Пермакультура жөнінде қазақша таба алмап едім сіздің каналыңызға тап болып жақсы болды. Пермакультура тақырыбы, бағбандыққа қызығып жүрмін сізден үйренетін нәрсе көп екен Құлсарыда тұрамын сіздің бақшаға барса болама баламада көрсетіп дегендей.Қазақ тілінде керемет контент болды👍🏼. Ютуб каналыңыз дами берсін көп-көп рахмет!
Еткен еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Білген кеңесіңізді Халық пен бөліскеніңізге МЫҢ АЛҒЫС СІЗГЕ! АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН СІЗДЕРГЕ СІЗГЕ! БАУ-БАҚШАҢЫЗ ЖАЙНАП,ЖЕМІСІН МОЛЫНАН БЕРСІН! ӘМИН
Айнұр жәрайсың. Жасаған еңбігіңе айтар сөз жоқ. Алла деніңе саулық берсін. Ерінбей әр сұраққа жауап беріп отырғаныңның өзі неге тұрады. Бір сұрақты он рет қоямыз, не деген еңбек. Тіл көзден аман жүр.
Кемпір болсамда шуалшаннан қатты қорқам..4,5жылдан бері огородым не ексемде болмайды жақсы. Ютубқа кіріп сіңілім сені тауып алдым.Не деген кереметсің. Біз деген Сарыағашта тұрып онша бақшаға көп адам,біреуі өзім бұлай бақша өсірмейміз. Рахмет саған еңбегің жансын,апаң көп сабақ алдым.
@@maksmart788 Сәлембердік апа, қалыңыз қалай? Бақша жерін құнарландырса бәрі шығады. Сарыағаш жері шұрайлы. Сіздей болғанша бақшада жүрейікші бізде.. Аман болыңыз!
Қалыңыз қалай? Менің де қара қарақатым да 2-3жыл болды жапырағы қоңырайып түсіп қалады өнім аз беріп тұр .Осылай істесем болады ғой. Сізге рахмет не істерімді білмей жүр едім. Өте жақсы түсідірдіңіз. Бақшаңыз керемет өнімді болсын
Теренозекке бауырыма барып турамын 40 жылдан бери ауласына ешкашан шоп шыкпаган неге деп сурасан жер сор талай егип кордик бесполезно дейди 2 уиди айналдыра 30 см траншея каздымда тогайга барып жиде мен шенгелдин астынан жерди алып келип казган траншеяга салып нешетурли гул ектим каулап шыкты келеси жылы барганымда жемис агаштарын коконистер егип барлыгы шыкты тек суарып турсаныз болганы
Сәлеметсізбе !Алла сізге күш қуат берсін!Сізден сұрайын деп едім огородта тарақан құмырсқа көп не істесемде кетпеді осы сіздікі сйяқты бозаны құйсаң да сол жерге қаптап кетеді
@@ГайниМашаева жұмыртқа сарысына борная кислота ұнтағын араластырып, кішкене шарик жасапбарлық жерге, ұя қасына айналасына тастаңыз. Ішіндегі аналық құмырсқаға апарады, өздері де жеп, кислотаға өледі. Бірнеше рет жасап тастау керек. Көктемде тағы жасау керек. Циткор езіп шашу керек тарақанға және құмырсқаға топыраққа, ұяға құйдық біз.
Керемет ,жарайсың қызым ,еңбегің керемет , Алла аброй берсін !!! Ал қыздар ,қай - қайсың болсада мына еңбекқор қызымнан үлгі алыңдар , баға жетпес еңбек , Еңбегіңнің жемісін көр айналайын , көп жаса !!!
Рахмет парақшаңызға,көп мағлұмат алдым.Менің бақшамның топырағы аппақ болып соры шығып жатыр.Екі жыл болды көшіп келгенімізге.Еккендерімнің ешқайсысы жөнді шықпай,түбі тас болып қатып қалды.Осы видиодағыны жасап жерге төге берем,жерім құнарланады ма екен?
@@МарияШахмурзаева Сәлеметсізбе! Жерге пергной, компост, биогумустарды мол араластырып,жапырақ жинап, известь салып қопарып тұщытып алыңыз., сосын жауын құртын жібересіз көктемде.
Сенемін еңбек етсен ерінбей тояды қарнын тіленбей. Жаман жел, жаман жер, жаман су деген болмайды егесі шамданат. Қарау керек. Қарамасан қатын кетер.Бакпасан мал кетер. Еңбегін жемісті болсын.
Ақпаратыңызға көп Рахмет.Жеміс ағаштарына беретін дәрі дәрмекті қайдан аласыздар.Осы жөнінде айтып өтсеңіз.Сидерат шөптің тұқымын қайдан аласыздар.Осы жөнінде айтып өтсеңіз.екен.
Сиырдың тезегіне свежий навоз, су құйып он күндей қойып қоямызда, он литр суға бір литр ашыған қосындымен суғарып,әр түпке бір литр, азотпен құнарландырамыз, ол тек жапырағын күшті өсіреді, сосын кейін калий керек болады екен
Меніңше балық енгирдинеттерді қолға түскен бойда салаберген ыңғайлы болады ау. Ең бастысы бранаңыз және дүкеннен сатып алғандарыңызды салып қойсаңыз. Сіздікі көп еңбекті қажет етеді екен.
