Өте орынды тақырып. Өзім 8 айымда ерте босанып, 1.685гр қызымды қолыма алып, ерте босангандар больницасына ауысқалы жатқанда, осындай тойлатып жатқандарды көріп еңіреп жылағанмын. Роддомда бір апта жаттым, Менің бөпемді бөлек скорыймен өзім куйеуіммен артынан барып, ол жакта тағы он кун жатып салмак косканша, он жеті күнде шықтық. Еңсең түсіп алғашқы балаңды куанышпен шығара алмағаныма қынжылатынмын сол кезде. Кәзір бари боқ дүние екеніне көзім жетті. Больницадағы канша недоношенный сәбилерді көріп жүрегім ауырды. Аллаға шүкір қызым сап сау болып туылды. Салмақ жинап шықтық. Бырақ ана больницада 500грамнан жоғары балалар болды көзі я құлағы я жүрегі , өкпесі дұрыс жетілмеген. Алла тек сау бала дуниеге келуді нәсіп еисінші😢😢😢🤲
😢 Озекти алеуметтик маселелерди котересиздер... Онер кырандары, Алла разы болсын Сиздерге. Осыдан кейн акылга салып, дурыс тусинип осы бир урдисти, жарыс пен артык дарекиликти коярмыз
Ееехх. 😢 Осы роддомнан қызымды қолыма алып бір өзім ғана шыққаным есіме түсіп отыр. Ақпанның ортасы 23°С аязда көшеге шығып такси тоқтатып, сол таксиге отырғанымда қайда барамын деп ойланғанмын.😢😢😢 Сол кезде роддомға келіп, қызымды бөтен кісілер сұрап келген, бізге бер, асырап аламыз, саған қалағаныңды береміз деп. Жүрегімнің ауырғанын ай сол кезде бір жан артымнан іздеп келмегеніне қатты жылағанмын әлі есімнен кетпейді. Сол уақытта Маған Аллаһым одан да керемет сый бергенде, олардың әңгімесі бес тиын болды. Аллаға шүкір сол қызым қасымда биыл он жасқа толды Аллаһтың қалауымен. Жастық шақпен 18 жасымда шалыс бастым, десе де қандай жағдай болсада мен баламды таңдадым, елдің әңгімесі мені қызықтырмады.
Өте әсерлі шыққан қойылым екен.Жүрегім қатты ауырып кетті.Көздерімнен ағыл- тегіл жасым еш тоқтамай отырып көрдім.Бір жылатып,бір күлдіріп,жан дүниемізге өмірдің өзі сынақтардан тұратынын театр төрінен көрсете білгендеріңізге мың алғыс !!!
Перзентханадан геликпен, әншилермен ,мишка,шар, гулдермен шыкканыма сал кынжылып калдым еш ойланбай баска аналардын журектерин ауыртып алганыма уялып отырмын! Алла еш ананы баламен сынамасыншы ? Ана да балада аман есен уйлерине оралсыншы🙏🙏🙏
Иа дұрыс айтасыз, роддомның терезесіне тесіліп, думандатып балапандарын құшақтап шығып жатқан аналарға қызыға да қызғана қарап, кішкентай періштеңнің амандығын тілеп, реанимацияның есігін күзетіп, сәбиіңді бір иіскеуге зар болудың қандай сезім екенін басынан сондай сынақ өткен аналар ғана түсінетін шығар....
Міне театр. Алла разы болсын. 🤲🏻🤲🏻🤲🏻. Осында өте үлкен өзекті мәселені қозғағандарың үшін Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Әмин. 🤲🏻🤲🏻🤲🏻. Менде өнер адамымын. Өнер деген осындай болу керек. 👍🏻👏🏻. Қазағым аман болсын. 🤲🏻🇰🇿🤲🏻
Тұңғышымды 2017де босандым кислародный голодание мен туылды. Туыла сала өзі демала алмай реанимацияда жатты. Мені 4күннен шығарып жіберген баламсыз. Дымды білмеймін, бірінші босануым. Мен охрананың жанына жеткенде осындай әндетіп, шулап, лимузинмен келген адамдарды көріп, сонда менің балам қайда деп ол кісіге барып жылағанмын. Жүрегім ауырып, өзім операция операция дан шыққанмын, содан күн, түн демей балаға сүт тасып балапаным жақсы болып, тыныыыыш қана үйге шыққанбыз. Балама сүт әкелгенде далада выпискаларға қызығып қарап отыратынмын. Ең қызығы сол қызым ауыр өмірге келгенсоң Папамыз намаз бастап, темекіні қойып, Папа болуға дайындалған😊.
МаШаАллаһ,менің де інім туылып жатқанда басы қысылып неврологический микоцефалиямен ауыру болып туылды… Мамада разрыв боп пластинка салдырып бір жқмадай бальницада восстановленияда жатты содан бальницадан хадункимен бір екі ай жүріп (аяққа тұрды)ал інім болса нағашы ажеммен үш ай детский бальницада трубкамен тамақ ішіп 😢емін алып жатты 💔 Сүйтіп мама папамнын артынан намаз бастап Альхамдулилляһ орамалға келді,содан соң үш жылдан соң сестренкам екеуіміз намазға тұрдық❤Бәрі Алланың қалауымен☝🏼Қазір інім үште өзім он алтыда.2жасқа шейін аяққа тұрғыза алмай лфк жүрдік қазір афк барамыз,үйде толған дәрі…Альхамдулилляһ альхамдулилляһ бәрі Аллаһтың қалауы,егерде Бай болғыларыңыз келсе сау бала босан дейдіғо..🫣🤍
Тас журектин озин дыр еткизетин койылым екен. Куле алмайтын озин кулдиретин сахна екен. Шын таланткой. Еш бир негатив айтылмайтын бирегей театр😢😢 аман болыныздаршы
Осы Өнер қырандарының барлық актерларына Қ.Р халық атағын беру керек қой сол атаққа лайық театр жарайсыңдар Қазақстанда Өнер қырандарына ешбір театр жетпейді.
Менин енем роддомда улын босанып жатканда кайынатам кайтыс болган екен содан касындагы келиншектерге куйеулери келгенин корип менинде куйеуим тири болганда келер еди деп кайгырып давлениеси котерилип со роддомда омирден отипти 4-5 кундик баласын баскада балдарын кайынатамнын туган иниси айелимен оздерине алып баккан екен бул коринис оте орынды болды....🙁😔🥺
Керемет, соңғы жағын көріп көзіме еріксіз жас келді. Алла баршамызға разы болсын! Өмірде бар нәрсе ғой. Перзентхана десең, қуаныш та қайғы да бар. Босану бөлмесі өмір мен өлім арасында боласың. Оны босанып жүрген әйелдер білетін шығар. Адамнан адам шығу оңай емес. Неше түрлі отбасылар бар. Бір отбасында барлығы қыз болып, ұл болса екен деп баратындар бар. Бірақ босанғанда қыз екенін біліп, жүзін көрмей кететін ер азаматтар бар өкінішке орай. Әйелдің жанын түсініп, қолдау көрсететін отбасы, ер азаматтар көп болсын. Алла ынсап берсін. Барлығын жаман деуге болмайды. Бірақ сондай ер азаматтарды көргенде ашуың келеді. Барлығын әйелден көріп жатады. Баланы беретін Алла ғой.
