Атырау облысындағы Сарайшық қаласын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 21 вер 2024
  • Атырау облысында қазақтың көне астаналарының бірі Хан Ордалы Сарайшық шаһарын қалпына келтіру басталды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп, құрылысшылар іске кірісті. Сарайшық - заманында монғол мен қазақтың 7 ханы патшалық құрған, батыс өңірде Ұлы Жібек жолының кіндік қалаларының бірі болған, мәдениет пен қол-өнердің тал бесігіне айналған. Енді көне астананың екінші ғұмыры басталмақ.
    XII-XV ғасырларда керемет қаланың бірі болған, сол кезде Жайық жауһары атанған Хан Ордалы Сарайшықтан бүгін де қалған белгі осы. Өкінішке орай, жыл санап арнасын өзгертіп жатқан асау Жайық көне қаланың орнын жұтып келеді. Сондықтан да мемлекет көмегіне сүйенген археологтар осы шағын алаңды сақтап, кейінгі ұрпаққа тарихи мұра қалдырмақ.

КОМЕНТАРІ • 7