Dalatunes: «Ақан сері - Ақтоқты»

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 січ 2017
  • Осыдан тұп-тура 35 жыл бұрын, 1982 жылы 23 қаңтарда, Сыдық Мұхамеджановтың «Ақан сері - Ақтоқты» операсының алғашқы қойылымы болды. Оның либреттосын
    Ғабит Мүсірепов жазды. Басты партияларды Хорлан Қалиламбекова мен Кенжеғали Мыржықбаев орындады.
    Бұл опера қазақ ақыны, әншісі Ақан сері мен аяулы қыз Ақтоқтының қайғылы махаббатының тарихын қозғайды.
    Жастар алғаш рет бай күйеу Жалмұханға Ақтоқтының ұзатылар қарсаңында кездеседі және бір-біріне ғашық болып қалады. Ақтоқты тойды кейінге қалдырады. Сол үшін қыздың туыстары қатты ренжиді де Актоқты күйеуге шығуға еріксіз келіседі. Той үстінде ол Ақан серіні тағы да көреді және онсыз өмір сүре алмайтынын түсінеді.
    ***
    Сыдық Мұхамеджанов - ХХ ғасырдағы қазақ музыкасының классигі. Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, қазақстандық композиторлар мектебінің ірге тасын қалаушылардың бірі.
    Оның шығармалары - опералар, симфониялар, ораториялар, концерттер, әндер, романстар, хорлар, спектакль мен кинофильмдер музыкасы. Сыдық Мұхамеджанұлы ұлттық комедиялық операның, қазақ ораториясының, оркестрдің сүйемелдеуіндегі дауысқа арналған концерт жанрының негізін қалады.
    Өкінішке орай, Сыдық Мұхаметжановтың шығармашылығы күні бүгінге дейін толық зерттелген жоқ, тіпті, оның көптеген шығармалары жарық көрмеген.
    ________
    Ровно 35 лет назад, 23 января 1982 года, состоялась премьера оперы Сыдыка Мухамеджанова «Ақан сері - Ақтоқты».
    Либретто к ней написал Габит Мусрепов. Главные партии исполняли Хорлан Калиламбекова и Кенжегали Мыржыкбаев.
    Это - история о несчастной любви казахстанского поэта-песенника Ахана серы и прекрасной девушки Актокты.
    Молодые люди впервые встретились на проводах Актокты в дом богатого жениха Жалмухана и влюбились друг в друга. Актокты отменила свадьбу. Из-за этого все отвернулись от семьи девушки и ей пришлось вернуться в дом жениха.
    На свадьбе невеста снова встретила Ахана сери и поняла, что жить без него она не может.
    ***
    Сыдык Мухамеджанов - классик казахской музыки XX века. Народный артист КазССР и СССР, один из основоположников казахстанской композиторской школы.
    Среди его произведений - оперы, симфонии, оратории, концерты, песни, романсы, хоры, музыка к спектаклям и кинофильмам. Сыдык Мухамеджанович основал национальную комическую оперу, казахскую ораторию, жанр концерта для голоса с оркестром.
    К сожалению, до сих пор творчество Сыдыка Мухамеджанова недостаточно изучено , более того, многие его произведения до сих пор не опубликованы.

КОМЕНТАРІ • 1

  • @user-ih8wt7qc1s
    @user-ih8wt7qc1s 2 місяці тому

    Это было вообще не так когда Актокьы увидела Акана она была уже замужем.