Қолөнер шебері Тұрғын Айдаровпен кездесу-сұхбат.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 16 вер 2024
  • 7 шілде күні ағаштан бұйым жасауды жаңғыртып жүрген, қазақтың осы бір өнерін дамытып, бабалардың өнегелі жолын жалғаған қолөнер шебері, ауданымыздың тұрғыны - Ибрагимұлы Тұрғын Айдаровпен кездесу-сұхбат өткізілді.
    Ұлттық қол өнеріміздің мерейін көтеріп жүрген ауданымыздан шыққан іскер қолөнер шеберінің есімін, оның еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында сұхбаттасу үшін, музей әдіскері Ақерке Рымбекова шебердің шаңырағына қарай беттеді.
    Ерекше қолөнер ісмері өзінің аяқтан жүре алмауына байланысты мүгедектігіне қарамай, сүйікті ісімен айналысуын бір сәтте тоқтатқан емес. Сұхбат барысында Тұрғын аға өзінің өмірін баяндап, қолөнер бұйымдары, туындыларымен таныстырып, жекелей тоқталып өтті. Сондай-ақ, кездесу соңында музейдің әлеуметтік парақшасының көрермендеріне күйден шашу шашты.
    Ұлтымыздың қолөнерін қайта жаңғыртушы, жанашыры, дәріптеуші ағамызға зор денсаулық, талмас қанат, күш-қуат тілейміз! Алда арман-тілектерінің орындалып, еңбегінің жана беруіне тілекшіміз!
    #Ұлттықруханижаңғыру
    #Дәстүрменғұрып
    #Қолөнершебері
    #Жаңаарқамузейі
    #ТұрғынАйдаров
    #Сұхбат #Кездесу
    #Жанааркинскиймузей

КОМЕНТАРІ •