдызға табынып жатқанын білмеуі де мүмкін. Осы әрекеттерден кейін шайтандар әлгі лағынетке ұшыраған сиқыршының әмірлеріне құлақ асып, тілектерін орындайды. Ал сиқыршы болса өзіне көмек беруші аспандағы жұлдыз деп ойлайды. Шындығында, ол жұлдыз бұл пақырдың тіршілігінен де бейхабар. Ал қарғыс атқан сиқыршылар бұл сиқырдың түйіні әлгі жұлдыз екінші рет шықпай шешілмейді деуден танбайды. Жұлдыздардың арасында жылына бір-ақ мәрте көрінетін түрлері бар. Әлгі сиқыршылар осы жұлдыздардың біреуінің туатын сәтін күтіп жүріп, ол көрінген кезде жалма-жан күпір сөздерге толы дуа-тілектерін қайталап, жасалынған сиқырдың шешілуін тілейді. Бұл тәсілде барлық мадақ пен ұлықтауға, құлшылыққа лайықты бір Алладан басқа нәрсені ұлықтап, соған сыйыну, солардан медет тілеу ап-айқын көрініп тұр.
      Жетінші тәсілі: Алақанға жазу арқылы. Бұл тәсілді қолданушы сиқыршы балағатқа толмаған баланың сол алақанына төртбұрыш суретін сызып салады. Осы төртбұрыштың жан-жағына сиқыр дуаларын жазады. Сонан соң осы төртбұрышқа май мен көк гүлді немесе май мен көк сияны қояды. Сосын бір ұзынша параққа басқа дуа сөздерін жазып, оны баланың бетіне қояды. Түсіп кетпеуі үшін бір қалпақпен бастырып қояды. Сонан соң баланың устіне ауыр киім кигізіп, екі алақанына қарап отыруын бұйырады. Бұл кезде түн болғандықтан бала екі алақанын көре алмайды. Одан кейін қарғыс атқыр сиқыршы ауыр күпірлік сөздеріне толы дуасын оқиды. Сол кезде балаға айнала жап-жарық болып көрінеді де, екі алақанында ерсілі-қарсылы қозғалып жүрген бейнелерді көре бастайды. Сиқыршы баладан: «Не көріп тұрсың»,- деп сұрайды. Бала болса: «Алдымда бір ер кісі тұр»,- дейді. Сиқыршы: «Оған дуа оқушы былай-былай деп жатыр деп айт де», - деп бұйырады. Бұл тәсілді көбіне жоғалған заттарды табу үшін қолданады. Аталмыш тәсілдегі Аллаға серік қосу, күпірлік сөздері секілді түсініксіз сөздер көп болады.
      Сегізінші тәсілі: Науқастың заттары арқылы. Бұл тәсілді қолданушы сиқыршы ауру адамнан бет орамалын, не бас киімін, не жейдесін, не тағы басқа тер сіңген затын талап етеді. Сонан соң осы орамалдың бір шетін түйіп, төрт елідей бөлігін бүктеп қолына қатты қысып ұстап тұрады. Одан кейін Тәкәсур сүресін немесе басқа бір қысқа сүре дауыстап оқиды. Сонсоң шірік сөзге толы дуасын оқып: «Осы науқастың ауруының себебі жыннан болса мына орамалды қысқарт, ал егер көз тиген болса ұзарт, ал кәдімгі ауру болса жөніне қалдыр»,- дейді. Одан кейін орамалды алып өлшеп көреді. Егер орамал төрт еліге ұзарған болса: «Саған көз тиген екен», - дейді. Егер төрт елі қысқарса: «Сені жын түрткен екен»,- дейді. Ал егер сол қалпында болса: «Сенің ауруың кәдуілгі ауру түрі екен, дәрігерге барып қарал», - деп ақыл айтады.
      Бұл тәсілдің түсініктемесі:
      1. Ауру кісіні алжастыру, яғни бұл Құранмен емдейді екен деп ойлауы үшін Құранды дауыстап оқиды. Ал, шындығында олай емес, алдын-ала іштей күпірлік дуаларын оқиды.
      2. Жын-шайтаннан көмек сұрап, соларға жалбарыну, шақыру. Бұл Алла Тағалаға ашық түрде серік қосуға жатады.
      3. Жындардың айтқанына сене беруге болмайды.
      Олардың шын әлде өтірік айтқанын ажырату қиын. Біз көп сиқыршылардың айтқандарының кейде расқа, кейде өтірікке шығып жатқанына талай көзімізді жеткізгенбіз. Мысалы, саған көз тиді деген ауруына Құран оқығанымызда оның шын мәнінде шайтанның азғыруына ұшырағанын байқадық.
      Уахид Абдуссалам Бали. Өткір қылыш. (сиқыр мен теріс дұғаға қарсы күресу кітабы). «әл-Табиъин» баспаханасы. Каир. 1416 һижри жылы. 1996 ж. 25-33 беттер.

