Ауызашар қиссасы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 жов 2024
  • Бір күні Мұса Тұр тауында тұрып:
    -Уа, Тәңірім, мен ғой сенімен тікелей тілдесіп тұрмын. Саған менен де жақын келетін құлдарың бар ма? - деп сұрады. Тәңірі:
    - Әй, Мұса, өзіңді маған жақын тұрмын деп ойлайсың ба? Дәл қазір екеуміздің арамызда жетпіс мың қабат перде бөліп тұр. Сен менің құдіретіммен ғана дауысымды естіп тұрсың. Маған сенен де жақын келетін құлдарым бар, - деп жауап берді. Мұса:
    - Олар кімдер? - деді. Тәңірі тағала:
    - Ақырдың соңында Мұхамбет атты ең соңғы сүйікті пайғамбарым дүниеге келеді. Оның үмбеті ең қиын кезде хақтың жолын ұстанады. Аптап ыстықта отыз күн ораза ұстайды. Ауызашарға жиналғанда, олардың дастарқанында сан түрлі дәмді тағам самсап тұрады. Бірақ олар қаталап, қарны ашса да, күн батпай ауызын ашпайды. Менің разылығымды табу үшін мол дастарқанға қол созбайды. Сол кезде Менің рақметім мен шарапатым оларға барынша жақындай түседі, - депті. Мұса таңғалып үйіне қайтты

КОМЕНТАРІ • 30