Күшті айтылған екен молодец жігіттер осындай жағдай әскерде де болады екен мен ағам қайтыс болып інімнің артынан прицияга деген бәлеге барып куә болдым інімді ертіп кетіп бара жатсам аға сигарет әкелген жоқсыз ба дейді сосын сен шекпейтін едің ғой десем жоқ артынан ешкім келмеген достарым қалып барады соларға тастап кетем дегенде қатты қысылдым сол нәрсені де халыққа көрсетсе екен деген ой келді біреудің әкесі жоқ біреу ажырасқан әр түрлі жағдай бар ғой әкесі келмеген балдар жетім болып қалып кетті көздері жәудіреп алып кетейін десем жақын адамы бармаса босатпайды екен
Меніңде басымнан өткен, үшінші қызым ауыр жағдайда дүниеге келді. Әйеліме, балама келіп кетіп жүргенімде, аниматор, шашу өлеңмен шығарып алып жатқандарын көргенімде ауырлау болады екен. Алланың ісіне шара жоқ, қызым 42 күн дегенде шетінеп кетті сол уақытта.
@@МЕНҚАЗАҚМЕНҚАЗАҚ-о6ю Қырықтың қырқасына шыққан қырма сақалсың ба, әлде қара сақалсың ба? Біреу отызында баспын дейді, ал кейбіреу алпысында жаспын дейді. Жазбаңа қарағанда бас сияқтысың.Аман бол айналайын.
Ең зор номери 1 Өнер қырандары бір жағынан күлкілі екінші жағынан көп затдарды әзіл аралас сабақ етіп адамдарға жеткеріп береді сау болыңыздар Қарақалпақдан салем сіздердің әр бір шығарымларыңды скачать етип жумысда кезде колым бос кезде көремін
Мен ешқашан бұл жөнінде ойламаған екенмін, шынында ой саларлық көрініс екен. Алла разы болсын Өнер қырандары ұжымына осы ой арқылы бауырларымыз жақсы түсінік қалыптасса өте орынды болар еді.👍 Ешқандай ата ананы баламен сынамасын🤲
Тума таланттаргой кушти бир бирин толыктырып турат ,осындай коринистери коп болсын улги тутар онер кырандары😊😢осы омирден алынган бари шын осы болып жаткан омир ай,тамсана караймын осымен 4 ши рет карап отырмын
Мен егіздерімді босанып жатқанда әкелері декретныйға алдырған машинасын алып қашып кеткен болатын.Салмақтары 2кг дан туылғанмен ісініп туылып қайтадан салмақтары түсіп кеткен еді.Өзім ішім қан жылап,алғашқы сәбилерім болған соң қарай алмай қиналып ,сүтім де қашып кеткен еді.Сонда салмақтары 2кгга жеткізе алмай жылап 15күн дегенде салмақтары толмаса да отказ жазып шығып кеткен едім.Себебі күнде перзентхана алдында думандатып,тойлап алып шығып жатқандарды күнде көріп жүрегім ауыратын.Әкелері келіп,балаларын осылай қуанып шығарып алса екен деп күткен едім.Келмеді.Оған дүние қымбат болған шығар баладан.Жалғыз анам жүгіріп лимузинмен алып шығып еді.Бәрібір көңілім боздап іштей жолдасыңның болғанына жетпейді екен.Ата-апасы да баласын жақтап ешқайсысы келмеп еді.Баласы алып қашқан машинамен авария болып өзі сол машинасына үстіне ақша қосып беріп зорға құтылған екен.Әйелдің наласы,көз жасы жібермейді деген осы шығар.Қазір балаларым 1жасқа келді шүкір.Өзім қиналып,жылап жүрсем де осы күнге де жеткіздім Аллаға шүкір.Осы концертті көріп өткен шаққа бір оралып,жүрегім ауырып кетті.Иа перзентханадан бәрі бірдей тойлап,күліп шыға бермейді.Әркімнің тағдыры әртүрлі.Алла берген тағдырға мойынұсынбасқа шара бар ма?....
2009 жыл менде 7 ай қылып шала 1/200 грамм қылып дүниеге әкелгем 1 ай вакуумда жатты,той думан қылып шығарып алатындарды көріп терезеден қарап жылайтын едім қызым аман қалсыншы деп Аллаға шүкір қазыр 14 жаста.2024 жылы 14 жылдан киін тағы Алланың қалауымен бір қыз дүниеге әкелдім шүкір Аллаға перзентханадан шығатыны ызды ешкімге айтпай Анама да айтпай тыныш папасына айтып шығып кеттік,өйткені қаншама оқиғалар болып жатыр перзентханада сол үшінде той думанды үйлеріңізден күтіп жасағандарыныз жөн сияқты
😢біз әйел адам әркіммен жарысқанды жақсы көреміз,анау осылай жасады сенде осылай кел, айтпесе келме деп.Осыны көріп қатты жыладым,Жолдасым айтып еді үйге келгенсон,қызымды көру маңдайыма жазылған екен,жолда авария бола жаздадым деп.Алладан шүкіршілігім болмағаны үшін кешірім сұрап,қызымның,жолдасымның аман асау қасымда екеніне Шүкір айта бердім,көзімнен дас тоқтамай😢
Меніңде келінім айтолғағы келіп босануға барганда. Сәбиі ішінде тұншығып шетінеп кеткен ед. Сонда келінім мықты жылап киналган. Інім екеуміз баланы моргтан алғанда осылай тойлатып жаткандарды көріп інім ер адам болсада көзіне жас алған. Жаман жүрегім ауырып баланы өзім ауылға келгенше ұстап келгем. Оралы жабық куйде берді. Бет, жүзін көре алмадық🥺😢. Роддомда негізі болмайды иа шығарып алатын жағын баска жақтан жасау керек пе? Ішінде тағдырмен арпалысып жаткандарға көрсетпей.
Екі қызым бар, екеуінде де жолдасым той сияқты жасап күтіп алды. Енді ұл туып берсең роддомның алдына машина подарить етем бұлардан да күшті етіп шығарам деп жүр еді осыны көріп қатты ойланып қалдым, тойды үйде де жасасақ жетеді екен...
