ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ҚАЛА

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 31 січ 2025
  • ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ҚАЛА
    ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
    Түркия аумағындағы ең үлкен жер асты қалаларының бірі. Невшехир провинциясынан 18 км қашықтықта орналасқан. Ерте кезде арабтардың ислам дінін таратқанда, християндардың тығылатын жерлері ретінде қолданылған.
    Жер асты қаласы жұмсақ тау жыныстарын қажап жасаған туннель жиынтықтарынан тұрады. Каймаклы жалпы 8 қабаттан тұрады. Ең алғашқы қабаты Хетталар салған. Соңынан Византия мен Рим басқармасы кезінде жасанды үңгір жүйесінің ауданы тек үлкендей берді.
    Қабаттардың арасы кондиционерлік құдықтармен байланысқан. Олар арқылы барлық қабат бойында су жүргізілетін болған. Жалпы жер асты панасы тек екі бөлмеден тұрған және сонда желдету жүйесі арқасында қалыпты +27 С° температурасы ұсталып тұратын. Каймаклыда сонымен қатар ат қора, асхана, арнайы қоймалар және бір айға жететін тамақ үшін қоймалар табылған. Осы қалада шамамен 15 000 адам қоныстана алалған.
    Каймаклы 9 километрлік ұзын туннель арқылы басқа да жер асты қалалармен де байланысқан. Туристтар үшін бұл қалалар 1964 жылдан бастап ашық. Бірақ сегіз қабаттың тек төртеуі ашық. Себебі қалған астындағы 4 қабатта археологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
    ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
    Менің қазақ тіліндегі арнама қош келдіңіз!
    Подписаться батырмасын басып арнама жазылуыңызды ұмытпаңыз.
    ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

КОМЕНТАРІ • 3