Махамбет Өтемісұлы кесенесі. құлпытас зерттеу.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 30 вер 2024
  • Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Осы жылы маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері көтерілістің тууына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіп, наразылық үлкен қозғалысқа айналды. Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты ақын толғауы, ондағы «Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс тапты. Бұл оқиғалар ақынның «Соғыс» жырында бейнеленсе, «Жабығу», «Ереулі атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі. 1838 жылы шілденің 12-інде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өміріндегі ауыр да сүргінді жылдар жалғасып, 1841 жылы наурыздың 4-інде белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілеков деген қазақтың үйінде отырған жерінде қолға түсті. Орал әскерінің 40 адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков бекетінде 2 апта түрмеде ұстады, кейін Орынборға айдады. Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды. Сот 1841 жылы шілденің 7-інде «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазаланасың деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті. 1841-1845 жылдар аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер тым аз. 1845 жылы ол баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборда болды. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғаса, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та ақынды қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты. Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Оның шығармалары қазақ поэзиясының сатира, элегия, монолог, арнау жанрларының қалыптасуына, стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды.
    Дерек көзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том «Тарихи тұлғалар» кітабы

КОМЕНТАРІ • 155

  • @БибигулИхсанова-ш6ч
    @БибигулИхсанова-ш6ч 3 роки тому +49

    Алла жар болсын !!! Светқали Нұржан ағамыз ( Маңғыстаудан) бастаған топ екен. Жолыңыз болсын !!! Ағамыздың ақындық жолынан басқа, осы тарих қойнауынан сыр шерткенде, Маңғысттаудың әрбір тасын сөйлетеді десем, артық айтқаным емес. Алла жар болсын, ата- баба қолдасын !!!

  • @tenelbaisuiesinovich5005
    @tenelbaisuiesinovich5005 2 роки тому +45

    Махаббат Бабамыздың зиратына баратын жол салу керек!!!

    • @zhzhhk3930
      @zhzhhk3930 Рік тому +8

      Махаббат емес.
      Махамбет Өтеміс ұлы!

  • @МухановКайрат
    @МухановКайрат 3 роки тому +9

    Аумин аумин аумин бир Алла колдасын аркашан Казагымды жасасын Казагым алга Алаш журты.

  • @Baybaqty2023
    @Baybaqty2023  Рік тому +2

    Махамбет Өтемісұлы мазары...
    Қазақ халқының көрнекті тұлғасы, ақын, арқалы күйші-сазгері, батыр
    Махамбет Өтемісұлының жерленген жеріндегі қауымдағы
    құлпытастар туралы не білеміз?
    Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат селолық округіне қарасты Қараой қырында Махамбет Өтемісұлы жерленген қауым жатыр. Батырдың сүйегі жерленген қауымға 1995 жылы 30 қыркүйекте мазар салынып 2003 жылы арнайы жөндеуден өткізілген. Мазар бүгінгі таңда арнайы қорық болып мемлекет қамқорлығына алынған. Қараой жеріндегі бұл қауымда сақталуы өте нашар 13 құлпытас бар. Құлпытаста Беріш руы, Қаратоқай бөлімінен тарайтын марқұмдардың аты-жөндері, өмір сүрген уақыттары араб hаріпімен шағатайша жазылған. Шағатай тілінің сөз қорында араб және парсы тілдерінен кірген сөздер өте көп. Сонымен бірге оған көшпенді қазақтардың тілі де қатты ықпал етті. Сол себепті құлпытаста жазылған кейбір сөздер түсініксіздеу болуы мүмкін. Құлпытастар табиғат факторының әсерінен мүжіліп мүлдем жойылып кетуге шақ қалған. Мұндай киелі жерлердегі тасқа қашап жазған құнды деректерді енді бір 10-20 жылда мүлдем жойып алуымыздың қауіпі бар.
    1-інші құлпытаста: Беріш руғы, Қаратоқай тайпасы, 1801 -деген сөздер мен цифрдан басқа Беріш руының таңбасы бейнеленген. Басқа жазулары табиғат әсерінен мүжіліп жойылып кеткен.
    2-інші құлпытас: Беріш руғы, Қаратоқай, 1805.,
    3-інші құлпытаста: Әль-Мархом,
    Әль-Махфур,
    Беріш руғынікі,
    Қартоқай тайпасынікі,
    Аққұлы аймағы,
    Құрмаштай Жәкенұлы,
    Офат болды
    57-інші яшында
    1879-ыншы иылында
    Алып қойды
    Бұл ташыны
    Жағасы
    Жайлыбай мурза.
    Бұл құлпытас басқаларына қарағанда жақсы сақталған. Төменде беріш руының таңбасы бейнеленген. Құлпытастың артқы бетінде құран аяттары жазылған.
    4-інші құлпытас: Жазуы мүлдем жойылған.
    5-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Қаратоқай тайпасынікі, Аққұлы аймағы, Қылышбай Сақи баласы, Офат болды, 1849 иылда 63 яшында, Бұқашы.
    6-ыншы құлпытас: Мүлдем жойылған.
    7-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Қартоқай тайпасы, Аққұлы бөлімі, Салы Бегісбай баласы Құлыншақ, Офат болды 1877 иылнда.
    8-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Қартоқай тайпасынікі, Албат хажы Жұқа мурза 23 яшында.
    9-ыншы құлпытас: Беріш руғы, Қаратоқай тайпасы, Сағырбай қызы Төреқыз, Офат 32.
    10-құлпытас: Мүлдем жойылған.
    11-інші құлпытас: Беріш руғы, Қаратоқай тайпасы, Хожамақұл халалы,
    Офат 50 яшында, 1889 ыншы иылда.
    12-інші құлпытас: Мүлдем жойылған.
    13-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Құлмәлі тайпасы, Кәди Ибраhим баласы, 1883-25 яшында.
    Бұл құлпытастағы Кәди Ибраhим баласы Өтемістің төртінші әйелінен туған - Махамбеттің інісі Ибраhимның баласы болуы әбден мүмкін.
    Құлпытастар туралы ғылыми зерттеулер мұнымен ғана шектелмеуге тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақ бұл мәселемен келешекте де айналысар,- деп кейінге қалдырмауымыз керек. Ашық аспан астында табиғаттың әсерінен жойылып бара жатқан құлпытастарды сақтап қалуымызды уақыт күттірмейді. Бабалардан қалған көшпенділер архитектурасының
    маржандарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз, ол парызымыз деп ойлаймын.
    (17 маусым 2017 жылы жазыппын)
    Тарих магистрі, өлкетанушы
    Мираш Сейілхан Аманқұлұлы,
    Атырау қаласы
    2023 жыл, шілде
    Құлпытастардағы мəтінді оқыған:
    Тарих магистрі, эпиграфист маман
    Қуанов Руслан Ерболатұлы

