СУСИНГЕН КӨЛІНЕ АТПЕН САЯХАТ 2023 / ОЗЕРО СУСИНГЕН 2023

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 вер 2024
  • Сырға толы Сусіңген көлі - Өгем тауының інжу-маржаны. Көл 2 мың метрдей биіктікте Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан. Таңғажайыбы сол, жаз сайын 3,5 мың шаршы метрлік су жерге сіңіп кетеді. Оның орнында жасыл желек пайда болады. Ал сәуір келе, еріген қар мен көктемгі су тасқынынан көл қайта толады.
    Бұл құбылыс жылдың тек бір мезгілінде болатыны үлкен жұмбақ. Содан шығар, ел арасында көлге қатысты сан түрлі аңыз тараған. Біреулер су Шымкент қаласының ортасындағы Қошқарата өзеніне құйылады немесе Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура бұлағына «айналады» десе, енді бірі Сусіңген жер астындағы шұңқырлар мен үңгірлерге «құйылады» дегенді алға тартады.
    Табиғат өз кереметін жасыратындай, көлге жету қиын. Шымкенттен 70 шақырым қашықтықтағы Біркөлік шатқалы арқылы бару ең оңай жол. Бұл демалыс аймағы облыс орталығына жақын, сол себепті, туристер дәл осы бағытпен барады. Жаяу жүргіншілер көпірден, еріген қар суынан аққан тамшы астымен және табиғаттың тағы бір құпиясы - сталактитті және «Сусіңген» атты жер асты үңгірлерінен өтеді.
    Сусіңген оған жеткен жанға көз тоймайтын әсем көрініс сыйлайды. Суға шомылып, балық аулауға қолайлы жерде жан мен тән демалады. Сусіңгеннің солтүстігінде өзімен аттас өзен бар, онда осман балығы тіршілік етеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл осында мекендейтін жалғыз балық, одан дәмі тіл үйіретін тамаша тағам әзірлеуге болады. Бұл жер туризмнiң бiр емес, бiрнеше саласын қатар дамытуға сұранып-ақ тұрғандай.

КОМЕНТАРІ • 38

  • @НурекеЕлеусиз
    @НурекеЕлеусиз Рік тому

    Ассаламу алейкум керемет табигат

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  Рік тому +1

      Уалейкумассалам ия
      Келесі жолы бірге барайық Нүреке

  • @celalettinn
    @celalettinn 4 місяці тому +1

    Старт кай жерден каскасуданба ?

  • @Qazaqia_
    @Qazaqia_ 3 місяці тому

    Керемет табиғат

  • @aibekbaltabekov2044
    @aibekbaltabekov2044 4 місяці тому

    Контакт номер барма

  • @malyvv7381
    @malyvv7381 11 місяців тому +1

    Маршрут қай жерден басталады?

  • @OrdabekKaiyrgali
    @OrdabekKaiyrgali Рік тому +1

    Әдемі, Шымқаланың кереметтерін осылай көрсетіп отырсаң 👍👍👍

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  Рік тому +2

      Уағалейкумассалам Қайреке 🤝 қолдан келгенше көрсетеміз 🤝🇰🇿

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali Рік тому +1

      @@FISHINGHUNTING17 Сәттілік тілеймін 👍👍👍

  • @user-ni1959
    @user-ni1959 Рік тому +1

    Қандай керемет табиғат.Ата бабамыздан қалған жерлер.Біреудің жеке меншігінде шығар.👍🔥👏✊🇰🇿

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  Рік тому +3

      Мемлекеттік қорыққой бұл жердің бәрі

    • @АйгульЕлеуова-ы6з
      @АйгульЕлеуова-ы6з Рік тому

      ​@@FISHINGHUNTING17
      Қай жерде орналасқан? Табиғаты супер!

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  Рік тому

      @user-pz8ee1ou4c Түркістан облысы Сайоам өгем тауларында

  • @АзаматОспаналиев-т6м
    @АзаматОспаналиев-т6м 8 місяців тому

    Ленгер жактагы тау быздын мен уш кун тау артында жатп кайткам

  • @АйгульЕлеуова-ы6з

    ТПЬИҒАТЫ ҚАНДАЙ!!! ЖМБАЙЫ,АДАМ КӨП БАРМАЙТЫН ДНР! ЖҮМАҚ! ЛАЙК.ЖАЗЫЛДЫМ

  • @АлауЕсіміжанов
    @АлауЕсіміжанов 10 місяців тому

    Аттың арендасы қаншадан ешек жақсы негізі төзімді осы жазда отбасымды алып шығамын

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  9 місяців тому +1

      Ешек шыдамайды ол жаққа

  • @КайратКуанышов-ч8и

    Ассәләмуалейкум уә Роһматтуллоһи уә Барокатуһу Керемет Аллаһ Тағаля берекесин берсін Табиғат қа жанашыр Бауырым 🤝🇰🇿

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  Рік тому +1

      Уалейкумассалам уа рахматуллахи уа баракатух Қайреке рахмет аумин 🤲🏻🤝🇰🇿

  • @Серик-ъ4ь
    @Серик-ъ4ь Рік тому

    Ассалаумағалеикум Бәке каижагынан шыктыныз 👍

  • @Рыбалка13регион-с7е

    Ассалаумағалейкум Баке керемет. Балығы зор жаяу барғанмын

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  Рік тому +1

      Уалейкумассалам ия әдемі жер

  • @nurzhansailauov6068
    @nurzhansailauov6068 Рік тому

    Қалай баруға болады?турменба. Қалай хабарлассақ болады

    • @FISHINGHUNTING17
      @FISHINGHUNTING17  Рік тому +1

      Конный тур Шымкент
      Қазір бармайды келесі жылы барады

  • @AlizhanSapargaliev-em1xg
    @AlizhanSapargaliev-em1xg 6 місяців тому

    Керемет

  • @ЕрнарЗаманханов-е2к

    Ассалаумағалейкүм Калаисыздар зор екен

  • @Природа-л1о
    @Природа-л1о Рік тому

    Жарайсың баке канал дамый берсін

  • @ГалымжанМирманов

    Табиғаты зор екен 👍🏻

  • @user-bake.
    @user-bake. Рік тому

    Кушти🤝🤝🤝👍👍👍👍

  • @МухамеджанЕлеусизов-т7м

    Керемет👍