@@МирамбекБердибаев-у9у Дайын бозаның 2л-10 л суға араластырып 7-8 күн сайын құйдық бақшаға. Ағаш, жүзімге 3 л боза 10 л суға езіп 10 күн сайын құйдық. Өйткені біздің жер әлі де ақшыл, құнарсыздау. Құнарлы қара топыраққа 15 күнде құямыз дейд орыстар
Енді август жақындап қалды ғо барматуха жасау кеш болар да,анандай көгерген нанды қайдан табуға болады екен,Дзамбулаттың видеоларын қарап шықтым отзывтары жақсы екен
САЛАМАТСЫЗБА!МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛ КОРДАЙСКИИ РАЙОН НАН,МАГАН СИЗДЕН КОМЕК КЕРЕК БАКША ЕККИМ КЕЛЕДИ АЛМУРТ КАНДАЙ СОРТ ЕКСЕМ БОЛАДЫ,ОТЫРГЫЗСАМ ОСПЕЙ КАЛАДЫ СИЗДИН КЕНЕСИНИЗ КЕРЕК
@@ЖанылАдилова-у9ц Сәлем! Шүкір бөлек тұратын балдарымыз бар, таратамыз. Бауырларымыз тағы бар. Одан қалса көршілер бар. Сатып көрмедім. Ауысса банка жабамыз қысқа.
As salamu aleikum. Köp köp rahmet qazaqşa beine jazba jürgızgenıñıge. Mende bır saul bar sızge. Baqşañyzdaĝy ütük plastik qūbyryna tamşylaityn şmög fitingtı qalai begittıñız?
@@ПаризаСарманова-к8яБөшкеге ьар құрамын салып күніге 2-5 рет араластырып тұру керек. Дайын болғснда ьұрқырап ашығаны басылып тынышталады. Күн ыссыда 3-4 күн, салқындауда 6-7 күнде дайын болады.
@@ГулжанатБигельдинова Саламат болыңыз! Қапқа салған қоюын шығарып, бақшаға салуға ыңғайлы. Салмауға да болады, өзіңізге ыңғайлысын қараңыз. Синтетика затты қайнатқанда зиянды. Тек суда тұрса зияны болмас.
Сәлеметсізбе! Еңбегіңіз жансын. Сіздің жеріңіз тұзды болса, мен тұратын жер тас. Соған шіріген қи(көңнің ұнтағын) сеуіп біраз құнарландырып 1түп алма,1түп абрикос,1түп груша еккен едім. Груша мен абрикос жаксы өнім беріп жүрді. Биыл абрикос талының түп жағы шіріген сияқты болып тұр. Ал алма ағашы өнім көп,бірақ алмалары түгел түсіп жатыр. Былтыр да солай болған. Откенде сіздің видеоңызды көріп, кеңес сұрағанда, казірше монокальий фосфат себіңіз дегеніңіз бойынша соны езіп құйдым араға 15күн өткізіп тағы құйып қойдым. Мен ол монокальий фосфатты 25л суға езіп сол 25 литр қоспаны түгел бір алма ағашына құйдым. Бұл дұрыс па? Ватсап номеріңіз болса жазыңызшы. Сізді тыңдасам шабытым оянып бәрін іске асырғым келіп кетеді. Қазір иығымды сындырып алып,кішкене қиындау болып жүр. Биыл өнім бермеген абрикоска кальций селитратын 30литр суға езіп құйып қойдым. Күздік күтімді бастай барейін деп,ақыры өнім бермей тұр ғой деп. Ватасбыңызға ағаштарымның жағдайын болғанынша көрсетіп кеңес алсам дегем. Алдын ала рахмет. Сізді тауып алғаныма қуанып жүрмін
@@АлтаныйЕскалиева Сәлеметсізбе. Биогумус топырағын жеміс көшетін, бақша көшетін отырғызғанда міндетті түрде түбіндегі топыраққа араластырамыз. Өсіп тұрған бақша мен ағаштардың түтіндегі топыраққа салып, қопсытып суарамыз. Биогумусты ерте көктемде және жазда жеміс ағашына 1 түпке 1-2 кг салуға болады.
@@ЕршатТимурулы Егер көшет тамыры жабық( топырағымен) болса барлық уақытта егуге болады. Ал тамыр ашық(жалаңаш) болса ерте көктемде егеміз. Күзде еккенде дамымаған тамыр тез үсиді.
@@ainurduysengali4999 мен жаңаөзенде тұрам сливам өзінен өзі жапрағы қоңыр болып түсіп бастады содан қасындағы жап жасыл ерік талым түгел жапрағы түсіп қалды
Керемет кеңесіңізге рақмет. Биыл екі түп қызыл слива ағашы өліп қалды құрт түсіп ,уласқа та болмады сосын жапырақтары күздегідей сарғайып қурап қалды. Оны қалай емдеуге болады?
