Алашұлы - Сәйгүлік

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 чер 2022
  • Алашұлы - Сәйгүлік | Alashuly - Saigulik
    Табылды Досымовтың туындысы
    #Алашұлы #Сәйгүлік
  • Розваги

КОМЕНТАРІ • 590

  • @user-fv6eu9eh9h
    @user-fv6eu9eh9h Рік тому +92

    Табылды Досымның рухты әнін жаңа қырынан тамаша орындау. Алашұлының әндері қазаққа рух беретін әсерлі әндер. Жігітерге сұңқардай қанаттарың самғай, тұлпар дай тұяқтарың талмай өнердің шыңдарын бағындыра беріңдер! Алға Алашұлы!

  • @user-ie2je4dp4r
    @user-ie2je4dp4r Рік тому +16

    Күйеуім екеумізге қатты ұнайды осы топ Алаш ұлы.Мына әндіде керемет орындапты клип просто супер

  • @user-vv6ki6gv2g
    @user-vv6ki6gv2g Рік тому +118

    Алаштың ұлдары! Керемет! Тамаша! Сөз жоқ, қандай эмоция сыйладыңыздар десеңізші! Өнердегі жолдарың СӘЙГҮЛІКТІҢ шабысындай болсын! Әндер қоржыны тағы бір рухты туындымен толықты! ЖАРАЙСЫЗДАР! Браво 👏 браво 👏 браво! Алла жар болсын, ЖІГІТТЕР 🤲😘❤️!

  • @user-mz5pn1tj8h
    @user-mz5pn1tj8h Рік тому +52

    Рухты ән, рухты жігіттер. Режиссёрға да мың алғыс. Көз алмай қайталап қарай беретін клип болды бұл❤

  • @user-pt8kt8fp3t
    @user-pt8kt8fp3t Рік тому +20

    Керемет рухтандыратын ән Ең сулу жануар Ат Әр Қазаққа лайық Маа шаа Аллах 🇰🇿❤️✊💪

  • @user-jh1eq9kh7w
    @user-jh1eq9kh7w 3 місяці тому +6

    Не деген табиғат, не деген сәйгүліктер керемет бейнеклип, рух көтерер тума... ❤👍

  • @user-gz9je1nd3v
    @user-gz9je1nd3v Рік тому +51

    Керемет. Міне Қазақтың жігіттері осылай шырқау керек. Алаш ұлы жасасын

    • @user-xo5gq1bd3o
      @user-xo5gq1bd3o Рік тому

      ❤️❤️❤️❤️😀😀😀😀😀

    • @user-xl6yq9ed4z
      @user-xl6yq9ed4z Рік тому

      👍

    • @user-fr3de1km1b
      @user-fr3de1km1b Рік тому

      Кееекуеғғқүғ куцццңіәёёёәппакеішш'ю...ёёәәёййёёёцъцъёё ппаквуаккййёйё❤❤ёёё😂ёёё❤❤ц ъъёәёё ёёцёёёёгпёцё

    • @Duman-ws9hz
      @Duman-ws9hz Місяць тому

      Әрине процесі нннұңң ггщ қққііұё

  • @user-fx1ot8gy2r
    @user-fx1ot8gy2r Рік тому +55

    Табылды Досымовтың әні🤩👍👍👍 КЕРЕМЕТ ОРЫНДАУ👍👍👍👍

  • @user-ny9lt6fb6p
    @user-ny9lt6fb6p Рік тому +59

    Нағыз рухты котеретін ән керемет орындау алға қазақ жігіттері

  • @creative_hands_
    @creative_hands_ Рік тому +31

    Әу де! Қандай керемет бұрында осы ән ұнайтын еді енді тіптен керемет орындау болды Жарайсыңдар жігіттер!