  • @Н.Д-щ9ц
    @Н.Д-щ9ц 3 роки тому +34

    Осы, хабарды беріп отырған, қатысып отырған азаматтар! Сіздерге алла, амандық берсін! Денсаулықтарың мықты болсын, жүрген жерлерің құтты болсын! Сөйлеп отырған азамат айтып отырған: "о, алла, бір кезде мықты болған, қазір күлкі боп жүрген қазаққа: ЕС БЕРЕ ГӨР! Басын біріктіре гөр!" деп отқан кісіні айтам: тура, мен де соны ЖИІ айтып отырам... Тура осылай ойлайтындар баршылық екенбіз... Құдайға, шүкір... Мекендеріңді жазыңдаршы осы, жерге: тауып аламын, өзім. Мүмкін, жөндеу жұмыстары т.б. болса, көмек берсем деген, ойым бар... Ин-ша-алла! Мақсаттарыңа жетіңдер! Әумин!

  • @Күлтегін
    @Күлтегін 3 роки тому +35

    Па шіркін аруағыннан айналдым еңіреп өткен ерлерім

  • @ӨмірзақКөптілеуов
    @ӨмірзақКөптілеуов 2 роки тому +27

    АЛЛАНЫҢ қазағымның маңдайына берген, ел үшін еңіреп , жер үшін , ұрпақ үшін жанын пида еткен ер- жүрек батырларымызға мың тағзым . Осы салада жұмыс істеп жатқан жігіттерге рақмет ! Ұрпақ білу қажет.

  • @СофьяГабдулина
    @СофьяГабдулина 7 місяців тому +10

    Жаны жәннәттә болсын бабамыздың қаиран бабам аи

  • @Жәке-й3е
    @Жәке-й3е 3 роки тому +15

    Жуынгер ақын М .Өтемісұлының жырлары қашанда рухты .
    Айқайлап жауға тигенде
    Ағатай Беріш ұраным .
    Исатай басшы ,
    Мен қосшы .
    Исатайдын сол күні
    Ақтабан аты астында
    Дулығасы басында
    Зығырданы қайнайды .

  • @МехрибанШернязова
    @МехрибанШернязова 3 роки тому +17

    Көріп риза болып отырмын.
    Ата-баба аруактары риза болып, желеп жебеп жүргей.
    Тоқберген Байтасов ағамыздың айтып жатырғандарын тыңдаса екен халық.
    Ол кісі ата-бабалар басын көтеру керектін айтып жатыр.
    Халықтың қазақый болмысқа қайту, ата - дәстүрді жаңғырту, т. б.
    Ата заңы, ақсақал, кемпірлікті меңгеру. сияқты айтып жатыр.
    Әулиеге бару шерк, серк деп жастарды тыңдап отырғанша, осылай сіздердей ағалардың бастап жатқан амалдары қандай керемет.

  • @ЕржанМусагалиев-ф4н

    Өтемістен туған он едік
    Онымыз атқа мінгенде
    Жер қайыстырған қол едік.

  • @mataikudaisugyr2359
    @mataikudaisugyr2359 3 роки тому +18

    Ер Махамбет бабамыздың жаны жәннәттің төрінде болсын. Светқали абыз ғой сөз саптауы бөлек. Жігіттер баршаңызға Алла жол берсін. Аталарыңа рахмет азаматтар

  • @АсхарАсхар
    @АсхарАсхар Рік тому +8

    Иманды болсын елі үшін еңіреп жүріп жан пида еткен қайран бабам. Барша Қазақ өзіндей болса қашааан өркендеп кететін едік өңшен жемқор жәдігөйлер тұрғанда еліміз дамымайды

  • @Просветитель-ц9г
    @Просветитель-ц9г 2 роки тому +30

    Аруақ тарды Тәңірім қолдасын, жер Ана жарылқасын!!!