Сәләмәтсізбә. Мен сізді көріп қуанып жатырмын . дым өсіре алмай жүрмін жақсы болды извескадан бастайын айтып жііберіңіз извесканы қанша қалаи салу керек.
Слеметсиз бе.Мен боза дайындамай,ас уйден шыккан тамак калдыктарын,жерге комемин жаздай,келеси жылы сол жерге гул,т.б.егемин.Жемис агаштарынын тубине де комип отырамын.
@@Кордай2021-т7п Сортовой көшеттерді алып отырғызған жөн. Оларды күн бұрын қандай жеміс шығатынын және қай уақытта пісетінін біліп отырамыз. Ал базарда сорт дегенді білмейді, тек алма не алмұрт деп қана сатады. Көбі жабайы алма алмұрт көшетін сатады.
Бозаны ерте көктемнен бастап құюға болады 15 күнде 1 рет..Жеміс ағаштарына августен бастап болмайды, қысқа дайындалуы керек Ал 1 жылдық бақшаға күз түскенше құя береміз
Кеш жарық, осыны жасайм деп, то фитоспорин болмай қалады, оны тауып енді Триходерма табалмай жатырм, басқаларын езіп қойдым бочокқа, неше күнге дейін сақтауға болады екен, 1 демалыстан асты тұрғанына
@@ЛизаТлеугалиева Триходерма қоспасаңыз да бактерия дамиды. Ашып бұрқырап басылса демек дайын. Бақшаға құя беріңіз. Топанын жеміс ағаш айналасына, көміңіз.
@@АйгульЕскалиева-б5ь Әрине болады. Тәтті көкөніс, алма, өрік сияқтыларды көп салғанда місі жағымды, квас исіндей болады. Тәтті аз салғанда сасық иіс болады.
Ескерту! Бозаны жеміс ағашына август айынан бастап құюды доғарамыз. Ал 1 жылдық бақшаға әркез құя беруге болады.
Дайын болғасын қандай дозамен құямыз?
@@АйгулимКоспан-я7ъ 2 л боза 10 л суға араластырып барлық бақшаға құямын
Полный қосатын заттардың тізімін айтыңызшы.
Керемет айттыңыз біз бундай отходтарды коршінің малына беруші едік енді бермейтін болдымго.
Рахмет сіңілім болісіп жатканыңа
@@ТурсынайАлдабергенова-ч6о Табиғи тыңайтқышты үйімізде бар нәрселерден тегін жасаған жақсы ,солай емеспе...
Мен бурын орысшасын көретін едім . Жақсы болды , қазақтарымызда осылай жасап жүргені . Менде жасагым келеді . Рахмет .
@@ИзбибиТулегенова-ю8б Балдарымызға қазақша ақпарат қалсыншы деп тырысып жүрміз.
@@ainurduysengali4999 Дәл (дөп)тауып айттыңыз. Баламасын таппай, сондықтан, саябақта, немерелеріммен шүлділдірлеп кетуге мәжбір болатын едім 🤗
Пермакультура жөнінде қазақша таба алмап едім сіздің каналыңызға тап болып жақсы болды. Пермакультура тақырыбы, бағбандыққа қызығып жүрмін сізден үйренетін нәрсе көп екен Құлсарыда тұрамын сіздің бақшаға барса болама баламада көрсетіп дегендей.Қазақ тілінде керемет контент болды👍🏼. Ютуб каналыңыз дами берсін көп-көп рахмет!
@@galimbeksassaev8655 келіңіз, көріңіз. Атырау қ. Тасқала 3
7 көше
63 үй
Керемет Атыраудын жерин осылай бай жерге айналдырган сизге рахмет.
@@НурисламЖайлымысов-м5ш лебізіңізге рахмет 😘
Білгеніңмен бөліскеніңе көп рахмет
Сізден мусор қалмайды екен, жақсы әдіс екен, жарайсыз👍👍👍
КЕРЕМЕТ АЛЛА ҚОЛДАСЫН
ТАЛАПТЫҒА НҰР ЖАУАР ДЕГЕН ОСЫ.
ЖЕМІСТЕРІ ҚАНДАЙ ӘДЕМІ
ЖАРАЙСЫЗ ДАР
ТЫҢАЙТҚЫШҚА РАХМЕТ.
Каракалпакыстанан салем зор
@@ZamirZami-e5z Бауырым сәлем!
Өте түсінікті етіп түсіндіресіз. Еңбегіңнің жемісін көре беріңіз. Біздің бағбандық сауатымызды ашып жатырсыз. Сізге үлкен рахмет
@@КенжахметоваАйжамал лебізіңізге рахмет.
Рахмет, осындай еңбеккер қазақтар көп болсын
Еткен еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!
Білген кеңесіңізді Халық пен бөліскеніңізге МЫҢ АЛҒЫС СІЗГЕ!
АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН СІЗДЕРГЕ СІЗГЕ!
БАУ-БАҚШАҢЫЗ ЖАЙНАП,ЖЕМІСІН МОЛЫНАН БЕРСІН!
ӘМИН
@@Роза-й7г9ь Әумин. Лебізіңізгерахмет! Аман болыңыз!