    • @ayazgultemirova9482
      @ayazgultemirova9482 7 років тому +4

      Namys TV Аллах разы болсын

    • @user-fx1po5nw6t
      @user-fx1po5nw6t 7 років тому +2

      Namys TV ассалауалейкум адам өін біреудің дуалағанын сезсе немесе білсе қалай өзін сол дуадан тазартатын немесе қайда барып сол дуадан арылатын жолы барма? сұраққа жауап болса Алла атымен үлкен ризашылығымызды білдірген боларедік жəнеде шексіз жақсылық жасаған болып табылар едіңіз

    • @azamatbidaibekov6447
      @azamatbidaibekov6447 5 років тому +2

      I pet goat 2 туралы не айтасыздар????

  • @НурбекОрысбаев
    @НурбекОрысбаев 7 років тому +57

    Бул Видеоны білімі бар адамдар тусінеді ал калгандарна барібір озіде барып жур соларга аузыбиллах

  • @АманкуловаЖамиля
    @АманкуловаЖамиля 4 роки тому +18

    Сиқыр арқылы екі жастың ортасына от салып ажырастыруға дейін апаратын нарселер бар өз басымнан өтті. Бұл деген нағыз Аллаға карсы шығу Алладан корықпау нағыз күнахар адамдар. Дуа жасатушыда дуаны жасаған адамда Алланың каһарына ұшырап мәңгі тозақтық болсын амин.

  • @kesteleukesteleu6015
    @kesteleukesteleu6015 3 роки тому +4

    АСТАҒФИРУЛЛАҺ❤️

  • @qazaqkz1126
    @qazaqkz1126 6 років тому +10

    Тамаша видио, Аллаға шүкір. Алланы жалғыз екенін біле тұра, осындайларға барады ғой.

  • @НургисаКожахмет
    @НургисаКожахмет 8 років тому +57

    үйреніп қалған дауыс жақсы бірақ осы видио осы дауыс пен жақсы кеткен

  • @СветлаяЛуна-м2ф
    @СветлаяЛуна-м2ф 5 років тому +29

    Только намаз ,и только вера в Аллах спасёт человека.
    Я это всё прошла и меня спасло только Намаз. и это постоянное борьба нельзя врать, лгать нельзя сплетни,нельзя делать зина и всё плохое нельзя делать.
    Вот тогда Аллах спасёт вас от всего плохого.

  • @ШахимарденОмарбеков

    Аллахым барлығымыз өзіңе аманат. Сен аманатқа қианат жасамайсың. Жынның кесірінен адасудан күнә атауынан өзіңе сиынамын Алла

  • @ҰлбикеБасарова
    @ҰлбикеБасарова 4 роки тому +10

    Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі Алла Ұлық

  • @design-0000
    @design-0000 5 років тому +11

    Былай айту керек ондайға 'Продали душу дьяволу' , дегендей оларға ақыретте ешқандай үлес жоқ. Аллаһ қалауымен бәрі!