Бізде де екі қыз, Аллаға шүкір 2023те Алладан тілеген тілегім қабыл болып Мұхамедәлиім өмірге келді. Менің де күйеуім ұлды болсам дүркүретіп шығарамын дейтін, туыла сала роддома потологияға ауыстырғанда дені сау бала сұрадым. Бала ішкенін құсатын, асқазаны қорта алмай, 10күн неше түрлі ой болды. Сосын шүкір дені сау екен, Алла мені сынаған шығар. Қыз болсын ұл болсын дені сау бала сұрауымыз керек екен. Роддомнан екеуміз ғана ешкімге айтпай шыға салдық. Кәзір шүкір 8ай болды томпыйып өсіп жатыр Мұхамедәлиім❤
эх ауыр ауыр тема! жыгыттер барымыз сол бала шагалы болсак куанамыз Аллага сансыз шукыршылык. негызы перзент хана тойлайтын жер емес екен маган катты ауыр тиды😢😢😢
Өте әсерлі көрсетілді👏🏻 Жылапта алдық😢 Өнер Қырандары сіздерге осылай ащы шындықты жеткізіп, көрермендерге шынайы сезім көрсетіп жатқандарыңызға, көптеген мұқтаж кісілерге барынша көмектесіп жатқандарынызға Алғысымыз Шексіз!!! Сіздерге Алла Разы болсын, Рахмет🙌🏻
Тура осы көріністі мен сөзбен адамдарға түсіндіріп бере алмайтын едім. Ризамын сіздерге. Алла разы болсын. Осы қойылымды көріп ой түйер адамдар көп болсын.
Бұл кісілер еще бер жағын көрсетті. Ал шын мәнінде перзентханада қаншама ана мен бала өмір мен өмірдің арасында арпалысып жатады. Баласын босана алмай 24, 36 сағаттап толғататын аналар қаншама, босанып жатып баланың бір жерін ауыртып, бүлдіріп жатқан жағдайлар да бар, туыла салып ауырып қалатын немесе шетінеп кететін балалар, босанып қайтыс болып кететін аналар да бар, бәрінен қиыны баласынан бас тартып, тастап кететін аналар бар.
Күйеуім 18жыл дегенде ұлды болды (перзетті) бірінші рет әке атанды...бір ұл бір қызыммен алланың алдында аманат қылып бізді қабылдады..сол пейіліне алла ұл перзент берді...мен ештеңе алған жоқпын күйеуімнен...сұрамаймын...мені себіпші қылып алла өзі қосты..маған солда жетеді...
Мен екінші балам шетінеген сон осылай жылап шығып едім. Шетінейтін түні түсімде тағы бала босанып сап сау бала босаныпсың деп врачтар құттықтап жатқанын көрдім. Бір кезде медсестра оятып шақырды, қыздың жүрегі тоқтап қалды қоштасып алыңыз деп. Ойымда түсімдегі жақсы көңіл күй болды, тағы туад екем ғой, бұл қызым Раббысынп қайтқанымен, деп өзімді жұбаттым.
Осы Жылы Ораза кіріп келген кун Қызымыз шетнеп қалды Шырыммен Барлық Адамдар Ойнап куліп Шығарп жатр Дал сол куні Мен 8 айлық Қызымның Майтін Бір шупрекке орап Алып шғып кеттім Ешё келіншегім 2 ші ретт аператся болды Ол бір жағдай мен бір жағдайда Алла барлық Перзентерді дуниеге келуне жардем берсін есен аман қолына алп алсын
Мә жігіттер күлдіріп отырып жылатасындар осы керемет мәнді мағыналы қазақстандағы ең керемет сіздерсіздер мен сіздердін қойылымдарыңызға тәртібін жарайсыздар
Қызымыз 7 айлық боп шала туылды 1 ай перхентханада жаттым күнде осындай 🎉🥂🍾🎈🧸🎊 шығып жатқан адамдарды көріп терезеден жылап тұрар едім біз қашан шығамыз дееп,сол жерден скорыймен дет.реанимац.ға шықтық онда да тура 1ай жатып шықтық ээээх зымыраған уақыт аааай🥹🥹🥹
Еех, шіркіін. Озимнин роддомнан шыккан кезим есіме түсіп кетті. Екікабат кезімде жігітім тастап кетті. Учетка , ештенеге турмадым. Екікабат екенімді аке-шешеме, бауырларыма айта алмадым. Магазинде истейтінмін, коршілерден каатты уялдым, ішім шыгып бастаганда. Осектер кетті жан жактан. Куйеуге шыкпай екикабат паа деп бари. Каатты киналдым. Сомен не керек, ай куним толып, магазиннен толгатып кеттим. Роддомда да нешетурли жагдайлар болды. Баланды калдырсан алатын адам табылады дегенди де айтты. Озим толгатып журип, каатты ренжидим. Таан калдым адамдардын жауыздыгына. Сомен не керек, аман есен босандым. Бир апта денсаулыгымнын, халимнин нашар болганына байланысты шыгармады роддомнан. Жанымда орыс келиншек жатты. Екеумиз бир куни шыктык. Орыс келиншек шашын жуып, боянып жатыр, уй иши лимузинмен шыгарып алгалы жатыр. Кайта кайта хабарласып куйеуи, дайынсын ба, кашан шыгаратын болды деп. Куанып жур. Ал мен болсам, каатты жыладым, жалгыз шыгып жатканым жаныма каатты батты, коз жасын тия алмай, жаным езилип барады. Орыс келиншек кайта кайта сурады. Сизде бари дурыс па? Не боп калды деп. Бар ойым, ана келиншек ертерек кетсе екен, шыгып кеткенсон, ешкимге коринбей такси шакырып шыгып кетсем, жалгыз баламмен шыгатынымды билмесе екен деп турмын. Келиншек шыкты, у шу боп, бираз турды далада, лимузинмен, шампанский атты, ан айтты, кетти ау айтеуир. Сонынан мен де шыктым баламды котерип, такси шакырып. Сондагы дарменсиз куйім, пәк періште сабиімді кушактап, егіле жылаган сатім әлікүнге коз алдымда
Өнер қырандары, қанаттарыңыз еш уақытта талмасын. Бір Алла өзі жар болсын. Өзекті тақырып көтеріп, Алладан жіберілген ескертуді түсіне алатын мұсылмандар көбейсінші деймін. Тек кереметті көрсетпей 70% халықтың жағдайын көрсетіп отырсыздар. Алла жүректерге иман байлығын берсін, ұстаған оразамыз қабыл болсын! Қазір ұрпақтарымыздың қатігез, ешкімге жаны ашымайтын бала болып өсіп жатқанының барлығы тек үлкендердің күнәсі....роддомнан шықпай, істеп жатқаны осы болса, ол баланың болашағы қандай болары бір Алла және ата-анаға ғана байланысты....
