Қырық хадис 34-дәріс: 19-хадис. Ұстаз: Омар Теміртас

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024
  • 19-ХАДИС
    Әбул-Аббас Абдулла ибн Аббастан (р.а.): «Бір күні мен пайғамбардың ﷺ артында болдым, сол кезде ол маған былай деді: «Ей, бала! Мен саған бір сөздерді үйретемін: Алланы сақта, сонда Ол сені сақтайды. Алланы сақта, сонда сен Оны алдыңнан табатын боласың. Егер сұрасаң, Алладан сұра, егер көмек сұрасаң, көмекті Алладан сұра.
    Біліп қой, егер бүкіл адамзат жиналып саған бір жақсылық істегісі келсе, олар саған Алланың жазғанынан артық жақсылық істей алмайды және де бүкілі жиналып саған қандай да бір зиян жеткізгісі келсе, саған Алланың жазған жамандағынан артығын істей алмайды. Қаламдар көтерілді, парақтар кепті». Бұл хадисті Тирмизи риуаят етіп "хасан сахих" - деген.
    Тирмизиден басқа риуаятта: «Алланы сақта, сонда сен Оны алдыңнан табатын боласың. Аман-саулық кезде Аллаға білін, сонда Ол, сені қиыншылықта біледі. Басыңа келген нәрсенің тимей өтпейтінін, ал тимей өтіп кеткен нәрсенің басыңа келмейтінін біл! Әрі сабырлықпен бірге жеңіс, қайғымен бірге қуаныш және қиыншылықпен бірге жеңілдік болатынын біліп қой!».

КОМЕНТАРІ • 4

  • @nurlankubashev4359
    @nurlankubashev4359 16 днів тому +1

    السلام عليكم و رحمة الله و بركاةه

  • @姓名-v5y
    @姓名-v5y 17 днів тому

    СубханалЛах АльхамдулилЛях Аллаху Акбар

  • @As_masur
    @As_masur 17 днів тому

    Аллахумма барик Аллахумма амин бауырым

  • @Atyrau84
    @Atyrau84 16 днів тому

    Ма ша Аллах