  • @АбдиКурбанулы
    @АбдиКурбанулы 6 років тому +3

    Алла разы болсын Ултжанды Баурларга

  • @ЗагираБугубаева-б7р

    Аллаху акбар

  • @ernarsahariev9225
    @ernarsahariev9225 8 місяців тому

    Алла жазасын берсын булардын Аминь!!!!

  • @hjrlbnto2759
    @hjrlbnto2759 4 роки тому +3

    Алла серік қосқанды нестейтіні бәрімізге аян,джаханнамның төсінде отқа жағылып,қайнаған суды ішіп зақұмнан ауыз тигенде қателігін түсінер.

  • @muhammadsallalahuleihiuass5371
    @muhammadsallalahuleihiuass5371 2 роки тому

    АССАЛАУМАҒАЛИКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ

  • @АманТабынбаев-г5д
    @АманТабынбаев-г5д 8 місяців тому

    ЖАЛҒЫЗ ЖАРАТУШЫ РАББЫМ АЛЛА ҰЛЫҚ ҮСТЕМ ҚҰДЫРЕТІ БӘРІНЕ ТОЛЫҚ ЖЕТЕДІ

  • @АбылайКошкарбай
    @АбылайКошкарбай 5 років тому +2

    Ассалам алейкум видеоларыңды қайталап көремін.Алла разы болсын

  • @suiinbekkazdenov5191
    @suiinbekkazdenov5191 4 роки тому +3

    Ауыр, бірақ мағыналы бейнежазба. Алла разы болсын!

  • @silencesilence9572
    @silencesilence9572 5 років тому +7

    Алла разы болсын! Сиқыршыларға және сол сиқыршыларға көмектесетін жын-шайтандарға лағынет болсын.

  • @ЖакыпСырлыбаи-ь4л
    @ЖакыпСырлыбаи-ь4л 8 років тому +5

    Алла сақтасын

  • @АлмаСенбаева
    @АлмаСенбаева 7 років тому +1

    Астағфиуллаһ

  • @aikoadbi3714
    @aikoadbi3714 5 років тому

    Алла разы болсын

  • @КлараКушбакова-л3я
    @КлараКушбакова-л3я 5 років тому +4

    АЛЛАХ баарыбыза ыйманыбызга кубат берсин 🤲

  • @nurbolatakbotaev2214
    @nurbolatakbotaev2214 6 років тому +7

    бугунге дин бундай сикыршыларга бармаппын Алла сактасын бармаганым жаксы бопты бармаймында

  • @bekzat4209
    @bekzat4209 7 років тому

    рахмет сизге

  • @АхылбекАхылбек
    @АхылбекАхылбек 5 років тому +1

    Аллаһ разы болсын. намыс. тв.

  • @sevaraxadirva6587
    @sevaraxadirva6587 2 роки тому

    ALLAHDAN BASQA TANIR JOQ MUHAMMED ONIN ELSHISI ..

  • @ӘлемМир
    @ӘлемМир 8 років тому +1

    рахмет

  • @МаржанЖумабекова-ы6х
    @МаржанЖумабекова-ы6х 5 років тому +2

    АстафирАллах.АстафирАллах.АстафирАллах.

  • @ОмырбекОмырбек-б2у

    Терс.жолды.төсіндіргенңе.рақмет.

  • @landpro5124
    @landpro5124 4 роки тому +3

    Алла күнәләрімді кешіре көр

  • @Yan-19i
    @Yan-19i 2 роки тому

    Алла сақтасын!

  • @АлиханТөлепберген
    @АлиханТөлепберген 4 роки тому +3

    ҚҰДАЙ САҚТАСЫН!