Басымнан өткен дәл осы жағдай.Баласыз перзентханадан шығу ең қиын жағдай, куйеуім сасқалақтап заттарымды алып мені тіпті больницаға қалдырып кеткен.Мені не үшін қалдырып кеттің деп өкіріп жылағам.Аллаға шүкір қазір екі қызым бар, ол кезде босанғаным ер бала болатын😢.Кейінгі балаларыма Алла ұзақ ғұмыр берсін
Құрметті мұсылмандар және көрермендер! Осы Рамазан айында ұстап жатқан ораза қабыл болсын. 🤞🤞🤞
аумин
Аумин Озіңізде кабыл болсың
Аумин өзінізгеде қабыл болсын
Ауминь
Әмин,өзіңізге де қабыл болсын
Қазақтың маңдайына біткен театр ғой Өнер қырандары, Алла разы болсын баршаңызға!
Кулип отырып жыладым гой 😢😢😢керемет онер кырандары Алла разы болсын
Кедейдің алдында байлығынмен мақтанба
Жетімнің алдында ата-анаңмен мақтанба
Баласы жоқтың алдында балаларынмен мақтанба..!
Керемет айтылған..
Ия дурыс айтасыз негизи ол дурыской
😢😢
🔥
Өте орынды тақырып. Өзім 8 айымда ерте босанып, 1.685гр қызымды қолыма алып, ерте босангандар больницасына ауысқалы жатқанда, осындай тойлатып жатқандарды көріп еңіреп жылағанмын. Роддомда бір апта жаттым, Менің бөпемді бөлек скорыймен өзім куйеуіммен артынан барып, ол жакта тағы он кун жатып салмак косканша, он жеті күнде шықтық. Еңсең түсіп алғашқы балаңды куанышпен шығара алмағаныма қынжылатынмын сол кезде. Кәзір бари боқ дүние екеніне көзім жетті. Больницадағы канша недоношенный сәбилерді көріп жүрегім ауырды. Аллаға шүкір қызым сап сау болып туылды. Салмақ жинап шықтық. Бырақ ана больницада 500грамнан жоғары балалар болды көзі я құлағы я жүрегі , өкпесі дұрыс жетілмеген. Алла тек сау бала дуниеге келуді нәсіп еисінші😢😢😢🤲
Раббым😢
😢😢😢😢😢
😢😢😢
❤❤❤
😢😢😢😢😢
Өте әсерлі 😢расымен неше түрлі тағдыр бар гой ,жүрекке жетті 🙌🫶🏻
😢 Озекти алеуметтик маселелерди котересиздер... Онер кырандары, Алла разы болсын Сиздерге. Осыдан кейн акылга салып, дурыс тусинип осы бир урдисти, жарыс пен артык дарекиликти коярмыз
Ееехх. 😢 Осы роддомнан қызымды қолыма алып бір өзім ғана шыққаным есіме түсіп отыр. Ақпанның ортасы 23°С аязда көшеге шығып такси тоқтатып, сол таксиге отырғанымда қайда барамын деп ойланғанмын.😢😢😢 Сол кезде роддомға келіп, қызымды бөтен кісілер сұрап келген, бізге бер, асырап аламыз, саған қалағаныңды береміз деп. Жүрегімнің ауырғанын ай сол кезде бір жан артымнан іздеп келмегеніне қатты жылағанмын әлі есімнен кетпейді. Сол уақытта Маған Аллаһым одан да керемет сый бергенде, олардың әңгімесі бес тиын болды. Аллаға шүкір сол қызым қасымда биыл он жасқа толды Аллаһтың қалауымен. Жастық шақпен 18 жасымда шалыс бастым, десе де қандай жағдай болсада мен баламды таңдадым, елдің әңгімесі мені қызықтырмады.
Сонымен акеси кайда
@@Doxatitan Ол кісі өз өмірін сүріп жатыр
Жарайсыз
Көп коммент ишинен унаганы сиздики болды. Кандай керемет анасыз. Сол кызыныз бай болсын бар болсын. Сизди бакытка бөлер кыз болсын❤🎉
Өте дұрыс.
Перзенттен артык жан жоқ ата ана ушин асиресе ана ушин.
Менің кызыммен жасты екен
Өте әсерлі шыққан қойылым екен.Жүрегім қатты ауырып кетті.Көздерімнен ағыл- тегіл жасым еш тоқтамай отырып көрдім.Бір жылатып,бір күлдіріп,жан дүниемізге өмірдің өзі сынақтардан тұратынын театр төрінен көрсете білгендеріңізге мың алғыс !!!
Міне нағыз ащы шындық. Осы ағаларға бас иемін. Ар түрлі, тағдырлар, әр түрлі жағдайлар бар. Кейбір бай сымақтар түсінбейді ау шіркін
Перзентханадан геликпен, әншилермен ,мишка,шар, гулдермен шыкканыма сал кынжылып калдым еш ойланбай баска аналардын журектерин ауыртып алганыма уялып отырмын! Алла еш ананы баламен сынамасыншы ? Ана да балада аман есен уйлерине оралсыншы🙏🙏🙏
Иа дұрыс айтасыз, роддомның терезесіне тесіліп, думандатып балапандарын құшақтап шығып жатқан аналарға қызыға да қызғана қарап, кішкентай періштеңнің амандығын тілеп, реанимацияның есігін күзетіп, сәбиіңді бір иіскеуге зар болудың қандай сезім екенін басынан сондай сынақ өткен аналар ғана түсінетін шығар....
Енді олай жасамаңыздар
Міне театр. Алла разы болсын. 🤲🏻🤲🏻🤲🏻. Осында өте үлкен өзекті мәселені қозғағандарың үшін Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Әмин. 🤲🏻🤲🏻🤲🏻. Менде өнер адамымын. Өнер деген осындай болу керек. 👍🏻👏🏻. Қазағым аман болсын. 🤲🏻🇰🇿🤲🏻
Тұңғышымды 2017де босандым кислародный голодание мен туылды. Туыла сала өзі демала алмай реанимацияда жатты. Мені 4күннен шығарып жіберген баламсыз. Дымды білмеймін, бірінші босануым. Мен охрананың жанына жеткенде осындай әндетіп, шулап, лимузинмен келген адамдарды көріп, сонда менің балам қайда деп ол кісіге барып жылағанмын. Жүрегім ауырып, өзім операция операция дан шыққанмын, содан күн, түн демей балаға сүт тасып балапаным жақсы болып, тыныыыыш қана үйге шыққанбыз. Балама сүт әкелгенде далада выпискаларға қызығып қарап отыратынмын. Ең қызығы сол қызым ауыр өмірге келгенсоң Папамыз намаз бастап, темекіні қойып, Папа болуға дайындалған😊.
