Құлаған үйлер, қырылған төрт-түлік: су басқан өңірлердегі қазіргі жағдай қандай?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 бер 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Еліміздің бірнеше өңірінде тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазір Қостанай, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында жағдай күннен күнге ушығып, су басқан аудандардың саны артқан. Абай мен Ақмола облыстарында да қауіптің беті қайтпай тұр. Көпірлер құлап, су шайған жолдар көбейді. Қатынас қиындап, баспанасы су астында қалған 5 мың 400 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Нақты қай өңірлер қазір сумен алысып жатыр? Өңірдегі әріптестерім тасқынға байланысты соңғы жаңалықтарды айтып берсін. Әріптестер?
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    КӘМШАТ ҚОПАЕВА, тілші:
    - Тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлердің бірі - Ақтөбе. Қазір суда қалған аймақта жағдай ушығып барады. Қаланың іші де көлкіп тұр. Ал, резеңке етік киген халық өз беттерінше құм төсеп, еріген қар суын үйлерге жеткізбеудің амалын жасап жүр. Күні кеше қала іргесіндегі су қоймасы толып, Елек пен Қарғалы өзендерінің бойындағы үйлердің көбін су басып қалды. Тасқын суының қатты ағысын көрген қараша дүние-мүліктерін тастап, жақындарын жағалап кетті. Ал, баспанасынан шыға алмай қалған бас-аяғы 1500-ға жуық адамды құтқарушылар қаладағы мектептерге орналастырып жатыр. Олардың білім ошағын қанша уақыт паналайтыны әзірге белгісіз. Уайымға салынып, бойларын үрей билеген тұрғындардың үйлеріне қайтқысы жоқ. Сондықтан абдырып қалған халық жергілікті биліктен көмек сұрайды.
    АЙДАНА КЕНЖЕҒҰЛОВА, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
    - 15 минутта үйден шығып үлгердік. Ештеңе алып үлгерген жоқпыз. Бір жарым айлық бөпем бар. Мектеп директоры баланы тоңдыртпау үшін машинаға салып алып келді. Су басып кетті. Бүкіл зат қалды. Бәрі жеткілікті. Тек ертең баратын жер жоқ. Осы мектепке әкелерде бір күн деген.
    ШЫНАРГҮЛ АҚБАЛИЕВА, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
    - 2017 жылдан бастап жылда суға кетеміз. Речканың жанында тұрамыз Қарғалының. Үйлеріміз жылда кептіреміз, көктемде суға кетеді. 2017 жылдан бері қойып жатқан талабымыз, бізді көшіріңіздер. Біздің қазір үш күндік күніміз емес, бала-шағамыздың ертеңгі болашағы керек болып тұр. Біздің балаларымызды нақты көшетін, құрғақ жерге отыратын үй керек.
    Қаладан бөлек аймақтағы Мұғалжар, Темір, Қобда аудандарында да жағдай мәз емес. Мұнда белуардан суда тұрған әлеуметтік нысандар көп. Жұрттың қора-қопсысы, төрт түлігі түгел ағып кетіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, аймақта 500-ге жуық үй су астында қалып, үш мыңға жақын адам эвакуацияланған. Әзірге біздегі жағдай осы. Абай облысындағы әріптесіме сөз кезегін берейін. Динара?
    ДИНАРА ЕРБОЛҚЫЗЫ, тілші:
    - Абай облысының екі ауданына да жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Мұнда Ақсуат ауданындағы Боғас өзенінің деңгейі көтеріліп, Кіндікті ауылына апаратын көпірдің асфальті опырылып түскен. Сондай-ақ, арыны қатты ағын су бір бөгетті шайып кетті. Құтқарушалыр Кіндікті мен Уаң ауылынан бас-аяғы елуден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Қиын-қыстау сәтте тұрғындар да жұдырықтай жұмылған. Әсіресе ерікті жастар қиналған, бойларын үрей билеген бұқараға көмек көрсетуде.
    НӘЗИМА АБДЫРАХМАНОВА, Аягөз ауданының тұрғыны:
    - Осы көшенің тұрғындарына, көшенің балаларына келіп көмек жасап, жағдай жасап бәрі жүгіріп неткеніне көп алғыс айтамын. ....Осы үш күн ішінде бірі жанталасып техника әкеліп, судың деңгейін аударып, көшіріп сондай жағдай жасап жатыр. Автобустарын алып келіп, көршілерді, кісілерді, балаларды әйел адамдарды басқа жерге қауіпсіз жерге көшірді.
    Ал, Аягөз ауданында суға ағып кеткен үш адам әлі іздестіріліп жатыр. Құтқарушылар тек тракторды тапқан екен. Төтеншеліктер қазір аудандарды бақылауға алған. Айгүл, Ақмола облысында ахуал қандай?
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 428

  • @user-hl7bn1lt8g
    @user-hl7bn1lt8g 2 місяці тому +33

    Аллам жар болсын Елімді сақтай көр Сынағынды жеңілте көр

  • @user-ev5lj5cj7v
    @user-ev5lj5cj7v 2 місяці тому +22

    Ақтөбелік бауырларға Алла жәрдемін, жеңілдігін, амандығын берсін🤲🏻

  • @user-vg2yr3xn8i
    @user-vg2yr3xn8i 2 місяці тому +25

    Алла жар болсын

  • @user-ot5nc1os6g
    @user-ot5nc1os6g 2 місяці тому +98

    Тоқаев насыбаймен күрескенше, ағын сумен күрескені дұрыс.

    • @farihaahmetova1868
      @farihaahmetova1868 2 місяці тому +5

      Сонда Тоқаев әр ауылдың мирабы, архитекторы болуы керек пе? Ауыл мамандары қайда? Суды дер кезінде ағызып, тағыда басқа жұмыстарды Тоқаев келіп жасайды дейсіз бе? Өзіміздің кемшілікті өкіметке арту салу оп - оңай.

    • @user-on2tv3dq8r
      @user-on2tv3dq8r 2 місяці тому +9

      ​@@farihaahmetova1868Тоқай әкең бе,не жаның ашып отыр,салпы ауызға?😅

    • @user-dg2ql3go5t
      @user-dg2ql3go5t 2 місяці тому

      ​@@farihaahmetova1868.Осының бәрі сол үлкен басшылардан контрольдің жоқтығы біле білсең. Не деп жақтап отырсың .Министрлерді дұрыс сайламаған . Ешқайсы халықты ойламайды .Алдың ала қамдану деген мүлдем жоқ.Соның кесірі осының бәрі.

    • @farihaahmetova1868
      @farihaahmetova1868 2 місяці тому

      @@user-on2tv3dq8r Тоқаев оқыған, тоқыған, өз қолы өз аузына жетіп- тасып отыр. Мен суға батып, қарны ашып, екі қолға жұмыс таппай, не болса соны сөйлей салатын жандарға жаным ашиды. Салмайтын сазды ойпат, өзен - көл баспана салуға болмайтын жерге үй салатын, қолынан не дұрыс құрылысшы, не "сантехник", сварщик" келмейтін жігіттерге жаным ашып отыр. Кәрі әке-шешесінің зейнетақысына қарап, қатынын ұрып, құмар ойынға, жаман әдетке айналғандар туралы күйініп отырмын. Осыны өтірік десеңіз өзіңіз біліңіз.

    • @user-wt7ti6ff7z
      @user-wt7ti6ff7z 2 місяці тому

      Сен сияқты надандардың кесірінен халық қиналуда,әйтеуір басқалар кінәлі,өзің елге,жерге не жақсылық жасадың
      .​@@user-on2tv3dq8r

  • @user-ee6px8zj1n
    @user-ee6px8zj1n 2 місяці тому +15

    Аллах жардам берсин казак елине

  • @UlyaJan-lc1rw
    @UlyaJan-lc1rw 2 місяці тому +24

    Өте қыйын. жағдай арты жақсылық. болсын бала. шагалары аман болсын.

  • @user-vd5ws4ii8g
    @user-vd5ws4ii8g 2 місяці тому +22

    АЛЛАҺЫМ ЖАР БОЛСЫН МЕЙІРІМДІ БОЛАЙҚ АҒАЙДАР БАУЫРЛАР

  • @user-qo9uc9bq2i
    @user-qo9uc9bq2i 2 місяці тому +40

    Қор болған қазағым не істеу керек ел халқым аман болсын

    • @user-mw6qs3bg7e
      @user-mw6qs3bg7e 2 місяці тому +2

      Алладан үміт үзбеу керек, шешімі болады. Сабыр бер,

    • @user-tv5td9uj8b
      @user-tv5td9uj8b Місяць тому

      Кор болган казак озимизди тузеуимиз керек.озимизден бастайык.Алланы ашуландырмау керек.казактардын кобиси Али орыс мадениетинен,батыстын,Американын коринген богынан арылу керек.казактар кобиси ауыздары бок,журектеринде дуние,адал арамды айыра билуди керек.сол надандардын кесиринен Жаксы адамдарга тииип жатыр.еркектерге еркек миндеттерин естерине тусиру керек,Кызды коргау,асырау сыйлау кандай болу екенин уйретуимиз керек.жасы жас болып,улкен Ата ажелеримиз орнын билу керек.сонда коп баледен кутыламыз.халкымыз ягни арсыздар имандыларга акыл айтады ещё.оларга карсы коринген бокты жасайды казактар.Алланы умытканбыз.

  • @nursuluumamytova2771
    @nursuluumamytova2771 2 місяці тому +13

    Алланын озу жар болсун Казак бир туугандарым,абай болунуздар.

  • @ongarbaydosbaev
    @ongarbaydosbaev 2 місяці тому +25

    ҚАЗАҚ БАУЫРЛАР ҚУДАЙ ЖАР БОЛСЫН.ҚАРАКАЛПАКСТАН СЫЗДЕРМЕН.