  • @БауыржанКушенбаев
    @БауыржанКушенбаев 3 роки тому +20

    Ассалаумағалейкүм жігіттер, істеріңе береке берсін,арман мақсаттарыңа жете беріңдер, Рахмет Қуаныш бауырымызга керемет !!!👍👍👍

  • @serikkalibarlykbaev6567
    @serikkalibarlykbaev6567 3 роки тому +16

    Жетісудан бір дәм тартпай жүр. Барып қүран бағыштап қайтса, қандай тамаша болар еді

  • @yerbol1668
    @yerbol1668 2 роки тому +10

    Ақтабаны астында
    Дулығасы басында
    Исатай басшы мен қосшы
    Шабамын деп мен тұрдым
    Исатай басшы білсін деп
    Қалың əскер қол тұрды.

  • @manshukzhumashbaeva3794
    @manshukzhumashbaeva3794 3 роки тому +19

    Қазақ азаматтарына асқан биік рухты, қайтпас қайсарлық, өрлік, ауызбіршілік бере гөр, Алла!!!

    • @zhannatkuanyshbay5147
      @zhannatkuanyshbay5147 2 роки тому

      Әумин! Айтқаныңыз келсін!!!🤲🤲🤲🇰🇿🇰🇿🇰🇿❤️❤️❤️

  • @yerbol1668
    @yerbol1668 2 роки тому +13

    Ереуіл атқа ер салмай
    Егеулі найза қолға алмай
    Еңку-еңку жер салмай
    Қорамсаққа қол салмай
    Қозы жауырын оқ алмай
    Ерлердің ісі бітерме?

  • @ii.1378
    @ii.1378 2 роки тому +11

    Ассаламалейкум курметтi, агалар, сiздерге алгысым шексiз, сiздермен бiрге барып келгендей болып отыр, батырымыздын жаткан жерi жайлы болсын.

  • @БайсолтанКурманкалиулы

    Қазақ елінің нағыз азаттығын нәсіп ете көр қапыда кеткен ерлердің арманына ұрпақтарын жеткізе көр

  • @ДаукараБатыр
    @ДаукараБатыр 3 роки тому +16

    Жигиттер Исатай бабамыздын өлең Жолдары керек еди таппай журмин бир мемлеккетте өз тилдерине аудара алмай қойған екен сол өлеңи керек жаттап алғанға, Алла жарболсын

    • @user-pd2wy2hq1y
      @user-pd2wy2hq1y 3 роки тому +5

      Ол Махамбеттің Арқаның қызыл изенi деген өлеңі. Франция да бір музейде, аудара алмай сол қазақша қалпында жазып қойған.

    • @user-pd2wy2hq1y
      @user-pd2wy2hq1y 3 роки тому +9

      Арқаның қызыл изенi.
      Басы күрдек түбі арал
      Қыдырып шалар аруана.
      Ақсақалы елдің болмаса,
      Жастары болар дуана.
      Бiр сынаған жаманды,
      Екінші қайтып сынама.
      Тiрiде сыйласпаған ағайын,
      Құм құйылсын көзіңе
      Өлгенде маған жылама.
      Махамбет Өтеміс ұлы

  • @ДаметкенКенжегулова

    Алла разы болсын сіздерге.Істеп жатқан игі істеріңіз ұрпаққа үлгі болсын.Қазақтың сіздердей азаматтары көп болсын!
    Бірақ,қазақи киіну керек баста тақия,жеңді ұзарту керек,шапан ,аяққа мәсі .

  • @ЕрсайынМолдасанов
    @ЕрсайынМолдасанов 4 місяці тому +3

    Әумин. Ер болса,Махамбет бабабыздай болсын.

  • @gamerplay2007
    @gamerplay2007 2 роки тому +4

    Осы Беріштің жайығынанан тарайтын Сатыбалды оның ұлы Айбас деген кісі туралы мағұлмат барма

  • @almasisin1923
    @almasisin1923 3 роки тому +8

    Ақтамберді Доспамбеттерден сонғы жырау ақын батыр бір туар адам заманында тумады Алла жар болсын

  • @Jklghuipobngf
    @Jklghuipobngf Рік тому +4

    *АЙТАРҒА СӨЗ ТАППАДЫМ ІШІМ ҚАН ЖЫЛАДЫ СОЛ КЕЗДЕГІ ҚЫРЫҚ СІДІК КЕЛІМСЕК ОРЫСТЫҢ ІСТЕГЕНІНЕ.*

  • @ГульмираЛабилаева
    @ГульмираЛабилаева 2 роки тому +6

    Елы.ушын.жеры.ушын.еныреп.откен.бабаларымыз.жандарыныз.жаннатта.тандерыныз.рахатта.болгыр.быр.туар.бабаларым

  • @ЛарисаСармолдаева-х1ч

    Асқақ рухты бабамыздың рухы биік болып, бүткіл қазақ халқын амандығын желеп-жебей жатқай. Аллатағалам, ниетімізді қабыл еткей!

