Құрманғали Аяла жабайы алма проза

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 6 лип 2021

КОМЕНТАРІ • 16

  • @user-fn8oo4tj2n
    @user-fn8oo4tj2n 4 місяці тому +1

    Аяла, жарайсың! Дауысың керемет. Мәнерің тамаша!

  • @user-ls7rh8hp1t
    @user-ls7rh8hp1t 15 днів тому

    Сол жылы көктемде мен Нәзира әпкемді аңдитын әдет шығардым. Оным жақсы ма, жаман ба, дұрыс па, әлде бұрыс па,- ол жағын білмеймін. Әйтеу, ол ауыл үй арасы қайда барса да мен жансызданып, сыртынан бақылап жүрем: ауыл шетіндегі бұлаққа суға барғанында көрінбей соңынан ілесіп бұта-бөргездердің тасасында тұрам, екі кештің арасында көршілерден сүт, яки ыдыс-аяқ сұрай кіргенінде бұрыштағы тасадан және аңдимын. Ол болса менің бұл қылығымды әжем мен апамнан көретін, мені өзінің соңына солар салып қойды деп ойлайтын. Ал шындығында әжем де, апам да маған ештеңе айтқан емес, аңдитұғын менің өзім. Себебі соңғы кездерде мына ойдағы қауын салатын Шымырбай шалдың баласы - Тоқтар біздің үйді төңіректеп шықпайтын боп алды. Нәзира әпкемнің соңынан қалмайды. Екеуі жанаса кетсе-ақ ыржақ-ыржақ күлісіп, жәпектеп кеп сөйлеседі. Не сөйлесетіндерін кім білсін, әйтеуу бірінің-бірі аузына кіріп кете жаздайды.
    Тоқтар - ұзын бойлы, ақсары өңді, сұлу жігіт. Үлкендер оны әлі бала дейді, бірақ біздерге ол үлкен жігіт сияқты көрінеді: биыл өзіне мұрт өсе бастаған. Оның мұртын байқамас та едім, бірде біздің үйдің алдынан өтіп бара жатып, есік алдында күн шуақта жүн иіріп отырған әжеме:
    − Амансыз ба, әже?! Деніңіз сау, күйлі-қуаттысыз ба? - деп амандасқан болатын. Ал өзіне бүйтіп сәлемдескен адамға әжемнің жаны қалмайтын әдеті.
    − Әй, бұ қай баласың? - деген.
    − Мен, Тоқтармын ғой, әже.
    − Шымырбайдың Тоқтарысың ба?
    − Иә.
    − Ой, айналайын, өркенің өссін, қарағым,- деп әжем әбден разы боп қалған.
    Ал Тоқтар:
    − Ағадан хат кеп тұра ма? - дегенде әжем оған мүлде қулап түскен еді.
    − Кеп тұрады, қарағым. Кеп тұрады. Әй, Нәзира! - деген онан соң дауыстап.- Айран алып шықшы мына Тоқтарға.
    Тоқтар алғыс айтып кете бермек болып еді, бірақ әжем жібермеді.
    − Қарағым, есік алдынан құр ауыз өткенің болмайды, дәм татып кет,- деді.
    Нәзира әпкем іштен бір тостақан айран алып шығып ұсынды. (Бұл күні ол үйдің ішін тазалап, кір-қоңды жумақ боп жұмысқа бармай, сұранып үйде қалған). Тоқтар айранды асықпай ұрттай отырып, әжеммен біраз әңгімелескен. Мен болсам Тоқтардан да, Нәзира әпкемнен де көз жазбай, бұлар қайтер екен деп, екеуіне алма-кезек қарап байқастап тұрдым. Қуларын-ай десеңші, әжемнің көзінше екеуі де түк білмегенсіп сызыла қалыпты. Бір-біріне тек көздерінің астымен ғана қарап қояды.
    − Қарағым өзің әйтеу әскерге шақырғаннан амансың ба? - деп сұраған әжем.
    − Қыста бір рет шақырған, жасым әлі толыңқырамапты. Енді осы жазда шақыратын шығар.
    − Е, алла-ай, тал шыбықтай бұралып енді жеткендеріңде сендерге де ауыз салды ма?! Қу соғыс, қараң өшкір пәшис?.. Әй, Нәзира, тағы құйып әкеп бер, айран!..
    − Рақмет, әже, тойдым.
    Есік көзінде тұрған Нәзира әпкеме Тоқтар босаған тостақанды қайтарып беріп жатып:
    − Рақмет,- деді сыбырлап. Нәзира әпкем көздері күлімсіреп басын изеді.
    «Ой, қуларын-ай» деймін-ау!
    Сол жолы Тоқтар кеткеннен кейін де ойында басқа дәнеңе жоқ әжем баяғы «қу соғысты», «қараң өшкір пәшисті» қарғап-сілеп ұзақ отырды, бір ауық әскердегі баласын (біздің көкемізді) есіне алып, жылап та алды.

  • @user-oc6yq5vi8d
    @user-oc6yq5vi8d 11 місяців тому

    Қандай дауыс керемет

  • @user-jv7bs4tq9r
    @user-jv7bs4tq9r Рік тому

    Өте керемет бұрынғы қазақ киноларының дубляждағы дауысы секілді ,керемет

  • @user-fn8oo4tj2n
    @user-fn8oo4tj2n 4 місяці тому +1

    Сайын Мұратбековтің "Жабайы алма" повесі. Түгел оқыңыз. Өкінбейсіз. 😊

  • @AiulymRakimbay
    @AiulymRakimbay 13 днів тому

    Бұл проза ғой ия

  • @user-kn1wo6qp4g
    @user-kn1wo6qp4g Рік тому

    Әженің даусын әдемі салды

  • @GulzarShaigoz-ms2iv
    @GulzarShaigoz-ms2iv Рік тому

    Текст қайдан алуға болады

  • @futurestreamer9305
    @futurestreamer9305 2 роки тому

    апай әженің даусын қалай салады👥💕

  • @user-qw4te8mx5f
    @user-qw4te8mx5f Рік тому +1

    Текс саласызба

    • @user-fn8oo4tj2n
      @user-fn8oo4tj2n 4 місяці тому

      Сайын Мұратбековтің "Жабайы алма" повесі. Түгел оқыңыз. Өкінбейсіз.

  • @user-xu6cv8ef6p
    @user-xu6cv8ef6p Рік тому

    Текст барма

    • @user-lt5jl5du2i
      @user-lt5jl5du2i Рік тому

      Колледжге түссесізбе?

    • @saamsa17
      @saamsa17 11 місяців тому

      ​@@user-lt5jl5du2iсізше

  • @user-hm8ok2hm6w
    @user-hm8ok2hm6w Рік тому

    Сәлеметсіз бе!
    Өтініш текстін бере аласыз ба?

    • @saamsa17
      @saamsa17 11 місяців тому

      Актер мамандығын таңдап жатсыңба