Рахмет сізге мұндай нәрсені екінің бірі істей бермейді қолыңыз дерт көрмесін .
Рахмет сізге. Еңбексуйгіш кісі екенсіз. Қолдарыңыз дерт көрмесін. Бақшаңыз жайқала берсін.
Айнұр жәрайсың. Жасаған еңбігіңе айтар сөз жоқ. Алла деніңе саулық берсін. Ерінбей әр сұраққа жауап беріп отырғаныңның өзі неге тұрады. Бір сұрақты он рет қоямыз, не деген еңбек. Тіл көзден аман жүр.
@@РавильОтебаевЛебізіңізге рахмет. Әумин 🤲
Мұның бәрі еңбек!молодец
Өте керемет, жақсы түсіндірдіңіз, еңбегіңіз жемісті болсын, қазақ тілді каналдар дами берсін
@@MadiBaltabayev әумин.
Кемпір болсамда шуалшаннан қатты қорқам..4,5жылдан бері огородым не ексемде болмайды жақсы. Ютубқа кіріп сіңілім сені тауып алдым.Не деген кереметсің. Біз деген Сарыағашта тұрып онша бақшаға көп адам,біреуі өзім бұлай бақша өсірмейміз. Рахмет саған еңбегің жансын,апаң көп сабақ алдым.
@@maksmart788 Сәлембердік апа, қалыңыз қалай? Бақша жерін құнарландырса бәрі шығады. Сарыағаш жері шұрайлы.
Сіздей болғанша бақшада жүрейікші бізде.. Аман болыңыз!
Ассалаумағалейкум.керемет
Қалыңыз қалай? Менің де қара қарақатым да 2-3жыл болды жапырағы қоңырайып түсіп қалады өнім аз беріп тұр .Осылай істесем болады ғой. Сізге рахмет не істерімді білмей жүр едім. Өте жақсы түсідірдіңіз. Бақшаңыз керемет өнімді болсын
Сізге көп рахмет еңбегіңіз жана берсін көп мағлұмат бердіңіз
Рахмет, Қызылорда облысында тұрамыз . Біздің де жер осындай қатты еді. Жақсы болды , шын жүректен айтқан кеңесіңізді іске асырамыз.
@@НурлыгулАмиреева жыл сайын компост жасап салсаңыз жұмсарады. Фацелия егіп те көріңізші, жұмсартады дейд мамандар.
Теренозекке бауырыма барып турамын 40 жылдан бери ауласына ешкашан шоп шыкпаган неге деп сурасан жер сор талай егип кордик бесполезно дейди 2 уиди айналдыра 30 см траншея каздымда тогайга барып жиде мен шенгелдин астынан жерди алып келип казган траншеяга салып нешетурли гул ектим каулап шыкты келеси жылы барганымда жемис агаштарын коконистер егип барлыгы шыкты тек суарып турсаныз болганы
@@ромашка-ж1г Жарайсыз, тоғайдағы таза торф. Оған бақша керемет өседі👍
Керемет! Рахмет бөлісіп жатқаныңызға.Алла разы болсын!
Керемет екен
Керемет!
Рахмет қолыңыз дерт көрмесін
Өте керемет еңбегіңіз жемісті болсын ,үйренетін әдіс екен рахмет
Бейнетіңнің жемісін қөр айналайын бұл жасап жатқаның өте дұрыс тыңайтқыш.
@@Мейрамкул-и3ъ Сәлеметсізбе! әумин!
Рақмет еңбегіңіздің берекесін берсін
сәлем керемет
Сізді тиктоктан көріп, қызығып, ютубқа да келдім. Қандай тамаша, кереметсіз!!! Береке табыңыз 🤲🏼
@@gulnarbekmuratova1920 Әумин.
Рахмет көп-көп, бақшаңыз жемісті болсын. Қой, ешкінің тезектерін шірітіп пайдалануға балама
@@Алтынқолдар-т7в болады. Эм бактериямен 4-5 айда шіриді. Видео түсіріп саламын бұйырса, жазылып қараңыз жоғалтпаңыз
Керемет тамаша Рахмет
БАР БОЛЫҢЫЗ🌹
Еңбеңіздің қайырымен берекесін берсін
@@ЖандосБалтабаев-ы3д әумин
Қеремет екен Алла разы болсын сізге. ❤
Лебізіңізге рахмет.
Сәлеметсізбе !Алла сізге күш қуат берсін!Сізден сұрайын деп едім огородта тарақан құмырсқа көп не істесемде кетпеді осы сіздікі сйяқты бозаны құйсаң да сол жерге қаптап кетеді
@@ГайниМашаева жұмыртқа сарысына борная кислота ұнтағын араластырып, кішкене шарик жасапбарлық жерге, ұя қасына айналасына тастаңыз. Ішіндегі аналық құмырсқаға апарады, өздері де жеп, кислотаға өледі. Бірнеше рет жасап тастау керек. Көктемде тағы жасау керек. Циткор езіп шашу керек тарақанға және құмырсқаға топыраққа, ұяға құйдық біз.
Салеметсізбе.Қолыңыз дерт көрмесін.Алтын адам екесіз.Осындай жерді өндеген.Осы бағытыңыздан таймаңыз.Осындай табиғи қоспаларды көрсете беріңіз.
@@АлинаКабыкенова Бұйырса көрсетемін.
Көп еңбектенген екенсіз рахмет жемісын көре беріңіз
@@berekekazaly әумин
Атыраудың газды ауа райы әсер етпейма жемістерге.
Жерініз кушти екен
Артық сөз жоқ.Жалықпайсың.Өте тусінікті.Сау бол.Сіңнім.Қол аяғыңа дерт бермесін.
@@ШолпанМурзагалиева-ю8н Негізі видео түсіру, көрерменге жеткізу қиын екен. Кәдімдігей бірнеше күн дайындалам. Бірнеше рет түсірем. Рахмет сізге.
Молодец рахмет сизге❤
Жердің имунитетин көтереді деши.
Керемет
@@НагимаСадвакасова-т2г дәл солай.
Рахмет
Рахмет
Рахмет сізге
Керемет ,жарайсың қызым ,еңбегің керемет ,
Алла аброй берсін !!!
Ал қыздар ,қай - қайсың болсада мына еңбекқор қызымнан үлгі алыңдар , баға жетпес еңбек ,
Еңбегіңнің жемісін көр айналайын , көп жаса !!!
@@ИбраеваМакпуза әумин аптай. Аман болыңыз.
Рахмет парақшаңызға,көп мағлұмат алдым.Менің бақшамның топырағы аппақ болып соры шығып жатыр.Екі жыл болды көшіп келгенімізге.Еккендерімнің ешқайсысы жөнді шықпай,түбі тас болып қатып қалды.Осы видиодағыны жасап жерге төге берем,жерім құнарланады ма екен?
@@МарияШахмурзаева Сәлеметсізбе! Жерге пергной, компост, биогумустарды мол араластырып,жапырақ жинап, известь салып қопарып тұщытып алыңыз., сосын жауын құртын жібересіз көктемде.
Жақсы мағлұмат алдық, көп рахмет! Енді бір сұрақ, жазда бұған шыбын қонып, құрттап кетпей ма?
@@Aika-n4s Бетін жауып қоямыз. Қапқа салудың бір сыры сол, шыбын қонбайды.
Мен тик токтанмын👍
@@ayuhachiko1892 каналымызға қош келдіңіз!
Саламатсызба, керемет үйренеріміз көп екен сізден. Боза жасауға керек заттардың полный тізімін жазыңызшы өтініш😊
@@AbzalAimyrzaev амансызба. Тізіміі описаниеде жазулы, ашып қараңызшы.
Керемет!
Сенемін еңбек етсен ерінбей тояды қарнын тіленбей. Жаман жел, жаман жер, жаман су деген болмайды егесі шамданат. Қарау керек. Қарамасан қатын кетер.Бакпасан мал кетер. Еңбегін жемісті болсын.
@@НуржанОрынбасар-у5з 👍 дәл айттыңыз. Рахмет сізге
Алла сіздерге қуат берсын
@@АликСапаров-щ1и әумин
Ақпаратыңызға көп Рахмет.Жеміс ағаштарына беретін дәрі дәрмекті қайдан аласыздар.Осы жөнінде айтып өтсеңіз.Сидерат шөптің тұқымын қайдан аласыздар.Осы жөнінде айтып өтсеңіз.екен.
@@Малика_1-е1э Бақшаға керекті барлық нәрсені агромагазинде сатады. Атырауда Агроалем, Маргарита дүкенінде сатады. Сидерат тұқымы да сол жерде.
Сиырдың тезегіне свежий навоз, су құйып он күндей қойып қоямызда, он литр суға бір литр ашыған қосындымен суғарып,әр түпке бір литр, азотпен құнарландырамыз, ол тек жапырағын күшті өсіреді, сосын кейін калий керек болады екен
@@Alihan-s7oиа калий мен фосфор жеміске керек
Меніңше балық енгирдинеттерді қолға түскен бойда салаберген ыңғайлы болады ау. Ең бастысы бранаңыз және дүкеннен сатып алғандарыңызды салып қойсаңыз. Сіздікі көп еңбекті қажет етеді екен.
@@МахмутКазбеков-б6я Бәрін салмаған мен,органиканың 4-5 түрі мен гумат сияқтыларды салса құнары жақсы болады.
Жарайсың., тамаша баршамыз. Сидерат деген қандай шөптер?
@@ГулназУмиркулова Сидерат- топырақты құнарландыратын шөптер. Горчица, гречиха, рапс, люцерн, клевер фацелия т. б.
Сәлембердік апа жүз жасаңыз ұрпағыңызбен мың жасаңыз
👍👍
Сіздің еңбегіңіз мол екен сізден үйренуім керек менде бау бақша өсіруге ынталымын білмегенімізді сізден сұрағым келеді сізге қалай жолығуға болады
@@КуанышевЕрболат номеріңізді қалдырыңыз, хб тырысамын.