  • @Райхан-я3ф
    @Райхан-я3ф 3 роки тому +8

    Оң болсын, бәрі жақсы тек кімді дұрыстау керек, бастарыңа да үстеріңе де. Күлкілі болып тұр жасқа лайық киінбегесін. Біліміңізге сай болса киміңіз.

  • @argyn7334
    @argyn7334 2 роки тому +15

    Алла разы болсын сіздерге!

  • @ЖандарбекБашанов-о3й

    АССАЛАМАЛИКУМ МЕН ЖАУБАСАРДЫҢ ҮЛКЕН БАЛАСЫ ӨМІРЗАҚТАН ТАРАҒАН ЕКІНШІ БАЛАСЫ ТОҢАШАНЫҢ ҰРПАҒЫМЫН ОСЫ АҒАЙЫНДАРДЫҢ ІШІНДЕ КҮЛМӘЛІНІҢ ҰРПАҚТАРЫ БАРМА

  • @РустемКабдыкайров-у2д

    Жол неге салып коймайды алтыннан салсада лайыкты

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 3 роки тому +4

      Дұрыс айтасыз! Алтыннан салса да лайықты!

  • @kanatsarsenbin4271
    @kanatsarsenbin4271 3 роки тому +11

    Ақ жол бауырлар. Керемет мағлұматтар 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 3 роки тому +24

    Тебіренгенім сонша, айтарымды айта алмай отырмын! Алла жанын бейіштің төрінде, жұмақта н орынын берсін!

  • @yerkinzhanaev7528
    @yerkinzhanaev7528 3 роки тому +12

    Ассалаумағалейкум Қуаныш бауырым!!! Істеріңізді бір Алла қолдасын!!! Ақ жол!!!

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  3 роки тому +2

      уағалейкумассалам. әумин!🤲🏼🇰🇿

  • @Жәке-й3е
    @Жәке-й3е 3 роки тому +11

    Зиярат қабыл болсын .

  • @КуттыбекБахсихович

    Айкайлап жауга тигенде Ағатай Бериш ураным артымыздан келип кол жетти аз жетпеди мол жетти кайран батыр бабам жаның жаннатта болсын

  • @kalifornya6486
    @kalifornya6486 3 роки тому +10

    Махамбет - Атырау топырағында, яғни Тайсойған құмында Борсаң елдімекенінде туылған. Атырау обл, Индер ауданы, Қараой ауылында жерленген.

    • @bxhgy
      @bxhgy 2 роки тому +1

      Бөкей Ордасында Атырау емес ол кезде Атырау болмаған
      Бөкей Ордасына тиесілі !

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 2 роки тому +1

      @@bxhgy картадан қара, қандай жерлердің бөкей ордасына қарағанын. Бұрынғы Гурьев, Астрахань аумағы, Құрманғазы ауданы (бұрынғы Теңіз ауданы Құрманғазы Сағырбайұлының туған жері, Жиделі ауылы), Тайсойған құмы, қазіргі Атыраудың бүкіл аудандары барлығы ішкі Бөкей Ордасы деп аталған! Ежелгі картада бәрі түсірілген. Менде скриншоты бар, әттең мына жерге қалай жіберетінін білмеймін. Исатай-Махамбет көтерілісінің бүкілі қазіргі Атырау жерінде болған екен, картада көрсетіліп тұр. Махамбеттің ауылы қай жерде болғаны, Исатайдың Тайсойған құмында дүниеге келгені және ауылы қай жерде болғаны, Исатайдың Қарауылқожамен қай жерде кездескені, көтерілісшілердің қазіргі Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының тұсынан Жайықтан қалай өткені, Махамбет Ө.ұлын қай жерде тұтқындағаны, көтерілістің қай тұста басталғаны, Махамбеттің қай жерде өлтірілгені, Исатайдың қазіргі Сарайшық ауылында тұтқында отырғаны, бәрі-бәрі сол көне картада көрсетілген. Барлығы Атырау аумағында болған екен, яғни бұрынғы ішкі бөкей ордасында.

    • @bxhgy
      @bxhgy 2 роки тому +2

      @@kalifornya6486 я не болсада
      Батырлар белгілі бір аумақ облысқа емес
      Қазаққа тиесілі түбі бір Барлығы Бөкей Ордалық
      Ол дегеніміз Екі облысқа да ортақ батыр
      Қазаққа ортақ Батыр

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 2 роки тому +3

      @@bxhgy иа әрине, барлық қазаққа ортақ қой. Дегенмен нақты туған жерлерін, ақиқатын айтып жатқаным ғой.

  • @СветаОналбаева-ж8е

    Казактын байлығы арамзанын колдарына тусип, батырының басы жаудың канжыгасында кетти, орнына апарып койды мекен. Байлык билик адал
    жандардын колына түспей бул корлыкты көре беремиз. Махамбет батырдың жаны жумакта болсын !!!!!!