  • @Damykazakhstan
    @Damykazakhstan 2 місяці тому +27

    Алла жеңілдік берсін жандарым

  • @user-qn4je1oh1d
    @user-qn4je1oh1d 2 місяці тому +7

    Казак бир туугандар АЛЛАХым сабыр берсин. Буюрса бары жакшы болот

  • @saltanatsultaniyazova5213
    @saltanatsultaniyazova5213 Місяць тому +4

    Суу бәлесинен,от бәлесинен,жала бәлесинен сақлағайсаң деген ата бабамыз,қазақ бауырларымызға сабыр тилеймиз, Алла яр болсын, Қарақалпақстан сиз бенен бирге

  • @user-yq3bo2lv3j
    @user-yq3bo2lv3j 2 місяці тому +92

    185 мың теңгеге холодилник те келмейді ғой қарағым ау. Соттау керек бәрін әкімінен бастап атқа мінерлерді. Жаңа кадірлер келсін жастар.

    • @riseup8780
      @riseup8780 2 місяці тому +3

      Басын истейма кар жаусада жанбыр жаусада жел турсада акимат киналы.

    • @Space_Hubble
      @Space_Hubble 2 місяці тому

      ​@@riseup8780департамент чс не үшін сонда? Зарплаталары 1млн 900 мыңнан асады. Су қоймаларын салу керек!

    • @sayasat1
      @sayasat1 2 місяці тому

      ​@@riseup8780Кінәлі

    • @user-hs9iz1en7e
      @user-hs9iz1en7e 2 місяці тому

      @@riseup8780жұмыстарын жасамаған

    • @user-hs9iz1en7e
      @user-hs9iz1en7e 2 місяці тому

      @@riseup8780өрт сөндіруші өрт сөндіруге дайын болмаса бірақ миллиондаған ақшаны желге шашқан болса жауап бере ма , жауап берет! Үй салатын адам үйді салам деп ақысын алып жасай алмаса жауап бере ма , жауап береді! Не әкім шекпен киіп креслоға отқанына ала ма ақшаны

  • @user-iv9wq4ds1u
    @user-iv9wq4ds1u 2 місяці тому +122

    Үкіметі тегіс отставкаға кетуге тиіс

    • @user-ey5qc8eo6r
      @user-ey5qc8eo6r 2 місяці тому +5

      Аллохдан панох суранг

    • @sayasat1
      @sayasat1 2 місяці тому +3

      Президенттен бастап

    • @KamalBisenbay
      @KamalBisenbay 2 місяці тому +2

      Харекет жасамасаң, жайбарақат жата берсең, Аллаһ тағалада пана бермейтін шығар. Тоқаевта қуып кетті, насыбайға заң шығарғанша, су қоймаларын көбейтуге заң шығармайма.

    • @sayasat1
      @sayasat1 2 місяці тому +2

      @@KamalBisenbay Ержан Тұрғымбайдың партиясын қолдайық!

  • @user-dv6oh4qf4y
    @user-dv6oh4qf4y 2 місяці тому +12

    Күзден бастап арналарды тазалап,қыста қарды шығарып плановый жұмыс істеу керек үйді кез келген жерге салмау керек

  • @hanapiagulzada7080
    @hanapiagulzada7080 2 місяці тому +55

    Жаңа Қазақстанның жаңа кейпі
    Жаратқан Алла жар бол қазағыма

    • @fialkafialka1101
      @fialkafialka1101 2 місяці тому +6

      Каиран елымаи сендерге комектесер токаи жок Жана казакстаннын туры осы.

    • @user-ji4qb5hy4j
      @user-ji4qb5hy4j 2 місяці тому +3

      Жана штрафстан

    • @user-os1no5um2f
      @user-os1no5um2f 2 місяці тому +1

      НЕГІЗІ БҰРЫН ҮЛКЕН-ҮЛКЕН КАНАЛДАР БОЛАТЫН. ОЛАР ҚАЗІР БІЛМЕЙМІН ЖОҚ.
      ЕНДІ СОЛ КАНАЛДАРДЫ ЖАСАУ ҮШІН АҚША БӨЛІНЕДІ. ОНЫ ӨЗДЕРІ ЖЕП ҚОЯДЫ. БҮЙТКЕН ҮКІМЕТІ ҚҰРСЫН.

    • @sayasat1
      @sayasat1 2 місяці тому

      Тоқаев "Жаңа Қазақстанымен" кетсін!

    • @KamalBisenbay
      @KamalBisenbay 2 місяці тому +2

      Насыбайға қарсы заң шығарғанша, су қоймаларын көбейтуге заң шығармайма.

  • @user-we8pj7dl1r
    @user-we8pj7dl1r 2 місяці тому +6

    Быр жагынан бундай жагдай жемкорлаога керемет жымкыруга мумкындык

  • @user-fi2mh3pw2i
    @user-fi2mh3pw2i Місяць тому +2

    Бул дагы Аллах тааланын сыносу бул кундор отет бир жакшылык болгай сиздерге кучкубат берсин.