  • @СириусСириус-р8е
    @СириусСириус-р8е 2 роки тому

    Өте қорқынышты нәрсе екен

  • @АндрейПшенников-я2э
    @АндрейПшенников-я2э 7 років тому +4

    Алла тагала ози колдасын

  • @mrka1113
    @mrka1113 8 років тому +23

    Дауысыныз өзгеріп кетіп тіғо

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +5

      Бауыр, танып қойдыңыз ба? Үйреншікті дауыс жақсы ма әлде осы дауыс па?

    • @mrka1113
      @mrka1113 8 років тому +5

      +Namys TV Екі дуыс дуыстын жақсы жаманы болмайды ау дим.

    • @БалжанКайраткызы
      @БалжанКайраткызы 5 років тому

      Дауысында не шаруаңыз бар? Главный естип дурыс пен бурысын ажыратсақ болды емеспа?

    • @inkarahmetjanova4450
      @inkarahmetjanova4450 5 років тому

      @@NamysTV_official осылай да жақсы

  • @СырымНұрбай-п5р
    @СырымНұрбай-п5р 4 роки тому

    Рахмет.намыс тв

  • @КенжегалиевЧингиз
    @КенжегалиевЧингиз 6 років тому +15

    Мен тұратын ауылда карта аштырып, емшіге баратындар өте көп, шамамен жартысынан асады. Сонда олар күпірлікте өмір сүріп жатыр ма?

    • @bekaristurdibay2907
      @bekaristurdibay2907 6 років тому +1

      Кенжегалиев Чингиз ия Аллаһ тагала серык косу олай бомайд негызы

    • @СержанБаймаханбетов-д9п
      @СержанБаймаханбетов-д9п 4 роки тому +1

      Кім осы жолга туссе капир бола береді. Оган бару Құдайга карсы келу. Діннен шыгу. Олар алгашкыда дурыс соз айтады. Адам сенді ау бойы уйренді ау дегенде жәйлап отіргіне сендре бастайды. Содан адам екі ортада жынды боп калады...

    • @hijabtagykyz9796
      @hijabtagykyz9796 4 роки тому +1

      Оган баргандардың намазы 40 кун кабыл болмайды.Ал енди осы кунде ол өлет кетсе ше ? Алла ондайдан сактасын!

  • @alatayaltaialtai2254
    @alatayaltaialtai2254 6 років тому +5

    Бұндайларды әспенситип қойаберсе бүкил елди құртады, не түрмеде шириту, не бир литр бензинмен өртеп өртеп жибериу керек...

  • @РамазанИбатбек
    @РамазанИбатбек 4 роки тому +1

    Өте әсерлі
    Сіздерге Алла разы болсын.
    Мүмкін болса музыканың атын айтасыз ба

  • @sevaraxadirva6587
    @sevaraxadirva6587 2 роки тому +1

    Osi vedioni shigargan adamga eki dunyenin sagadatin bersin aumin .

  • @НурАюдирасил
    @НурАюдирасил 8 років тому +8

    АссалямуАлеикум Видеоларды Бурынгы дыбыстайтын жігіт дыбыстасыншы

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +7

      Уағалейкумассалам. Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде ескеріледі!

    • @fashionwomen2648
      @fashionwomen2648 8 років тому +1

      Namys TV бир кисы баксыга барды кирген бойда баксы бир турлы алсиреп энергиясы жогалып алсиреп калдады ал сосын баксыга келген кисы шыгып кетед баксы алсирегены басылады ол сонда калай? айтынызшы?

    • @Adilet.Qizdarbay
      @Adilet.Qizdarbay Рік тому

      ​@@fashionwomen2648Тақуа адам шығар.

  • @ТалгатСерикбаев-и6ш
    @ТалгатСерикбаев-и6ш 5 років тому +4

    Atv ihsan каналындағы видеоларды қазақшаға аударып жүктеш.Алла разы болсын!

