Қарақат Башанова "Әке" ("Forever") -табиғи дауыс керемет орындау караоке Junior Eurovision 2020

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 вер 2020
  • Junior Eurovision 2020 халықаралық ән байқауындағы Қазақстан өкілі анықталды
    Ұлттық іріктеу финалына 12 орындаушы қатысты. Олар табиғат, отан, туған жер сынды түрлі тақырып пен жанрдағы жаңа авторлық әндерін орындады. “Хабар” арнасының тікелей эфирінде еліміздің атынан Халықаралық балалар ән байқауында өнер көрсететін әншіні әділқазылар алқасының қойған ұпайлары мен жалпыхалықтық SMS-дауыс беру арқылы анықтады. Нәтижесінде 12 жастағы Алматы облысының тумасы Қарақат Башанова жеңімпаз атанып, телемост форматында өтетін “Junior Eurovision 2020” ән байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ол композитор Хамит Шангалиев жазған “Forever” әнін орындады. “Ән менің өмірден өткен әкеме арналады” - дейді Қарақат.
    Қарақат Башанова әнмен 5 жасынан айналысады. Бұған дейін бейнебаяны “Балапан” арнасында жарық көрген “Ақ құс” әнінің орындаушысы, сондай-ақ “Отан” әнімен де белгілі. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің продюсерлік орталығы ұйымдастырған ІІ “Бақытта бала” ән байқауында 3 орын иегері атанған. Қарақат Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқушысы.
    Ұлттық іріктеу жеңімпазы енді клип түсіріп, 29 қарашада өтетін халықаралық ән байқауына дайындалады. Әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты Европалық хабар тарату одағы “Junior Eurovision 2020” ән байқауын телемост форматында өткізуге шешім қабылдаған.

КОМЕНТАРІ •