МИТОЗ, ОНЫҢ ФАЗАЛАРЫ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 9 лют 2025
  • Митоз (сома жасушаларының бөлінуі)
    Интерфаза
    12- 24 cағат
    G1, S, G2
    Митоз
    1-2 сағат
    Профаза, Метофаза, Анафаза, Телофаза
    Профаза кезінде ядрода жіңішке жіптер пайда болады. Ол жіптер - хромосомалар. Профазада олар ширатылады және қысқарып, жуандай бастайды. Профаза хромосомалар цитоплазмада еркін орналасқан;
    Метафаза - хромосомалар бір жазықтықта ретімен орналасады;
    Хромосомалар метафаза пластинкаларын түзеді және әрбір хромосома өзінің орталық центромерамен бөліну ұршығының жіпшелері бекітіледі. Хромосоманың хромотидтері бір-бірінен бөлініп, оқшаулана бастайды.
    Анафаза кезінде хроматидтер (жас хромосомалар) жасушаның полюстеріне қарай ажырайды. Хромосомалардың экватордан полюстерге қарай жылжуы хромосомаларға бекінген ұршығының жіпшелері аркылы жүзеге асырылады. Олар жиырылып, жас хромосомаларды жасушаның полюстеріне карай созады. Хромосома жылжығанда АТФ энергиясы жұмсалады.
    Телофаза кезінде жасуша полюстеріне жақындап келген хромосомалар бұрынғы дұрыс пішінін жоғалтып, ширатыла бастайды да олар ширатыла келіп, тағы да ұзын жіпшелерге айналады, мұның өзі қайтадан біріне-бірі оралып жатқан ұзын жіпшелер пішініне келеді, жаңадан ядро қабықшасы түзіліп, ядрошық қалыптасады және ядроның интерфазадағы құрылысына тән қасиет толық қалпына келеді. Бүкіл телофаза бойында цитоплазма бөлінеді де соның нәтижесінде, екі жас жасуша бір-бірінен ажырасып кетеді. Бұл жасуша құрылысы жағынан аналық жасушаға өте ұқсас болады

КОМЕНТАРІ • 6