Еліміздің солтүстігінде су тасқынынан келген шығын 73 миллиард теңгеге жетті

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 14 тра 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Еліміздің солтүстігінде су тасқынынан келген шығын 73 миллиард теңгеге жетті. Жүздеген жанұя баспанасынан айырылды. Жолдар қирап, инженерлік желілерге зақым келді. Ал дүние-мүлкінен айырылған тұрғындарға берілетін жаңа үйлердің құрылысы басталып кеткен. Алғашқы 100 баспана маусым айында пайдалануға берілмек. Жалпы, күзге дейін тасқыннан зардап шеккен отбасыларға бас-аяғы 500 үй салынбақ. Үйлердің құрылысын әріптесім Руслан Жасұланұлы көріп қайтты.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Бұл Петропавлдың солтүстік бөлігіндегі "Солнечный-2" шағын ауданы. Бүгінде жаңа ауданда үйлер қарқынды түрде бой көтеріп жатыр. Құрылысшылар бір аптада 50 үйдің қабырғасын көтеріп, шатырын жабуға кіріскен. Олар екі ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеуде. Жалпы, өңірде баспана салуға 11 құрылыс компаниясы тартылған екен.
    ДАНИЯР ҚАРЫП, құрылысшы:
    - Шал ақын ауданынан 7 үй салуға келдік. 5 үйдің қабырғасын көтеріп қойдық. Жұмысты қарқынды бастадық. Таңғы 8-ден күн батқанша жұмыс істейміз.
    Алғашқы жүз үйдің құрылысы тура 20 күннен кейін аяқталады деп жоспарланған. Кейін олар жалғыз баспанасын су басқан отбасыларға беріледі. Ол үшін «Қазақстан халқына» қоры 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді. Айта кетейік, үш бөлмелі жер үйдің аумағы 80 шаршы метр болады.
    БОЛАТ ЖӘМІШОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» Қорының басқарма төрағасы:
    - Бір үйдің құны 22 миллион теңге. Менің ойымша, бұл баспаналарға тұрғындардың көңілі толады. Іргетасы мықты, жақсы құрылыс материалдары қолданылып жатыр. Үй жылы болуға тиіс.
    Қазір аймақта арнайы мамандар су тасқынынан бүлінген бір жарым мыңға жуық баспананы тексеріп, мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізген. 250 үй тұруға жарамсыз деп танылыпты. Сол себепті ауданда тағы 100 баспананың құрылысы басталмақ. Осылайша, күзге дейін бас-аяғы 500 үй салу көзделген.
    Айта кетейік, солтүстікте 3800 баспананы су басқан. 63 үй әлі күнге дейін суда тұр. Аймақта тасқыннан келген шығын 73 миллиард теңгеге жектен.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ •