Бүгіннен бастап қазақстандықтар банкроттыққа өтінім бере алады

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 12 вер 2024
  • Бүгіннен бастап банк, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар алдында берешегі бар азаматтар банкроттыққа өтінім бере алады. Соңғы мәліметтер бойынша бүгін 2 128 адам өтініш қалдырған. Алғашқы өтінім таңғы 09:05-те электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл өңірінен түскен екен. Ал ең көп сұраныс Түркістан облысынан болған. Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде бір миллион бір жүз мың борышкер өзін банкрот деп жариялай алады. Өтінішті электронды түрде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Сондай-ақ, банкроттыққа өтініш бере алмайтын азаматтар да бар. Олар алименті барлар, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды және қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін келтірілген шығынды өтеуге міндеттелгендер. Толығырақ Аршат Әділжанқызы айтсын.
    Ақтау тұрғыны Айболған Абдуллаева үш баласын жалғыз асырап отырған ана. Денсаулығы сыр берген әйелдің жұмыстан шығуына тура келіпті. Табыссыз қалған сәттен бастап микроқаржылық ұйымдардан алған қарызымды өтей алмай қалдым дейді. Ақшаны қатты мұқтаж болғандықтан алдым деген Айболған бүгін банкроттыққа өтініш берді.
    АЙБОЛҒАН АБДУЛЛАЕВА, Ақтау қаласының тұрғыны:
    - Банкротствоға өтініш бердім. Өтінішімді қабылдап, өтінішім өтіп кетсе мен қатты қуанатын едім. Себебі мен алдағы уақытта ота жасатуға денсаулығыма байланысты бара жатыр едім.
    Ал, экономист Сапарбай Жобаев банкрот деп танылған азаматтың қарызы жойылып, банк карталары бұғаттан шығарылып еркін өмір сүреді, бұл әлеуметтік жағдайды жақсартуға алып келетін бірден бір жол деп санайды. Десе де сарапшы шешілмеген мәселелер де бар деп отыр.
    САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, экономист:
    - Адам өзін-өзі банкрот деп жарияласа оның + 21:21 қайтарып бермеген ақшасын біздің қаржы ұйымы қайтіп толтырады? Олардың ақша жоғалту тәуекелін кім орнына толтырады? 2019 жылдағыдай бюджеттен берген едік несиелерін кешіру бойынша. Ондай нәрсе болмайды. Енді әрбір қаржы ұйымының өзінің мойнына қойылады. Неге? Өйткені олардың мойынында жауапкершілігі бар. +03:20 жауапкершілікті мойынына алып, өздерінің жоғалтқан ақшасын өздерінің табыстары арқылы ма, басқа бір құрылтайшылары арқылы ма орнына қою керек. Бұл әрине өте күрделі мәселе.
    Қазақстандықтар өздерін банкрот деп тану үшін үш рәсім қарастырылған. Біріншісі - соттан тыс банкроттық. Бұл заң бойынша бір жыл көлемінде қарызын өтей алмаған, берешегі 5 520 000 теңгеге дейінгі азаматтар өтініш бере алады. Олардың атында ешқандай мүлкі болмау керек. Қарыз алған ұйыммен реттеу жұмыстары жүргізілуі шарт. Екінші рәсім - сот банкроттығы. Бұл рәсім бойынша берешегі 5,5 млн теңгеден асқан азаматтардың қарызы кешіріледі. Бұл жағдайда борышкердің мүлкі сатылып, ақша қарызды жабуға жұмсалады. Егер оның жалғыз баспанасы кепілде болса кредитор оны алуға құқылы. Ал, жалғыз баспана кепілге қойылмаған болса кредиторлар оны талап ете алмайды. Сондай-ақ, банкроттық рәсімдеудің салдарын да ұмытпаған жөн. Мәселен, банкрот деп танылған тұлға 5 жылға дейін несие ала алмайды. Банкроттыққа тек 7 жылдан кейін қайта жүгіне алады. Және берешегі алынған азаматтың қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізіледі.
    Айта кетейік, өтінішті egov.kz сайтында және eGov Mobile мен e-Salyq Аzamat мобильді қосымшаларында онлайн, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып беруге болады. Өтініш 15 күн ішінде қаралады және содан кейін өтініш иесіне sms-хабарлама түрінде жауап келеді.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 19

  • @user-gy2hq2lg1k
    @user-gy2hq2lg1k Рік тому +6

    Қазақстанның байлығымен бұл ақшалар дым емес жабасалса да Қазақстан кедей болып қалмайды халықтың ақшасы ғой төлесін төлемесін

  • @user-fr1eq2yr8y
    @user-fr1eq2yr8y Рік тому +1

    Дурыс карапайым халыкты кеширу керек. Халык Кудайдын бир аты. Кымбатшылдык елды журтты жайлаган заман. Шамасы келмейтын адамдардын шоттарын бугаттау тиридей олтиргенмен бирдей нагыз мейрымсыз катыгездык екенын бары билып отыр. Пайыз осйм харам шаригат занында тйым салынган. Дйнымыз Йслам ата бабамыз мусылман.

  • @user-px7xm5su2g
    @user-px7xm5su2g Рік тому +2

    Несие кешреди деген жерд кешру керек халыкты кинамай

  • @user-lz3pm3fk1o
    @user-lz3pm3fk1o Рік тому +8

    Кредитім жоқ, кредитсіз өмір сүрген кайф!

  • @АртурБатиров-л3п

    Банктердің жогалтатын ешнарсесі жок, олар уже алатын пайызын артыгымен алып қойған ғой

  • @niyetbaidzhumabaev234
    @niyetbaidzhumabaev234 Рік тому +3

    Банккі ештеңе жоғалтпайды себебі ставкасы дым жоғары 50пайыз сыйақысы бар.шет елді көп айтасыңдар 2-5 пайызғо шет елжерде

  • @user-cv1sb8my6y
    @user-cv1sb8my6y Рік тому +2

    Кедейдин ауызына Агарган тигенде Мурыны Канайды деген Ким тусинди

  • @engine6224
    @engine6224 Рік тому

    Айкоооооооо😍😍😍😍

  • @engine6224
    @engine6224 Рік тому

    Жанымммммм такаяяяя❤❤❤❤❤❤

  • @engine6224
    @engine6224 Рік тому

    Айгул Файтиннннн✊🏻👽👽👽

  • @malikaadai8824
    @malikaadai8824 Рік тому

    Айыспы алатындарга бола мекен

  • @malikaadai8824
    @malikaadai8824 Рік тому

    Айыспы алып уактылы кредит толеп жур се отыныш тастаса бола мекен

  • @engine6224
    @engine6224 Рік тому

    Ваййййй

  • @user-hq8go4oo2w
    @user-hq8go4oo2w Рік тому

    Кеш жарык

  • @АрдакТАЙЖАНОВА

    Салеметсиздерме! Кай банке отиниш тастау керек

    • @МуслимДаниярулы-л2й
      @МуслимДаниярулы-л2й Рік тому

      Е салыкпен тастайсың

    • @user-px7xm5su2g
      @user-px7xm5su2g Рік тому

      Отрик нерсе жумысы жок уйи жок кангып журген бомыж болу керек сонда гана мумкин а так киын нарсе. Ойлаган Адам Сол бомыж болганда гана ал бомыжга. Несие берлмейди пинсиони жок. Сонда кандай адамдыкин кешреди тусиниксиз укмет Адамды акмак кылды ????

  • @gulzirakokkozova9468
    @gulzirakokkozova9468 Рік тому

    Сыртқа шыгаламыспа бонкрот жарялансак я сыртка шыгалмаймынба