Ма Шаа Аллах
Папан шал болганда дайындалама, ата болдыгой папан
Шйбе
МаШаАллаһ,менің де інім туылып жатқанда басы қысылып неврологический микоцефалиямен ауыру болып туылды… Мамада разрыв боп пластинка салдырып бір жқмадай бальницада восстановленияда жатты содан бальницадан хадункимен бір екі ай жүріп (аяққа тұрды)ал інім болса нағашы ажеммен үш ай детский бальницада трубкамен тамақ ішіп 😢емін алып жатты 💔 Сүйтіп мама папамнын артынан намаз бастап Альхамдулилляһ орамалға келді,содан соң үш жылдан соң сестренкам екеуіміз намазға тұрдық❤Бәрі Алланың қалауымен☝🏼Қазір інім үште өзім он алтыда.2жасқа шейін аяққа тұрғыза алмай лфк жүрдік қазір афк барамыз,үйде толған дәрі…Альхамдулилляһ альхамдулилляһ бәрі Аллаһтың қалауы,егерде Бай болғыларыңыз келсе сау бала босан дейдіғо..🫣🤍
@@Doxatitanбайын айтып отыр
Тас журектин озин дыр еткизетин койылым екен. Куле алмайтын озин кулдиретин сахна екен. Шын таланткой. Еш бир негатив айтылмайтын бирегей театр😢😢 аман болыныздаршы
Осы Өнер қырандарының барлық актерларына Қ.Р халық атағын беру керек қой сол атаққа лайық театр жарайсыңдар Қазақстанда Өнер қырандарына ешбір театр жетпейді.
Турсынбектин театры не, Туканын театры не
Онер кырандары нагыз елге деген жанашырлык имандылык корсететин койылым Сол ушин айтып жатыр@@Doxatitan
Не үшін Атырауға келмейтін болған үшінбе
@@Doxatitan өнер қырандары жетпейді олардікі
Бес бала тусамда тойлап шықпаппын. Үйімізде тойладық. Құдайға шүкір.
Керемет!! Қазақтың мақтан етіп көретін, театры ғой,Өнерлерің өрге жүзе берсін!!
Керемет көрініс!!!,Нағыз ҒИБРАТ алатын қойылым!.Биік шыңнан көріне беріңіздер!!!
Кедейдің алдында байлығыңмен мақтанба,
Жетімнің алдында ата-анаңмен мақтанба,
Баласы жоқтың алдында балаларыңмен мақтанба....
Керемет айтылған 👍👍👍
😢
Ораза ұстаған адамның тілегі орындалсын.АУМИН❤❤❤❤❤🎉
Әмин🤲
Менин енем роддомда улын босанып жатканда кайынатам кайтыс болган екен содан касындагы келиншектерге куйеулери келгенин корип менинде куйеуим тири болганда келер еди деп кайгырып давлениеси котерилип со роддомда омирден отипти 4-5 кундик баласын баскада балдарын кайынатамнын туган иниси айелимен оздерине алып баккан екен бул коринис оте орынды болды....🙁😔🥺
😭😭😭😭
Ой бууу АЛЛАМАЙ
Жандары Жәннәтта болсын😪🤲
😭😭😭жылап жібердім...сол туылған 4..5 күндік бөпесі қаншада кәзір...жағдайы жақсыма?
@@alisa.bayzhigit жаксыы шукир 29 да уйленген кайынинимго менин
Керемет, соңғы жағын көріп көзіме еріксіз жас келді. Алла баршамызға разы болсын! Өмірде бар нәрсе ғой. Перзентхана десең, қуаныш та қайғы да бар. Босану бөлмесі өмір мен өлім арасында боласың. Оны босанып жүрген әйелдер білетін шығар. Адамнан адам шығу оңай емес. Неше түрлі отбасылар бар. Бір отбасында барлығы қыз болып, ұл болса екен деп баратындар бар. Бірақ босанғанда қыз екенін біліп, жүзін көрмей кететін ер азаматтар бар өкінішке орай. Әйелдің жанын түсініп, қолдау көрсететін отбасы, ер азаматтар көп болсын. Алла ынсап берсін. Барлығын жаман деуге болмайды. Бірақ сондай ер азаматтарды көргенде ашуың келеді. Барлығын әйелден көріп жатады. Баланы беретін Алла ғой.
Осыны айта алмай жүр едім. 2020 жылы 7 айлық баламыздан айырылып, перзентханадан шыққанда осылай өлең айтып тұрғанда, қатты жылаған едім
Менде,😢😢роддомнан кесерво болып баласыз шыккан оте ауыр😢😢
Кешір бізді Аллам. Тәубе Аллам , шүкір саған Аллам. Кешір бізді, кешір, кешыр, кешір😢😢😢
Не истеп койып един
Күшті айтылған екен молодец жігіттер осындай жағдай әскерде де болады екен мен ағам қайтыс болып інімнің артынан прицияга деген бәлеге барып куә болдым інімді ертіп кетіп бара жатсам аға сигарет әкелген жоқсыз ба дейді сосын сен шекпейтін едің ғой десем жоқ артынан ешкім келмеген достарым қалып барады соларға тастап кетем дегенде қатты қысылдым сол нәрсені де халыққа көрсетсе екен деген ой келді біреудің әкесі жоқ біреу ажырасқан әр түрлі жағдай бар ғой әкесі келмеген балдар жетім болып қалып кетті көздері жәудіреп алып кетейін десем жақын адамы бармаса босатпайды екен
Өте ауыр жагдай екен.
Керемет! Кулген едім қатты жылап қала бердим мағынасы керемет!
Күлдіріп тұрып жалтып, жылатып түрып күлдірген!
жігіттер сендерге_мың алғыс, тағдырын елдің кім білген…😢😢👍👍👍
Тағдырын елдің кім біген😢
Меніңде басымнан өткен, үшінші қызым ауыр жағдайда дүниеге келді. Әйеліме, балама келіп кетіп жүргенімде, аниматор, шашу өлеңмен шығарып алып жатқандарын көргенімде ауырлау болады екен. Алланың ісіне шара жоқ, қызым 42 күн дегенде шетінеп кетті сол уақытта.
Алла разы болсын өнер қырандары. Театр өркендей берсін.
Күлдіріп отырып бір мезетте жылаттыңдар ғой.Еркек басыммен 55 ке келсемде көзден жас парлап коя берді.Мың жасаңдар.Бар болыңдар.
Жылауық екенсің онда
Тас Адам екенсин@@ЖУМОҢ
Көзден жас шықпаса осыны көріп онда жүректе дерт бар жүректі жібіту керек тас болым мейірімсіз болып қалған
Аға сіз жалғыз емесіз 40 менде көзіме жас алып отырмын!
@@МЕНҚАЗАҚМЕНҚАЗАҚ-о6ю Қырықтың қырқасына шыққан қырма сақалсың ба, әлде қара сақалсың ба?
Біреу отызында баспын дейді, ал кейбіреу алпысында жаспын дейді.
Жазбаңа қарағанда бас сияқтысың.Аман бол айналайын.
Ерке мен Раймга риза болдым,копти корген,арыдан ойлайтын жандар екен,еш той,томалаксыз шыкты❤расымен де ,бала деген екеудин куанышыгой,❤
Ияя....тектилик😊❤
Олар қайда? Осы Видео да барма? Райым мен ерке
@@АсхатДамиров-ф1ц мунда жок
Міне осы нағыз үлкен қазақ театры 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻💐💐💐💐💐🇰🇿💪🏻✊🔥
Күлдірдіп-жылататын жалғыз театр! Еңбектеріңізге мың алғыс!
Тек жақсылық тілеймін ризамын Өнердің нағыз қырандары екенсіңдер, от души
Ең зор номери 1 Өнер қырандары бір жағынан күлкілі екінші жағынан көп затдарды әзіл аралас сабақ етіп адамдарға жеткеріп береді сау болыңыздар Қарақалпақдан салем сіздердің әр бір шығарымларыңды скачать етип жумысда кезде колым бос кезде көремін
Мен ешқашан бұл жөнінде ойламаған екенмін, шынында ой саларлық көрініс екен. Алла разы болсын Өнер қырандары ұжымына осы ой арқылы бауырларымыз жақсы түсінік қалыптасса өте орынды болар еді.👍 Ешқандай ата ананы баламен сынамасын🤲
Рамазан айы құтты, ниет қабыл болсын! 🤲🤲🤲
Аумин озине де
Аумин Ата анамыз аман болсын❤❤
Тума таланттаргой кушти бир бирин толыктырып турат ,осындай коринистери коп болсын улги тутар онер кырандары😊😢осы омирден алынган бари шын осы болып жаткан омир ай,тамсана караймын осымен 4 ши рет карап отырмын
Мен егіздерімді босанып жатқанда әкелері декретныйға алдырған машинасын алып қашып кеткен болатын.Салмақтары 2кг дан туылғанмен ісініп туылып қайтадан салмақтары түсіп кеткен еді.Өзім ішім қан жылап,алғашқы сәбилерім болған соң қарай алмай қиналып ,сүтім де қашып кеткен еді.Сонда салмақтары 2кгга жеткізе алмай жылап 15күн дегенде салмақтары толмаса да отказ жазып шығып кеткен едім.Себебі күнде перзентхана алдында думандатып,тойлап алып шығып жатқандарды күнде көріп жүрегім ауыратын.Әкелері келіп,балаларын осылай қуанып шығарып алса екен деп күткен едім.Келмеді.Оған дүние қымбат болған шығар баладан.Жалғыз анам жүгіріп лимузинмен алып шығып еді.Бәрібір көңілім боздап іштей жолдасыңның болғанына жетпейді екен.Ата-апасы да баласын жақтап ешқайсысы келмеп еді.Баласы алып қашқан машинамен авария болып өзі сол машинасына үстіне ақша қосып беріп зорға құтылған екен.Әйелдің наласы,көз жасы жібермейді деген осы шығар.Қазір балаларым 1жасқа келді шүкір.Өзім қиналып,жылап жүрсем де осы күнге де жеткіздім Аллаға шүкір.Осы концертті көріп өткен шаққа бір оралып,жүрегім ауырып кетті.Иа перзентханадан бәрі бірдей тойлап,күліп шыға бермейді.Әркімнің тағдыры әртүрлі.Алла берген тағдырға мойынұсынбасқа шара бар ма?....
Қазір 2ші рет тұрмыстасызба?
@@АлибекБегенов-щ3иәңгімесне қарасаңыз әліде тұрмыс құрмаған секілді
2009 жыл менде 7 ай қылып шала 1/200 грамм қылып дүниеге әкелгем 1 ай вакуумда жатты,той думан қылып шығарып алатындарды көріп терезеден қарап жылайтын едім қызым аман қалсыншы деп Аллаға шүкір қазыр 14 жаста.2024 жылы 14 жылдан киін тағы Алланың қалауымен бір қыз дүниеге әкелдім шүкір Аллаға перзентханадан шығатыны ызды ешкімге айтпай Анама да айтпай тыныш папасына айтып шығып кеттік,өйткені қаншама оқиғалар болып жатыр перзентханада сол үшінде той думанды үйлеріңізден күтіп жасағандарыныз жөн сияқты
Ұлымда тойлатып алып шықпадың деп ренжіп ұрыс шығарып едім. Мына көріністі көріп төрт көзіміз түгел екенімізге Аллаға мың шүкір 🙏
Менде дәл осылай ұрыс шығарған едім, енді істеген ісіме өкініп,жылап отырмын😢
Кокбет болып турсынго, урыс керис
Рамазан айы оразаларыңыз қабыл болсын халқым 🤲 Өнер қырандары өте керемет қойылым болды 👍👍👍👍👍👍👍👏👏
Кулдирип турып жылатады осы театр мыкты жигиттер жылап отырып коресингой ширкин ащы шындык😢
Күлдіріп отырып жылатып,жылатып тұрып күлдірген нағыз актёрсыңдар 🎉💐💐💐
Блин жакшы кино тартчуудайсынарда Отто жакшы ❤мыкты мен Кыргызстандан кором 🇰🇬🇰🇬🇰🇬🇰🇬🇰🇬🇰🇬🇰🇬🇰🇬
Каяктын киносы
Қандай керемет өнер қырандары ❤
Өнер қырандарының жігіттеріне мың рахмет өмірден алынған өте әсерлі шығарылған
😢біз әйел адам әркіммен жарысқанды жақсы көреміз,анау осылай жасады сенде осылай кел, айтпесе келме деп.Осыны көріп қатты жыладым,Жолдасым айтып еді үйге келгенсон,қызымды көру маңдайыма жазылған екен,жолда авария бола жаздадым деп.Алладан шүкіршілігім болмағаны үшін кешірім сұрап,қызымның,жолдасымның аман асау қасымда екеніне Шүкір айта бердім,көзімнен дас тоқтамай😢
Ассалаумағалейкум жамағат
17 наурыз 2024 Ж
РАМАЗАН айы мүбәрәк болсын...!
Ниет тілектеріңіз қабыл болсын
Меніңде келінім айтолғағы келіп босануға барганда. Сәбиі ішінде тұншығып шетінеп кеткен ед. Сонда келінім мықты жылап киналган. Інім екеуміз баланы моргтан алғанда осылай тойлатып жаткандарды көріп інім ер адам болсада көзіне жас алған. Жаман жүрегім ауырып баланы өзім ауылға келгенше ұстап келгем. Оралы жабық куйде берді. Бет, жүзін көре алмадық🥺😢. Роддомда негізі болмайды иа шығарып алатын жағын баска жақтан жасау керек пе? Ішінде тағдырмен арпалысып жаткандарға көрсетпей.
