Адай - Иса батыр мен Досан батыр Жыр-Дастаны!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 чер 2018
  • Адай - Досан батыр мен Иса батыр Жыр-Дастаны!
    Бұл жырда 1868-1876 жылдардағы Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы батырлар бастаған, орыс патшасына қарсы соғысқан Адайлар туралы айтылады.
    Жырдың авторы Сәттіғұл жырау Жанғабылұлы(1876-1966жж)!
    Сәттіғұл жыраудың әкесі Жанғабыл осы соғысқа бастан-аяқ қатысқан адам. Досан батыр Ақкетік абақтысында қайтыс бол­ғанда да сол шаруаның бас-аяғында Жан­ғабыл болған. Досан батырдың мүрдесін елге апарып жер­леуге бер­мегенде Жанғабыл, Исаға хабар беріп, Исаның келіп араласуымен Досанның мүрдесін берген. Мүрдені арбамен Қара­төбеге әкеліп жерлегеннен кейін, Жанғабыл Досан­ның туған ағасын үйіне қонаққа ша­қы­рады. Келсе, Жанғабылдың әйелі жас босанып отыр екен. Ұл балалы болыпты. “Ал мына­дай жақсы­лықтың үстіне келдің, маған құрдас, дос болғандықтан сен де бұл баланың әкесісің ғой, енді атын қою саған міндет” - дейді Жан­ғабыл. Сонда қонағы: “Біздің бұған дейінгі ісіміз сәтсіз болды ғой, ендігі ісіміз сәтті болар ма екен. Ұлыңның есімі Сәттіғұл болсын”, - деп ақ батасын берген екен.
    Жырды орындаған Жеменей/Бөкен - Ақылбек жыршы Тасқараұлы Өтешов!
    Иса мен Досан көтерілісінің 140 жылдығына Самал Адайдың арнауы:
    Кешегі "Елім" деген Кенесары,
    Исатай, Махамбет пен Сырымдары,
    Қазақтың ұлан байтақ даласы үшін,
    Өлгенше өксіп өткен нар ұлдары.
    Маңғыстау, сенде туған ұлың батыр,
    Бір ұлың өзгелерден мыңға татыр,
    Қорған боп үш жүз алпыс екі әулиесі,
    Халқына рух беріп демеп жатыр.
    Шығысқа болып жүрген көңіл күпті,
    Ақ патша Маңғыстауға көзін тікті,
    Жүргізіп отаршылдық саясатын,
    Күшпенен Ақкетікке туын тікті.
    Жүргізді Адайларға өктемдігін,
    Қолында барлық билік шекпендінің,
    Төледі екі есе қып салықтарын,
    Кедейі, байлары да, әрбір түтін.
    Қаһары Ақпатшаның иі қатты,
    Зардабы халқымызға тиіп жатты,
    Көше алмай жайлауына Адайларым,
    Әр жерден наразылық туып жатты.
    Өрбіді ел ішінде наразылық,
    Жасалды салық үшін зор-зомбылық,
    Әскері Рукиннің кетті аттанып,
    Күтпеген Адайлардан оғаш қылық.
    Тас түйін отряды қаруланған,
    Адайлар Үшауыздан күтіп алған,
    Қол жыйып, Иса, Досан, Ержан, Алғи, Орақ,
    Ұшымен ақ найзаның қыспаққа алған.
    Өлді Рукин, әскері талқандалып,
    Келсе де күші басым қаруланып,
    Мінекей осы ұрыста Иса, Досан,
    Ерлікпен қалды әскерін аман алып.
    Естіген әкесінен осы ұрысты,
    Сәттіғұл бар шындықты жырға қосты,
    Кеңестік кері кеткен кер саясат,
    Айырды егіз туған екі досты.
    Түрткі боп саясаттың қатал сыны,
    Жақпады Сатекемнің айтқан жыры,
    Ерлігін ер Исаның алып тастап
    Ботаңа татымады ау нардың құны.
    Мінекей Иса, Досан екі батыр
    Оралып ортамызға келіп жатыр,
    Қастерлеп кешегі өткен екі арысын,
    Ақкетік елінде ас беріп жатыр.
    Айналған бүгіндері аты аңызға,
    Жазылып аты қалған даламызға,
    Бас иіп жатыр міне кейінгі ұрпақ,
    Қос батыр Иса, Досан атамызға.
    Ақкетік бүгін сенің еңсең биік,
    Ыңырсып жер анада жатыр иіп,
    Тұр әне Иса, Досан көкте қарап,
    Төбесі көк таласып бұлтқа тиіп.
    Иса тұр: "Мен Адаймын Жаманқара
    Жасыма ей ұрпағым маған қара,
    Сіздерге менен қалған аманат, - деп,
    Маңғыстау ұлан ғайыр мына дала"
    Досан тұр: "Дәулеталы Жарымын, - деп,
    Адайдың жүк көтерер нарымын, - деп,
    Бас име, Ей ұрпағым дұшпаныңа,
    Атамның мен ожданы-арымын", - деп.
    Қос батыр Маңғыстауды күзеткендей,
    Ерлігін ұрпағына үйреткендей,
    Артында шұбатылған тау жотасы,
    Бейне бір керуен көшті сүйреткендей.
    Бірі тұр көк теңізді барлағандай,
    Шарқ ұрып шағала боп шарлағандай,
    Батырып көк теңізге көрген жауын,
    Көпіріп көк толқын боп арбағандай.
    Бірі тұр көк найзасын көкке тіреп,
    Керегін тәңірім деп көктен тілеп,
    Шайқалтпай шаңырағын ұрпағының,
    Тұрғандай найзасының ұшы тіреп.
    Ей Алла, шүкір дейміз бергеніңе,
    Қастерлеп ас бергізген өлгеніне,
    Тербетіп Ақкетігін тал бесікте,
    Қос алып қарап тұр ғой төрде, міне,
    Маңғыстау - атам жатқан құтты қоныс,
    Тындырды мойынға алған үлкен бір іс,
    Бастауы тәуелсіздік деп білеміз,
    Жүз қырық жыл бұрынғы көтеріліс.
    Қолдасын бір Алланың шарапаты,
    Басына халқымыздың қонған бағы,
    Ағайын, құтты болсын баршамызға,
    Орныққан қос батырдың алтын тағы.
    Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжіұлы қос батырларға ескерткіш Маңғыстаудың Ақкетік қаласында орнатылды.