  • @user-kt4mi8mw3i
    @user-kt4mi8mw3i 2 місяці тому +8

    Үкімет түгел кетсін, Тоқаевтан бастап,
    Зардап шегетін тек қара халық жыл сайын болатын жағдай, халқым қашанғы шыдаймыз, Халқым сіздерге Алла жар болсын, үкіметтен қайыр жоқ

  • @user-on8gp7ls2k
    @user-on8gp7ls2k 2 місяці тому +11

    Тоқаев мырзаның Жаңа Қазақстаны, өңкей Жемқорлар отырған жерде ешқандай өзгеріс болмайды.

  • @galymzhanegk2059
    @galymzhanegk2059 2 місяці тому +37

    Кезінде водохранилище жасау керек еді! Жыл сайын осы проблема! Үкімет сендерде бір жоспар барма? Жылтырап костюм киіп алып, былғары креслода отырғаннан басқа!

  • @ludmilak695
    @ludmilak695 2 місяці тому +31

    Ничего себе!Весь Казахстан топит!Держитесь,братья казахи!Пусть невзгоды обойдут вас стороной!

    • @kerim8665
      @kerim8665 2 місяці тому +1

      Нужно жить со всеми дружно и не ущимлять малых нации 😢🤲☝️

    • @kerim8665
      @kerim8665 2 місяці тому

      Среди наших казахов есть некоторые националисты 😢

  • @Abdurahmon-qi1pk
    @Abdurahmon-qi1pk Місяць тому +1

    Казак бир туугандарыбызга Аллах жардам берсин

  • @user-sg5jj8kv5g
    @user-sg5jj8kv5g 2 місяці тому +22

    Осы су алмайт бйыл бари жаксы деп айтып едиго депудаттар.биреуиде коринбидиго енди не сылтау айтар екен.акша болинсе болип аладыго депудаттар куана.бундай двежениени назарбайып уйретип кеттиго.

  • @User-qu4bd
    @User-qu4bd 2 місяці тому +3

    Қандай керемет, үлкен үйлер! Обал болды ғой.

  • @user-sn6pr5ms2w
    @user-sn6pr5ms2w Місяць тому

    Аллахым Казак бир туугандарыма, кайрат куч кубат берсин🤲

  • @user-me4pu4my4r
    @user-me4pu4my4r 2 місяці тому +1

    Братья Казахи!!! Аллах Храни Вас 🤲

  • @user-uq9bd6ph1t
    @user-uq9bd6ph1t 2 місяці тому +8

    Кезінде ата бабаларымыз қан төгіп жан беріп қаншама жаумен соғыса жүріп тастап кеткен жеріміздің байлығын қара көз қазақ емес басқа ұлттар көретінін .халықтың жағдаиын жасаитын үкімет өз қалтасын ғана оилаитынын.қазақ бола тұра қазақша сөилемей орысша шүлдірлеп.иншалла баракат маракат деп арабқұл болатынын.еркектен бұрын қатындар сөилеитінін білмеді ғои шіркін.Ееее кешіре көріңдер қазақ елін Ата бабарарымыз бізді. Болашақта не боламыз😢😢😢. Салынып жатқан завод фабрикамыз да жоқ .асырап жатқан бес қои бес сиырымыз суға кетіп жатыр.боиында жаны бар киелі жылқыларымыз тірідеи суға кетіп бара жатқанын көрген кезде жаның түршігеді.еее Аллам кешіре көр !!!

  • @user-hd8cl1hw8i
    @user-hd8cl1hw8i Місяць тому

    Жаратканым жар болсун.Кудай сактасын Эл Журтту

  • @user-lf1zp8io8y
    @user-lf1zp8io8y 2 місяці тому +44

    Жемқорлардың кесірі ғои осындаи халықтың қиналып жатқаны

    • @user-xk5tf4im6i
      @user-xk5tf4im6i 2 місяці тому

      Калык озы кыналы саясат пен айналспайды , енды саясат калык пен айналсады. Кыргыз калкы шалбар киып жур ,казактар юбка киендер. 30 жылдан асып кеты назарбаев бандасын курталмай жур калык.

  • @user-gi4pq6lf1l
    @user-gi4pq6lf1l 2 місяці тому +1

    Аллам елімді жерімді,осындай әр түрлі апаттардан сақтай көр!

  • @user-fv5uu8jf9q
    @user-fv5uu8jf9q 2 місяці тому +34

    Баяғы жартас сол жартас жыдағы жыр ғой

  • @user-hn7uk7wl4o
    @user-hn7uk7wl4o 2 місяці тому +18

    Халықты каспий банк арқылы қанаудың орнына, халықтың тұрмысын жақсарту керек..

  • @Damykazakhstan
    @Damykazakhstan 2 місяці тому +14

    Бұлда бір сынаққой!!!! Бастысы бастарыңыз аман

    • @user-ln7rk6fo1z
      @user-ln7rk6fo1z 2 місяці тому

      Сынақтар твм көбейіп кетпедңме?

    • @user-os1no5um2f
      @user-os1no5um2f 2 місяці тому +1

      НЕГІЗІ БҰРЫН ҮЛКЕН-ҮЛКЕН КАНАЛДАР БОЛАТЫН. ОЛАР ҚАЗІР БІЛМЕЙМІН ЖОҚ.
      ЕНДІ СОЛ КАНАЛДАРДЫ ЖАСАУ ҮШІН АҚША БӨЛІНЕДІ. ОНЫ ӨЗДЕРІ ЖЕП ҚОЯДЫ. БҮЙТКЕН ҮКІМЕТІ ҚҰРСЫН.

  • @user-lm7gw3co4n
    @user-lm7gw3co4n 2 місяці тому

    Жамандыкта жаксылыкта бір Алладан Астағфируллох

  • @user-sp3wx7uz3d
    @user-sp3wx7uz3d 2 місяці тому +126

    Ағаиынды ұмытып тас бауыр боп кетікғо дүние деп

    • @Rr-yg2te
      @Rr-yg2te 2 місяці тому +13

      Дұрыс айтасың 100% қосылам сөзіңе

    • @user-zz7fs3nv8z
      @user-zz7fs3nv8z 2 місяці тому +9

      Туура

    • @user-zs2in8mj3m
      @user-zs2in8mj3m 2 місяці тому +16

      👍👍👍👍Дәл Солай ұмытып кетті ағайын ағайынды өлгенде н/е байығанда көресің Негізі ел-жұрттың өз қара ниетінен табады іштарлық, көреалмаушылық, пейіл ниеті нашарлап кетті. Ағайын ағайынға арыз жазады соттатады Масқара. КЕРЕМЕТ 👍Тауып айттыңыз

    • @user-ln7rk6fo1z
      @user-ln7rk6fo1z 2 місяці тому +5

      Біріңізді бірің жамандап отврсыңдар ма? Басқа сөз жоқ па, өсек айтудан басқа? Кім қара ниет? Ниетің ақ болса неғвп бармайсың көмекке?

    • @user-hk3tb1fd4g
      @user-hk3tb1fd4g 2 місяці тому +1

      ​@@user-ln7rk6fo1zжамандау емес,қазақтар мейірімсіз тас жүрек, имансыз болып кетті, әсіресе Ақтөбенің адамдары, Алла босқа су жібермейді

  • @user-yd4er9ep4v
    @user-yd4er9ep4v 2 місяці тому +36

    Әртістерге он миллиондап бергіш әкімдер ақша аударсын миллиондап.әртістерде қане көрсетсін өздерін оразаның кунінде сбор ашссын.қалықтың арқасында талтаңдап жургендерін ұмытпасын.әнші қауымдар

    • @user-mt1lh6so7t
      @user-mt1lh6so7t Місяць тому

      Артис дептурнанжокпа артстертагаы бергшпектер

    • @user-mt1lh6so7t
      @user-mt1lh6so7t Місяць тому

      Анши артс бари жалаид акша

    • @user-iv3qq4yt7p
      @user-iv3qq4yt7p Місяць тому

      Дурыс айтасыз. Халыктың арасында байып алған. Ол аздай шетелден үй сатып алған. Үнсіз жатыр барлығы. Фонограммамен миллиондаған акша табатын жулдызсымактар

  • @serikrashitov8733
    @serikrashitov8733 Місяць тому

    Еліміз аман болса екен🙏

  • @SagyndykM
    @SagyndykM Місяць тому

    Алла жәрдеміңді жеңілдігінді бер.

  • @user-bp3vh5ig1f
    @user-bp3vh5ig1f 2 місяці тому +37

    Ассалаумалейкум! Мұсылман бауырлар, ағалар су басқан жерлерге қол ұшын созайық

    • @user-tw3vh4gl2e
      @user-tw3vh4gl2e 2 місяці тому +9

      Осы жылу жинағаны қойыңдар ҮКІМЕТ НЕ ҮШІН. Мен жылу жинауға қарсылығым жоқ ,бұл шектен шыққандық. Халық милиндап зардап шекті ,берген көмек шаңға су сепкендей. Бұл АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ,АТА ,АБАМЫЗДЫҢ БІЗГЕ НАРАЗЫЛЫҒЫ, ТӘУБӘ, ШҮКІРІМІЗ жоқ пенде болдық. Астыңнан су шықыр деген осы, осылай оятайын деді халықты.

    • @user-kl1il1vg3g
      @user-kl1il1vg3g 2 місяці тому +2

      @@user-tw3vh4gl2e дұрыс.өте дұрыс аиттыңыз.

    • @user-kl1il1vg3g
      @user-kl1il1vg3g 2 місяці тому +1

      @@user-tw3vh4gl2e дұрыс.өте дұрыс аиттыңыз.

