"Тамақтану мәдениеті" [Қазақ тілі, 7-сынып, 3 тоқсан]

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 12 вер 2024
  • Дұрыс тамақтану, тамақтану әдебі,
    Оқу мақсаты:
    7.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу
    7.4.4.4.Одағай түрлерін ажырата білу,қолдану.
    Бұл сабақта оқушылар тамақтану мәдениеті, дастарқан басында тамақтанудың әдебі, ұнататын тағам түрлерін, дәрігер-диетолог, Сидней Университетінің профессоры Дэвид Раубенхаймер пайдалы тағамдармен тамақтанудың құпиясы, ересек адамның тағам мөлшері 44-65 пайыз көмірсулардан, 35 пайыз майдан және 25 пайыз ақуыздан тұратындығы,
    Диетологтың айтуынша, жануарлар олардың ағзасында қандай да бір элементтердің жетіспейтінін өздері-ақ сезеді екен.Егер де адам қандай да бір сырқатпен диетологтың көмегіне жүгінетін болса, онда оның ағзасында белгілі бір заттың жетіспеушілігі немесе шамадан тыс заттың бар екені айтылады.Диетологтар асты жиі әрі аз мөлшерден ішудің пайдасы жоқ екенін айтса, ғалымдар отбасылық таңғы, түскі және кешкі астың пайдасы барын айтады. Күнделікті таңғы асты ішу арқылы кешкі астағы калория төмендейтіні туралы ақпарат алады.
    Қызықты түрлі тапсырмалар берілген. Соның ішінде мәтін бойынша тақырып қою, "Даналық кілттер" әдісі, жағдаятқа байланысты тапсырмалар, QR сканер арқылы қызығушылықты артыратын тапсырма берілді.

КОМЕНТАРІ • 29