  • @АйнурАбдилова-я4в
    @АйнурАбдилова-я4в 2 роки тому +9

    Жаны жәннатта болсын

  • @esetoteuov4566
    @esetoteuov4566 3 роки тому +10

    Байғанин ауданында көп осындай көне қорымдар жем өзенінің бойында

  • @ЕржанБуланбаев-ж9б
    @ЕржанБуланбаев-ж9б 6 місяців тому +3

    Казактын рухын котерген батыр жыршы куйши баба ескеркишин салган комектескен мусылман Бауырлар коп коп рахмет Халык билу керек тарих та жасаган Елге манги иманды дери торка жанатта жумак та болсын жаны Махамбет Отемисулы

  • @daniyarv9902
    @daniyarv9902 Рік тому +2

    Риза болдым Агалар осындай Батыр бабаларымыздын Видиоларын коп шыгарсаныздар екен

  • @atyrauatyrau8306
    @atyrauatyrau8306 2 роки тому +6

    Осы жерде айту керек бул биздин атамыз

  • @atyrauatyrau8306
    @atyrauatyrau8306 2 роки тому +5

    Бул меним атам руым агатай бериш

  • @КазнатайНокатова
    @КазнатайНокатова 2 роки тому +7

    Аллахым ,Советхан агамыздын тылегын кабыл алгайсын.😭Аллахым озынен озге панам жок,урпагыма,казагыма берекелы омыр берегор.Душпандарымыз алланын каргысына ушырасын.Алладан озге панамыз жок.🤲Аллам бабалардын урпагы болып туылганым ,Мусылман болып туылганым Алланын суйген кулы екендыгым.Алла осылай урпагыма береке, бакыт,денсаулык берегор.🤲аумйн,аумйн,аумйн.

  • @sport.atyrau
    @sport.atyrau Рік тому +5

    Ата-баба батыр ақындарымыздың жаны жәннәтта болсын🤲

  • @Мария-я5ц2у
    @Мария-я5ц2у Рік тому +2

    Жол жоқ.Бұдан 2-3жыл бұрын іздеп,жол жоқ болғандықтан бара алмай кеткенбіз…

  • @amanbaikoishygulov8536
    @amanbaikoishygulov8536 3 роки тому +9

    Ассаламагалейкум жолдарыңыз болсын қарабау мен индер (дөңдер)жол ескі 70км ,тана руынан Жиенбет атамыз туған жері Есімханның қол басшысы болған Жиенбет жырау .Орбұлақ шайқасында жеңіспен оралған .қандай да бір ескі мағлұматтар кездессе ескерусіз қалдырмауыңызды өтінеміз (Жиенбет жырау туралы интернетте бар Тана руынан) рахмет

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  3 роки тому +1

      уағалейкумассалам. сіз Тана руының ағайынсыз ба?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  3 роки тому +2

      @@amanbaikoishygulov8536 бәрікелді. Малайсары Би атамыздың кесенесі аздап жөндеу сұрап тұр. соған назар аударсаңыз.

    • @amanbaikoishygulov8536
      @amanbaikoishygulov8536 3 роки тому +2

      @@Baybaqty2023 түснікті фезбуктагы Таналар жиынтығына (чать)сәлеміңізді жеткіземін жазамын жолдарыңыз болсын олжалы оралыңыздар

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  3 роки тому

      @@amanbaikoishygulov8536 әумин!🤲🏼

    • @АрманЖ-э5б
      @АрманЖ-э5б 3 роки тому +6

      @@Baybaqty2023 Ассалаумағалейкүм, жасым 15те Махамбеттің ұрпақтары барма, жалғызда ұлым Махмұт дегені бар еді жырында. Махамбет менің атам Ерназардың, туған інісі Жаубасардан тараған. Сол Ерназардың тұңғыш ұлы, Алдар би туралы бірдеңке білесіздер ме?

  • @БаубекБакбек
    @БаубекБакбек 3 роки тому +11

    Жақсы іс👍

  • @ДаукараБатыр
    @ДаукараБатыр 3 роки тому +8

    Әумин аға жигттер еңбек териниз алға өр лесин

  • @Мұстафа-г7ф
    @Мұстафа-г7ф 2 роки тому +7

    Ассаламу ғалейкүм! Осы Махамбет атамыздын қалған ұрпақтар барма?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  2 роки тому +1

      Уағалейкумассалам. қалмаған сияқты.

    • @АрманЖ-э5б
      @АрманЖ-э5б 2 роки тому +5

      Белгісіз жасым 16да махамбетті көп оқып зерттедім. Менің атам Ерназардың, інісі Жаубасардан тарайды, оның екі ұлы болған деседі, Махмұт мен Нұрсұлтан шатаспасам. Екеуін тығып кеткен секілді, атын тегінт өзгертіп ал ұрпақтары болу болмауы тариқ қойнауында

    • @erbolabaev5776
      @erbolabaev5776 2 роки тому +1

      @@АрманЖ-э5б Махамбет атамыздың Нәдір Шахтың тұқымы деген әңгімеге не айта аласыз?

    • @АрманЖ-э5б
      @АрманЖ-э5б 2 роки тому

      @@erbolabaev5776 ағасы, Оны оқығам Әбіш Кекілбайдың Шандоз деген кітабынан. Нөмер қалдырсаңшы,ватсаптан айтам.Мәлі сол Нәдір шахтың баласығо, Өтемістің әкесі. Қызыл Бас Нәдір шах Иранмен соғыста менің атамның інісі Жаубасар батыр сол баланы тауып алып, құлбаласы қылдырып алған. Солардан Махамбеттер өрбейді..

    • @erbolabaev5776
      @erbolabaev5776 2 роки тому

      @@АрманЖ-э5б Манғыстауда Ералының қолтығына желмен ығып келген қайықта екі бала бір қыз болған дейді.Бір баланы Беріштер , қалған екеуін Адайлар асырап алған.Атырауда бір үлкен жиылыста сөйлесіп тұрған Беріш пен Адайдың лауазымды жігіт ағаларының қасына барып Әбіш ағамыздың айтқаны бар дейді : Уа тумалаластар бір бірлеріңді таптыңдар ау деп. Соған қарағанда ұрпақтары бар.Бейнеу ауданын Назарбаевтан қалмай 30 жылдай басқарған халқына сыйлы болған Басшы ағамызға жаңағы қыз әжелері болады екен.Текті жерден текті адамдар шыққан.Бәріде Қазақ болып қалады.

  • @СаулеЖарменова-й1ю

    Елімді,жерімді жан пида деп қорғаған,қолдарында дұрыс қару-жарақ та жоқ,қайран бабам,не пайда қазіргі кезде ,ішпей-жемей қолдан беріп отырмыз,кешірсін АЛЛА,Бабаларымыздың аруақтары ...қолдан келер қайран жоқ дейміз,бірақ бұған да шүкіршілік етейік,жаңа жаңа батырларымыздың аруағына,рухына бас иіп келе жатырмыз ғой..бұл күнге де жеттік..уф АЛЛА деп,шүкір,шүкір....

  • @ЖеткизгенСагындыков

    Мына термеші Махамбеттің өлеңіндегі "қатын" деген сөз ден неге қашты,бет моншағы неге төгілді?!

  • @МасатыЫскакова
    @МасатыЫскакова Рік тому +1

    Махамбет. Әруағы. Барқазақтыөолдайкөр
    Бастау. Дұрыс. Билікке. Махамбет. Иматац. Әруақтарв. Қолдайкөр. Эоддарыңболсын. Әкин. Дұғаларыңқабылболсын. Әумин. Іумин. Әумин. Әуиин. Айтқандарыңөаюыд. Болсыг

  • @КуанышСмаилов-б9я

    Батырдын кесенесине баратын жолын жондеу керек.

  • @isataykazmagambetov1165
    @isataykazmagambetov1165 Рік тому +2

    Махамбеттің ата иманды болсын

  • @СагынгалиТлегенов-н8п

    Жол болсын.

  • @АлибекСонберген

    Маңғыстауда руы Медет Есболаев Байғали деген ақсақал Махамбеттің туған жиені.
    Немерелері бар.
    Есболев Мамай, Орақ, Құсайын деген

    • @drzz00
      @drzz00 Рік тому

      Руы кім?

    • @АлибекСонберген
      @АлибекСонберген Рік тому

      @@drzz00 Адай-Бәйімбет- Медет.

    • @drzz00
      @drzz00 Рік тому

      @@АлибекСонберген қалай сонда туған жиені?

    • @АлибекСонберген
      @АлибекСонберген Рік тому

      @@drzz00 Иә.

    • @drzz00
      @drzz00 Рік тому

      @@АлибекСонберген Батырдың туған қызынан тараған ба? Оның бір қызы қарт нағашыларына, яғни Алашаларға ұзатылған делінетін еді ғой жазба деректерде. Қарт нағашылары сол бұрынғы Бөкей ордасында қоныстанған. Атырау мен Оралдың ортасы. Махамбеттің екі қызы болған дейді деректерде, батырдың бірінші әйелі Ұлболсын деген шеркештің қызынан туған. Екінші әйелі Типан есімді Байбақты руының қызы. Одан Махмұт атты бір ұл қалған екен!

  • @АсыланЗаркымов-в2е
    @АсыланЗаркымов-в2е 3 роки тому +7

    Аумин🤲

  • @Артур-й4о5я
    @Артур-й4о5я Рік тому +3

    Жайық бойының Батырлары

  • @АктилекНиязбек-ч4к
    @АктилекНиязбек-ч4к 6 місяців тому +1

    Ердің соңы-Исатай мен Махамбет!

  • @ФерузаЕлеуова
    @ФерузаЕлеуова Рік тому +3

    Махамбет атамыздың ұрпақтары қайда екен

    • @drzz00
      @drzz00 Рік тому +1

      Башқұртқа асырып жіберген

  • @nurjanimanaliev2709
    @nurjanimanaliev2709 2 роки тому +2

    Бәрекелді!
    Алла қабыл етсін, зияраттарды?!.
    Тілек дұғалар қабыл болсын!