    • @swqqq_
      @swqqq_ 10 місяців тому

      Рахмет

  • @time_english
    @time_english Рік тому +19

    Тек тоқтамаңыздаршы, Қазақстандағы ең мықты топсыздар! Әр туындыларыңыз керемет! 🙌🙌🙌🥰🥰🥰

  • @user-ek6mk3nc2h
    @user-ek6mk3nc2h Рік тому +79

    Максат красавчик!!! Клиптің ажарын кіргізді ғой. Стилі қандай😍. Харизмасы ұрып тұр🤤.

  • @NurlanUssenov
    @NurlanUssenov Рік тому +29

    Тамаша жігіттер рахмет ризамын. Табылды ағамыздың әнін жаңартқандарыңыз дұрыс болды. Мәнді өлең, ал бейнебаян тамаша шыққан!

    • @gylbagdaginayat2765
      @gylbagdaginayat2765 Рік тому +1

      Бұл Тек Табылды ағаныкы емес Сөзі Светқали Нұржандыкы әні Табылды Досымов

    • @user-ui1py7dt6w
      @user-ui1py7dt6w Рік тому +1

      @@gylbagdaginayat2765 Орындаушысы Табылды аға болғандықтан Табылды Досымовтың әні болып есептеледі.

    • @gylbagdaginayat2765
      @gylbagdaginayat2765 Рік тому +2

      @@user-ui1py7dt6w сөзін жазған адамды ұмытпауға болмайды. Сәйгүлікті Сәйгүлік қылған Светқали аға.

  • @user-ln8ii7mj6q
    @user-ln8ii7mj6q Рік тому +8

    Ассалаумагалейкум казак ели.Жарайсындар Алаш улы нагыз казакилык кутты болсын бейне Брайан Ерзат красава бас

  • @user-pu3to1ts6g
    @user-pu3to1ts6g 9 місяців тому +12

    Күшті орындау керемет! Жарайсыңдар Алашұлдары❤

  • @user-qy9ef2ll5r
    @user-qy9ef2ll5r 11 місяців тому +4

    Нағыз рухты әннің бірі керемет жарайсындар 👏👏👏👏❤️❤️❤️❤️❤️❤️🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿💪💪💪💪💪💪💪

  • @aijandalelkhanova6244
    @aijandalelkhanova6244 Рік тому +14

    Мен ауырып жатқан едім,той думаннан осы өлең шыға келді,бірінші естуім,өте керемет ән екен,маған күш қуат беріп,жазылып кеттім ❤аттардыңда шабысы әнмен үйлесе кетіпті,сәйгүлікті жақсы көремін,Алаш тобы құрылғаннан бастап әндері,қатты ұнайды.Сәйгүлік әні өте керемет әсер қалдырды👍💐🥰👏 рахмет 💐

  • @user-yk9gq9il6s
    @user-yk9gq9il6s Рік тому +9

    Алашұлы алға. Керемет жақсы ән .Өнерлерің үстем болсын. Биік шыңдардан көрініңдер. Сәйгүлік сияқты тек алға шаба беріңдер .

  • @user-wy6fh3ux1p
    @user-wy6fh3ux1p Рік тому +7

    Алаш тобының әндерін шәкірттеріме үйреткем. Қазақтың иісі бар мағыналы әндер орындайды. Жарайсыздар

  • @user-oy4qz6xf8q
    @user-oy4qz6xf8q Рік тому +2

    Керемет ән. балам жыласа қосып берсем бірден қояды. Тек алға. Өте қуаныштымын осын шығып хит болғанына

  • @user-vb1bk7nc1m
    @user-vb1bk7nc1m 5 місяців тому +30

    Бұл өлеңнің сөзі мен әнін жазған- марқұм Табылды Досымов ағамыз. Қазақтың тұңғыш бард ақыны. Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінің тумасы. Ютубта өзі орындаған әндер жинағы бар.

    • @user-mv6hh3jh9p
      @user-mv6hh3jh9p 5 місяців тому +5

      Сөзі: Светқали Нұржан - Маңғыстау, әні : Табыл Досымов - Атырау.