КОМЕНТАРІ • 86

  • @user-by4xt2le2d
    @user-by4xt2le2d 3 роки тому +13

    Зеңбірек, мылтықпен қаруланған патша әскеріне қылыш- найзамен шапқан қайран қазақтың ерлері- ай. Осындай ерлердің арқасында қазіргідей ұлан- ғайыр жерді ұрпағы иеленіп қаллығой. Бұл жырдың өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор болады деп сенемін. Автормен жыршыға алғысым шексіз. Қазағым аман болсын!

    • @user-qp5kn2pc3h
      @user-qp5kn2pc3h 3 місяці тому

      Қазақтарда мылтық болды

  • @user-wt1mm6rf7l
    @user-wt1mm6rf7l 4 роки тому +7

    Жарайсың .Бәрекелді. Тарихи жыр.
    Намысты оятады. Жастар көп тыңдау керек

  • @gulibaby1585
    @gulibaby1585 4 роки тому +11

    Аман болсын адайым менде адаймын

  • @user-fu4dk3ws5i
    @user-fu4dk3ws5i 4 роки тому +10

    Керемет Алла разы болсын казакта батыр бабаларымыз коп болган.Ол кисилер кезинде болинбеген казак десе найзасын алып жауга шапкан.

  • @user-yf9fs8yb4n
    @user-yf9fs8yb4n 5 років тому +19

    Керемет осындай қазақтың иісі бұрқыраған жырларды көбірек салсаңыздар, ұрпақтарымызға тыңдатуға, намысты ұлдарды тәрбиелеуге көмегі зор деп білемін

  • @user-hb9fb8ld7d
    @user-hb9fb8ld7d Рік тому +3

    Адайлар аман болсын

  • @user-du1yf9sy4h
    @user-du1yf9sy4h 2 роки тому +3

    Керемет жыр👏👏👍👍

  • @kenzhenurush2493
    @kenzhenurush2493 5 років тому +7

    Tarihımızdı jırlardan estigen ejelden halkımız,ali de solai,bul bizdin kazınamız şındığımız,umıttirmagandar üşün rahmet!👏👏👏👏👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-fc3xg4ym4n
    @user-fc3xg4ym4n 5 років тому +13

    Саболшы Адайым

  • @user-kl3tp2ll1k
    @user-kl3tp2ll1k 6 років тому +23

    Мен өзім ИСА ТІЛЕНБАЙ ҰЛЫНЫҢ төртінші ұрпағымын, ал ДОСАН батыр екеуі бірін бірі толықтырып тұрған батырлар екен, аталарымның жатқан жері жайлы, топырағы торқа иманы пейіштің нұрына шомылғай!!!

    • @user-ei1zq5il4d
      @user-ei1zq5il4d 6 років тому +2

      Тилектес Нурбергенова
      Менин Досекем 5ши атам

    • @user-hb2gm7ld1k
      @user-hb2gm7ld1k 5 років тому +2

      Тилектес Нурбергенова з

    • @kenzhenurush2493
      @kenzhenurush2493 5 років тому +1

      ✊✊✊✊

    • @kazakh8336
      @kazakh8336 3 роки тому +1

      @@user-rn5rr8vu6r Бауырым. Исекең, Досан батырды ұстап бергені рас. Бірақ , жайдан жай ұстап бермедіғой. Осыны түсін . Артында Қалың Адай қалғанын ұмытпа. патша Досан батырды ұстап бермесеңдер Халықты Қырамын деді. Ал Досан батыр Болса, сол кезде 15 адам мен қалды. Иса батыр нестеседе Қалың Адай Үшін істеді. Исекең кетерінде Досаннан рұқсат сұрады. Досекең рұқсатын берді.

    • @user-wy4zw6qc7y
      @user-wy4zw6qc7y 3 роки тому +2

      @@kazakh8336 сатқын Иса далбаев

  • @user-du1yf9sy4h
    @user-du1yf9sy4h 2 роки тому +7

    Досан батырға тағзым,жатқан жері жайлы топырағы торқа,аруағы риза болсын.🤲

  • @user-lv2xd1om9k
    @user-lv2xd1om9k 3 роки тому +6

    Я плачу адай алга ещё не все потярено

  • @user-wz3yi7me6x
    @user-wz3yi7me6x Рік тому +3

    Иса мен. Досан батыр жыры сенімен мен тумай тұрғанда шығарылған жыр. Иса батыр кейін қосылған деп не мыжып отырсың жырда тайға таңба басқандай айтылып тұр ғой өйтіп мыжың сөзбен іріткі салып жастарды тарихтан адастырма азамат тарих орнында тұру керек

  • @segizaris8430
    @segizaris8430 5 років тому +7

    Қумаң тұру керек орнында тұр бұл жер ең көп қан төгілген жер. Сендер не білетін едідер....

