Marhaba Sabi - Жүректің жұлым еті

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 16 жов 2023
  • Music, lyric - Marhaba Sabi

КОМЕНТАРІ • 206

  • @MarhabaSabiOfficial
    @MarhabaSabiOfficial  9 місяців тому +541

    7 -8 жасар кезім. Сабақтан қайтып келе жатып жолдан қанаты сынған көгершінді көріп қалдым. Сән үшін ұстайтын әдемі, қоңырқай көгершін екен. Жаным ашып кетті, ұша алмай қанатын сүйретіп жүрген көгершінді жолда тастап кете алмадым. Үйге алып келіп әкем екеуіміз қанатын байлап, жем беріп, ем-домын жасадық. 1 аптадай уақытта бауыр басып қалдым. Үйшік жасап бердік. Сөйтіп жүргенде қанаты кәдімгідей жазылып, бекіп қалды. Бір күні таңертең шықсам орнында жоқ бір-екі қауырсыны ғана қалыпты. Ұшып кетті ме, әлде ит-мысық жеп кетті ме белгісіз болып қалды. Бірақ мен оның аман-есен ұшып кеткеніне сенгім келеді. Осы оқиға "Жүректің жұлым еті" деген әнімнің дүниеге келуіне себеп болды. "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасына саундтрек жазып беруімді сұраған кезде, осы көрініс арқау болып еді. Көргенім тек құс емес, адамдар тағдыры...

    • @Anar_Maratbek
      @Anar_Maratbek 9 місяців тому +12

      Жан тебірерлік оқиға желісі...Жүрекке жетті😢❤

    • @aminabai3377
      @aminabai3377 9 місяців тому +39

      Мархаба, керемет! Өзіңді осы жазда "Қазақстан дауысы - балалар" бағдарламасынан танып, білдім. Оның алдында Батырханның "Дождь" әнін cover жасап орындағаның мен үшін үлкен жаңалық болып еді... Одан кейін біраз әндерің сүйікті әндер тізімімде болды. Жалпы, теледидар қарамағаныма 20 жылдай болды. Осы жазда анам екі ай жанымда болып, сол кісіге "Қазақстан дауысы - балалар" бағдарламасын you-tube-тан қосып беріп жүріп өзім де қарадым бір маусымын. Содан бері өзіңе дән ризамын!
      Ал енді мынау ән туралы... осыдан шамамен 15 жыл бұрын жанымда екі құрбым бар, үшеуіміз түскі астан кеңсемізге қайтып келе жатқан едік, Қонаев пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында ерлі-зайыпты шет ел азаматтары адасып тұрғандай көрінген соң, жандарынан өте бере: "көмек керек пе?"-деп ағылшынша сұраған едім, олар қуанып кетіп: "ия, ия" - деп, бір мекен-жайды сұраған еді. Мен қалай жүру керектігін айтып берген соң, "мұнда демалуға келдіңіздер ме?" - деп едім, "жоқ, мына баламызды алып кетуге келген едік Америкадан, бір ай болды, әзер бітті қағаз жұмыстары, енді Батырханымызды алып 1-2 күнде үйімізге кетеміз," - дегенде жүрегім зу етті де, анасының қолындағы 1,5-2 жастағы сүп-сүйкімді сары балапандай балаға назарым ауды да, оған қадалып қарадым да қалдым... "қазақ бала ма?" - деп едім, "ия, балалар үйінен осы баламызды алуға келдік осында," - дегенде көзіме жас келіп, тамағым қысылып, жаман күйге түстім де: "сіздерге рахмет, біздің баланы жетімдіктен құтқарғандарыңызға! Сіздерге қатты ұқсайды екен өзі, Батырхан бақытты болсын! Батырхан Шукенов деген сүйікті әншіміз бар, сол ағасындай болып өссін!" - деп қоштасып, кете бердік... Жанымдағы құрбыларым "ол баланың сол жақта баршылықта өскені жақсы емес пе?"- деп, кеңсемізге жеткенше мені жұбатты... Біраз күн балапан Батырханды ойлап жүрдім. Содан шамамен 10 жыл өткен соң дәл сол "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасын кездейсоқ көріп қалып, қарап жүргенімде кезекті бір шығарылымында дәл сол Батырханды көрсеткенде қуанғаным-ай! Тағы да көзіме жас келіп, жүрегімнің ауырғаны... Мына ән соның бәрін еске қайта түсірді ғой қазір, міне, түн ортасында... Құдай қаласа, Америкаға жақында жол түссе, сол балақай Батырханды тауып алмасам деп ойлап отырмын енді...