Наурыз көже болды ғо.істеп көру керек екен😅😅
@@Berik6178 Айтпаңыз Айраны бар дейсіз 😂
🎉❤
Сәламатсыз ба, бөліскен ақпаратынызға рахмет, осы бозаны қандай мөлшерде өсімдікке талға құямыз. Жауабыңызды күтем, алдын ала рахмет.
@@МирамбекБердибаев-у9у Дайын бозаның 2л-10 л суға араластырып 7-8 күн сайын құйдық бақшаға. Ағаш, жүзімге 3 л боза 10 л суға езіп 10 күн сайын құйдық. Өйткені біздің жер әлі де ақшыл, құнарсыздау. Құнарлы қара топыраққа 15 күнде құямыз дейд орыстар
Салеметсизбе? Кушти мыкты енбек. Тила тускен терекке не истеуге болады Соны айтынызшы?
@@АкмаралМашанова-о1ю Амансызба! Осы парақшада шіре( тля) деген видеоны қараңызшы.
Енді август жақындап қалды ғо барматуха жасау кеш болар да,анандай көгерген нанды қайдан табуға болады екен,Дзамбулаттың видеоларын қарап шықтым отзывтары жақсы екен
@@yummyabi3146 кеш емес. Әлі 2 ай бар. Жасаңыз. Нанды кішкене сулап, пакетке аузын жауып күнге тастаңыз, 1-2 күнде көгереді.
Еңбегін жаңа берсін өнімін көп болсын тыңайтқыштың аты не білмегімізді сұрайын деп едім тел жоқ ең
Бұл тыңайтқыш боза( барматуха) деп аталады. Сұраңыз, білгеніммен бөлісемін.
Сәлеметсіз бе, керемет еңбек. Осы қоспаны үйдегі бөлме гүліне құюға бола ма
@@МаратМарат-л5щ9р орхидеядан басқасына болады дейд. Тек өте сұйық ертіндіні құйып көріңіз. Өзім құймадым
САЛАМАТСЫЗБА!МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛ КОРДАЙСКИИ РАЙОН НАН,МАГАН СИЗДЕН КОМЕК КЕРЕК БАКША ЕККИМ КЕЛЕДИ АЛМУРТ КАНДАЙ СОРТ ЕКСЕМ БОЛАДЫ,ОТЫРГЫЗСАМ ОСПЕЙ КАЛАДЫ СИЗДИН КЕНЕСИНИЗ КЕРЕК
@@Кордай2021-т7п Соңғы Көшет неге өспейді деген видео қараңызшы. Сұраққа жауап табарсыз.
Сәлем! Осыншама жеміспен көкөністің бәрін өзіңіз пайдаланасыз ба? Әлде сатасыз ба? Қол аяғыңызға қуат берсін! Сау болыңыз.
@@ЖанылАдилова-у9ц Сәлем! Шүкір бөлек тұратын балдарымыз бар, таратамыз. Бауырларымыз тағы бар. Одан қалса көршілер бар. Сатып көрмедім. Ауысса банка жабамыз қысқа.
As salamu aleikum. Köp köp rahmet qazaqşa beine jazba jürgızgenıñıge. Mende bır saul bar sızge. Baqşañyzdaĝy ütük plastik qūbyryna tamşylaityn şmög fitingtı qalai begittıñız?
@@DanabekBaybolat Уаликумассалам. Пластик трубаны дрелмен тесіледі 14,16 лық(винтель размеріне қарай). Тесікке винтель резинкасы салынад, сонан соң винтельді енгізгенде қатып тұрып қалады.
As salamu aleikum. Drelmen tesken qūbyr ışkı diametrı neşelık?
As salamu aleikum. Drelmen tesken qūbyrdıñ ışkı diametrı neşelık?
Ішкі диаметрі сіз винтель алған сатушы айтады. Өйткені, олар әртүрлі болады
Қайырлы таң. Осы бочкадағыны неше күн үстайсыз. Сосын екінші бочкаға аударасыз ба.
@@ПаризаСарманова-к8яБөшкеге ьар құрамын салып күніге 2-5 рет араластырып тұру керек. Дайын болғснда ьұрқырап ашығаны басылып тынышталады. Күн ыссыда 3-4 күн, салқындауда 6-7 күнде дайын болады.
Көп көп рахмет.
Ноябірде бөліп бөліп әр жерге көміп тастаим көктем де талдарды көшірем сол жерге
Саламатсыз ба , қолыңыз дерт көрмесін !
Сеткі қапшық синтетика ғой зияны жоқ па ? Сеткіге салмай қоймаса болмай ма ?
@@ГулжанатБигельдинова Саламат болыңыз! Қапқа салған қоюын шығарып, бақшаға салуға ыңғайлы. Салмауға да болады, өзіңізге ыңғайлысын қараңыз. Синтетика затты қайнатқанда зиянды. Тек суда тұрса зияны болмас.