    • @LauraOrynbasar-zp5tr
      @LauraOrynbasar-zp5tr 2 місяці тому

      ³

    • @user-jt3wf9yq9k
      @user-jt3wf9yq9k 10 днів тому

      😍❤️

    • @user-zu9ww7yg7v
      @user-zu9ww7yg7v 2 дні тому

      Сөзі Светқали жазған ол тірі, тірі адамды марқұм демеңіз

  • @user-kl6kd2rh4u
    @user-kl6kd2rh4u 11 місяців тому +9

    Нағыз рухты көтеретін ән екен.
    Керемет орындау.
    Тамаша! 👍👍👍
    Жарайсыңдар жігіттер 💪💪💪

  • @erkebulan7970
    @erkebulan7970 Рік тому +24

    Үйде мықты қазақтың сәйгілігіне ештене жетпейді ғой шіркін ай жануар рахмет жігіттер видео үшін

    • @nurdauletzinaliev1041
      @nurdauletzinaliev1041 6 місяців тому

      БбядЭ мм южлб әр ІІМ😅😅😅😅😅😅с моагл😅 н

  • @altinkizgold5998
    @altinkizgold5998 8 місяців тому +13

    Сөз деген осылай нақты,анық ,ашық болса ғой...✊

  • @user-dm5qd2uv2h
    @user-dm5qd2uv2h Рік тому +11

    Жасаган бересалгандар керемет МашАллах тыл козден аманболындар тек кана алга

  • @azamatbaydulla5885
    @azamatbaydulla5885 Рік тому +58

    КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН,
    ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ.
    ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП,
    ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...
    Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
    Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
    Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
    Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ!
    Жосылтам, шіркін!Борайды жаңа өлең қардай.
    -Тұлпарым қандай сол шақта және мен қандай?!
    Аңсау бар жанда ес - түссіз! -Тым - тым алыста
    Тек мені күтіп жатқан бір ақ әлем бардай ......
    Аққу сындымын бүгінде айдыны - қырау.
    Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау.
    -Өңіме қарап, апыр - ау, шаппайсың ба енді,
    Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!

  • @kanatwakirbaiuli7529
    @kanatwakirbaiuli7529 Рік тому +5

    Бәреклді қазағым, жарайсыңдар жігіттер, күшті.

  • @user-mz2qb7gj2f
    @user-mz2qb7gj2f Рік тому +8

    Керемет өте әсерлі 👍🏻👍🏻👍🏻🐎 шабыңдар шабыттаныңдар

  • @user-re4jt2kv1t
    @user-re4jt2kv1t Рік тому +8

    Керемет орындау! 👍🏻👍🏻👍🏻сұлу табиғат, сұлу да әдемі жігіттер, өте керемет клип👏🏻👏🏻👏🏻Алашұлы тобына әрқашан сәттілік, жолдары ақ болсын деп тілеймін! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻🌹🌹🌹

    • @user-lj9bd9jp3c
      @user-lj9bd9jp3c Рік тому

      Алашулы😎😇😍👍💜🧡💛💚🤍💙🥰🤗😎😇

  • @user-ld9dd8qs8n
    @user-ld9dd8qs8n Рік тому +16

    Құтты болсын! Жарайсыңдар⭐️⭐️⭐️⭐️-ң жана берсін

  • @gulmiraermaganbetova6833
    @gulmiraermaganbetova6833 Рік тому +4

    Кандай керемет орындау👌👍👍 Тамаша

  • @user-uq3vp7lv4l
    @user-uq3vp7lv4l Рік тому +8

    Керемет,тамаша тусірілім,жанадан шабыт сыйлайды.Магыналы,тусынген адамга.Жандарым осы тулпардын шабысындай шарыктандар.Канаттарын талмасын.

  • @user-bi4jd2uq1c
    @user-bi4jd2uq1c Рік тому +13

    КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН,
    ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ.
    ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП,
    ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...
    Қайырмасы:
    Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
    Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
    Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
    Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ!
    Аққу сындымын бүгінде айдыны - қырау.
    Қай жаққа апарып көмермін қайғымды мынау.
    -Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге?
    Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..
    Қайырмасы:
    Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
    Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
    Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
    Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ!
    Аққу сындымын бүгінде айдыны - қырау.
    Қай жаққа апарып көмермін қайғымды мынау.
    -Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге?
    Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!

  • @balablogger6484
    @balablogger6484 Рік тому +22

    Өте әдемі бейнебаян!!! Сұлу табиғат, сұлу сәйгүлік, Рухты Алашұлының Арлан Азаматтары! Қүтты болсын!! Әлемге танымал болсын! Жанат Андасова.

  • @Vip_Kornekilikter
    @Vip_Kornekilikter Рік тому +2

    Өзім атпен шапқанлай күй кешітім керемет рухты ән!Кеуденді мақтаныш сезімі кернейді!

  • @Zhamilia_77_
    @Zhamilia_77_ Рік тому +15

    Керемет клип, не деген мотивация, не деген харизма...Жарайсыңдар жігіттер, мына клип адамның рухын көтереді екен 👍👍👍

    • @didarzhandosuly2234
      @didarzhandosuly2234 Рік тому

      ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @amalbekova_lunara
    @amalbekova_lunara Рік тому +3

    Керемет! Тек тамсану, бәрі орнымен, бәрі үйлесімді.👍

  • @user-ot5yk1wj5l
    @user-ot5yk1wj5l Рік тому +7

    Керемет жігіттер. Жарайсыңдар. Тыңдай бергің келеді

  • @user-uf2dc1cj2k
    @user-uf2dc1cj2k 4 місяці тому +2

    Керемет! Өте мықты шыққан. Жарайсындар👏🏼👏🏼👏🏼💪

  • @user-cq3jv5uf6s
    @user-cq3jv5uf6s Рік тому +1

    Ұйқтап жатқанда осы әуенді естіп ояндым, өте тамаша күйге түстім, клиптарыда заманауи керемет

  • @azamatzamzarkhanov8462
    @azamatzamzarkhanov8462 Рік тому +10

    👍👍👍🔥🔥🔥Әдемі ән. Әдемі клип. Жарайсыңдар жігіттер🤝👍🔥

  • @user-by4xt2le2d
    @user-by4xt2le2d Місяць тому

    Ұлттық нақышта шыққан ең әдемі клип болғандықтан осы әнді қайта-қайта тыңдай бергім келеді.
    Әннің сөзі, әуені, орындалуы, жігіттердің атқа шабысы, қазақтың әсем табиғаты және оны көрсете білген оператордың шеберлігі, идея авторы- бәрә-бәрі керемет.

  • @sandugashduisebayeva3486
    @sandugashduisebayeva3486 Рік тому +8

    Керемет клип! Жарайсыңдар жігіттер! Қазақтың нағыз жігіттері 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-ww5sl4qr8r
    @user-ww5sl4qr8r Рік тому +5

    Өте керемет өлең. Рухты көтеріп. Өзіңді кім екеніңді, қай жерде туылып. Қандай батыр елден шыққан көрсететін ән. 👍👍👍🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥

  • @user-ok6zw3yg1c
    @user-ok6zw3yg1c Рік тому +6

    Керемет казак жигиттер 👍👍👍🌟🌟🌟👏👏👏💐

  • @user-lo2eg5on2s
    @user-lo2eg5on2s Рік тому +11

    Алашұлы ❤️❤️❤️Жарайсыңдар!!!!!

  • @user-fh8jw5pb9h
    @user-fh8jw5pb9h Рік тому +1

    Күшті рухты ан екен тыңдап отырып прям😍 клип вообщем сөз жоқ КЕРЕМЕТ😍👏👏👏

  • @kymbatkyzaybekova3154
    @kymbatkyzaybekova3154 Рік тому +4

    Керемет! Жаңа бейнебаян құтты болсын! ❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-qo5qf9cx9e
    @user-qo5qf9cx9e Рік тому +14

    Қайсы әндеріңізді алса да түсірген бейнебаяндарыңыз мықты, көз тоярлық!!! Сіздерден тағы осындай сынды керемет шығармашылық туындылар күтеміз!!! Тек алға!!!

  • @user-cq7on7mi9b
    @user-cq7on7mi9b Рік тому +8

    молодец балаларым орал каласы👍👍👍

  • @balablogger6484
    @balablogger6484 Рік тому +1

    Керемет!!! Алашұлы арландары АЛҒА! БӘЙГЕНІ БЕРМЕҢІЗДЕР!

  • @aminakassymbek6198
    @aminakassymbek6198 Рік тому +3

    Осы өленді естісем Атамды есіме аламын❤😭

  • @Raimbek2005
    @Raimbek2005 Рік тому +5

    31.10.22ж Архив🇰🇿
    Обшягада жатып тындап отырмын ауыл сағынып😃🥺

  • @aijandalelkhanova6244
    @aijandalelkhanova6244 11 місяців тому +6

    Шаршап тұрсам осы әнді қосып қоямында зарядталып алам😂

  • @user-lt5fw2ke9y
    @user-lt5fw2ke9y Рік тому +15

    Әр әріптерінің анығын-ай...

    • @user-vz2nq6rm1s
      @user-vz2nq6rm1s 6 місяців тому

      Не некерек

    • @user-vz2nq6rm1s
      @user-vz2nq6rm1s 6 місяців тому

      Акша жетпима узер саган не бул исин

    • @user-vz2nq6rm1s
      @user-vz2nq6rm1s 6 місяців тому

      Галустиук и смокинг казахский войный не насили

    • @user-vz2nq6rm1s
      @user-vz2nq6rm1s 6 місяців тому

      Иттин баласы

  • @didar_syzdyk
    @didar_syzdyk 10 місяців тому +2

    сөз жоқ керемет эмоциялық ән

  • @AizereKamit
    @AizereKamit 8 місяців тому +4

    😊сіздің әнінің жақсы екен 🥰😍❤ сізге көп көп рахмет 🥰

  • @user-wr7te9tj4t
    @user-wr7te9tj4t Рік тому +7

    Ең мықты орындауы!!!👏👏👏💪💪💪

  • @user-oo8df6vh3o
    @user-oo8df6vh3o Рік тому +7

    Қандай керемет!Жігіттер қандай сұлу!🤩🤩🤩

  • @aliakulmaganbet5974
    @aliakulmaganbet5974 10 місяців тому

    Керемет орындау менің кішкентай баламның сүйікті әні тек осы әнді тыңдаймыз

  • @user-tn9ul7hp8c
    @user-tn9ul7hp8c Рік тому +8

    Барекелди жигиттер🔥🤙

  • @aidarasa8482
    @aidarasa8482 Рік тому +8

    Ээээх жеттіаууу жүрекке Сәйгүлік🔥

  • @Aipbayev02
    @Aipbayev02 Рік тому +6

    Керемет, Жарайсыңдар!! 🔥

  • @ramos0681
    @ramos0681 3 місяці тому +7

    Ne mutlu Türk'üm diyene 🇹🇷

    • @NurayMakayeva
      @NurayMakayeva Місяць тому

      Жаныңа да Қазақстанның туы қою керек еді!

    • @NurayMakayeva
      @NurayMakayeva Місяць тому

      🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @adl1599
    @adl1599 Рік тому +8

    Жыл сайын ауылға барып,бір жетіге. Атқа мініп шауып шығам. Кең байтақ Қазақтың даласы. Ұлы дала Халқымыз ұмытпайық. Клип кішті. Жарайсыңдар жігіттер.

  • @nkkn4328
    @nkkn4328 Рік тому +5

    Керемет орындау! Бейнебаян ерекше! Харизма, талант, толкытатын ауен!

  • @user-bm5gp2dk2o
    @user-bm5gp2dk2o Рік тому +5

    Керемет орындау. Жарайсыңдар.

  • @altynai_akarys
    @altynai_akarys Місяць тому

    Жүректен шыққан ,шабыт беретін ән екен❤

  • @user-cy2mt5dk2s
    @user-cy2mt5dk2s 9 місяців тому +1

    Керемет рухты ән❤жететин.