    • @user-tw2tm2lh6q
      @user-tw2tm2lh6q 9 місяців тому +7

      Мархаба ханым🥹🥺, не деген сөздер, не деген туынды, жүрекке жетті❤

    • @user-gv9sd5kl7x
      @user-gv9sd5kl7x 9 місяців тому

      ​@@aminabai3377шетелдегі қазақ балалары деген бағдарламада Батырхан деген бала жоқ па екен....

    • @user-kq5mw7vg7h
      @user-kq5mw7vg7h 9 місяців тому +3

      Керемет 🎉🎉🎉

  • @aidabeknazar2002
    @aidabeknazar2002 9 місяців тому +99

    Мархабанын андері кунделікті тындауга арналмаган. Онын андері өз өзіңмен іштей жеке қалып сойлесуге арналган❤

    • @user-tl2oq1wr2t
      @user-tl2oq1wr2t 9 місяців тому +1

      Айтарым жоқ

    • @rami_bags8222
      @rami_bags8222 9 місяців тому +4

      Иә, сол үшін ютубтан тыңдаймын. Эплмюзикқа көшірмеймін. Фонда ойнап, қадірі кетіп, мәнін жоғалтып алмау үшін. Жүрек терапиямды🙏

  • @muratqazaq9874
    @muratqazaq9874 9 місяців тому +26

    Қайран қазақтың қаракөз қара домалақтары тұл жетім боп талайы әлемнің түпір түкпіріне көздері жәутеңдеп кете барды-ау.

  • @user-wl2if2kb6v
    @user-wl2if2kb6v 9 місяців тому +33

    Мархабаның әндерін есісем өкіріп жылағым келет😢😢жүреке жетеді❤

  • @user-go9zy8pl2o
    @user-go9zy8pl2o 9 місяців тому +17

    Сезимтал журегиннен айналдым жаным! Кишкентай кезиннен жанашыр, қамқор един. Адам болсын, құс болсын комектескин келип тұратын еди. Мына ән тура жүрекке жетти. Орындауын типти керемет жаным! Онерин саркылмасын, канатын талмасын!!!

    • @user-yg6md6ku7e
      @user-yg6md6ku7e 6 місяців тому

      МАРХАБА ның ән айту стилі Sade ге ұқсастығы бар, даусы да өзі де әдемі қыз ❤

  • @Dariga526
    @Dariga526 9 місяців тому +29

    Мен ер адаммын бірақ Мархабаның әндерімен, даусымен көлікте тыңдап демалам) ақ құрдас екенсің өзің,аман бол шығармашылығың дами берсін, әңдерің жаңа бағытта шыға берсін, өзіңнен сондай ерекше бір әйелге тән нәзіктік, қасиет көрем...)

  • @user-ie9pb3kt3x
    @user-ie9pb3kt3x 9 місяців тому +19

    Әр әні тұңғиыққа батырады,көзге еріксіз жас әкеледі,Марахаба сіз ғажайыпсыз!Әр өлеңінде үлкен махаббат жатыр!❤

  • @Asianeagle702
    @Asianeagle702 9 місяців тому +15

    Осы әнші бір ерекше тұлға. Әндері сондай маңызды. Сондай сүйкімді. Орындауы оз алдына бір ғажап. Көңілге жағымды. Өзгелер секілді жалаңаштанып не болса соны ән қылып жүрген жоқ. Әрбір әні жүректі жарып шыққан жыр арнайы бір толғау. Өнерің үстем болсын қарындасым

