Cloud9 Легендалар кезеңінде

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 бер 2024
  • Ойынның алғашқы күнінен ақ, Абай және достары барлығымызды жақсы контр страйкпен қуантып қойды! Тіпті hobbit екінші раундтан ақ эйс жасады. Келесі видеомызда осы эйсті көрсететін боламыз, арнамызға тіркеліп қой!
    Cloud9-ға оралсақ, алғашқы матч ECSTATIC-ке қарсы! (Эцизстатик) Командалар пик-бан жасай келе, Ancient картасына тоқтады. Cloud9 террористтер жағынан бастап, есепті 7-5 қылды, ECSTATIC (Эцизстатик) раундтар алып, тырмысып көріп еді, бірақ та іске аспады. 13-10 есебімен Cloud9 жеңіске жетті!
    Келесі қарсылас - Legacy! CS:GO легендасы coldzera-ның командасы. Overpass картасын бірден Legacy командасы өз тақымына алып кетті де, есепті 10-4 ке жеткізді. Осы сәтте, Cloud9 командасы алдыңғы раундты жеңілсе де,тәуекелге бел буып форс бай жасауды шешеді. Осы раундтан кейін, Cloud9 Legacy-ға ешқандай раундты бермейді. Есеп 13-10, Cloud9-ның келесі қарсыласы - Koi мен GamerLegion командасын жеңген азулы SAW командасы!
    SAW командасы Nuke-ті пикать етсе, Cloud9 командасы Anubis-ті пикать етті. SAW өз пиктерінде мықты болғанымен, есеп қосымша уақытқа дейін созылды. Бірақ та Cloud9 өз мықтылығын дәлелдеп, картаны өз пайдасына аяқтады. Осындай қиындықтан кейін, Anubis-та бәрі оңай болды, Cloud9 командасы есепті 13-9 қылып матчты аяқтады!
    Cloud9 ПРО-сахнадағы жалғыз снайпері жоқ команда! Бірақ осыған қарамастан, Cloud9 PGL Copenhagen 2024 мажорында ашылу кезеңін жақсы аяқтап, Легендалар кезеңіне 3-0 есебімен өтт! Абай бауырымыздың жетістігіне қуаныштымыз және алдағы кезеңге сәттілік тілейміз! Алдағы видеода hobbit пен ICY-дің эйсы мен хайлайттарын көрсететін боламыз, арнамызға тіркел! Алаш Еспортс, контр страйктан қазақша арна! Сіздермен мен Айдос, келесі кездескенше!
  • Ігри

КОМЕНТАРІ • 1

  • @AIDOSFILM
    @AIDOSFILM 2 місяці тому

    🇰🇿Hobbit