«Беу, Наурыз!». «Qazaqstan» телеарнасының Наурыз мейрамына арнайы түсірген бейнебаяны

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 бер 2022
  • «QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРДІ
    Ұлыстың ұлы күніне орай арнайы жазылған «Беу, Наурыз!» әнінің авторы - Сырым Нәбиқұлов, сөзін ақын Ерлан Жүніс жазған. Режиссері - Жансая Көпбаева.
    Бейнебаян Алматы облысының көрікті жерлері мен Іле өзенінің бойында, арнайы тұрғызылған нысанда, «Көшпенділер» фильмінің декорациясында түсірілді.
    Туындыны дәстүрлі әншілер Ардақ Балажанова, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали және өткен жылы Ұлттық арна ұсынған «Qazaqstan дауысы» жобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек орындап шықты. «Бастау» тобы домбырамен сүйемелдеп, бейнебаянның негізгі кейіпкерлері ретінде арнаның «Aqparat», «Apta», «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері қатысты.
    Бейнебаянның негізгі идеясы - ғасырлар бойғы көшпелілер тарихы мен «Жаңа Қазақстанның» ұлттық мәдениетін ұштастыру, жаңару мен жаңғырудың көрінісін бейнелеу.
    «Наурыз мейрамының мәні жаңару, жаңа күн дегенді білдірсе, қазақ халқы дәл қазір шынайы жаңару мен жаңғыру кезеңін өткеруде. Бейнебаянда ұлыс күнінің мән-мағынасын ашумен қоса, халқымыздың бүгінгі рухани белесін бейнелеуді, келер күнге деген айрықша үмітін көрсетуді мақсат еттік», - дейді режиссер Жансая Көпбаева.
    Бейнебаянның шығармашылық топ құрамына кинооператор Еркінбек Пітірәлиев, қоюшы-суретші Нұрболат Жапақов, монтаж режиссері ретінде Нұртас Мамытпай шақырылды.
    Әннің сөзі түрік және ағылшын тіліне аударылып, бейнебаян халықаралық аудиторияға жол тартпақ.
    Шұғыл ақпараттар: t.me/qazaqstantv
  • Фільми й анімація

КОМЕНТАРІ • 27

  • @QAZAQSTAN.667
    @QAZAQSTAN.667 Рік тому +1

    Керемет бейне баян 👍👍👍👍

  • @KKK.2022
    @KKK.2022 Рік тому +1

    қандай Керемет
    Нағыз❤

  • @user-jz6rh
    @user-jz6rh 2 роки тому +6

    Тамаша түсірілім!👏👏Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, еліміз аман болсын! Бейбітшілігіміз мәңгі жасасын!🤲

  • @almaqulurazova2896
    @almaqulurazova2896 2 роки тому +8

    Әз-Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын, еліміз аман,төрт түлегіміз түгел болсын,берекелі жыл болсын,бәле-жәле аулақ ,жамандық тың бәрі жерге енсін...Жылдан жылға ,Наурыздан Наурызға жетейік ағайын

  • @KKK.2022
    @KKK.2022 Рік тому +1

    Наурыз Кутты болсын

  • @kenzhenurush2493
    @kenzhenurush2493 2 роки тому +3

    Әншілердің дауыстары мықты!!!Әдемі түсірілген!!!!Еліміз,қазағым Аман болсын, Наурыз Құтты болсын!!!,🥰😍🥺🤲🤲🤲🤲🤲👏👏👏👏👏👏👏🇰🇿🌱🌾🌻

  • @erbolatkarakulov87
    @erbolatkarakulov87 2 роки тому +3

    Керемет.Наурыз кутты болсын.

  • @askar_adainetu2026
    @askar_adainetu2026 Рік тому +1

    Сәлем Өзбекстаннан

  • @user-qb8qh3zx1s
    @user-qb8qh3zx1s 2 роки тому +3

    Оте керемет

  • @user-gl5wj2bl7q
    @user-gl5wj2bl7q 2 роки тому +1

    Өте керемет дүние. Осындай рухани байлыгымызды кобирек таратайык. Ағайындар

  • @user-xn9ts2et8z
    @user-xn9ts2et8z 2 роки тому +3

    Наурыз құтты болсын! Тек жақсылықты ойлайық!

  • @novakdjokovic1600
    @novakdjokovic1600 Рік тому +2

    4:42-4:46 және 4:53-4:57 қызыл көйлектегі әйел күшті екен. Өз көйлегінің етегін өте керемет көтереді екен. Прям көйлегі де, өзі де өте әдемі екен.
    Маған осы жерде осы қызыл көйлектегі әйелдің, өзінің етегінің ұшын бар күшімен көтергені және оны соңына дейін ұстап, шыдап тұрғаны қатты ұнады 👍👏😍
    Анасы қолын тартқаныменде, өзі анасын екінші кадрда құшақтағанымен, көйлек етегінің ұшын соңына дейін мықтап ұстап, оны жібермеді 👏👏👏

  • @Strongmen05
    @Strongmen05 2 роки тому +3

    Оте керемет✊✊✊

  • @gulmariyabarmanbekova7349
    @gulmariyabarmanbekova7349 2 роки тому +1

    Өте күшті жасалған бейнеклип! Рақмет!

  • @user-vh5ri9tk4e
    @user-vh5ri9tk4e 2 роки тому +3

    Наурыз оң болсын, қайда барсаңдарда жол болсың, Қыдыр баба серіктерің болсың, ырыс ақты болсын, жеріміз шүйгін болсын, ел жұр аман болсын.

  • @Est_kb
    @Est_kb 2 роки тому +1

    Керемет!!! Ұнады!

  • @janar12457
    @janar12457 2 роки тому +1

    Ән тамаша

  • @user-vd8xv5dd4j
    @user-vd8xv5dd4j 2 роки тому +2

    👍

  • @svetlanajuma
    @svetlanajuma Рік тому

    😍

  • @Ashhqazaqpro
    @Ashhqazaqpro Рік тому +1

    керемет түсірген, ұлттық киімдерді айтсаңыздаршы! 💅💔

  • @nursauletemirbek9347
    @nursauletemirbek9347 2 роки тому +3

    Мультфильмдер мен арыстан патша секілді фильмдерді ютуб арнаға салыңызшы.

  • @user-fe1mp4ij8e
    @user-fe1mp4ij8e 2 роки тому +1

    ТАҢІРДІҢ. ТАҢЫ. АТСА. БӘРІ. ЖАҚСЫ. БОЛАДЫ.

  • @user-yz2gj5ru7w
    @user-yz2gj5ru7w 4 місяці тому

    Қайран далаға кеткен миллиондар Керек дүниеге жұмсаса жақсы еді..

  • @user-ip9bz2ux6g
    @user-ip9bz2ux6g 2 роки тому +2

    Түк түсінбедім не мағынада айтып жатыр

  • @user-mn9bs3st4k
    @user-mn9bs3st4k 2 роки тому

    Саламатсыздар ма!
    Кимешек киген кісінің есімін білесіздер ма?