  • @Aiazhan_Niatulla
    @Aiazhan_Niatulla 3 місяці тому +5

    Мынау өлеңді естіп тағы жылап алдым💔

  • @user-wr1cb6gr1x
    @user-wr1cb6gr1x Місяць тому +3

    Өнеріңіз өрге жүзсін, керемет ән екен❤❤❤

  • @_ulpa_
    @_ulpa_ 2 місяці тому +4

    Жүректен жүрекке деген осы болар түсінбестен жылап отырмын🥺

  • @aigultokzhanova2888
    @aigultokzhanova2888 9 місяців тому +17

    Pure soul.
    Не деген нәзік жан, мұңға толы терең ой...
    Керемет...

  • @user-nw3tf4rt6r
    @user-nw3tf4rt6r 9 місяців тому +21

    Майырылған қанаты
    Жол жиектен құс көрдім
    Тағдырына демейтін
    Неге мұндай іс қылдың?
    Көріп жүрек езіліп, өте алмадым елемей
    Қайғы ғой деп бір тал құс жолда қалса еленбей
    Жаралы екен жаны оның,
    Мұңлы екен әні де
    Қайырылса да қанаты
    Сынбаса екен сағы оның
    Жаралы екен жаны оның
    Қиын тағдыр жолы да
    Құс емес-ау көргенім
    Көрдім адам тағдырын.
    Қолыма алдым мәпелеп,
    Байлап сынған қанатын
    Қуанды ма білмедім
    Жан бар деп мені ұғатын
    Жазылғасын жарасы
    Көз алдымнан ғайып боп
    Ұшып кетті бәлкім ол
    Іздеп жердің жәннатын

    • @muna744
      @muna744 9 місяців тому +1

      Ракмет❤

  • @danalesbay9393
    @danalesbay9393 9 місяців тому +10

    “Құс емес көргенім, көрдім адам тағдырын”👏🏻👏🏻👏🏻

  • @Aisha-iu8hg
    @Aisha-iu8hg 9 місяців тому +11

    Жаңа ән жүктеді деп хабарлама келді. Тыңдап бір жылап алдым😢. Керемет жүрекке жететін ән❤.

  • @user-eg4ul6fg5u
    @user-eg4ul6fg5u 9 місяців тому +26

    Əрбір əн шедевр ,мен үшін !
    Шабытыңыз сарқылмасын !

  • @user-xr6ss9bn7h
    @user-xr6ss9bn7h 9 місяців тому +12

    Жүректі ауыртсада,өте керемет шыққан! Рахмет Мархаба! Творчестволық табыс тілеймін! Жазатын,шырқайтын ән молынан болсын!👋👋👍💯💐❤️

  • @turarbek_medik
    @turarbek_medik 9 місяців тому +11

    Мархаба қазақ эстрадасындыға өзіндік стилі бар әнші,компазитор.Жүректің мұңын,махаббатын,сезімін жеткізе біледі.Әр өлеңінде керемет атмосфера,қиял жатыр.Әр өлеңіңмен адамдарды сезімнің жетегіне тартасың,ғажап...

  • @nakowest3839
    @nakowest3839 9 місяців тому +10

    Лирик деп сізді айту керек шығар🔥🔥🔥🔥🔥🔥өте керемет Мархаба

  • @user-gl6ih5yy3b
    @user-gl6ih5yy3b 9 місяців тому +10

    Жердің жәннаты ол сіз.Сіз бар жерде Жәннәтта бар.Ешқайда ұшпаңызшы.

  • @turikpenkunsulu
    @turikpenkunsulu 9 місяців тому +8

    Өзіндік қолтаңбасы бар бірегей талантты әнші!

  • @ruslankoshmukhanov
    @ruslankoshmukhanov 2 місяці тому +1

    Керемет, жүрекке жетті... Балапандарым аман болсын! Сағындым

  • @tolkynbaizhumanova584
    @tolkynbaizhumanova584 9 місяців тому +17

    Бальзам для души❤️👌👏🙌
    Мархаба тек алға, керемет👏

  • @Zhana_S
    @Zhana_S 9 місяців тому +22

    Сколько нежности и страсти ❤️‍🔥 бесподобная Мархаба❤

  • @user-mi5qc9dk2o
    @user-mi5qc9dk2o 9 місяців тому +5

    Мархаба, таңқалдырудан шаршамайсыз!Осындай әдемі туындыларыңыз таусылмасын!🥹😍❤️

  • @zeynepkulmakhanbet
    @zeynepkulmakhanbet 9 місяців тому +2

    Аллаһ бала болу сезімін сыйламаған балалар да дәл сол қанаты майып болған құс сынды. Олардың, мүмкін, қанаты жазылып ұшып кетті немесе ит-мысыққа жем болды? Ешкім білмейді. Бала кезінен қабырғалары қайысып, өз-өздеріне әлем құрып, сол әлемді жамандардан қорғап жүр. Өте ауыр тағдыр. Ата-анаға еркелеудің, мәпеленудің, сүйікті болудың не екенін сезінбеді. Оларда балалық шақ болмады, өкінішке орай.

    • @costAmore
      @costAmore 9 місяців тому

      Детства детей лишают, начиная с детского садика, продолжая садизм в школе, завершая в институте. После чего: Забудьте 90% чему вас учили и начинайте работать. И не забывайте говорить "спасибо" за все попало, пока ваше "спасибо" не лишится ценности.

  • @Tabet_ashar
    @Tabet_ashar 5 місяців тому +2

    Сәлеметсіз Мархаба ханым … Мен жылап қалдым ауырып жүр едім дәрі ішіп отырып тыңдап едім. Сол қанаты сынған құстай сезіндім өзімді. Жүрегіме жетті бұл ән . Ең бастысы сол жүректен жүрекке жетсе ол шынымен хит ән болады. Рахмет!!

  • @user-nv7jk1zh5p
    @user-nv7jk1zh5p 9 місяців тому +8

    туф Мархаба Саби онеринизге танттимин,шыгармашылык жумыстарынызга саттилик тилеймин❤😍

  • @Aiazhan_Niatulla
    @Aiazhan_Niatulla 9 місяців тому +10

    Жүрегі нәзік өзінің жанымм🥹❤️

  • @omirva.zhansaya
    @omirva.zhansaya 9 місяців тому +6

    Шетелдегі қазақ балалары 💔💔💔💔

  • @ainazbalabek6039
    @ainazbalabek6039 9 місяців тому +10

    Сөзсіз керемет! Теңдесіз! ❤

  • @Arshabai
    @Arshabai 9 місяців тому +8

    Маған ұнайды осы әншінің барлық әндері. Әнді сезініп жан жүрегімен орындап шығады. Осылай айтылған ән жүрекке жетпегенде не істейді..

  • @lyricskz7320
    @lyricskz7320 9 місяців тому +4

    Ғажап,терең сезім, нәзіктік, нағыз артхаус

  • @user-ud4yl5wu8i
    @user-ud4yl5wu8i 9 місяців тому +8

    Керемет! Журектин тубине дейин жетти❤

  • @iliyastoleu2692
    @iliyastoleu2692 9 місяців тому +5

    Жалғыз сәуле...

  • @user-zk7pu1fl2g
    @user-zk7pu1fl2g 9 місяців тому +5

    Жанға тыныштық, жүрекке дауа ❤️‍🩹

  • @batyrmusagali1214
    @batyrmusagali1214 9 місяців тому +6

    Керемет,жүрекке жетті.Биікке самғай бер.

