Алматы облысының тұрғындары «Жасыл аймақ» апталығы аясында 30 мыңнан астам ағаш отырғызды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Алматы облысының тұрғындары «Жасыл аймақ» апталығы аясында 30 мыңнан астам ағаш отырғызды. «Бірлік күні» мерекесі қарсаңында Жаңалық ауылының жұрты тал егіп, көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Елдімекен халқы сенбілікке бала-шағасымен бірге шығып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетті. Толығырақ әріптесім айтып берсін.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Айман Сәрсенбаева кішкентай немересін сенбілікке ертіп келген. Себебі, мектеп мұғалімі мұндай шара өскелең ұрпақты тазалыққа әрі тәртіпке үйрететініне сенімді.
    АЙМАН СӘРСЕНБАЕВА, Жаңалық ауылының тұрғыны:
    - Тал ексең сол талды әдемі өсіру үшін еңбек ету керек. Сол сияқты баланы да табиғатты таза ұстауға, ағаш ексең оның ертең пайдасын көретіндігін білдіру үшін арнайы киіндіріп, күрегін ұстатып алып келген жайым бар.
    Жаңалық ауылында жүзден астам отбасы бала-шағасымен бірге тал екті. «Отбасы ағашын отырғызу» акциясына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев де қатысты. Аймақ басшысының айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық шарасын аудан мен ауыл халқы қолдап, өз үлестерін қосып жатыр.
    МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, Алматы облысының әкімі:
    - Облыстың тұрғындары белсенді қатысуда. Кеше ғана 340 мың оқушы әрқайсысы тұқым егіп, ағаш өсіруге ниет жасады. Бұның маңызы тек қана экологиялық мәселені шешу емес идеологиялық маңызы да өте үлкен. Бұл бастама осы аймен бітпейтін күнделікті өмірімізде қалыптасып кететін дәстүр болу керек.
    «Жасыл аймақ» апталығына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қуана ат салысқан. Еңбекке жұмылған ел бір аптаның ішінде 30 мыңнан астам көшет отырғызыпты. Ағаштың бес түрін еккен белсенділер оның күтімін де назардан тыс қалдырмаймыз деп отыр. Яғни, жасыл желекті тұрақты түрде суарып, оның қурап кетпеуін қадағалайтын болады. Айта кетейік, экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ •