Дауға айналған жоба! Қызылордада оқушылар түрменің ғимаратында білім алуға мәжбүр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 лют 2023
  • «Жайлы мектеп» жобасы Қызылорда қаласында басталмай жатып дауға айналды. Шенеуніктер небәрі екі айдан кейін жоба аясында құрылысы басталуы тиіс жаңа білім ұясына әлі күнге дейін орын дайындамаған. Өйткені нысан бой көтереді деген жердің біраз бөлігі жеке кәсіпкерлердің меншігінде екен. Ал ең сорақысы осы шағын аудандағы мыңға жуық оқушы бірнеше жылдан бері бұрынғы түрменің ғимаратында білім алуға мәжбүр. Сондықтан, ата-аналар жаңа мектептің қаржысы дайын болса да, қаннен қаперсіз жүрген ақжағалылардың әрекетсіздігіне ашулы.
    Қызылорданың Ақмаржан шағын ауданындағы бұрынғы түрме ғимараты болған мектептің орнына екі айдан соң жаңа білім ордасының қабырғасы қалануы керек. Тіпті бұл үшін "Самұрық-Қазына" Constracion-нан бөлінетін қомақты қаражат та дайын. Сөйте тұра жергілікті шенеуніктер жұмыстарын атқара алмай отыр деп ашулы ата-аналар. Айтуларынша жаңа нысан тұрғызылуы керек 2,4 гектар жердің 4 мың шаршы метрі әлі күнге жеке азаматтардың еншісінде екен.
    ДӘРІГҮЛ ЖАЛБЫРОВА, ата-ана:
    - Осы жерге мектеп салынады деп генплан бойынша сызылады. Өйткені мектеп емес қой бұл түрме ғой бұрынғы. Ал енді мектепті салынады деп тұрып, неге мына жердің барлығын коммерциялық мақсатқа сатады? Акиматтың "Біз сіздерге ондай мектеп салуға қаражатымыз жоқ" дейтін болса, біз халықтан жылу жинайық.
    10 жылдан бері құр уәдеден шаршаған ата-аналар әлі күнге орны дайын емес нысанға бөлінетін қордың қаражатынан тағы қағыламыз ба деп алаңдаулы. Ал 40 жыл бұрын түрме болған қазіргі мектепте мың оқушының білім алуына жағдай жасалмаған. Тіпті ғимараттың тарлығы сонша, дәлізде екі оқушы қатар жүре алмайды дейді ата-аналар. Оның үстіне акт зал, зертханалық кабинеттер мүлдем жоқ. Ескі ғимараттың талапқа сай келмейтінін мектеп директоры да растап отыр.
    ЕРКІН АҚШАЛОВ, Қызылорда қаласы №197 орта мектептің директоры:
    - Балаларға тығыздау. Оқу стандартына сәйкес келмейтін мектеп. Санпин бойынша да, басқа да. Соған байланысты қазір бұл мектептің жарамсыздығы жөнінде жұжаттар дайындалып жатыр, рәсімделіп. Осы 1-2 күннің көлемінде егер аяқталса, қорытындысын аламыз. Егер қорытындысын алатын болсақ бұл мектеп бұзылуға жатады.
    Ал жауапты басқармадағылар әлі күнге кәсіпкерлермен екі жақты келісім жүргізіліп жатыр дейді. Айтуларынша азаматтар меншігіндегі жер телімдерін мемлекет меншігіне бермесе де, мамандар жаңа мектептің жобалық құжаттарын дайындап жатыр екен.
    ДІНМҰХАМЕД СЫРЛЫБАЕВ, Қызылорда облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:
    - Ол жерге мектеп салынатыны анық. Сондықтан мемлекет мұқтажына алу жөнінде қаулы шықты қала әкімдігінен. Шектеулердің барлығы қойылды. Ол жұмыстар параллельно жүре береді. Ал құрылысқа байланысты ешқандай тоқтау жұмыстары болмайды.
    Әлі күнге жерінің біраз бөлігі жекенің меншігіндегі мектептің екі айдан кейін құрылысы басталады дегенге ата-аналар сенімсіздікпен қарайды. Ал бұрын түрме болған нысан сараптамадан кейін сүрілуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар жаңасын сұрап жүргенде, ескі мектебімізден айырылып қаламыз деп алаңдайды.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 22

  • @user-po4jc4nj1b
    @user-po4jc4nj1b Рік тому +6

    Бар ақшаны да ептей алмайтындар бар екенғой...МЫНАУ МАСҚАРАҒОЙ !!!

  • @Gurevskii.Z
    @Gurevskii.Z Рік тому +5

    Неге киіз үй тігіп киіз үйде оқимайды🤣😂😁

  • @kulzipatoishibek8851
    @kulzipatoishibek8851 Рік тому +2

    Недеген кала бул Каншашыншы ғасырда омыр сурып жатырсыздар .Оны неменеге мыжып ата бересындер.Бырыншы оған кыналы акым кыналы ,ол тек калтасын ғана ойлайтын азамат кой.Оныншы ғасырда омыр сурып жаткан сияктысындар ғой.Кызылордалыктар.

  • @rahmatulla1898
    @rahmatulla1898 Рік тому

    Менің мектеп бітіргеніме 40 жыл болды. Біздің кезінде мұғалімдер дің 65-80% ер адамдар болған. Ол кезде мұғалімдерден оқушылар ұрады, ұрсады деп қорқатын , одан еш оқушылар зардап шекен жоқ керісінше тәртіп біршама жоғары болатын. Ата-аналар оқушылар мен мұғалімдер арасына түскен жоқ .Сонда да ата-аналар алдында мұғалімдер қадірі жоғары болатын. Енді айтарым ер адамдарды мұғалімдер қатарына кемінде 50% алынған жөн және мұғалімдермен балдарымыздың арасына азырақ арласқанымыз жөн сияқты.

  • @user-uq7mt1xh7x
    @user-uq7mt1xh7x Рік тому +1

    Казактарга сырттан жау керек емес

  • @user-nz7lq6di3s
    @user-nz7lq6di3s Рік тому +2

    БАЛДАРЫМЫЗ ЖАНА МЕКТЕПТЕ ОКИДЫ ДЕП БИЗ КУАНЫП ЖУРМИЗ.

  • @user-uy4cc3de1g
    @user-uy4cc3de1g Рік тому +3

    Қызылордадағы бұрынғы десяткіма мектеп жасап қойғанба о тоба бұл өкімет қуадекен

  • @user-vj7bl6bx9v
    @user-vj7bl6bx9v Рік тому +3

    Екі әкім сатып бөлісіп алған да

  • @netflixyt2275
    @netflixyt2275 Рік тому

    турме болсада осы мектепті бітірп шықтық

  • @user-zq3ji2wi4s
    @user-zq3ji2wi4s Рік тому +2

    Нұрлыбек,мұның дұрыс болмаған екен! Тойға жұмсаған милондарың қайда? Берсей осында көмек қолын созып. Кінәсіз халықты зар илетпей,не деген адамсың ей былқ етпейсің. Анау жиен қарындасың зар илеп жүргені!?

  • @user-ld2fd8it2p
    @user-ld2fd8it2p Рік тому

    Кең қазақ жерінде балаларға түрмеде оқытудан басқа орын жоқ екен да.

  • @kkkadet77
    @kkkadet77 7 місяців тому +1

    Бизди айтсайш 1995 жылдары окыган кезде вообще еди 😢😢😢

  • @user-gy2hq2lg1k
    @user-gy2hq2lg1k Рік тому +1

    Нәлібайов деген жұмыс жасайтын әкім ба өзі Сол келгелі қаламыз дым алға қарай жылжымады ғой әлде оған өз бизнесі жүрсе болды ма екен

  • @user-fs5ed7rc3r
    @user-fs5ed7rc3r Рік тому +1

    Кой...ей....не.ыстеуге.болады..дамимызба.деп.жургенде.бордай.тозбасак.болар.еды.ангыме.жок.басындар.жем.корлар

  • @user-wb9hp1lo7b
    @user-wb9hp1lo7b Рік тому

    Әй, қазақтар! Сөз жоқ! Мынау не? Балалар түрмеде оқып жатыр деген не? Әкім - қазақ халқының жауы! Сұмдық!

  • @user-wk5kl3qe8i
    @user-wk5kl3qe8i Рік тому

    Осы мектепте окып битирдиккой

  • @user-wk5kl3qe8i
    @user-wk5kl3qe8i Рік тому +1

    Шатаспасам 2000жылдан бастап мектеп болган.

    • @kkkadet77
      @kkkadet77 Рік тому +1

      Шатастын 1995 жылдан бастап

  • @user-tm9vu1tg7r
    @user-tm9vu1tg7r Рік тому

    Енді мектепті қашан салады?
    Наурыздың ортасы болдығой.

    • @StandoHel
      @StandoHel 6 місяців тому

      Жана мектеп уже салыпжатр

  • @StandoHel
    @StandoHel 6 місяців тому

    Школа полная фигня я в 197 перешел ваще ужас обратно в свою школу хочу