  • @Arshabai
    @Arshabai 9 місяців тому +5

    Жүрекке жететін ән екен

  • @marsi18
    @marsi18 9 місяців тому +3

    Қандай керемет ән, жылаттыңыз ғой, сондай әсерлі, бүкіл денемді шымырлатып жіберген бұл қандай құдірет💔

  • @user-xy8vl9mf9w
    @user-xy8vl9mf9w 9 місяців тому +3

    Жаңа ән шыққан сайын, жүректің төрінен алады шыныменде 🫶🏻🥹

  • @elgooelgoog758
    @elgooelgoog758 9 місяців тому +3

    Жүректен шыққан ән, жүрекке сөзсіз жетеді ғой, шіркін....

  • @kainaigera
    @kainaigera 9 місяців тому +5

    Так красиво и больно одновременно 💔

  • @user-tm9lm9ls5w
    @user-tm9lm9ls5w 6 місяців тому +2

    Қанша жыл өтсе де әлі есімде, “Қазақстан даусы” жобасынан бері танимын. Тәлімгері Мадина Садвакасова болған. Финалға барып, ұтса екен деп қатты тілейтінмін. Өкініштісі жүлде ала алмады. Бірақ, әлі күнге дейін “Қазақстан даусы” жобасын қанша қарасам да, дәл осы Мархаба және Батырхан (Әлем) сияқты талант көрмедім.

  • @user-fz3tx2jh3o
    @user-fz3tx2jh3o 9 місяців тому +7

    керемет әуен!!!

  • @zhandostynyshtyk8723
    @zhandostynyshtyk8723 9 місяців тому +3

    Не деген сезім, ауырған жүректің бүкіл назын жеткіздіңіз

  • @Cookies_kzz
    @Cookies_kzz 3 місяці тому +1

    Мен өз өмірімді елестетемін шынайы ән,өте мағыналы ән жылатады каждый раз

  • @dayanch_nurnazaruli
    @dayanch_nurnazaruli 9 місяців тому +2

    Tek qana Qazaq tili! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @dorama_quizz
    @dorama_quizz 3 місяці тому +1

    Мархаба Саби - лириканың патшайымы!! Әндері терапия жүрекке ем❤ анау мынау әнші емес ерекше стилі талғамы бар артист🥹 әрбір әні сөзіде ерекше керемет өзінің ғажап дауысымен космоска апарып жібереді жүрегің тынышталады прям✨

  • @dinaraabdiyeva
    @dinaraabdiyeva 9 місяців тому +6

    Ғажап❤

  • @muna744
    @muna744 9 місяців тому +2

    Журекти бир демалдырып алатын ан екен. Ракмет

  • @user-vy9bz3up3i
    @user-vy9bz3up3i 9 місяців тому +10

    Как всегда Керемет ❤

  • @ali_abdulloh
    @ali_abdulloh 9 місяців тому +3

    Uzbekistan dan salem
    Marhaba Sabi mening eng jaqsy ko'retin anshiim

  • @user-ie9pb3kt3x
    @user-ie9pb3kt3x 9 місяців тому +6

    Әр әні бір терапия ғой!❤

  • @luckyserga4685
    @luckyserga4685 9 місяців тому +5

    Даусыңыз керемет! Музыка керемет!

  • @dayanch_nurnazaruli
    @dayanch_nurnazaruli 9 місяців тому +2

    Berekella - Bärekeldi 🇹🇲🇰🇿❤️

  • @aigultleubayeva2679
    @aigultleubayeva2679 3 місяці тому +1

    Сөзі, әні, мағынасы, дауысы кандай 💖

  • @user-ot2rn2ow4c
    @user-ot2rn2ow4c 9 місяців тому +4

    қандай мұңлы ән..

  • @user-gl6ih5yy3b
    @user-gl6ih5yy3b 9 місяців тому +5

    Жүректің жұлым еті..

  • @user-wi1cw2tk3z
    @user-wi1cw2tk3z 9 місяців тому +3

    Әдемі ән,сөздері де керемет!
    Бірінші рет тыңдауым осы әншіні!