  • @АйжанАлимбекова-л6з
    @АйжанАлимбекова-л6з 7 років тому +11

    Жын нәжіс заттарды ұнатады деп айтып кеттіңіз балаларым төсекке сиіп қоядығой сонда көрпешенің сыртын ғана жуып мақтасын жумаймыз ол қалай болады екен өтініш жауап күтемін....

  • @gozzalseytbaeva3623
    @gozzalseytbaeva3623 5 років тому +2

    Мында дауыс манызды емес. Бастысы такырып. Даусида жаксы. Алланин рахмети болсын

  • @НурмухамметалиКарабаев

    Дихлайк басқандар - Құмалақшы, бақсы балгерлерма?))

  • @ИманИман-п8х
    @ИманИман-п8х 6 років тому +1

    Жарайсыздар бәрін дүрыс

  • @БекболатКарымсаков-к9й

    корми жатып лайк

  • @АйнурАбдуллаева-о6й

    Жарайсың намыс тв!

  • @ФерузаЧинибекова-ч2и
    @ФерузаЧинибекова-ч2и 7 років тому +1

    АСТАХФИРАЛЛА

  • @ТемирланАмантаев-т4щ

    мыкты

  • @nursultankenzhaliev7787
    @nursultankenzhaliev7787 8 років тому +5

    неге ұятсыз көріністерін қосқан..көз зинасын жасауға жол ашып жатсыздар емеспе ? ((

  • @YesbolganSholpanBaltabaikyzy
    @YesbolganSholpanBaltabaikyzy 2 роки тому

    اعوذ بالله من الشيطان الرجيم بسم الله الرحمن الرحيم

  • @АбылайханБейсенбай-с8ж

    Мен бала күнімде қолымның терілері алынып түлеп кеткен болатын Бірақ ол кетпей қойды.Содан соң мен анама айттым.Ол кісі мені бір апаға алып барды.Сол апа екі қолымды ұстап бір дұғаларды оқыды және де былай деді:үйіңе барған соң екі қолыңа бір бір қызанақты ұстап шеңгелге күлге қарай лақтыр деді содан соң артыңа қарамай үйіңе кіріп кет деді мен дәл солай істеген соң қолым лезде жазылды.Осыны маған түсіндіріп бере аласыздарма

  • @naz_clayasmr1971
    @naz_clayasmr1971 2 роки тому

    Әрине сіздерге қалай екенін білмеймін бірақ кейбір адамдарға сиқырды үиретп отқан секілді

  • @ӘлемМир
    @ӘлемМир 8 років тому +19

    ассалаумағалейкум сіз MARVEL компаниясы туралы айталасызба дұрыс па , дұрыс емес па.

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +17

      Уағалейкумассалам. Ин шәә Алла, жақында ролик шығады. Дұрыс емес әрине, голливуд бұл сионисттік идеология. Марвел кинематография арқылы Дәджалдың бейнесін қалыптастырып, жас буынның миына сіңдіріп жатыр. Жақын арада жарық көреді ролик күтіңіз!

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +13

      Марвел және ДС комикс жайлы жарияланған ролик ютубтан бұғатталды. Қаскөйлер роликтің таралғанын қаламайды. Вконтактедегі тобымыздан ғана қарай аласыз:
      vk.com/kyskadakyzykty?w=wall-74436962_1596

    • @narimanshakenov8611
      @narimanshakenov8611 7 років тому +2

      Namys TV неге марвелтуралы акпаратты hd сапада жасагансыз? интернет нашар видеоны толык кореалмай койдым

    • @blackbrow7229
      @blackbrow7229 7 років тому +4

      Nariman Shakenov себебі бұл ютубтың өзі гоглға қарайды емеспе!!! сол үші жақсы білім алып, АЛЛАдан жәрдем сұрап, білім алып, дербес желі жасап шығу керек. себебі білімді олар монополялай алмайды

  • @fotdastonflog5564
    @fotdastonflog5564 5 років тому

    Оте коркынышты екен

  • @akerkemakhat3738
    @akerkemakhat3738 4 роки тому +2

    Неге сондай эфирлер салихалы дүниелер шығармайды. Олар өзгені ғана емес өздерінде күнәға тартып отыр ғой.