  • @user-ot3sg7xt1h
    @user-ot3sg7xt1h 9 місяців тому +3

    Өте керемет топ!Концертінде болып едік!Әндері де билері жүректі тебірентеді

  • @gauhardzhumagalieva7240
    @gauhardzhumagalieva7240 Рік тому +14

    Обожаю эту песню!!!Прям в душу👍👍👍

  • @dragman5553
    @dragman5553 Рік тому +3

    Міне нағыз қазақ клип браво алашұлы

  • @user-md2jk2wu7s
    @user-md2jk2wu7s Рік тому +15

    Алаштың жігіттері керемет!!! Жарайсыңдар,тамаша! Өнердегі жолдарыңа,Сәйгүліктің шабысымен жетіңдер.Алла жар болсын!

  • @aqerkezhumakhan5078
    @aqerkezhumakhan5078 Рік тому +10

    Нағыз қазақ жігіттері керемет 👏👏👏👏👍👍👍

  • @user-vh1qw1sz1q
    @user-vh1qw1sz1q Місяць тому

    Керемет тамаша азаматтар табиғи дауыс аман жүріңіздер

  • @bayanalimakyn6632
    @bayanalimakyn6632 Рік тому +50

    Рухты!✊✊✊Құтты болсын бауырларым!☀️☀️☀️Тек алға!💪

  • @zhadyra.sunshine
    @zhadyra.sunshine Рік тому +6

    Сөз жоқ, өте керемет❤️😍👍🏻

  • @user-ot5yk1wj5l
    @user-ot5yk1wj5l Рік тому +5

    Мынау біздің Қазақстан ба? Қандай ғажап

  • @bzdebarbar7367
    @bzdebarbar7367 Рік тому +2

    Керемет жарайсыңдар.керемет.

  • @user-cb9pb7lp2g
    @user-cb9pb7lp2g Рік тому +1

    Қазақтың Ұлдары мықты Алға Қазақстан

  • @user-cf7se5cl2h
    @user-cf7se5cl2h Рік тому +1

    Беу де, керемет клип. Өнерлері өрлей берсін

  • @xaanyt9768
    @xaanyt9768 Рік тому +10

    ЖАҢА ЮТУЕР БОЛАМЫН ҚАЗАҚТАРДАН ҚОЛДАУ КҮТЕМІН🇰🇿🖤

  • @maksatrahmet307
    @maksatrahmet307 Рік тому +132

    Жақсы тілектеріңізге үлкеен рахмет! ✊✊✊

    • @user-qz3ts5cd2t
      @user-qz3ts5cd2t Рік тому +7

      Керемет нағыз қазақтың жігіттері қазақтың әні 👍👍шығармашылықтарыңыз жемісті бола берсын я вас обожаю😘😘🙌

    • @sayaabdullina2458
      @sayaabdullina2458 Рік тому

      )😊😙🤩🤗😍😘

    • @mizambayevadiana662
      @mizambayevadiana662 Рік тому +1

      @@user-qz3ts5cd2t 4н

    • @user-ku5ir5fh6i
      @user-ku5ir5fh6i Рік тому

      @@user-qz3ts5cd2t 6н55ъшри

    • @user-wn5pr9mu7q
      @user-wn5pr9mu7q Рік тому

      ​@@user-qz3ts5cd2t 8ззш ❤6

  • @user-ds4hs3jv9v
    @user-ds4hs3jv9v Рік тому +44

    Мир будет вашим, ұлдарым! Только не утратьте своих корней. Пусть Аллаһ и аруақтар поддержат вас в покорении всех сфер мира!

    • @user-je3no5hx8v
      @user-je3no5hx8v Рік тому +2

      А

    • @djangodev3191
      @djangodev3191 6 місяців тому +2

      Никакие аруактар никого не могут поддержать они мертвые люди и не более. Уповать нужно только на Аллаха. Основа Ислама - это Единобожие. Поклонение только одному лишь Аллаху, упование на одного лишь Аллах. Поклонение кому либо кроме Аллах - это великая несправедливость. Он нас создал и дал нам все, что у нас есть. Наделил нас всеми качествами и дал пропитание.

