Қазақстанға бір емес, бес АЭС салу қажет - маман

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 14 тра 2024
  • Қазақстанда энергия тапшылығы проблемасы күннен күнге өзекті болып келеді. Елді энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету үшін баламалы энергия көздерінің қуаты жеткіліксіз. Олардың үлесі небәрі - 5%. Одан бөлек, күн панельдері ең көп дегенде 20 жыл қызмет етеді, сосын оларды жою керек. Ал жел станцияларына үнемі белгілі бір екпіндегі тұрақты жел болуы қажет. Атом энергиясын мысалға келтірсек, бір ғана кішкентай уран таблеткасы 400 кг көмірді алмастыра алады.
    Эколог Бекберген Керейдің айтуынша, Балқашта атом электр станциясын салсақ, электр қуаты тапшылығын көріп отырған Оңтүстікті энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанға да жарық бере аламыз.
    Маманның пікірінше, 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы болмауы үшін Қазақстанға бес атом электр станциясы керек. Қазіргі кезде Қазақстанда АЭС салуға Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Франция ниет білдіріп отыр.
    Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
    Telegram Rus - t.me/kazinform_news
    Instagram - / @kazinform_kz
    Instagram - / @kazinform
    Facebook - / @Kazinform
    Facebook - / @Казинформ
    Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
    Cайт - kaz.inform.kz/
    #kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

КОМЕНТАРІ • 6

  • @user-is3qz5ox5k
    @user-is3qz5ox5k 16 днів тому +3

    Жоқ. Керек жоқ. Бұл русский пропоганда. РФ өзіне салсын 😡

  • @user-pp7hu4qk1k
    @user-pp7hu4qk1k 16 днів тому +1

    Салатын болса аэс ті тек аққұлақтардан басқа ел салу қажет

  • @user-wc4nn4it3q
    @user-wc4nn4it3q 16 днів тому

    Соза бермей ертерек салу керек қой .