Әжімді қарапайым жұмыртқамен кетіруге болатынын білдіңіз бе?!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 30 вер 2024
  • Адамның жасы ұлғайған сайын тері де қартая бастайды. Ал бетіңізге әжім түссе, одан біржолата арыла алмайсыз. Дегенмен теріге жасалған күтім арқылы әжімнің ерте түсуінен сақтануға болады. Назарларыңызға үйде жасалатын әжімге қарсы әдіс-тәсіл ұсынамыз.
    Ең әуелі маска жасамас бұрын бетті жақсылап жуып, тазалайды. Сосын лосьонмен сүртіп, масканы жағады. Оны кемінде 20 минут қана ұстайды. Содан соң сабынсыз сумен бетті шаяды.
    Майда әжімдерге арналған маска. 1 жұмыртқаның сарысына жарты шай қасық балды араластырып жағады. 5 минуттан соң бетті салқын сумен жуады. Екінші бір тәсілі 1 жұмыртқаның сарысына 1 шай қасық өсімдік майы, бірнеше тамшы лимон шырыны мен жаңа дайындалған көк шайды жақсылап араластырып бетке жағады да, 15 минуттан соң сумен немесе шөптен дайындалған тұнбамен шаяды. Бұл беттің қанайналымын жақсартып, әжімнің қыртысын жазады.
    Құрғақ және қалыпты теріге арналған маска. Жалбыз (мята) тұнбасына жылы кезінде матаны сулап алып бетке қояды. Мұны массаждан немесе маска жасаудан бұрын жасайды. Маска теріде 3-5 минут тұрады, орамалды 2-3 қабаттайды. Бұл беттегі қан тамырларына пайдалы, бұлшықетті босаңсытып, бетті тазартып, өлген жасушалардан тазартады. Салқын күйіндегі компресс бет терісін сергітіп, түсін ажарландырады, тесіктерді тарылтады.
    Әжімнің алдын алуға арналған маскалар. Күнжіт майын бетке жағып, 1 сағаттан соң қағаз майлықпен беттегі майды сүртіп алады немесе жұмыртқаның сарысына 1 ас қасық балды араластырып, бетте 10-15 минут ұстайды. Мұны құрғақ бетке күн сайын таңертең жасауға болады. Сонымен қатар 1 жұмыртқаның сарысы мен ағы (ағын әбден көпіршіту керек), 1/2 шай қасық бал, 1 шай қасық глицирин, 1 ас қасық талқанды араластырып бетке жағады да, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастайды.
    Бетті нәрлендіретін маска. Алоэ (үккіштен өткізіп алсаңыз да болады), 1 жұмыртқаның сарысы, 3 ас қасық құрғақ сүт, 1 шай қасық балдың бәрін араластырып, қоймалжың жасау керек. 20 минут бетте ұстап, жуып тастайды да артынан мұз кесегімен бетті сүртеді. Бұл масканы тоңазытқышта сақтауға болады.
    Көздің айналасындағы әжімге арналған маска. Сары май мен өсімдік майы көз айналасындағы әжіммен күресуде жақсы көмектеседі. Оны ұйықтар алдында көздің айналасына жағып, таңертең жуып тастайды. Сонымен қатар 1 ас қасық бананды езіп, сары май қосып араластырады. Оны көз айналасындағы теріге жағып, 15-20 минут ұстайды. Содан кейін жылы сумен жуып тастайды.
    Жеміс-жидектерден жасалатын маска. 1 ас қасық таңқурай жапырағы мен гүліне 2 стақан су құяды. Үстін бүркіп жауып, 30 минут тұндырып қояды. Тұнбаны тоңазытқыштың мұздатқышына салып, мұзбен жатар алдында бетті сүртеді.
    Шырындардан жасалатын маска. Жүзім шырынын сүтпен араластырады, екеуін бірдей мөлшерде алу керек. Сұйықтыққа дәкені батырып, бетке қояды да сыртынан түкті сүлгі жабады. 15-20 минуттан соң дәкені алып, теріні кептіріп, крем жағады. Тағы бір тәсілі жұмыртқаның ағына 2 шай қасық жүзімді езіп қосады. Масканы 15-20 минуттан соң салқын сумен шайып тастайды.

КОМЕНТАРІ • 20

  • @Nazim-kv7rf
    @Nazim-kv7rf 4 місяці тому +2

    Менин жасым 58де беттин ажимин кетиру керек тек жумырткамен кетема

  • @ХанАбдра
    @ХанАбдра 3 місяці тому +1

    Тез тез сойлесшиэ

  • @tursynaimaxatova2376
    @tursynaimaxatova2376 11 місяців тому +4

    Сонша көп соилеудин кереги не оданда тезирек масканы корсетпеисинба

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  11 місяців тому

      Сіз сияқты бәрі ақылды емес, түсініеті болу керек! Әр нәрсенің өзіндік инструкциясы болу керек!

  • @КуралайНугманова-я1е
    @КуралайНугманова-я1е 6 місяців тому +2

    Көп сөилеиді екенсіз

  • @ЖенисБекбаев-с9и
    @ЖенисБекбаев-с9и 3 місяці тому

    Түсінікті бірақ ұзааақ көп сөйлейсіз

  • @Кулщара
    @Кулщара 7 місяців тому +1

    Ой не коп соилеисин масканды аитсай

  • @ЖанылМылтыкбаева
    @ЖанылМылтыкбаева 4 місяці тому

    керемет тусиндиреди екен рахмет

  • @Рысжан-з9л
    @Рысжан-з9л 8 місяців тому +1

    Керемет. .Өте түсінікті.Рахмет

  • @BotagozMirzahmetova
    @BotagozMirzahmetova 5 місяців тому

    Мәссаған мыжымай тез тез айтуға болмайма😢шаршап кеттім ғой

  • @УланОмарова-е5ы
    @УланОмарова-е5ы 5 місяців тому

    Жасым 35те көз айналасында әжім бар

  • @ТемаТема-н3б
    @ТемаТема-н3б 6 місяців тому

    Құрғақ бетке қандай кремдер жақсы әсер едеді аттарын айтып жібересізбе

  • @БатишОспанова
    @БатишОспанова 6 місяців тому

    Результат қазақша нәтиже

  • @ГулбануАбильбекова
    @ГулбануАбильбекова 5 місяців тому

    Көз айналасына жағуға бола ма?

  • @Кулщара
    @Кулщара 7 місяців тому

    Давлениемиз болсада маска жасап журмиз оган давлен еге кедергиси жок

  • @СарсекулАкшабаева
    @СарсекулАкшабаева 5 місяців тому

    Не болды мыжып

  • @БекБеков-м5ь
    @БекБеков-м5ь 5 місяців тому

    Қырт екен 😅

  • @ЛизаИманхан-ф4й
    @ЛизаИманхан-ф4й 6 місяців тому

    Өтте тусиникти рахмет 😘😊

  • @ЖулдызУббиева
    @ЖулдызУббиева 8 місяців тому

    Не мылжындап кеттин

  • @KamariyaSarymsakova
    @KamariyaSarymsakova 6 місяців тому +1

    Оте коп сойлейсиз