  • @monkeykingff7396
    @monkeykingff7396 4 роки тому +1

    Музыка аты кандай айтып жбересыздерме

  • @mardenbaipan153
    @mardenbaipan153 4 роки тому +3

    Адыраспан мен аластау күнә ма?

    • @fhgccvgycjhg6803
      @fhgccvgycjhg6803 3 роки тому

      адыраспан жай микробтарды өлтіреді ғо күнə емес шығар

  • @Қазақстан-ф8ж
    @Қазақстан-ф8ж 10 місяців тому

    Ар жағындағы музыка аты қандай

  • @ЖасуланЕгеубай-р2ж

    Артқы фондағы музыка қалай аталады атауы?

  • @arnursabitov434
    @arnursabitov434 3 роки тому

    Алла бізді жаратты жаксылык десем бе билмеим енді біз Аллаға намаз окип жаксы истеп мен аиналысымыз т б

  • @ТенелбайМакытов
    @ТенелбайМакытов 7 років тому +2

    Нәпсі ұялы телефон сияқты жұмыс жасайды.Ұялы телефон өз сигналын ғана қабылдайды,өзге сигналдарды қабылдамайды,әр қайсысының өз сигналдары әр түрлі.Нәпсісі қаласа сол теріс болса да дәлел деп алады,нәпсісі қаламаса ол дұрыс болса да теріске шығарады,яғни әр түрлі нәпсілердің бағытымен сәйкес келсең дұрыс,сәйкес келмесең дұрыс емес.Яғни нәпсілерге қарайтын болсақ дұрыс жол біреу емес,көп,дұрыс емес жолдар сияқты.

  • @barpykg2058
    @barpykg2058 6 років тому +2

    Бир адамды сыйкырчы сыйкырлап койса андан кантип куттулуу керек ушу жонундо айттып берсениздер сураныч

    • @islamvideo8790
      @islamvideo8790 6 років тому

      Barpy kg Мешітке Имамға барыныз

  • @erasylakhanov9563
    @erasylakhanov9563 8 років тому

    Ассалаумагалейкум!!! Қазақтың бітпес тойы жайында, неке сақинасы жайында көзқарастарыңызды шығарсаңыздар. 2) Сұрақ: Сонда бұл бақсылардың жасайтын ритуалдарын қалай ойлап табады, онда бір мән бар ма түсінік бар ма? әлде ойына келгенін жасай береді ме? Тағы бір сұрақ: Қорқыт ата бақсы болған деседі ол жайлы ойыныз қандай?

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +4

      Уағалейкумассалам. Той жайында шығару жоспарда бар, ин шәә Алла. Ал бақсыларға келер болсақ, оларға достары яғни шайтандар үйретеді. Бұл ритуалдар джаһилия заманынан бері келе жатыр. Ал Қорқыт ата жайлы ешқандай мағлұмат жоқ. Ал анығын Алла білуші!

  • @АлкаСеитова
    @АлкаСеитова 8 років тому +5

    секрет деген фильм туралы не айтасыз.

    • @wonder20302030
      @wonder20302030 8 років тому

      Алка Сеитова лохотрон

  • @ДамирЗахаев
    @ДамирЗахаев 2 роки тому

    Ар жағындағы фонның (музыканың) аты қалай?

  • @gozzalseytbaeva3623
    @gozzalseytbaeva3623 5 років тому +1

    Алла мина видео ни корип етим туршикти. Омирде сондай адамдарда барма? Аллахым дининди Озинди Пайгамбаримизди(сав) танитканина Шукур. Осиндай видео ларди коп коп шыгарын. Адамлар ак карани танисин.

