ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА АЛДАНДЫМ ДЕП ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 24 ҚОҢЫРАУ КЕЛІП ТҮСКЕН

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 16 тра 2024
  • Алаяқтық - бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі - ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр.Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

КОМЕНТАРІ •