    • @user-kl1il1vg3g
      @user-kl1il1vg3g 2 місяці тому +2

      @@user-tw3vh4gl2e дұрыс .бар баилык билік үкіметтың колында емес пе..Қорғасын сол билік ендеше баилығын..Полицеилерді шыгарсын топан суга карсы

    • @user-ln7rk6fo1z
      @user-ln7rk6fo1z 2 місяці тому +4

      Ағайын ның бірі шетінен бай болса, , осындай халге түсеміз бе? Кімнен көмек сұрап отврсвң, пннсионерлерден ба, жоқ, бір айлыққа қарап отврған көп балалы отбасынан ба?

  • @user-kl1il1vg3g
    @user-kl1il1vg3g 2 місяці тому +18

    Насыбаи.Герб деп жургенде су басты..Қаиран елім аи дұрыс билікке бір жарымаи қоидық ау..

  • @user-dt5sq3co2g
    @user-dt5sq3co2g Місяць тому

    Алла жазалағаны осы Таубе қыліңдар Қазақ халқы байліққа ош боліп Аллані умытті беттер боласіндар алі

  • @Tuka126
    @Tuka126 2 місяці тому +9

    Аллам жар болсын

  • @user-jy7ul4uy3n
    @user-jy7ul4uy3n 2 місяці тому +3

    Үкіметті бұлай қалдырмай түгелдей кетіру керек.онсыз ештеңе өзгермейді халқымау

  • @user-pm8jr9cb7l
    @user-pm8jr9cb7l 2 місяці тому +5

    Тоқаевтан бастап барлық министрлерді отставкаға қуу керек, қиналған қара халық, Жаңа қазақстан деп акесінін басыда өзгерген жоқ, Барлық жемқорлар отыр

    • @user-ih2bo5gz4i
      @user-ih2bo5gz4i 2 місяці тому

      Автомат,пистолет қарумен қусаңда кетпейді отставкаға олар.

  • @samsung17117
    @samsung17117 2 місяці тому +2

    Халықтың өзі кінәлі еріншек, ұйымдастырады аким кінәлі. 1984 жылдары құрмангазы ауданында мектепте оқыдым сонда көктем кезінде су көтерілетін жерлерді 3 метрден әр үйге бөліп қамыстан су тоқтататын😢😢 бөгет салатын едік. Қазір әкімшілік өз алдына халық өз алдына өмір сүріп жүр. Министр де отырғандар ол совхоз ауылдарда су тоқтатады дегенді не екендігін де білмейді ғой.

  • @JanarBazarbaeva-is7sp
    @JanarBazarbaeva-is7sp Місяць тому

    Аллах кудыретын куштты, озын жар болагор
    Сол суудан Арал га келып куйылса екен

  • @user-ox6se6ek1x
    @user-ox6se6ek1x 2 місяці тому +1

    Қазақтар осындай жағдайдан кейін той жасап, не бір ырымдарды азайту керек, кредит алып босқа ақша жұмсауды қою керек

  • @user-ux9rq5us8e
    @user-ux9rq5us8e Місяць тому

    Все воле Аллаха

  • @user-gf6iy3ul5p
    @user-gf6iy3ul5p 2 місяці тому +9

    Иманды.болындар.имансыз.болып.баражатырсиндар

  • @user-ff3nn7ej7p
    @user-ff3nn7ej7p 2 місяці тому +1

    Халыққа жоқ жерден айыппұл салғанша,алдымен халықтың жағдайын жасасын.
    Тұрақты баспанамен тегін қамтамассыз етсін,табыс көзі отбасына жетерлік болсын.

  • @user-gf8lb5is7l
    @user-gf8lb5is7l Місяць тому

    Еліміз аман болсын! Алла жар болсын!😢

  • @kulmariachinzhylova-ij1gb
    @kulmariachinzhylova-ij1gb 2 місяці тому +1

    АЛЛА жар болсын АЛЛА сабыр берсин

  • @user-eu2dj3wl3x
    @user-eu2dj3wl3x 2 місяці тому

    Казак биртуугандар сиздерге Адлахым сабыр ден соолук берсин .Терен кайгыруу менен конул айтабыз.

  • @user-jl8kz1jw9p
    @user-jl8kz1jw9p Місяць тому

    Алла жеңілдігін берсін

  • @alisher19_80
    @alisher19_80 2 місяці тому +5

    Құрылтайда насыбайды емес, топан суды қозғау керек еді ғой ағайын

  • @ZahiraMoldabaeva
    @ZahiraMoldabaeva 2 місяці тому +1

    Алла жар болсын.

  • @user-qp3dr1uc9w
    @user-qp3dr1uc9w Місяць тому

    Тасқыннан зардап шеккендер! Болашақ төлемақыға облыс орталықтарында сатуға дайын үйлер жетерлік. Сол үйлерді Үкімет сіздерге сатып әперсін! Тасқын талай болар. Шенеуніктер жұмысын түзу атқармағаны үшін өздері отырған үйлерін босатып берсін !

  • @user-vx2iv9wu2d
    @user-vx2iv9wu2d 2 місяці тому +10

    Су қойма жасау керек соған акша бөлу керек үкімет сонда су қоймаға қосылады ал жазда егістікке және ауыз суда болады. Ауылдан маған депутат болу керек сиякты маған дауыс беріндерш😂

  • @user-alshyn
    @user-alshyn 2 місяці тому +4

    Патриот Олигархтар халыққа көмек беріңдер.
    Патриот жемқорлардыңда құлағына "алтын сырға".

  • @user-sg5jj8kv5g
    @user-sg5jj8kv5g 2 місяці тому +19

    Акша беремдеп алдап коядыго акимдер.

  • @user-ft1cg4cp9k
    @user-ft1cg4cp9k 2 місяці тому +2

    Неге осындай кезде біздің елдің әнші, актер, актрисалары көмекке шықпайды? Аллам зардап шеккен жандарға көмек бере көр

  • @user-oh6cz8ji3s
    @user-oh6cz8ji3s 2 місяці тому +1

    Укімет халыкты ойламайды 😢 осы осы суды сақтап калатын су коймасын салса осы суды жазда жетпейди

  • @user-hy8op3ni4y
    @user-hy8op3ni4y 2 місяці тому +2

    Жаңа Қазақстан каидағы халык бітті, ескі көлікпен алысып, одан қалса Ел таңба деп,одан насыбаи деді енді не оилап табады екен тосыңдар халқым бұлардан бәрін күтуге болады.

  • @AtahanRozumbetov-dj2pb
    @AtahanRozumbetov-dj2pb Місяць тому

    Сув балосидан ут балосидан аллох таолонинг УЗИ сакласин казах огайнилар ОМОН булсин

  • @user-jc3hf4sb7i
    @user-jc3hf4sb7i Місяць тому

    Казак баурларымызды Аллахым озу сактасын🤲🤲🤲

  • @NaziraKozybak
    @NaziraKozybak 2 місяці тому +2

    Атам қазақ ешқашан қараға бүркенбеген, жамандықтың бастауы деп. Бар бәле осы қараға бүркенген албастылардың пейіліне көрініп жатқан.

  • @user-fe7es4fh8n
    @user-fe7es4fh8n 2 місяці тому

    Аллажарболсын халқымызға

  • @karlygawraiymkulova3314
    @karlygawraiymkulova3314 Місяць тому

    Алла жардемшимиз болсын. Алла сабыр берсин Аиналаиын халқымаи😭Адамдардан меиip шапағат кетті. Қудаи жарболсын

  • @tcddtcdvn536
    @tcddtcdvn536 2 місяці тому +4

    Насыбаймен күресті аяқтай алмай қалатын болдық.

  • @user-bk2pi8sp2o
    @user-bk2pi8sp2o Місяць тому

    Ассалаумагаликум Январь февраль бастап неге колга ал маган Алла жар болсын Халкымыз аман болсын әмин әмин әмин🤲🤲

  • @user-qh2og2it6q
    @user-qh2og2it6q 2 місяці тому

    Айланайын бир боор казагым бул апааттан башыңар аман чыксын кыргыздар силер менен.

  • @user-pm8jr9cb7l
    @user-pm8jr9cb7l 2 місяці тому +3

    Бала шағаларын халқым аман болсын

  • @user-zo1gy4ds6p
    @user-zo1gy4ds6p 2 місяці тому +5

    Акимы не работают.И это творится из года в год.Акимы это налоговики, таможенники, так называемые бизнесмены , юристы, и никто из них не мыслит и не представляет как работает хозяйство, промышленность, что и как делать.
    К ВЛАСТИ , ЧТОБЫ БЮДЖЕТ ЖРАТЬ, РВУТСЯ ВОТ ЭТИ ПЕРЕЧИСЛЕННЫЕ НЕУЧИ.СКОЛЬКО ЭТО МОЖЕТ ПРОДОЛЖАТЬСЯ?????

  • @user-ry4jc7ft8q
    @user-ry4jc7ft8q 2 місяці тому

    Мақсат Дәулет Ринат осы жас жігіттердің біреуін

  • @user-wf7df8wl1t
    @user-wf7df8wl1t 2 місяці тому +1

    Жаңа жыл шыршасына миллиондап ақша шығарады,Роза Рымбаева Наурызда бір ән шырқағаны үшін миллиондап төлейді. Көмектессін осындай жағдайда. Елтаңба ауыстыру үшін миллиардтап ақша шығарғанша сол қаражатты халыққа жұмсасын

  • @user-fk9rq6hb8w
    @user-fk9rq6hb8w 2 місяці тому +2

    Алла халықтарға сабыр бере гөр

  • @Dina-rr2pv
    @Dina-rr2pv 2 місяці тому +1

    Бір Алла жар болсын!
    Аман болсын Қазағым!

  • @user-gk8sy9gn1d
    @user-gk8sy9gn1d 2 місяці тому +3

    Үкіметтің жауапсыздығы не деген сүмдық жылда осы жағыдаи..

