20 января 2024 г.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 вер 2024
  • 2024 жылдың 19 қаңтар күні колледжіміздің 60 жылдығына орай және кәсіби бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Қаратау қаласында орналасқан мектептердің 9-10 сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыс өтті. Жарыс Талас ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы мен Талас ауданы әкімдігінің білім басқармасы арасында келісімі арқылы бекітіліп жүзеге асырылды. Жарыс спорттың 8 түрінен яғни ✅“Допты кедергілер арқылы алып жүру"
    ✅"Дөңгелекті дөңгелетіп алып жүру";
    ✅"Секіртпемен секіру";
    ✅"Калашников автоматын бөлшектеу және жинау";
    ✅"Пневматикалық мылтық ату";
    ✅”Ләңгі ойыны";
    ✅”Асық ату",
    ✅”Арқан тарту" түрлері бойынша сайысқа түсті. Жарысқа қатысқан барлық мектеп оқушылары тартысты да қызықты ойын көрсетті. Қорытындысы бойынша "Секіртпемен секіру" I-орын С.Сейфуллин о/м, II-орын А.Байтұрсынұлы о/м, III-Д.А.Қонаев о/м. "Дөңгелекті дөңгелетіп алып жүру" I-орны Ш.Уалиханов о/м, II-орын А.Байтұрсынұлы о/м, III-орын Мектеп-Лицей о/м, "Дөңгелекті дөңгелетіп алып жүру" I-орын Мектеп-Лицей о/м, II-орын Д.А.Қонаев о/м, III-орын Ш.Уалиханов о/м, "Калашников автоматын бөлшектеу және жинау" I-орын №1 Лицей, II-орын А.Байтұрсынұлы о/м, III-орын Мектеп-Лицей о/м. "Пневматикалық мылтық ату" I-орын №1 Лицей, II-орын Д.А.Қонаев о/м, III-орын С.Сейфуллин о/м. "Ләңгі ойыны" I-орын С.Сейфуллин о/м, II-орын А.Байтұрсынұлы о/м, III-орын Мектеп-Лицей о/м. "Асық ату" I-орын С.Сейфуллино/м, II-орын Мектеп-Лицей о/м, Ш.Уалиханов о/м. "Арқан тарту" I-орын №1 Лицей, II-орын А.Байтұрсынұлы о/м, III-орын Д.А.Қонаев о/м орындарға ие болды. Ал, жалпы қорытынды есеп бойынша "БАС ЖҮЛДЕ" С.Сейфуллин о/м, I-орын №1 Лицей, II-орын Мектеп-Лицей о/м, III-орын А.Байтұрсынұлы о/м, III-орын Ш.Уалиханов о/мектептері жеңіп алды. Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, төзімділікке, жылдамдыққа және күш- жігерлерімен сынасып, спорттық қабілеттерін шыңдау мақсатында өтілген жарысқа үлкен қолдау білдірген колледж түлектеріне және демеушілік көрсеткен “Жастар ресурстық орталығының “ директоры, колледж түлегі Манатбеков Нурсултан Жексенбекұлына колледж ұжымы үлкен алғысын білдіреді! Ауданның жалынды жастары биік тұғырдан көріне берулеріне тілектеспіз!!!!

КОМЕНТАРІ •