    • @user-vn8gt1ej8q
      @user-vn8gt1ej8q 5 місяців тому

      ​@@djangodev3191уіуу

    • @KZALEKEas
      @KZALEKEas 4 місяці тому

      😢

  • @user-du7ix9hs9o
    @user-du7ix9hs9o Рік тому +10

    Не деген подача 👍👍👍 сіздердің рухтарыңызды экранның арғы жағында отырып түсінгендеймін 💪 керемет

  • @user-ck3um3bg2e
    @user-ck3um3bg2e 9 місяців тому +1

    Доброе утро любимая моя жена как самочувствие настроение чем занимаешься сегодня как день провела❤

  • @eroshtv8788
    @eroshtv8788 Рік тому +3

    Беуде. Жарайсыңдар жігіттер!

  • @user-wf5lu9qk7t
    @user-wf5lu9qk7t Рік тому +1

    Ай красавчик молодец құтты болсын 🔥👏

  • @olgasalusova
    @olgasalusova 5 місяців тому

    Krasivoje lošadi, priroda, eto svoboda !❤💯💤

  • @user-xl7ih4uc5z
    @user-xl7ih4uc5z Рік тому +3

    Табылды Досымовтың сөзіне жазылған ән ғой. Жаны жаннатта болсын. Жақсы адам, өнерлі адам деп еститінбіз

    • @user-kh6if9ge8z
      @user-kh6if9ge8z Рік тому

      Ани Табылды агамыздики, сози Светкали

  • @naimankanaimanka7126
    @naimankanaimanka7126 9 місяців тому +4

    Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген
    Үйіме үнсіз тұнжырап қайғырып келем
    Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап
    Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем
    Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
    Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап
    Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
    Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ
    Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
    Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап
    Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
    Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ
    Аққу сындымын бұл күнде айдыны қырау
    Қай жаққа апарып көмермін қайғыны мынау
    Өңіме қарай бір кезек шаппайсың неге
    Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім-ау
    Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
    Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап
    Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
    Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ
    Аққу сындымын бұл күнде айдыны қырау
    Қай жаққа апарып көмермін қайғыны мынау
    Өңіме қарай бір кезек шаппайсың неге
    Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім-ау
    App Store
    РЕКЛАМА

    6+
    Социальная сеть для книголюбов
    LiveLib объединяет любителей чтения! Присоединяйтесь к
    Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
    Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап
    Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
    Мен болсам - арман, тұлпарым - арманнан да әппақ
    Аққу сындымын бұл күнде айдыны қырау
    Қай жаққа апарып көмермін қайғыны мынау
    Өңіме қарай бір кезек шаппайсың неге
    Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім-ау

  • @user-rv5ng6hh4q
    @user-rv5ng6hh4q 17 днів тому

    Массаган не деген дауыс❤😊

  • @belsultansagynaliev7050
    @belsultansagynaliev7050 Рік тому +10

    Керемет 😍🇰🇬

  • @user-rm3tc9wn2n
    @user-rm3tc9wn2n 24 дні тому +1

    Керемет😊❤

  • @user-pn2cf9se2p
    @user-pn2cf9se2p Рік тому +1

    Осы әнді жұмыр қылыш тобы керемет айтады

  • @medinbakhyt9471
    @medinbakhyt9471 Рік тому +2

    керемет шыққан клип😍😍

  • @CristianoRonaldo-tt3qr
    @CristianoRonaldo-tt3qr Рік тому +5

    Осы әнді естіп Сағыз есіме түсіп кетті ғо

  • @asiyakhazieva
    @asiyakhazieva Рік тому +5

    Құтты болсын 😍😍😍😍

  • @user-gd1rm5od3e
    @user-gd1rm5od3e Рік тому +3

    Сөз жок керемет,жарайсыңдар

  • @user-cp5ix1cc7w
    @user-cp5ix1cc7w Рік тому +4

    Кандай керемет!