Рахмет бар екен атырауданбыз
Сәлеметсізбе! Еңбегіңіз жансын. Сіздің жеріңіз тұзды болса, мен тұратын жер тас. Соған шіріген қи(көңнің ұнтағын) сеуіп біраз құнарландырып 1түп алма,1түп абрикос,1түп груша еккен едім. Груша мен абрикос жаксы өнім беріп жүрді. Биыл абрикос талының түп жағы шіріген сияқты болып тұр. Ал алма ағашы өнім көп,бірақ алмалары түгел түсіп жатыр. Былтыр да солай болған. Откенде сіздің видеоңызды көріп, кеңес сұрағанда, казірше монокальий фосфат себіңіз дегеніңіз бойынша соны езіп құйдым араға 15күн өткізіп тағы құйып қойдым. Мен ол монокальий фосфатты 25л суға езіп сол 25 литр қоспаны түгел бір алма ағашына құйдым. Бұл дұрыс па? Ватсап номеріңіз болса жазыңызшы. Сізді тыңдасам шабытым оянып бәрін іске асырғым келіп кетеді. Қазір иығымды сындырып алып,кішкене қиындау болып жүр. Биыл өнім бермеген абрикоска кальций селитратын 30литр суға езіп құйып қойдым. Күздік күтімді бастай барейін деп,ақыры өнім бермей тұр ғой деп. Ватасбыңызға ағаштарымның жағдайын болғанынша көрсетіп кеңес алсам дегем. Алдын ала рахмет.
Сізді тауып алғаныма қуанып жүрмін
@@Ажар-ц1ю2е Тез жазылып кетіңіз, ауырмаңыз. Сіз номеріңізді жазыңызшы, хабарласам бұйырса.
Қай өңірде тұрасыз?
Алдын ала рахмет
Өте жиі егіпсіз
@@ЕрболатКарашаев нені?
@@ainurduysengali4999 жеміс ағаштары,арасына көкөніс екенсіз
Саламатсызба рахмет сізге
@@КанбибиТачмуханова-к6г Сәлеметсізбе. Лебізіңізге рахмет
Сәлемғтсіз бе,керғмет. Мысалц қиярга тыңайтқышты қалай құяды
@@ГульнурИсмаил тыңайтқыш бұрқылдағаны басылып дайын болғанда 2 л 10 л суға араластырып құясыз, суарып жатырғанда
Сізден Ақыл сұраиыг мен дым өсіре алмай жүрмін.
қайда тұрасыз? Номеріңізді жазумен жазыңызшы. Санмен жазғанды көрсетпей тұр ютуб.
Кузде жемис агаштарынавн тубине не салсак болады?
@@ГульжаханАлешова соңғы видеода көрсеттім. Жеміс ағашының сорттары деген видеода.
Саламатсыз ба,бозаны жасап едім.Қазір құюға бола ма?
@@КалияНурмагамбетова-з5в Жеміс ағашын 1 рет құйыңыз.Августен ортасынан бастап ұйқыға дайындалад. Бақшаға қызанақ, қияр, жуа т. б құя ьереміз.
Қайырлы күн талдарға биогумус қай уақытта қандайдан саламыз.
@@АлтаныйЕскалиева Сәлеметсізбе. Биогумус топырағын жеміс көшетін, бақша көшетін отырғызғанда міндетті түрде түбіндегі топыраққа араластырамыз. Өсіп тұрған бақша мен ағаштардың түтіндегі топыраққа салып, қопсытып суарамыз. Биогумусты ерте көктемде және жазда жеміс ағашына 1 түпке 1-2 кг салуға болады.
Известк қанша, қалай пайдаланады айтып жіберсеіңіз
@@ГульзираДемеугалиева Не үшін? Топырақ тұшытуға күзде 1 кв м 1 уыс шамасында шашып, жерді қопарамыз
Қолыңа перчатка кимедің бе?
@@samsungs1996 Керек кезде қолғап киемін.
Атырау бақшасы группасының силкасы барма
@@СалемМараьов Осы видеоны поделиться дегенді бассып, қалаған адамыңызға жіберіңіз.
Су водопроводтан ба,кубы қаншадан сіздер де, Жайық өзенінен тарту мүмкін бе?
Ауызсу құямыз. Жайық алыстау.
Фитофтороздан томаттарымызға зиян көп әкелді. Осы, боза көмектесеме?
@@kaisak8026 Фитофторозды триходерма грибогы тез жеңеді. Бозада бактерия мен грибоктар да бар. Триходермамен кезек құфыңыз. Нәтиже те береді.
@@ainurduysengali4999 Құнды кеңесіңе, Тәңір жарылқасын 🤲. Қазыр күзғой. Жиын терін аяқталды. Фитофторозбен ауырған өсімдік өскен жерді "зарасыздандыру" қажетпе ? Әлде, күннің көзінде, ыстықтан жойылама ? Тағыда: "ауруға" шалдыққан томатты бозаға қосуға болама, әлде оның құрамындағы қалдықтарға шауып, "бұзама" ауыруын басқаға таратып ? Контентіңіз мықтты, рахмет! Әсіресе, қазақы бағбандық терминдарды үйреніп-тура масайрағандай жағдайға бөленеді екенсің ...🙂
Жазда курттап кетпейме шіріп, бозаңыз?