  • @moldirsalimova405
    @moldirsalimova405 9 місяців тому +2

    Жүректі емдейтін өлең екен

  • @user-jw6vd3sp2k
    @user-jw6vd3sp2k 9 місяців тому +6

    Куштыыы ❤

  • @zhanzhan8977
    @zhanzhan8977 9 місяців тому +2

    Мархаба саған шын жүркетен екі дүниенің бақытын тлеймін, аман болшы сестренкс😅😊

  • @aidana8765
    @aidana8765 9 місяців тому +3

    Өте әдемі. Тыңдаған сайын көзіңе жас келетін, жүрекке жететін ән. Мархаба, рақмет👏❤️

  • @gulziyeleu9726
    @gulziyeleu9726 9 місяців тому +2

    Саунтрект 👍👍 творчествалык саттиликтер тилеймин.

  • @maken_muz
    @maken_muz 27 днів тому

    ерекше әншілердің бірісізғой Мархаба апке)

  • @user-ik5vn1bm9j
    @user-ik5vn1bm9j 9 місяців тому +4

    Сурер Мархаба

  • @user-bb5gc7zl8n
    @user-bb5gc7zl8n 9 місяців тому +1

    Мен сіздің әндеріңіздің көбін білем бәрін жүрекке жеткізіп әдемі орындайсыз

  • @nazerkekuandykova4657
    @nazerkekuandykova4657 9 місяців тому +3

    Кезекті терең мағыналы әнді тыңдап риза болып отырмын) Шығармашылығыңыз дами берсін

  • @user-vj6kh2sk1v
    @user-vj6kh2sk1v 9 місяців тому +4

    Сіз қандай керемет жазушысыз❤

  • @user-hu7pk2jz9j
    @user-hu7pk2jz9j 9 місяців тому +2

    Жылаттыныз гой Мархаба😢

  • @user-ec2rw2ne2w
    @user-ec2rw2ne2w 9 місяців тому +2

    Керемет ән, керемет әнші, жүрегімен айтқан ән жүрекке жетеді! Ары қарай өнеріңіз жоғарлай берсін!

  • @user-qf2pr2oh3k
    @user-qf2pr2oh3k 9 місяців тому +3

    Өте керемет

  • @gulsaya2596
    @gulsaya2596 8 місяців тому +2

    Мархаба, сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын, ерекшк ғой❤

  • @user-go8pd7bq1n
    @user-go8pd7bq1n 6 місяців тому +2

    Мархаба кушті ән рахмет сізге жүрекке жетті❤

  • @_ulpa_
    @_ulpa_ 2 місяці тому +1

    Майырылған қанаты, жол жиектен құс көрдім.
    Тағдырына демеймін, неге мұндай ес қылдың?
    Көріп жүрек езіліп, өте алмадым елемей.
    Қайғы ғой деп бір тал құс, жолда қалса еленбей.
    Жаралы екен жаны оның,
    Мұңлы екен әні де
    Қайырылса да қанаты,
    Сынбаса екен сағы оның
    Жаралы екен жаны оның,
    Қиын тағдыр жолы да
    Құс емес-ау көргенім
    Көрдім адам тағдырын.
    Қолыма алдым мәпелеп,
    Байлап сынған қанатын.
    Қуанды ма білмедім
    Жан бар деп мені ұғатын
    Жазылғасын жарасы
    Көз алдымнан ғайып боп
    Ұшып кетті бәлкім ол
    Іздеп жердің жәннатын
    Жаралы екен жаны оның,
    Мұңлы екен әні де
    Қайырылса да қанаты,
    Сынбаса екен сағы оның
    Жаралы екен жаны оның,
    Қиын тағдыр жолы да
    Құс емес-ау көргенім
    Көрдім адам тағдырын.