  • @Айнұр-э9з
    @Айнұр-э9з 8 років тому +1

    Ассалаумағалейкүм
    Сіздерден сұрайн дегенім-Əйел адамға шаштараз болуға болама? Əйел адам қандай жұмыс жасау на болады.

    • @МикошКурбанов-в1и
      @МикошКурбанов-в1и 8 років тому

      Айнур Адилгерей әйел адамға сауда жасауға болатынын білемін. бірақ шариғатпен болуы керек.

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +1

      Уағалейкумассалам. Негізі шариғат әйелді жұмыс істеуден босатқан. Әйелдің үйде отырғаны Аллаға ең жақын кезі дейді. Ал жұмыс істегенде шариғатқа қайшы болмауы қажет. Мысалыға шаштараз болғанда, бөтен еркектердің шашын қиғанда олармен жанаспау мүмкін емес. Ал бұл шариғатта дұрыс емес. Ал анығын Алла білуші.

    • @МикошКурбанов-в1и
      @МикошКурбанов-в1и 8 років тому

      Әйелдің шаштараз болуы мүлде дұрыс емес деп білемін. Өйткені бөтен еркектермен оңаша қалу шариғатқа қайшы. Ал әйелдердің шашын қию және дұрыс емес. Аллаһу аъләм

    • @Айнұр-э9з
      @Айнұр-э9з 8 років тому

      Namys TV Ассалаумағалейкүм. Мен онда кандай жумыс жасаума болады.
      Мен азир тұрмыста шыкпадым және де шариғатта қандай жұмыс жасауға болады?

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  8 років тому +3

      Шындығында әйел кісі үшін ең жақсы жұмыс ана болу. Ал оған дейін "оқытушы, тәрбиеші, мұғалім, дәрігер, киім дизайнері" сияқты мүмкіндегінше ер адамдардан бөлек жұмыс істейтін болғаны абзал. Ал анығын Алла білуші!

  • @ЕрболатСаркытбаев-ц3с

    Бұндай бағдарлама лар бар ма не Алла сақтасын

  • @МақсатДүңгенбай
    @МақсатДүңгенбай 6 років тому +4

    Осындай иманды сабақ беретын видолар көбейсын

  • @СержанБаймаханбетов-д9п

    Жындар адам корсе, адамдар деп зәре құттары калмай кашады екен. Бірак адамдар оларга багштап мал сойгасын олар адамды басна бастайды. Сол сиякты жындар әлі кунге дейн адамды баснып келеди. Шакырмнан корсе шакырмдап кашатындар уймзге кірп тіпті ішмізге де кіруде. Билігін калаганга жургізуде

  • @adilshynesenov3542
    @adilshynesenov3542 6 років тому +1

    қай кинодан алдың қорқынышты екен

  • @Qaratoqay
    @Qaratoqay 7 років тому

    жасалган сикырдан калай кутылуга болады. озиме сткыр жасаган туралы куман болса егер. куран окытып кордим. ешкандай жыннын белгиси болган жок. баска кандай жолмен емделсе болады

  • @Askhatkun
    @Askhatkun 7 років тому +8

    *НАМЫС ТВ, видео дубляжын өлімсіретпей, жаны бар адам ұқсап оқыңыздаршы! ӨТІНІШ*

    • @narimanqazaq720
      @narimanqazaq720 5 років тому

      Сауатты жақсы айтып жатыр

    • @alshikkrassavshik4326
      @alshikkrassavshik4326 5 років тому

      Сенын басын тстейма? Аллаһ берген дауыс олай айтуға болмайды! Саған ақыл беріп жатыр и ещё саған дауысын өзгертып айтуы керекпа? Тупой

  • @arnursabitov434
    @arnursabitov434 3 роки тому

    Сикир мирыр анау мыныау Деген о́трик

  • @ЖумагалиАбжаибаров

    Намыс тв дами бер

  • @bakdauletshirinkhan5850
    @bakdauletshirinkhan5850 5 років тому

    Ассалаумагалейкум намыс тв арнасына осы видеодан кейын қысым жасалдыма?

