Әлемді Шабыттандырған • ЖІГЕР ТЕЛЮҚАНОВ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 31 січ 2020
  • Оқушылармен өткізген әр сәтінен бақыт таба білген жас ұстаз - Жігер Телюқанов Ақтау қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі.
    Жігер жақында ғана Оксфорд қаласында өткен байқауда 100-ден аса мемлекеттен келген мұғалімдер арасынан үздік шығып, Англияға магистратураға грант ұтып алды. Алайда болашақ жас ұрпақтың сауатты, білімді, көзі ашық азамат болып қалыптасуына өзінің үлесін қосу үшін, ұстаздық қызметін тастамай, өз елімізде балаларды оқытқанды жөн санады.
    Талапты да талантты, озық ойлы ұстаздың бағыты айқын, мақсаты анық. Жас та болса өзінің алғырлығымен көпке үлгі бола білген Жігер Телюқанов ұстаздық қызметімен, алдағы жоспарларымен бөлісті. Назарларыңызға «Әлемнің үздік ұстазы» деректі фильмін ұсынамыз.
    Film by "Bilim-Innovation" Schools |
    atyrau.bilim x bil.aqtau

КОМЕНТАРІ •