😢😢😢
менде тұңғышымды шала туылып 45кун больницада реанимацияда жатып еді апаратпен ар куні терезеге уңіліп жылап караушы едім ар күнім сынакпен өтіп еді😢
казір Аллаға шүкір барі артта калды кызым 2жаска толды тап татти болып жүгіріп жүр 🤲🏻🤲🏻
Екі қызым бар, екеуінде де жолдасым той сияқты жасап күтіп алды. Енді ұл туып берсең роддомның алдына машина подарить етем бұлардан да күшті етіп шығарам деп жүр еді осыны көріп қатты ойланып қалдым, тойды үйде де жасасақ жетеді екен...
Бізде де екі қыз, Аллаға шүкір 2023те Алладан тілеген тілегім қабыл болып Мұхамедәлиім өмірге келді. Менің де күйеуім ұлды болсам дүркүретіп шығарамын дейтін, туыла сала роддома потологияға ауыстырғанда дені сау бала сұрадым. Бала ішкенін құсатын, асқазаны қорта алмай, 10күн неше түрлі ой болды. Сосын шүкір дені сау екен, Алла мені сынаған шығар. Қыз болсын ұл болсын дені сау бала сұрауымыз керек екен. Роддомнан екеуміз ғана ешкімге айтпай шыға салдық. Кәзір шүкір 8ай болды томпыйып өсіп жатыр Мұхамедәлиім❤
Ол жерде жағдайы жоқтарда жатадығои
@@Жамиля-н5дМұхамедали - керемет ат! Улкен азамат болсын
Ер бала туылуы әйелдің қолында тұрған жоқ. Еркектің ұрығынан зависит 😂😂😂 сондықтан өзінің денсаулығына көңіл бөлсін .
@@jjeki6867денсаулығы нашар болса қыз бола ма сонда?
Қорғансыз қолдаусыз қалғаннан Алла Тағала сактасын. Тірі жетім болудан сакташы Раббым 😭😭😭
Алла тағалам отбасыларыңызға бақыт береке әкелсін... өте керемет... шынымен керемет қойылым...
Керемет мәнді😢😢😢😢😢қадіріне жетпегендерге ой салар аман жүріңдер шапағатқа бөленіп🤲🤲🤲❤️❤️❤️
Машаа Аллах Аллаға шүкір шүкір казактын жигиттер
Күлдірп тұрып жлатадығо Өнер қырандары😢Алла жар болсын.
эх ауыр ауыр тема! жыгыттер барымыз сол бала шагалы болсак куанамыз Аллага сансыз шукыршылык. негызы перзент хана тойлайтын жер емес екен маган катты ауыр тиды😢😢😢
Ассаләмуәлейкум! Рамазан құтты, ораза қабыл болсын! Өте керемет, үлкен алғысымды айтамын! Аллаға сансыз мақтау мен шүкірлер болсын 🤲
Егіле жыладым ау. Ой салады! Самғай беріңіздер өнер көгінде!
Өте әсерлі көрсетілді👏🏻 Жылапта алдық😢 Өнер Қырандары сіздерге осылай ащы шындықты жеткізіп, көрермендерге шынайы сезім көрсетіп жатқандарыңызға, көптеген мұқтаж кісілерге барынша көмектесіп жатқандарынызға Алғысымыз Шексіз!!! Сіздерге Алла Разы болсын, Рахмет🙌🏻
Астаң кестең болған жан дүниеңді жеткізу қиын. Мықты қойылым , Өнер қырандарына мыңда бір алғыс!!!!
Өнер қырандары Аман болыңдаршы..ойда жүрген елдың ішіндегі өте келелі істы ортаға салып жатсіздар..АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН
Менің де басымнан өткен,қызым шетінеп,балалы әйелдердің жанында жата алмай,суранып шығып кетіп едім, сол сәт есіме түсіп кетті. Керемет қойылым екен.
Тура осы көріністі мен сөзбен адамдарға түсіндіріп бере алмайтын едім. Ризамын сіздерге. Алла разы болсын. Осы қойылымды көріп ой түйер адамдар көп болсын.
Бұл кісілер еще бер жағын көрсетті. Ал шын мәнінде перзентханада қаншама ана мен бала өмір мен өмірдің арасында арпалысып жатады. Баласын босана алмай 24, 36 сағаттап толғататын аналар қаншама, босанып жатып баланың бір жерін ауыртып, бүлдіріп жатқан жағдайлар да бар, туыла салып ауырып қалатын немесе шетінеп кететін балалар, босанып қайтыс болып кететін аналар да бар, бәрінен қиыны баласынан бас тартып, тастап кететін аналар бар.
Мен осы онер кырандарын оте жаксы корем кулдіртіп отырып жылататын оте магыналы тек биіктерден коріне берсін
Өте керемет Өнер қырандары артістер өнерлі әрі мағыналы қойылым қояды
Әр азилинде бир шындык...жарайсыңдар .керемет
Целый клип шыгыпты оленге,даже кино тусуруге болатын тагдырго 👍
Керемет . Бақытты болыңыздар.
Роддомнан ТОЙЛАТПАЙ ШЫҒЫҢЫЗДАр,МҰҚТАЖ ЖАНДАРДЫҢ ЖҮРЕГІН АУРТАСЫЗДАР …
Салеметсиндерме жалпы онер корсетип откан Онер кыран театры сиздерге алгысым шексиз. Мын рет рахмет
Осындайға разымен тыйым салыну керек екен,байларыда кедейіде бірдей шығатын қылып
Кайта кайта куриб 😢, кушик хам яхши куйланган, гап йук. Тувисконлор Каракалпакстандан салом
Перезентханадан шыққанда ,әртүрлі тағдыр бар екенін,мүлде ойламай тойлап шығамыз😢
Күшті қойылым өнерлеріңіз өрлей берсін ағалар ❤❤
Әкемді сағындым 💔😥😔 Әкелер аман болсыншы 🤲🏻
Акен тут причем, бул роддом
Өнерлеріңіз өрге жүзсін! Сөз жоқ керемет театр!
Зор,жуда тасирли,аумет сизлерге,Каракалпакстаннан салем
Кара бауыр каскалдак кушты ан ,осы анди мыкты бир аншы орындаса екен
Күйеуім 18жыл дегенде ұлды болды (перзетті) бірінші рет әке атанды...бір ұл бір қызыммен алланың алдында аманат қылып бізді қабылдады..сол пейіліне алла ұл перзент берді...мен ештеңе алған жоқпын күйеуімнен...сұрамаймын...мені себіпші қылып алла өзі қосты..маған солда жетеді...
Сонда сен неше жыл дегенде улды болдын 5 жылма
Түсініксіз жаздым ба? Екеуміздеде екінші неке...1ші некеден менің бір ұл бір қызым бар...ол кісіде 1ші некеде 13жыл бірге тұрып перзент болмаған...
@@НуржалгасИсаева-ж8ы аа тусиникти енди🙌
Оте ауыр тақырып ,нағыз өмірден алынған
Менде бұл жайлы еш ойламаппын! Бірақ музыкалатып шықпағам! Өте әсерлі болды! Балапандар аман болсын
Мен екінші балам шетінеген сон осылай жылап шығып едім. Шетінейтін түні түсімде тағы бала босанып сап сау бала босаныпсың деп врачтар құттықтап жатқанын көрдім. Бір кезде медсестра оятып шақырды, қыздың жүрегі тоқтап қалды қоштасып алыңыз деп. Ойымда түсімдегі жақсы көңіл күй болды, тағы туад екем ғой, бұл қызым Раббысынп қайтқанымен, деп өзімді жұбаттым.
Алла разы болсын,жәрайзыдар жігіттер 🤲🏻🔥✊💪🏻🇰🇿💐💐💐👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
Мәәәә мықтысыздар, күліп отырып өкіріп жыладым😂😢
Осы Жылы Ораза кіріп келген кун Қызымыз шетнеп қалды Шырыммен Барлық Адамдар Ойнап куліп Шығарп жатр Дал сол куні Мен 8 айлық Қызымның Майтін Бір шупрекке орап Алып шғып кеттім Ешё келіншегім 2 ші ретт аператся болды Ол бір жағдай мен бір жағдайда Алла барлық Перзентерді дуниеге келуне жардем берсін есен аман қолына алп алсын
Мадияр агамды гранд парк тан коргем жуас минези нагыз Мусылмандики красавчик Алла узак гумыр берсинши агатайыма
Грант паркы неси тагы
Өте жоғары деңгейде көрсетілген, Өнер Қырандары алға өрлей беріңдер, Сәттілік, Өте керемет!!!❤❤❤
Мә жігіттер күлдіріп отырып жылатасындар осы керемет мәнді мағыналы қазақстандағы ең керемет сіздерсіздер мен сіздердін қойылымдарыңызға тәртібін жарайсыздар
Қызымыз 7 айлық боп шала туылды 1 ай перхентханада жаттым күнде осындай 🎉🥂🍾🎈🧸🎊 шығып жатқан адамдарды көріп терезеден жылап тұрар едім біз қашан шығамыз дееп,сол жерден скорыймен дет.реанимац.ға шықтық онда да тура 1ай жатып шықтық ээээх зымыраған уақыт аааай🥹🥹🥹
нагыз талант иелерисиндер.Жарайсындар....
Керемет Бақытты болыңыздар🎉🎉🎉
Еех, шіркіін. Озимнин роддомнан шыккан кезим есіме түсіп кетті. Екікабат кезімде жігітім тастап кетті. Учетка , ештенеге турмадым. Екікабат екенімді аке-шешеме, бауырларыма айта алмадым. Магазинде истейтінмін, коршілерден каатты уялдым, ішім шыгып бастаганда. Осектер кетті жан жактан. Куйеуге шыкпай екикабат паа деп бари. Каатты киналдым. Сомен не керек, ай куним толып, магазиннен толгатып кеттим. Роддомда да нешетурли жагдайлар болды. Баланды калдырсан алатын адам табылады дегенди де айтты. Озим толгатып журип, каатты ренжидим. Таан калдым адамдардын жауыздыгына.
Сомен не керек, аман есен босандым. Бир апта денсаулыгымнын, халимнин нашар болганына байланысты шыгармады роддомнан. Жанымда орыс келиншек жатты. Екеумиз бир куни шыктык. Орыс келиншек шашын жуып, боянып жатыр, уй иши лимузинмен шыгарып алгалы жатыр. Кайта кайта хабарласып куйеуи, дайынсын ба, кашан шыгаратын болды деп. Куанып жур.
Ал мен болсам, каатты жыладым, жалгыз шыгып жатканым жаныма каатты батты, коз жасын тия алмай, жаным езилип барады.
Орыс келиншек кайта кайта сурады. Сизде бари дурыс па? Не боп калды деп. Бар ойым, ана келиншек ертерек кетсе екен, шыгып кеткенсон, ешкимге коринбей такси шакырып шыгып кетсем, жалгыз баламмен шыгатынымды билмесе екен деп турмын. Келиншек шыкты, у шу боп, бираз турды далада, лимузинмен, шампанский атты, ан айтты, кетти ау айтеуир.
Сонынан мен де шыктым баламды котерип, такси шакырып. Сондагы дарменсиз куйім, пәк періште сабиімді кушактап, егіле жылаган сатім әлікүнге коз алдымда
АЛЛА БӘРІН ЖАҚСЫ ЖАҚҚА БАСҚАРСЫН! СОЛ ПЕРЗЕНТІҢНЕН ҚЫЗЫҒЫН РАХАТЫН КӨРСЕТСІН АЛЛАМ
Аминь
молодец баланды тастамаганына ризамын, жұрт не демейді айта береді оттап , сол баладан көресің рахатты
Өнер қырандары, қанаттарыңыз еш уақытта талмасын. Бір Алла өзі жар болсын. Өзекті тақырып көтеріп, Алладан жіберілген ескертуді түсіне алатын мұсылмандар көбейсінші деймін. Тек кереметті көрсетпей 70% халықтың жағдайын көрсетіп отырсыздар. Алла жүректерге иман байлығын берсін, ұстаған оразамыз қабыл болсын!
Қазір ұрпақтарымыздың қатігез, ешкімге жаны ашымайтын бала болып өсіп жатқанының барлығы тек үлкендердің күнәсі....роддомнан шықпай, істеп жатқаны осы болса, ол баланың болашағы қандай болары бір Алла және ата-анаға ғана байланысты....
Жарайсын Онер кырандары оркендериниз биикке осеберсин ИншаАллах❤
Ниеті қабыл болсын... Жұма мүбәрак болсын...❤🤲
Қандай күшті әсер алдым ,өмір ғой ия барі бар ішінде. 😢😂 Алдым. Жүрекке жетті рас.😊
Салем
Басымнан өткен дәл осы жағдай.Баласыз перзентханадан шығу ең қиын жағдай, куйеуім сасқалақтап заттарымды алып мені тіпті больницаға қалдырып кеткен.Мені не үшін қалдырып кеттің деп өкіріп жылағам.Аллаға шүкір қазір екі қызым бар, ол кезде босанғаным ер бала болатын😢.Кейінгі балаларыма Алла ұзақ ғұмыр берсін
Өте кушті айттыңыз сіздерге куш куат берсің Өнерлеріңіз бен елді куантып журіңіздер