Маңғыстау қамалдары 2

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 3 жов 2024
  • Осы жолғы танымдық сапарымыз Қарақия ойпатының солтүстік бөлігін қамтыды.Сапарымыздың басты мақсаты осы аймақтағы қамалдармен танысу еді.Нысаналардың орналасқан жері Мұнайлы ауданының аумағына кіреді.Алғышқы барар қамалымыздың аты-Көкжал деп аталады. Ол Солтүстік Қарақия ойпатының шығыс ернеуінде орналасқан.Баратын жолымыз Ақтау-Баянды-Құйлыс бағыты арқылы жүрді.Құйлыс Ақтауда аты шулы техникалық судың көзі.Көзі емес,тіпті кенорны деген дұрыс.Жер астында жүздеген метрде орналасқан су қабаттарынан бірнеше ұңғымалар (скважина) арқылы алынатын бұл минералды (ащы) су МАЭК-ке барып теңіз суымен араластырылып,бізге тұтынуға беріледі.Дәл осы жерден Ақтау-Жаңаөзен трассасын жарып өтетін Ащығар өзені бастауы алады.Ол аз мөлшерден жер астынан шығатын бұлақтан және су ұңғымаларының суларынан артық суынан өзенше құрайды.Бұлақтың бастауы Аша өзеншесі болып,Ащағарға ұласады.Маусымдық жаңбыр кезеңінде өзеннің сағасы толып,қарқыны күшейетіні байқалып тұр.Осы саға Көкжал қамалы орналасқан қыраттың табанында жатыр.Қамалға бұрылар жерде Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының «Көкжал қамалы XVI-XVII ғғ.» деген жазуы бар белгі тұр екен.Ары қарай қамалды іздеп табу қиынға соққан жоқ.Төбенің үстінде биіктігі 2,5-1,5 метр болып келетін,ұзындығы 100 метрден аса созылған қамал көзге түсті.Маңғыстау қамалдарына тән жобамен (план) салынғаны анық,яғни,жазық жақ беті (солт-шығыс) тастан қамал тұрғызылса,қалған бөлігі табиғи ұшпа.Қамалдың жарының сыртқы,орта тұсында таңбалар кездеседі.Олар көшпенді игдір, джафарбай (йомуд),қай,табын руларының таңбалары.Әзірше бұл қамалда қазба жұмыстары жүргізілмеген.Сондықтан пайымдарымызды шартты түрде ғана айта аламыз.Келесі қорғанымыз Көкжал қамалынан оңтүстік жақ бетте 15-20 км жерде орналасқан Үшқұю қамалы болды.Ол Қарақия ойпатын жарып өтетін ең ірі аңғар - Үшқұюдың солтүстік ернеуінде орналасқан.Алғаш рет оны 2005 жылы жергілікті археологтарымыз - А. Астафьев пен М.Қалменов тауып, Үшқұю деген атау берген еді.Үшқұю сөзі екі сөзден тұрады: үш және құю.Құю түрікпен тілінде «құдық» дегенді білдіреді,яғни,Үшқұю дегеніміз Үшқұдық.Құдықтың өзі аңғардың ішінде орналасқан.Қамал осы аңғардың үстінде орналасқан.Қамалдың типі бастионға келеді,яғни,ұшпаны айнала жеке 6 бастион орналасқан.Оның біреуі жан-жағы құлап қалған шоқының үстінде тұр.Ұшпаның етегінде шеңбер тәріздес құрылыстар орналасқан.Бұған қарағанда бұл үлкен кешен екені көрініп тұр.Бұл қамалда да қазба жұмыстары жүргізілмеген екен.Осылайша біздер Қарақия аумағындағы екі қамалмен танысып, сіздермен бөлісіп отырмыз.Сапарымызды қызықты мағлұматтармен таныстырған «Елтану KZ» қоғамдық қорының директоры Бекболат Төлегенұлы рахмет! «Еліңді тану, жеріңді танудан басталады!».

КОМЕНТАРІ • 47

  • @362-5
    @362-5 7 років тому +28

    МашАлла қандай керемет Мəдинетті сөйлесің екен.
    Сөзің деген нұр болып құйылып тұр екен. Алла амандық берсін саған.

  • @Қарақыз-й2н
    @Қарақыз-й2н 2 роки тому +1

    Рахмет айналайын Маңғыстау облысы Қазақтары
    Керемет Тамаша əдемі

  • @айнуртокбаева-в8я
    @айнуртокбаева-в8я 6 років тому +18

    Маңғыстауда тұрсам да бұндай жерлерді бірінші рет көруім... рахмет

  • @bekasilespolaev9911
    @bekasilespolaev9911 6 років тому +10

    Жарайсындар👍👍

  • @Koerkey
    @Koerkey 9 років тому +20

    Ой бәрекелді азаматтар! Қазақтың қасиетті жерінің кеңдігіне таңданып отырмын. Еңбектеріңе рахмет! Ұлы мұраттарыңа жете беріңдер! деп шығыстан сәлем айтамын.

  • @АльмираКульчикова-е5п

    Жақсы информация береді екен! Рахмет əрі қарай да жұмысына табыс тілеймін!

  • @mammetbaibozov4387
    @mammetbaibozov4387 7 років тому +15

    Маңқыстау туралы талай кітаптарды оқыдым, бірақ сенің көрсеткеніңді естіген де, көрген де жоқ едім. Рахмет еңбегіңе!

