Төленді мектеп кезінен оқыдым. Бірақ өзімен тілдесіп, сұхбаттасудың сәті бүгін түсті. Бір жазушының жазуын ұнатсам қоймай қазып оқитыным бар. Төленнің барлық шығармаларын бірін қалдырмай оқып шықтым. “Парасат майданын” “Ақиқатын” бірнеше қайталап оқыдым. Басылымдарға бұ кісі жайлы жазылған мақалаларды оқып шықтым. Ютубтағы сұхбаттарын тыңдадым, деректі фильмдерді қарадым. Бірақ оның өзі маған аздық етті. Бүгін телефон арқылы байланысқа шығып тілдестім.
Төлен ағаның шығармалары терең психологияға құрылған. Сұхбатты осымен үшінші мәрте көріп отырмын. Бұл кісі жылтыр адам емес шынайы қазақтың ақсақал жазушысы екені көрініп тұр. Бірнеше шығармасын оқыдым. Оң қол, Парасат майданы, Ақиқат, Біз үшеу едік, Бас сүйек, Қыз Бәтіш пен Ерсейіт сынды әңгімелері мен повестері астарлап советтік сұрқиялықты, тұлғаның жарылуын көрсеткен шағын болса да ірі туындылар. Оқып отырып өзіңе бірнеше сұрақ қойып, өмірдің ащы ақиқатына бір табан жақын боласың. Төлен аға нағыз ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ. ЖАСАЙ БЕРІҢІЗ ТӨЛЕН АҒА. ҰЛЫ ДАРХАН МЫРЗА КЕРЕМЕТ СҰХБАТ ӨРБІТТІ.
Совет үкіметі кезінде сол кезеңнің олқылықтары мен көзбояушылықтарын бірде ашық айтып, бірде сылап-сипап астарлап айтып, халықтың көкірек көзіне ой, шындық құйған ат төбеліндей азғантай жазушының бірегейі. Әке мен баланың ғана емес," халқым " деп еміренген екі ұрпақ өкілі. Әкелі-балалы екеуі де халыққа қызмет етуде. БАЛА тәрбиесіне қалай мән берген! "Бала өз өмірінде әкеден оқ бойына озық тұрмас--, әке өмірінің босқа өткені ," --деп, бір мықты адамның айтқаны бар еді. Дархан Әбдік - біздің заманымыздың , жаңа Қазақстанның озық ойшылы, философы, дана, дара адамы. Әр сөзін бас иіп тыңдап, әр ой-пікіріне таңдай қағамыз. Әр бағдарламасын асыға күтеміз. Алла тағала өмір жасын ұзақ қылып, халқына бергенінен берерін ұзақ қылғай деп тілейміз. "ЖЫЛымық" кезінде шыққан ақын-жазушыларымыздың балалары да білімді, білікті , өз елінің дамуына ,ақыл-ойына, мәдениетіне үлес қосқан азамат болғандары қандай ғанибет! Бұл да бір Алла тағаланың берген , халқымызға берген нығметі ғой. Мұхтар Мағауин балалары, Төлен Әбдік баласы - Дархан, Жарасқан Әбдіраш баласы - Рүстем Әбдіраш, Кеңшілік ақынның баласы,Әбіш Кекілбай балалары да азаматтар, Фариза апамыз тәрбиелеген ағасының балалары азамат деп естиміз. Міне, ұлтымызға ұйытқы болатын да осылар ғой. "Парасат майданы" кітабы үшін жазушы Төлен Әбдік ағамызға, ал жұртымыздың көкірек көзін ашып жатқан Дархан Әбдікке Алла разы болсын! деп тілек айтамыз.
Керемет сұхбат....
Көз көргендерді еске алып,әсерлі естеліктеріңіз жүректі елжіретті.Керемет сұхбат ,ұзақ ғұмыр кешіңіздер 💐👍
Супер осы кісімен сұхбат болса деп жүруші едім. Бала мен әкенің әңгімесін тыңдағым келген еді. 👍👍👍. Ата анаңыз жүз жасасын. Алла разы болсын. 🙏🙏🙏
Қандай ғажап КҮЙ!!! Мың алғыс.
Тамаша сұхбат.
Керемет әңгіме. Алдыңғылардың адамгершілігі басқаша болғанғой. Құрдастарын мақтап сағынышпен еске алып отыр.
Керемет сұхбат. Өтірігі жоқ, таза
Әдемі, әсерлі әрі мағыналы әңгіме болыпты.
Өте құрмет тұтамын , ауырмасын !
Көңіл толқытқан, керемет дүниелер тыңдадым..
Аман есен болыңыздар!
Тәңір жарылқасын!
Шедевр үшін алғысым шексіз✨️
Алла ғұмыр берсін. Денсаулықтары мықты болсын 🤲
Жақсы әңгіме болды. Рақмет!
👏🏻👏🏻👏🏻
Төленді мектеп кезінен оқыдым. Бірақ өзімен тілдесіп, сұхбаттасудың сәті бүгін түсті.
Бір жазушының жазуын ұнатсам қоймай қазып оқитыным бар. Төленнің барлық шығармаларын бірін қалдырмай оқып шықтым. “Парасат майданын” “Ақиқатын” бірнеше қайталап оқыдым. Басылымдарға бұ кісі жайлы жазылған мақалаларды оқып шықтым. Ютубтағы сұхбаттарын тыңдадым, деректі фильмдерді қарадым. Бірақ оның өзі маған аздық етті. Бүгін телефон арқылы байланысқа шығып тілдестім.
