Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 жов 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрші ел басшысын Ақордада қарсы алып, алдымен, шағын, кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Соның нәтижесінде 31 құжатқа қол қойып отыр. Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы осынау тарихи оқиға кезінде екі ел арасында қандай келісімдер жасалғаны жайлы айтып беруге әзір.
    НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Иә, бұл күн тәуелсіз Қазақстан жылнамасында шынымен де тарихи датаға айналғалы отыр. Себебі, Қытай Төрағасының үш күндік сапары аясында ел экономикасы мен мәдениетіне елеулі өзгеріс әкелетін көптеген келісімдер жасалды. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне онлайн қатысты. Бұл дәліздің екі ел үшін де маңызы зор екені анық. Өйткені экономикалық ынтымақтастық жаңа бір деңгейге көтеріледі. Енді бәріне рет-ретімен тоқталғанымыз жөн шығар. Алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай халық республикасының Төрағасын өзі күтіп алғанын айтқанымыз жөн. Осыдан соң мейманның құрметіне еліміздің Әуе қорғанысы күштері Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшты. Сосын президент пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Ал, құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің әнұрандары орындалды.
    Салтанатты рәсім аяқталған соң келіссөздер басталды. Яғни, бірінші екі ел президенттері шағын, кейін кеңейтілген құрамда жиын өткізді. Мемлекет басшысы шақыртуын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келген Си Цзиньпинге ризашылығын білдірді. Әрі бұл сапардың маңызына тоқталып, қазақ-қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанын сөз етті. Президент пікірінше, екіжақты ынтымақтастық дамудың жаңа «алтын кезеңіне» өткен. Себебі, тауар айналымы 41 миллиард доллардан асқан. Әрі қазір елімізде өнеркәсіп, энергетика, көлік-транзит, жасыл экономика, ауыл шаруашылығы секілді маңызды салаларда құны 14,5 миллиард долларды құрайтын 45 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Демек, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып отыр.
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
    - Тарих қойнауына үңілетін болсақ, Қытай елі қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ, ешқандай тосқауылдар құрған емес. Жәрдем ғана берген. Біздің елдеріміз әрдайым өзара тығыз байланыста және шынайы достық қарым-қатынаста болды. Бүгін де солай және солай болып қала бермек. Мен бұған кәміл сенемін.
    Сондай-ақ, әлгінде айтқанымыздай сан саладағы байланысты нығайтуға бағытталған 31 құжатқа қол қойылды. Демек, алдағы уақытта трансшекаралық теміржолдар кеңейтіліп, халықаралық автомобиль тасымалына рұқсат беру жүйесі құрылуға тиіс. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында да бірлескен жобалар қолға алынады. Мысалы, экспортталатын мүйізді ірі қараға қойылатын ветталаптар бекітіліп отыр. Ал, Си Цзиньпин мырза құрмет көрсетіп, құшақ жая қарсы алған Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді. Әрі көршілес елдерге қатысты ұстанатын сыртқы саясатында Қазақстанға басымдық беріп, Орталық Азиядағы маңызды серіктесі санайтынын айтты.
    СИ ЦЗИНЬПИН, ҚХР төрағасы:
    - Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам бастық. «Алтын отыз жылдық» аясындағы биік мақсат-міндеттерді табысты жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Сондай-ақ, транскаспий халықаралық көлік бағыты мен елдеріміз арасындағы үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетеміз. Әрі Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды. Қазақстанды рөлі артып келе жатқан, әлемдік істерге, жаһандық басқаруға лайықты үлес қоса алатын әлемдегі орта державалардың бірі ретінде қолдайды.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 1

  • @Калдыбай-и8ъ
    @Калдыбай-и8ъ 3 місяці тому

    Биз кытаимыз кытаи занын енгизип 10000доллардан артык баиларды урим бутагымен соттап органга сату керек