  • @METALLKZ
    @METALLKZ 5 років тому +7

    Оте кызык акпараттар! 👍👍👍

  • @айнуртокбаева-в8я
    @айнуртокбаева-в8я 6 років тому +6

    Керемет. 👏👏👏👏👍👍👍👍👍

  • @jambojambo5770
    @jambojambo5770 7 років тому +9

    жарайсындар

  • @БахтыгулЖубанова
    @БахтыгулЖубанова 3 роки тому +5

    РАХМЕТ , ЖАНЫМ ! Шеттегі , АДАЙЛАРҒА - Қатты Қажет !

  • @АлпысҚазақ
    @АлпысҚазақ 4 роки тому +2

    Рахмет бауырым,Керемет аппарат.

  • @АйшаЕлемесова-в8б
    @АйшаЕлемесова-в8б 2 роки тому +1

    Мына тастарды фундаментке уй салуга жұмсау керек екен😇👍, абай бол азамат,аяғың таймасын, керемет, рахмет👍👍👍

  • @Master_aman84
    @Master_aman84 3 роки тому +1

    Ай саубол бауырым істеріңе Алла берекет берсін!

  • @СаидаКамильевна
    @СаидаКамильевна 3 роки тому +1

    Керемет Алла разы болсын бауырым🙏

  • @БалтабайЖылкыбаков-к9ю

    Алла жар болсын

  • @ayazgultemirova246
    @ayazgultemirova246 5 років тому +5

    ертеректерде болған жасында көрген, әңгіме айта беретiн ата мен әженiң балалары көптеген жағдайларда үлкендерді еске алуға болады,

  • @ЖазираНурмаганбетова-м8ь

    Бізің Маңғыстау

  • @Кракен-х1л
    @Кракен-х1л 4 роки тому +3

    23:23 талай мініп тустім мінгенде кауыпті передокпен шыкпасаң. Мен машинаны аударуға кұртай қалдым передок жасамайтын пикаппен мініп ең соңында ролді жарға қарай бұырып соғып тоқтаттым колікті

  • @kaspiprogi
    @kaspiprogi Рік тому

    Оте дрс

  • @АктауАктау-о9ц
    @АктауАктау-о9ц Рік тому

    Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтпай Б. Тиеберсін Алла Жарылқасын Алдынан😓😓😓😓

  • @ЕралыКурбанбаев-у6л

    👍👍👍👍👍👍👍

  • @Кракен-х1л
    @Кракен-х1л 4 роки тому +1

    Северный аккарда үш құйлы Қамал бар сол жерден от жаққан содан отпан тау ға корінген отпан таудан сай отеске сай отестен Бейнеуде күйкен тұмсыққа корінеді одан жағылған шағырлы шомишти жақтан корінген

  • @АргынАркинский
    @АргынАркинский 2 роки тому +1

    Крепости не понятно кого они защищали кругом пустыня наверно караванные дороги или климат раньше был другой но17век это было вчера возможно это был своего рода порт Каспийское море рядом да история сейчас только начинается !

    • @semenivanov1531
      @semenivanov1531 Рік тому

      Нам правду не говорят, большая часть истории выдумка.

  • @jandoshayrullla6708
    @jandoshayrullla6708 8 років тому +5

    jaraysin bauirim.. toktama tek alga

    • @ЖаулыбайАзиев
      @ЖаулыбайАзиев 8 років тому +3

      Бекболат иним осындай туган жердин,биз билебермейтин тылсым дуниелерди таныстырганын ушин мын марте алгыс!

  • @hamdanbinmuhammedalmaktum4517
    @hamdanbinmuhammedalmaktum4517 7 років тому +2

    Негізі Ұзынбас қамалын іздеген болсаңдар олКөкжал қамалы.Оның Ұзынбас аталу себбебі-орналасқан жерін адамдар Ұзынбас тұмсығы деп атайды

  • @missaraikz9494
    @missaraikz9494 4 роки тому +1

    Асем көркем жерды анау қурлар бузып турда

  • @атакатак-д2у
    @атакатак-д2у 7 років тому +4

    касына алыш мени бирге зерттейк

  • @КайратХужанов
    @КайратХужанов 6 років тому

    Ассаламағалейкум! Басында койылган кандаи олен

  • @daurenshapay5435
    @daurenshapay5435 4 роки тому +1

    Караман ата жолы ме?

  • @aigerimulukmanova4904
    @aigerimulukmanova4904 7 років тому +4

    туркмендердин сонгы камалдары болган емирде

  • @СакеУфра75
    @СакеУфра75 3 роки тому

    Уш куйы-уш кудык

  • @kasymmolda3488
    @kasymmolda3488 4 роки тому

    Күпі емес, күп деп айтылады.

  • @ШикоШикобай
    @ШикоШикобай 4 роки тому +2

    Сахара казахский

  • @gerhanata
    @gerhanata 3 роки тому

    Gw nyasar guys😄

  • @НурбекЖалгасов-б3б
    @НурбекЖалгасов-б3б 6 років тому

    Акула китинес

  • @АйсанаТулегенова-я6х
    @АйсанаТулегенова-я6х 7 років тому +4

    Кайдагы туркмен. Турки тайпасы деп сойлениз Огыз сак гундардын тайпаларынан калган

    • @МурадМурадов-ф6я
      @МурадМурадов-ф6я 4 роки тому

      жунейит хан уважал АДАЙ по этому завишал, Туркмен береч АДАЙ. 100 лет вместо жили. и когда ОНИ уходили,МЫ плакалы.

    • @БахтыгулЖубанова
      @БахтыгулЖубанова 3 роки тому

      тулегенова - кімді , 'жөндеп' отырсың ?! АДАЙ - Біле ме , 'сен' білесің бе ?!

    • @АзаматАйдарбеков-щ3р
      @АзаматАйдарбеков-щ3р Рік тому

      Түрікмен жауміттер. Адай атам оның балдары батыр бабаларымыз түрікмендермен соғысқан