@@БибигульУтеуова Бетін жауып, араластырып қоямыз. Құрттамайды жабық болса
Көшетті қай мезгілде отырғызған жөн. Көктемдема, Күздема.
@@ЕршатТимурулы Егер көшет тамыры жабық( топырағымен) болса барлық уақытта егуге болады. Ал тамыр ашық(жалаңаш) болса ерте көктемде егеміз. Күзде еккенде дамымаған тамыр тез үсиді.
Салеметсізбе менің ерік талыммен сливам бүкіл жапрақтары түсіп қурап жатыр не істеуге болады екен
@@maksat1276 Қайда тұрасыз? Көрмесем айту қиын. Жапырақ сарғайыппа, не қоңырайып қурадыма? Бұтасы тіріме? Фитоспорин езіп, тамырға құйыңыз, және бұтақтарға шашыңыз. 4 күннен соң фунгицид шашыңыз раёк, хорус, хом
@@maksat1276 кезектестіріп, арасына 5-6 күн салып. Қураған бұта, жапырақты кесіп, өртеу керек. Бәлкім ауру
@@ainurduysengali4999 мен жаңаөзенде тұрам сливам өзінен өзі жапрағы қоңыр болып түсіп бастады содан қасындағы жап жасыл ерік талым түгел жапрағы түсіп қалды
Керемет кеңесіңізге рақмет. Биыл екі түп қызыл слива ағашы өліп қалды құрт түсіп ,уласқа та болмады сосын жапырақтары күздегідей сарғайып қурап қалды. Оны қалай емдеуге болады?
@@ГулназЕ тамырына құрт түстіме екен? Тамырға актара құйып, фитоспорин құйып көресізбе.
@@ГулназЕ бұтақтарына кешкі уақытта циркон езіп шашып, 2-3 рет. Мүмкін тірілер. Шауып тастауға үлгересіз, асықпаңыз
Қанша құю керектігін жазасыз ба?
Тел номеріңізді жазасыз ба хабарласуға ? Кеңес алайын деп едім
@@ГулназЕ әр нәрсенің езілуі сыртында жазулы. Инструкция бойынша езесіз. Циркон 1 шт 7 л суға езіледі, шашу үшін
Сәләмәтсізбә. Мен сізді көріп қуанып жатырмын . дым өсіре алмай жүрмін жақсы болды извескадан бастайын айтып жііберіңіз извесканы қанша қалаи салу керек.
@@АкадилХамзин-л4и Алдыңғы видеоларды қараңызшы. Сор жерді тыңайту деген плейлистте. Извесиканы 1 кв м 50 гр шамасы салынад
Слеметсиз бе.Мен боза дайындамай,ас уйден шыккан тамак калдыктарын,жерге комемин жаздай,келеси жылы сол жерге гул,т.б.егемин.Жемис агаштарынын тубине де комип отырамын.
@@Жанат-ж6с4м Дұрыс, шірінді болады.
ГРУШАНЫН КОШЕТИН КАЙДАН АЛАСЫЗ,мен де АЛСАМ . КАЛАЙ АЛАМЫЗ?
@@Кордай2021-т7п Сортовой көшеттерді алып отырғызған жөн. Оларды күн бұрын қандай жеміс шығатынын және қай уақытта пісетінін біліп отырамыз. Ал базарда сорт дегенді білмейді, тек алма не алмұрт деп қана сатады. Көбі жабайы алма алмұрт көшетін сатады.
Эм бактерияны кай мезгілден бастап , кай айға дейін пайдалану керек соны накты айтсаңыз.
Бозаны ерте көктемнен бастап құюға болады 15 күнде 1 рет..Жеміс ағаштарына августен бастап болмайды, қысқа дайындалуы керек
Ал 1 жылдық бақшаға күз түскенше құя береміз
Грибок құртты өлтіріп тастамайма екен?
@@begei-iu8pr5sm4l Грибок пен бактерия жауын құрттың тамағы. Олар керісінше көбейеді.
@@ainurduysengali4999 ок
Кеш жарық, осыны жасайм деп, то фитоспорин болмай қалады, оны тауып енді Триходерма табалмай жатырм, басқаларын езіп қойдым бочокқа, неше күнге дейін сақтауға болады екен, 1 демалыстан асты тұрғанына
@@ЛизаТлеугалиева Триходерма қоспасаңыз да бактерия дамиды. Ашып бұрқырап басылса демек дайын. Бақшаға құя беріңіз. Топанын жеміс ағаш айналасына, көміңіз.
@@ЛизаТлеугалиева Сұйығы таусылғанша алмаңыз қоюын
Рахмет апа көп көп 😘
Бүгінгі жаңбырдан соң груша жапырақтары резко қарайып кетті бұл неліктен?
Жаңбыр лас, тұзды болған болар. Фитоспорин 1 ас 10 л суға езіп жапыраққа шашып, тамырға кқұйыңыз😊
Компостқа қарбыз, қауынның қабығын салуға болама?
@@АйгульЕскалиева-б5ь Әрине болады. Тәтті көкөніс, алма, өрік сияқтыларды көп салғанда місі жағымды, квас исіндей болады. Тәтті аз салғанда сасық иіс болады.