  • @shynvrm
    @shynvrm 9 місяців тому +4

    Мурашки по коже, слезы на глазах от этого шедевра❤️‍🩹

  • @serikbekkumarbekov6765
    @serikbekkumarbekov6765 9 місяців тому +2

    Мархаба ханымның әр әні хит ғой❤

  • @Mikosya_
    @Mikosya_ 9 місяців тому +2

    Мархаба ❤ әр әннен ерекше әсер аламын... Керемет🔥

  • @QonayTV
    @QonayTV 9 місяців тому +2

    Kazakh🇰🇿Adele❤

  • @guldanaaralbayeva8849
    @guldanaaralbayeva8849 9 місяців тому +2

    Қаншама муң❤

  • @indiranurlahova8089
    @indiranurlahova8089 2 місяці тому +1

    Керемет анши

  • @AidaSafarbay-cz7cq
    @AidaSafarbay-cz7cq 9 місяців тому +2

    Адамдарда құс секілді уақытша бірде бар бірде жоқ

  • @Taro-75
    @Taro-75 9 місяців тому +3

    Сначала лайк..😊 а теперь пойдем насладимся😊😊

  • @ruslankusayin7894
    @ruslankusayin7894 6 місяців тому +1

    Керемет әуен, сөздері әуенмен үйлесімді екен ! Жарайсың Мархаба шығармашылық шабытың артсын ! Әндер жинағымда жаңа үздік ән!👍

  • @BALBARMAK
    @BALBARMAK 9 місяців тому +2

    Шедевр

  • @akmeyirdihanbaeva-vm2py
    @akmeyirdihanbaeva-vm2py 9 місяців тому +1

    Осы әнді алғаш жібек жолы арнасынан есітіп сразу ютубттан іздеп едім ұзақ күттім осы әнді Мархаба ханым өте керемет маған қатты ұнайсыз жұмысыңызға сәттілік👍🏻🤍

  • @EriqueND
    @EriqueND 9 місяців тому +2

    Мархаба, тек алға!

  • @akmaralaskarkyzy9497
    @akmaralaskarkyzy9497 7 місяців тому +1

    еріксіз жас… терең мұңы жетті жүрекке

  • @marinaabdrakhmanova5144
    @marinaabdrakhmanova5144 9 місяців тому +1

    😭😭😭 тек жақсылық болсын әлемде

  • @user-qe6cn2gt4u
    @user-qe6cn2gt4u 6 місяців тому +1

    Өте керемет ән!!!! Браво!!!

  • @user-mx4px9ek6w
    @user-mx4px9ek6w 9 місяців тому +4

    Рахмет! Мархаба сізге 🎉❤

  • @user-bc7vn3ok8i
    @user-bc7vn3ok8i 9 місяців тому +2

    Өзімнің жолымды тура сипаттап бердіңіз ғой😢

  • @user-sq5iu2uv4z
    @user-sq5iu2uv4z 9 місяців тому +1

    ҚАЗАҚ РОГІНІҢ ХАНШАЙЫМЫ-МАРХАБА СӘБЙ!

  • @MakpalBazarovna
    @MakpalBazarovna 9 місяців тому +1

    «Кус канат гумыр» деген, ширкин ай соз кудыретин анмен шыркап, керемет жеткиздиниз, рахмет. Онериниз орге жузсин🙂

  • @ulan_zamirbekov
    @ulan_zamirbekov 9 місяців тому +1

    Сиз менен сыймыктануу кана керек, себеби сиздей журөк аз чынында..Ырыңызга таазим!!!

  • @symbatsimbat
    @symbatsimbat 9 місяців тому +1

    Әсем ән үшін Рахмет 🤍

  • @ruslankusayin7894
    @ruslankusayin7894 6 місяців тому +1

    Marhaba karagoz karindasim shigarmashilik kanatin talmasin, sagin sinbasin ! Osinday keremet tuindilarin dunyege keluine Jaratkan shabitindi artttirsin! Rahmet !

  • @KazPianoCover
    @KazPianoCover 9 місяців тому +3

    Керемет естелік, керемет ән👍🏼👍🏼👍🏼

  • @soon777
    @soon777 9 місяців тому +1

    Мән-мағынасы терең, ой салар сапалы туынды. Шабыт тілеймін ❤

  • @user-zq5ov7xr1x
    @user-zq5ov7xr1x 9 місяців тому +1

    Жазықсыз жәбірленіп жатқан сәбилер тағдыры ...