  • @Maira702
    @Maira702 2 місяці тому +1

    Казах деген осындай оте терпеливый народ,бирак казахты азапка тарткызгандарды Аллах умытпайды❤😂😂😂

  • @user-sp2iw7pe6q
    @user-sp2iw7pe6q 2 місяці тому +8

    Беттері бытыйып жаны ашымайды обал болды демейді ұят жоқ беттері өте қалын болып кеткен

  • @user-uv4iq2zo7u
    @user-uv4iq2zo7u 2 місяці тому +3

    Сунами болса жарайды табиғаттың әсері дейтін. Ай айналайындар ау бұл апатты қолдан жасап отырсындар ғой. Алдын ала тазалау жұмысы жүрмейді бақылау жоқ әрине су басады. Енді бөлінген ақшаны да жеңдер.

  • @sholpan.amiralievna
    @sholpan.amiralievna 2 місяці тому +1

    Аман болсын қазағым

  • @user-rf1uc6tc9k
    @user-rf1uc6tc9k 2 місяці тому +1

    185000 тг беріледі мына сөзді баска елдегілер естімесін Қазақстан ең кедей мемлекет екен деп қалады берсін млн дап бүлінген дүниені,үйдің ремонтын,адамдардың зардап шегіп ары бері сандалғанын,қаншама нерв стресс ті 185000 тг ге теңеп тұрма

  • @user-sr6se8hv6t
    @user-sr6se8hv6t 2 місяці тому +5

    Кудайй сактай гор 😮

  • @user-ql7cg5qc8k
    @user-ql7cg5qc8k 2 місяці тому

    Алла жар болсын сонгы кезде кудайға тильигизгендерде кобейде

  • @user-oo8kr8cf9i
    @user-oo8kr8cf9i 2 місяці тому +1

    Осы су тасқыны Төтенше жағдай саласындағы басшылардың Үкіметке өтірік статистикасының арқасы Үкімет Министрлерді шақырып жауап алғанда барлығына сақадай саймыз деп жауап беріп отырды Енді барлық кінәні табиғаттық құбылысына жауып отыр Төтенше жағдайлар басшысы ешқандай жұмысқа дайын емес екендігі көрініп тұр

  • @user-kp2pe3lm8z
    @user-kp2pe3lm8z Місяць тому

    Qazaq bawirlar Alla yar bolĝay bulda bir sinaq shiĝar bari jaqsi boladi Quday qalese QARAQALPAQSTANnan

  • @user-nn5wf4pg6p
    @user-nn5wf4pg6p Місяць тому

    Аллаһ өзің жар бола көр су тасқынында қалғандарға

  • @user-vs7nw2hl9m
    @user-vs7nw2hl9m 2 місяці тому

    Кудай сактасын казак элими

  • @welcamxshop6182
    @welcamxshop6182 2 місяці тому +4

    Қытайда осындай жағдайда,кінәлі чиновниктерді дарға асар еді.Біздің әкімі бар, басқасы бар,бөлінген ақшаны қалтаға басады да,қызыметтері жыллан жылға өседі.

  • @bakhtiyar09
    @bakhtiyar09 2 місяці тому +16

    ҚАЗАҚСТАН да БӘРІ ЧИ КИ ПУ КИ НАСЫБАЙ КІМ ДЕ БАР 🤡

  • @samats8312
    @samats8312 2 місяці тому +7

    Жемқор Қазақстан

  • @qurbanaxmedov252
    @qurbanaxmedov252 2 місяці тому +2

    Аллаһым мүшкіліңзді қайғыларыңды Асан қылсын

  • @sapargulamangelideva5599
    @sapargulamangelideva5599 2 місяці тому

    Биз Каракалпак тан корип оте куиинип отырмыз

  • @IsmonaliMirzabayev
    @IsmonaliMirzabayev 2 місяці тому

    Қазақ бауирларим,
    Жогари Чирчикдан кўшиб кетген биздинг
    қўнгсилар,курсдас дўстарим тинш аманбисиндар.Балалар
    жақсима.Тезроқ бу кун
    лар яхшилансин.
    Омон бўлинглар.
    Юқори Чирчиқ туман

  • @user-yd4er9ep4v
    @user-yd4er9ep4v 2 місяці тому +6

    Ұят ұят әкім жоғарыдағыларға жылда болады еш әрекет жасамаиды улкен каналдар жургізбеиді.

  • @farihaahmetova1868
    @farihaahmetova1868 2 місяці тому +3

    Мамандар жоқ. Бар болса, білікті және білімді емес. Ауыл-ауылдың су, жер, т.б. жауапты адамдары болжап, есептеп зерттеп, қардың қалың түскенін біле тұра, суды жоспарлы түрде ағызуды ойламады. Осының бәрі оқудың, білімнің және жауапкершіліктің өте төмендігінен.

  • @user-ej8gv1wu9j
    @user-ej8gv1wu9j 2 місяці тому +7

    Үкіметтің міндеті не? Олар неге 2миллион айлық алады. Қар тоқтату деген болушы еді 30жыл бұрын. Неге алдын алу жооооқ!Жылда осылай.2017жылдан бастап осылай😮😮😮😢😢😢😢😢😢😢😮😮😮😮😮