Жақсы əңгіме болды.
Тарих!
Недеген ғажап сұқбат.Жаның демалады,іздегенің табылады
Ғажап!
47:00 Халық өзін-өзі мақтаудан арылу керек.
Керемет туынды 👍
Төкең жазушы болмағанда, керемет күйші болады екен-ау! Ғажап!
Төлен ағаның шығармалары терең психологияға құрылған. Сұхбатты осымен үшінші мәрте көріп отырмын. Бұл кісі жылтыр адам емес шынайы қазақтың ақсақал жазушысы екені көрініп тұр. Бірнеше шығармасын оқыдым. Оң қол, Парасат майданы, Ақиқат, Біз үшеу едік, Бас сүйек, Қыз Бәтіш пен Ерсейіт сынды әңгімелері мен повестері астарлап советтік сұрқиялықты, тұлғаның жарылуын көрсеткен шағын болса да ірі туындылар. Оқып отырып өзіңе бірнеше сұрақ қойып, өмірдің ащы ақиқатына бір табан жақын боласың. Төлен аға нағыз ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ. ЖАСАЙ БЕРІҢІЗ ТӨЛЕН АҒА. ҰЛЫ ДАРХАН МЫРЗА КЕРЕМЕТ СҰХБАТ ӨРБІТТІ.
👏🏻
👏👏👏👏👏👏
Бүкіл әлемде Нобел сыйлығы берілсе, бізде Төлен ағамыздың атымен сыйлық беру керек сияқты. Рас сөзім.
Ғажайып күй,аман-есен болыңыздар🙏🏼🙏🏼🙏🏼
Аналары орамал тағып алыпты 👍
👍👏
Тандем
❤❤❤❤❤
Совет үкіметі кезінде сол кезеңнің олқылықтары мен көзбояушылықтарын бірде ашық айтып, бірде сылап-сипап астарлап айтып, халықтың көкірек көзіне ой, шындық құйған ат төбеліндей азғантай жазушының бірегейі. Әке мен баланың ғана емес," халқым " деп еміренген екі ұрпақ өкілі. Әкелі-балалы екеуі де халыққа қызмет етуде. БАЛА тәрбиесіне қалай мән берген! "Бала өз өмірінде әкеден оқ бойына озық тұрмас--, әке өмірінің босқа өткені ," --деп, бір мықты адамның айтқаны бар еді. Дархан Әбдік - біздің заманымыздың , жаңа Қазақстанның озық ойшылы, философы, дана, дара адамы. Әр сөзін бас иіп тыңдап, әр ой-пікіріне таңдай қағамыз. Әр бағдарламасын асыға күтеміз. Алла тағала өмір жасын ұзақ қылып, халқына бергенінен берерін ұзақ қылғай деп тілейміз.
"ЖЫЛымық" кезінде шыққан ақын-жазушыларымыздың балалары да білімді, білікті , өз елінің дамуына ,ақыл-ойына, мәдениетіне үлес қосқан азамат болғандары қандай ғанибет! Бұл да бір Алла тағаланың берген , халқымызға берген нығметі ғой. Мұхтар Мағауин балалары, Төлен Әбдік баласы - Дархан, Жарасқан Әбдіраш баласы - Рүстем Әбдіраш, Кеңшілік ақынның баласы,Әбіш Кекілбай балалары да азаматтар, Фариза апамыз тәрбиелеген ағасының балалары азамат деп естиміз. Міне, ұлтымызға ұйытқы болатын да осылар ғой.
"Парасат майданы" кітабы үшін жазушы Төлен Әбдік ағамызға, ал жұртымыздың көкірек көзін ашып жатқан Дархан Әбдікке Алла разы болсын! деп тілек айтамыз.
Дархан аға Төлен Әбдіктен сұхбат алса қалай болар еді деп ойлап жүретінмін👍
11:52
Ее де
Атамыз керемет естелік айтты бірақ баласы сен сен дегені қалай кетті осыдан ақ үлкенге құрмет деген жоғалғаны көрініп тұр ғой Алла тамызға қуат берсін
ЦК ға неге бардың дей ма 😂
СЕН мен СІЗді - айырып алсаңыздар , əкеңіз екеуіңіз - алдымен, жұртқа ақыл айтпай тұрып.ПАРАСАТЫ бар адамға - айырмасы бар.
Өздері біледі ғой. Сіз өзіңіздің әкеңізбен осындай деңгейде жақсы қатынаста болсаңыз болды. Сіз деп тұрып ата анасын сыйламайтын адам бар.
Әкесіне сен деп дікілдеп отырғой мынау. Сіз деп силаса тілі күрмеліп қалама Дарханың.
Деректі фильмді көріп шыққанда бар түйгенің сол ма?
@@NomadMassaget өте дұрыс айттыңыз. Ата анасын қаншалықты сүйіспеншілікпен силайтындығы "сізбен" өлшенбейді ғой.
Әке мен баланың арасындағы махаббаты сіз өлшемейтін шығарсыз. Ол мейлі сіз арқылы ма, сен арқылы ма, маңызды емес.
@@kerbez4285Дұрыс айтасыз.
Журналистік мəдениет қайда? Əкең болса да Сен дей бермей сұрақты дұрыстап қойсаң дұрыс болады.
Бір сағаттық тамаша әңгімеде байқағаныңыз сол ғана ма?
Тарих!
Жақсы әңгіме болды. Рақмет!
❤❤❤