  • @канатакбажаков-й4и

    Еу брус ли бақсы балгер бар жын шықсын

  • @shaldaraldar491
    @shaldaraldar491 5 років тому +1

    Ахээйй чч жаман адасыпты субхана Аллах

  • @oljasiktopshik5905
    @oljasiktopshik5905 4 роки тому

    Ханша сейтнур астарлы акикат барды гой сонда ол айтады бр куни жетеды мен кетемиз ал сендерег бреу келеды дейды жынма әлде перима

  • @attilayoutube4558
    @attilayoutube4558 4 роки тому +1

    Мен 3 рет сынықшыға бардым және 1лет емшіге бардым. Емші қойдын майымен басымды уқалап берді. Сонда мен діннен шықтымба?
    Мен бірақ білген жоқпын.

    • @НуртазаКулыс
      @НуртазаКулыс 4 роки тому +1

      АТТILA You Tube sen ogan uaimdama ol jai kazaki emdik adil buni bari biledi goi isteidide ol kunaga jatpaidi dep oilaimin

  • @ЕрболатСаркытбаев-ц3с

    Мен теледидар қарамайтын екенмін көптен бері қарамаймын бала кезде қарағанмын Телевйзыр бар бірақ қосқанда да Музика тыңдаймын Енді оны да тастап Телефон ға көштім

  • @Макпал-д4е
    @Макпал-д4е 2 роки тому

    Олар жыннан емес аруактардан сурайды

  • @nurlanbekdastan328
    @nurlanbekdastan328 Рік тому

    🙋‍♂️✋👍👌🙏😎😎😎

  • @daurensadykov9918
    @daurensadykov9918 4 роки тому

    Nelikten osyndai narselerge aielder kop senedi?

  • @Адамиқасиетпениман

    Құранды хатым етіп отыру мақсатында WhatsApp тобы ашылды. Тәжуид білетін жандар болса, қосылыңыздар.
    Талап:
    ⚠️ жауапкершілік;
    ⚠️ берілген параны уақытылы тапсырып отыру;
    ⚠️ маңызын түсініп, сауапқа ұмтылу.
    "Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады".
    ✍ Әбу Нуайм.
    Қосыламын десеңіздер, +77753565408 хабарласыңыздар

  • @dauletletchik77
    @dauletletchik77 3 роки тому

    ТРЕК ҚАЛАЙ АЙТЫП ЖІБЕРЕСІЗДЕРМА

  • @Макпал-д4е
    @Макпал-д4е 2 роки тому

    Киямет кайымда шайтандарда олема

  • @Макпал-д4е
    @Макпал-д4е 2 роки тому

    Ия кара тусты тауык пен кара койды унатады

  • @aruzhana3758
    @aruzhana3758 7 років тому +1

    артынан шығып отырған өлеңнен қорқып кеттім 😂

  • @ait7581
    @ait7581 4 роки тому

    Қалай байланыссам болады жынмее

  • @user-fx1po5nw6t
    @user-fx1po5nw6t 7 років тому +1

    сізбен қалай қабарласса болады? ақыл кеңесіңізді сұрап жол көрсетуіңізді өтініп

  • @канатакбажаков-й4и

    Дым істеме

  • @abdur-rahmanal-farisi
    @abdur-rahmanal-farisi 4 роки тому

    1:57 Бұны қай каналдан көрсетті? Оригиналы бар ма? Табылса комментарий қалдырыңыздаршы! Керек. Бұл деген атеисттердің бұл өмірде сиқырдың бар екендігіне айқын дәлел. Яғни, Құранның ақиқаттығын растайтын (әлбетте, ол баяғыда расталды һәм одан бірде-бір мін табылған жоқ) материал.