ТҰЩЫҚҰДЫҚ. Сөзі: Кеңес ШОҚАН. Сазы: Сағидолла ҚОЙЛЫБАЕВ. Орындағандар: Тұщықұдықтың өнерпаздары

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 кві 2020
  • ТУҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ
    Ауылым, арман әнім алыс қалған,
    Осы ауыл үшін талай шабыс болған.
    Баһадүр бабалардың арқасында
    Тарихқа таңғажайып табысталған.
    Бозащының бүйірі біздің ауыл,
    Менің ата-бабама қоныс болған.
    Сәттіғұлдай ақынның жырларымен
    Тұщықұдық талайға таныс болған.
    Ұлдары ұлық болар ұлылардың
    Осынау бастау алған ағыстардан.
    Туған елге тілегім қай кезде де -
    Тұнып тұрсын даламыз данышпаннан.
    Тұлға қалай тумасын Тұщықұдықтан
    Арыстан ғана туар арыстаннан.
    Ауылым қызылқұмның етегінде,
    Сен үшін еңбек еттім, етемін де.
    Осы ауылда туылып, қиял қуып
    Кеткен едік арманның жетегінде.
    Күліп-ойнап қалғанда ауылдастар
    Мен жылап қоштасқанмын кетерімде.
    Қарызым болса дағы осы ауылға,
    Парызым басқа жақта өтелуде.
    Сарғайып сағынғаннан жырға қостым
    Туған жер топырағын, кесегін де.
    Өзегін өр балаңның жарып шыққан,
    Өз елім - өлеңім де, төсегім де.
    Кешегі өзің туған жаман балаң,
    Сен деп сөйлеп ақын боп төселуде.
    Туған ел, саған ғана байланысты
    Өсерім, мына менің, өшерім де.
    Миллион мәрте мен елге қарыздармын
    Тағдырым созылса да неше күнге.
    Моласы мен қорасы осы ауылда
    Туған жері әкенің, шешенің де.
    Тікелей туған жерге тәуелдімін,
    Тамыр тартып жатқан соң осы өңірден.
    Аяулы ағайлар мен апайлардың
    Білім алып өскенбіз жетегінде.
    Ұрпаққа білім беріп дәлелдеді
    Ұстаздықтың ұлы іс екенін де.
    Мейрімді мұғалімнен тәлім алдық
    Қатыгездік болмаған еш өңінде.
    Жаңғабылов мектебін ойға аламын
    Ойлаған арманыма жетерімде.
    Ұстаздардың білімін пайдаландым
    Дүниенің жұмбағын шешерімде.
    Талай-талай тұлғалар түлеп ұшты
    Ел басқарған кемеңгер көсемің де.
    Біздің елде баршылық дуалы ауыз
    Тура сөйлеп сардиған шешенің де.
    Жатпай-тұрмай сұраймын Жаратқаннан
    Бақ пен байлық болсын деп осы елімде.
    Ауылым, саған жақсы тілек тілеп
    Әр бір сәт толғанамын төсегімде...
    Жерімнің асты - мұнай, үсті - құдық,
    Туған жерді сағынған күшті ғұрып.
    Атыңнан айналайын, ТҰЩЫҚҰДЫҚ,
    Тудың ғой өзгелерден күшті қылып.
    Мен сені қоштасарда қимай кеттім
    Артыма қарай-қарай үш бұрылып...
    Мен сені өле-өлгенше сүйіп өтем
    Кіргенше қара жерге үш буылып...
    Атыңнан айналайын, ТҰЩЫҚҰДЫҚ!.
  • Розваги

КОМЕНТАРІ • 10

  • @user-mz8qw1ol1x
    @user-mz8qw1ol1x 3 місяці тому +1

    Керемет

  • @user-dq7bt4gd8c
    @user-dq7bt4gd8c 2 роки тому +1

    Ауылым❤😘

  • @user-fu8qs6jo4d
    @user-fu8qs6jo4d 2 роки тому +1

    Керемет!!!

  • @user-rv6yf1zr8g
    @user-rv6yf1zr8g 3 роки тому +1

    Ассалаумағалейкум. Бегебаев Бекбол әулетіне үлкен сәлем. Аман жүріңіздер ақбөлелер! Саулетбек Құлсары қаласынан.

  • @user-dx9cz6xx9o
    @user-dx9cz6xx9o 4 роки тому +1

    Керемет 👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @ROSE187
    @ROSE187 4 роки тому +1

    Өзіміз ай өзіміз😍😍

  • @user-ke4hl4rw6k
    @user-ke4hl4rw6k 4 роки тому +1

    👏👏👏

  • @tolganaikenesova7829
    @tolganaikenesova7829 4 роки тому +1

    🙆‍♀️🙆‍♀️🙆‍♀️

  • @nurgisabaikuren5307
    @nurgisabaikuren5307 4 роки тому +1

    Керемет👍

  • @talgatshynarai7525
    @talgatshynarai7525 3 роки тому +2

    Жастары Тұщы емес Ащысу ішеді демесең!