  • @Ааааав-э1т
    @Ааааав-э1т Рік тому +1

    Біз,БҚО,Бөрлі ауданының Жаңаталап ауылы тұрғынымыз.Ауылымыз ресей елімен шекаралас жерде орналасқан,5 шақырым жерде Елек өзені ағып жатыр.Ауылдан 2 шақырымдай жерде " Золотое", яғни " Алтын көл" деген көл бар,аңыз бойынша ,сол көлге ,Елек өзені тасығанда, сұлтан Баймағанбет Айшуақов суға кеткен дейді.Қасындағылар су тасқынын күтейік дегенді дейді, бірақ Баймағанбет айтқан дейді: " Елек суы ,енек суы" басыңдар деген ,сол Алтын көл тұсына келгенде қайықты су айналдыра бастапты, сонда Баймағанбет сұлтан қалтасынан алтын теңгелерді алып суға шашыпты мыс, ал сүйегі Қаракемер ауылының зиратында жерленген, қазірдің өзінде ,Баймағанбет сұлтан моласы деп жергілікті халық айтады.Өте үлкен зират, кезінде қорғаны болған қызыл кірпіштен салған, революциядан кейін коммунистер тасын бұзып ,Бөрлі ауылына " маслобойка" кентін тұрғызған.Ал ,қызыл кірпіш сынықтары осы уақытқа дейін зират төңірегінде жатыр, қазіргі кірпіштерден анағұрлым енді.Махамбет пен Исатай аталарымыздың топырағы торқа, иманы жолдас болсын, олардың обалына қалғандардың ұрпақтары оңбасын,қарғыс атсын,сатқындар.Қазақты құртатын орыс емес, біз өзіміз бір бірімізді құртатын.

    • @drzz00
      @drzz00 Рік тому

      Баймағамбетті өлтіріп батырдың кегін алған, Асау Тұрланұлы деген адам. Махамбеттің туған бажасы болып келеді, Беріш-Қаратоқай руының азаматы. Баймағамбет Петербордан келе жатқан уақытында арқанды қиып, салды суға ағызып жіберген. Сөйтіп етжеңді Баймағамбет Елек өзеніне лезде батып кеткен.

  • @KuanyshADAY
    @KuanyshADAY 2 роки тому +5

    Ассалаумағалейкүм Қуеке!Алла қуат берсін өзіңе,береке берсін ісіңе!
    Қуеке Махамбет атамыз бен Исатай аталарымыздың кесенелерінің арасы қанша шақырым?Жақынба бір-біріне?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  2 роки тому +2

      Уәғәлейкумассалам. жобалап 350 км. 5-6 жыл бұрын Беріш ағайындарға ұсыныс айттым атпен жорық жасайық деп. көлікпен де болады. талай тарихи орындар ашылар.

    • @KuanyshADAY
      @KuanyshADAY 2 роки тому +3

      @@Baybaqty2023 👍👏👏👏
      Керемет!Алла қолдасын✊
      Қуеке экспедиция мүшесі болуға бола ма екен?Қалай болады екен сол жағы?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  2 роки тому

      @@KuanyshADAY биыл шығамыз ба? әлі жоспар жоқ нақты.

    • @KuanyshADAY
      @KuanyshADAY 2 роки тому +2

      @@Baybaqty2023 Жақсы.
      Қуеке осы Қызандағы Үлек әулиеде жатқан Есен Ермембет би туралы деректер бар ма?Кесенесіне жол түскендер жоқ па екен?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  2 роки тому

      @@KuanyshADAY Нұрлан білмесе. менде деректер жоқ.

  • @ҚАЗАҚТАРАЛҒА-ю1л
    @ҚАЗАҚТАРАЛҒА-ю1л 2 роки тому +4

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍👍✊✊✊☝☝☝☝

  • @ЕлеусинАлменов
    @ЕлеусинАлменов 25 днів тому

    Махамбет атамыз дың жатқан жері жәйлі БОЛСЫН.
    Кім атамыз дың аттан кәтте жазған
    Осы коментариде.
    Ұятай.

  • @AhAN951
    @AhAN951 2 роки тому +2

    Аумин Алла разы болсын

  • @attan4187
    @attan4187 2 роки тому +2

    телек тылеймыз бабалар рухна

  • @batyrkhanrakhmatullaev8302
    @batyrkhanrakhmatullaev8302 Рік тому +3

    Махамбет Бабамыздың құлпытасына суретті босқа салған. Қалғанының бәрі керемет. Жол салып , жас ұрпақты осы жерге әкеліп зират жасатып , айтып тұру керек. Бір Құдайдың,Ана дниелік Бабаларымыздың арқасында, осы жерге ие болып отырғанымызды біліп жүрсін жасұрпақ.

  • @КошербайАбдурахманов-з4н

    Сол замандарда да ақсүйек билеушілер орыстарға одан алдын парсы.мен арабтарға иек артып қара қазақты қырумен болған сияқты

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 2 роки тому

      Оңбаған болғанғо қазақтың хан сұлтандары. Орыс патшасына жағынып өз қазағын жығып беріп отырған, дәл қазіргідей.

    • @aragiarararagi7988
      @aragiarararagi7988 Рік тому

      @@kalifornya6486 Ал атақтары жер жарған Керей, Қасым, Есім, Тәуекел, Абылай хандарды да онбаған деп ойлайсыз ба әлде тек орыстармен қалмақ елдеріне бағынған ит хандармен сұлтандарды айтып жатырсыз ба?

  • @АйгульЕлеуова-ы6з
    @АйгульЕлеуова-ы6з Місяць тому

    СВЕТҚАЛИ АҒАМЫЗҒА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН! ЗИЯРАТЫ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!
    МАХАМБЕТ АТАМЫЗДЫҢ ЖАТҚАН ЖЕРІ ЖАРЫҚ
    ,ТОПЫРАҒЫ ТОРҚА БОЛСЫН.ЖАНЫ ФИРДАУЫСТА БОЛСЫН! ӘМИН.ЛАЙК❤🤲

  • @kazakhstan91
    @kazakhstan91 Рік тому +2

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @АйгульЕлеуова-ы6з
    @АйгульЕлеуова-ы6з Місяць тому

    ҰЯТ ҚОЙ! ЖОЛ ӘЛІ САЛЫНБАҒАН! АҚША ҰРЛАҒАНША,САУАПТЫ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙМА?! ӨЗІ БАТЫР, ӨЗІ АҚЫН! АЛЛА ПАНВ БОЛСЫН! ЖАНЫ ЖҰМАҚТА БОЛСЫН! ӘМИН
    ЛАЙК❤🤲

  • @Абдусәләм
    @Абдусәләм 2 роки тому +1

    Аяз атаны бір күтіп, Кыдыр атаны бір күтіп, мола кезгенді пір тұтып. Адасып жүрген кайран казагымай.

    • @drzz00
      @drzz00 Рік тому +2

      Қойшы-ай, саляфит🤮

    • @Абдусәләм
      @Абдусәләм Рік тому

      @@drzz00. Сопыит или Матрудит деген жокпынгой. Сәләфи деген не екенін білесің ба, саған сұрак? Маған емес сен сәләфит деп ол сөз кайдан шыққан болса, соларға сөз тийлирип жатырсың акмак. Ақылды акмактан акыл алатын заман келді.

  • @БекбердиЕсмагамбет
    @БекбердиЕсмагамбет 2 місяці тому

    Атыраудағы исатай махамбет ескерткіште атқа мінгендегі етіктері орыс солдатарының етігі сосын махамбет ақын жалаң бас атыраудың байлығы жетпеи қалдыма

  • @УбиевКойшыбай
    @УбиевКойшыбай 3 роки тому +5

    Махамбет Атамызға мың тағзым.Өмірінің соңғы жылдарында Маңғыстауға келіп кетіпті дейді сол рас па?Кім біледі.

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 3 роки тому +2

      Рас болар. Картадан қарасаңыздар Исатай мен Махамбеттің қай жерлерде болғанын көресіздер.

    • @ктоя-ц6ы
      @ктоя-ц6ы 3 роки тому +2

      Рас

    • @ЖумаЖума-г7ц
      @ЖумаЖума-г7ц 2 роки тому +1

      Иа Маңғыстауға келген есіме түспей тұрғаны бір жырда айттылады келгені жөнінде .....

    • @drzz00
      @drzz00 10 місяців тому +1

      Барған иа. Көне картада көрсетілген, Жылыой мен Маңғыстаудың арасында болғаны.

  • @ГульбикеСагитжанова-в2ю

    👍👍👍

  • @maxatibragimov1432
    @maxatibragimov1432 4 місяці тому

    Аллаһ Тағала алдыннан жарылқасын батырды

  • @БексултанЕсенгалиев-м8в

    Ассалаумағалейкум, Алашым!!! Өтемісұлы Махамбет атамыздың жаны жаннатта болғай!!! Алла рақымына алсын!!!

  • @ДанабекШадияров

    Светқали өтіріктен жіберіп отыр

  • @serikaizhan1079
    @serikaizhan1079 3 місяці тому

    Ер есімі ~ Ел есінде🤲🏻

  • @МуратКоянбаев-й7к
    @МуратКоянбаев-й7к 2 місяці тому

    Жаны жаннатта болсын

  • @amanjolkutanov6150
    @amanjolkutanov6150 Рік тому

    Бабаларымыздын кундулугын шал кайтыс болганда дурустап алу керек.бабалар рухы кетти даладан!!кытай желкеден аларда карыздарды шалдан кайтару керек!!!сумдук алда !!

  • @kasimylis8064
    @kasimylis8064 Рік тому

    Махамбет ақын батыр неше жасында, қандай жағдайда мерт болған екен

  • @МасатыЫскакова

    Биліктіәруақтарьасьалөагқылакөр

  • @Mama-e7e3o
    @Mama-e7e3o Рік тому

    АТАМЫЗДЫН БАСЫН 1980 ЖЫЛДАРЫ РОССИЯНЫН ЭКСПЕДИЦИЯЛАРЫ АЛЫП КЕТТЫ ГОЙ. ОРНЫНА АКЕЛДЫМА.

    • @drzz00
      @drzz00 Рік тому

      Атырау азаматтарының хабар салып жүгіруімен, келген ғой батырдың басы кері мазарына.

  • @bilenkabdulov5979
    @bilenkabdulov5979 Рік тому +1

    Махамбетин атын дурыс айтпаган жолаушыга дол жабык

  • @АмантайТәтімбетов
    @АмантайТәтімбетов Місяць тому

    Аллаһ Тағала рахымына алсын Махамбет Өтемісұлын аш көз иттерге қарсы соғысып Елінің Егеменділігі үшін Шахид болған.

  • @АмантайТәтімбетов
    @АмантайТәтімбетов Місяць тому

    Қазақ Ұлты Керемет болған ғой, осындай жағдайға тап болғанымыз Ұлтын сатқан аш көздердің ақымқтығынан болғанына өкінішті сол жағдай қазірде жалғасып жатыр Қазақ Елі келешекті ойласақ Оянайық.

  • @БекболатМолдагалиев-о4ь

    Биліктің құйыршығы ғой мынау ақынсымағың, Қорлама Махамбет бабамыздың аруағын .