Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында ауылдық округтің 1600 тал егу туралы жариялаған тендер жұмысын алған «Шалқар мүгедектер қоғамы»-ның тапсырысыменен Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «Үлкен Борсық орман шаруашылығы»-ның қызметкерлері Бақтыгерей Қайрат Нұрболұлы және Қалдыбай Аманбек Қалдыбайұлы Миялының Сағыз ауылына шыға беріс жолдың екі бетіндегі темір шарбақпен қоршалған екі баққа әр қайсысына 800 ден 1600 түп үйеңкі ағашының жас талын отырғызуды бастады. Биыл көктемде аталмыш тал егуші мердігерлер Миялының орталығындағы «Белгісіз жауынгерлер» белгісі орналасқан баққа 800 айланд (қазақша атауын білмедім) талдарын еккенмен, олар бүгін орманшы мамандардың түсіндіруінше оңтүстіктен әкелінгендіктен батысқа жерсінбегендіктен 100 түп талы ғана шығып, 700 түп тал қурап өспей қалған болатын. Ол туралы күтімсіз бақ туралы аудан әкіміне мәселе де көтерген болатынмын. ua-cam.com/video/f6XGbmAKbbw/v-deo.htmlsi=E_YWaqMFxRggtECa Мердігерлер сыннан қорытынды шығарып, Миялы ауылдық округі әкімшілігімен келісе отырып, тендерде жариялаған 1600 түп талды қайтадан егуді қолға алып, күзде үйеңгі талдарын отырғызуды бастады. Миялы ауылдық округ әкімі Амангелді Бағдаровпен бірге мердігердің талдарды егу жұмыстарына бірге қатыстым. Орманшы мамандар талдарды күтуді біздерге былайша түсіндірді. - Үйеңкі талдарына уақтылы су құйып тұрса болды, жергілікті жерге төзімді қара ағаштай көп күтімді қәжет етпейді шығып кетеді, деп сендірді. Президентіміз Қ. Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдарға және жалпы бұқараға міндеттеген «Таза Қазақстан», «Көгалдандыру - көптің ісі» тал егу акциясына және оны күтіп ұстауға баршамыз ат салысалық ауылдас ағайын!
Есенбай аға дұрыс айтасың
Жеміс талдарын егу керек
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында ауылдық округтің 1600 тал егу туралы жариялаған тендер жұмысын алған «Шалқар мүгедектер қоғамы»-ның тапсырысыменен Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «Үлкен Борсық орман шаруашылығы»-ның қызметкерлері Бақтыгерей Қайрат Нұрболұлы және Қалдыбай Аманбек Қалдыбайұлы Миялының Сағыз ауылына шыға беріс жолдың екі бетіндегі темір шарбақпен қоршалған екі баққа әр қайсысына 800 ден 1600 түп үйеңкі ағашының жас талын отырғызуды бастады.
Биыл көктемде аталмыш тал егуші мердігерлер Миялының орталығындағы «Белгісіз жауынгерлер» белгісі орналасқан баққа 800 айланд (қазақша атауын білмедім) талдарын еккенмен, олар бүгін орманшы мамандардың түсіндіруінше оңтүстіктен әкелінгендіктен батысқа жерсінбегендіктен 100 түп талы ғана шығып, 700 түп тал қурап өспей қалған болатын. Ол туралы күтімсіз бақ туралы аудан әкіміне мәселе де көтерген болатынмын.
ua-cam.com/video/f6XGbmAKbbw/v-deo.htmlsi=E_YWaqMFxRggtECa
Мердігерлер сыннан қорытынды шығарып, Миялы ауылдық округі әкімшілігімен келісе отырып, тендерде жариялаған 1600 түп талды қайтадан егуді қолға алып, күзде үйеңгі талдарын отырғызуды бастады. Миялы ауылдық округ әкімі Амангелді Бағдаровпен бірге мердігердің талдарды егу жұмыстарына бірге қатыстым. Орманшы мамандар талдарды күтуді біздерге былайша түсіндірді.
- Үйеңкі талдарына уақтылы су құйып тұрса болды, жергілікті жерге төзімді қара ағаштай көп күтімді қәжет етпейді шығып кетеді, деп сендірді.
Президентіміз Қ. Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдарға және жалпы бұқараға міндеттеген «Таза Қазақстан», «Көгалдандыру - көптің ісі» тал егу акциясына және оны күтіп ұстауға баршамыз ат салысалық ауылдас ағайын!
Тал не керек.жолды салшайш қыс болдығо
Тал емес басты мәселе Жол болып тургой ауылда.