    • @user-fz2cm7xc7l
      @user-fz2cm7xc7l 4 роки тому +3

      Несі бар Ақтауға да қойсын артық етпейді

    • @user-kt1fd7dz7s
      @user-kt1fd7dz7s 3 роки тому +1

      Қумаңы несі таппейсіңбе? жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен жер деп не үшін айтылған сол үшін айтылған оны елдің бəрі біледі ішің тар ішің тар

  • @user-ei1zq5il4d
    @user-ei1zq5il4d 6 років тому +11

    Алги атамыз Досекмнин акесинин иниси, кателесип кетиппин

    • @user-iw6us3tn1x
      @user-iw6us3tn1x 3 роки тому +2

      Топырағың ттрқс жатқан жерең жайлы болсын

  • @user-js3ii9zl9t
    @user-js3ii9zl9t Рік тому +2

    Бұл көзіңе жас алмай тыңдау қиын тарих. Сол орыс әлі тізесін батырып келеді

  • @KuanyshADAY
    @KuanyshADAY 4 роки тому +6

    Есен Ермембет биде болған екен

  • @koyshibai4627
    @koyshibai4627 3 місяці тому

    Қазақтың жерінде топырағына не жетсын оянындар бір бірене көмек беріндер мұқият болыныздар егерде өздернды Қазақпындеп санасандар ешкімге сенбендер бұл жақсылық әкелмейді!!!

  • @user-ot1bf4zw9s
    @user-ot1bf4zw9s 3 роки тому +6

    Бозашынын есил ерлери

  • @ninjaff3521
    @ninjaff3521 3 роки тому +6

    ФОРТ Шевченко алға!

    • @user-dx5rs2ix7p
      @user-dx5rs2ix7p Рік тому

      Ақ Кетік.

    • @user-dx5rs2ix7p
      @user-dx5rs2ix7p Рік тому

      Ақ Кетіктін атын Қайтару біздін парызымыз Бабаларымыздың алдында.

  • @user-uu8ty4mw7k
    @user-uu8ty4mw7k 3 роки тому +3

    Аузына май.

  • @koyshibai4627
    @koyshibai4627 3 місяці тому

    Ай сауболш..

  • @ZhalgasBM
    @ZhalgasBM Рік тому +2

    Иса батыр емес. Ол орта жолдан қайтқан адам. Досанмен қатар тұруға лайық емес. Ең болмаса Досан батырдың аруағын сыйласаңдаршы. Жырдың өзінде айтып тұрған жоқпа. Тыңдаңдар дұрыстап.

    • @user-fz3wv5ln8k
      @user-fz3wv5ln8k Рік тому

      Ия Жарас деген інісін қою керек или Алғи или Дихан үшеуінің біреуін қоюу керек Исаны бузып тастау керек бырақ оны бұзбайтын шығар Исанын ұрпақтары бұздырмайтын шығар

  • @user-mi9ek1jk7f
    @user-mi9ek1jk7f 4 роки тому +5

    МЕН ДОСАН БАТЫРДАН ТАРАҒАН ЕКЕНМІҢ

  • @koyshibai4627
    @koyshibai4627 3 місяці тому

    Осы ютубта 5жылдан кетті отырғаныма Адайларды кім екенін әлі дұрыс былмейді олар қазақтар бір бірін сатып ұрлап отырік айтып өмір сүреуде бұл жақсылыққа апармайды аруақты оны кешірмейді

  • @user-or8hj7ue5p
    @user-or8hj7ue5p 4 роки тому +2

    Жыршы дурыстап айтшиш, кумай зарлап.

  • @gamerplay2007
    @gamerplay2007 2 роки тому +1

    ДОСАН БАТЫР АДАЙДЫҢ СЕГІЗ АРЫС СЕЙІЛХАННЫҢ ҚАЙСЫСЫНАН ТАРАЙДЫ ЕКЕН?

    • @user-zd4tb5vm9b
      @user-zd4tb5vm9b Рік тому

      Жары дәулеталысынан.

    • @user-bh1ek9rh3f
      @user-bh1ek9rh3f 2 місяці тому

      Мұңал-Жары-Дәулеталы

    • @zhumalysaduakas9242
      @zhumalysaduakas9242 17 днів тому

      Сегіз арыс Сейілхан деп түркменді айтып отыр. Адайды сегіз арыс адай дейді.