КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ-2023

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 жов 2023
  • «Жаңаөзен мұнайшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелері ҚР Кәсіподақтар күніне орай «Кендірлі» демалыс айлағында мерекелік шара ұйымдастырып, спорттық сайыс өткізді.
    - Әлеуметтік серіктестік аясында кәсіподағымыздың әлеумет-әділет қағидатына негізделген өмірлік ұстанымын, ұйымдастырушылық қабілетін күнделікті іске асырып, жұмысшылардың еңбек құқығы мен заңды мүддесін қорғауға, тұрмыстық жай-күйінің жақсаруына үлес қосып, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жемісті еңбегіңіз үшін әрқайсыңызға алғысымды білдіремін, - деді кәсіподақ төрағасы Серік Бекбергенов құттықтау сөзінде.
    Бастауыш кәсіподақ мүшелері де өз кезегінде жылы лебізін білдіріп, мәдени-көпшілік шара үшін ризашылығын жеткізді.
  • Фільми й анімація

КОМЕНТАРІ •