ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛМАСЫН БІЛІП САУСАҒЫН КЕСІП ҚАЛДЫРҒАН БАТЫР ТУРАЛЫ БІЛУШІ МЕ ЕДІҢІЗ? БАҺАДҮР БАУБЕК!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 жов 2024
  • Баубек батыр 1820 жылы қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданы жерінде дүниеге келген. Руы Қарауыл. Әкесінің ата-тегі дәулетті адамдар болған. Шешесі - Шұға. 9 жасында ата-анасынан айырылған ол Кенесары ханның әскер жинақтап жатқанын естіп, сонда келеді, ханның бәйбішесі Күнімжан оны туған ұлындай қабылдап, өсіріп жеткізеді. Бұл жерде әскери тәсілдерді үйреніп, есейген Баубек, әр тұрлі жорықтарға қатыса бастайды.
    Баубек алғашқы шайқасқа 15-16 жас шамасында қатысқан. Сол жолы атышулы қырғыз батыры Отыншыны жекпе-жек ұрыста жеңіп, содан кейін есімі елге батыр ретінде жария бола бастайды. Ол Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыруы мен әскери іс-қимылдарын жүргізуі кезінде ханның ең сенімді көмекшілерінің біріне айналады. Кенесары мен оның інісі Наурызбай тұтқынға түскенде, Баубек те солардың қасында болады. Елім деп еңіреген баһадүрлер қаскөй дұшпан ның қолынан қазаға ұшыраған сәтте Баубек ебін тауып, жау құрсауынан қашып шығады. Содан туған өлкесіне оралады.
    Кенесары көтерілісінің дауылы басылғаннан кейін Баубек өзінің туыс-туған, рулас ағайындарымен бірге Есіл өзеніне құятын Терісаққан өзенінің бойына көшіп қонады. Сол маңдағы қазіргі Терісаққан ауылы - бағзы күндердегі Баубек батырдың қонысы.
    Патша өкіметіне қарсы соғысқа қатысқан, қарапайым халықтың қорғаушысы болып, олардың шексіз құрметіне бөленген жанға қатігез билік кең тыныстау мүмкіндігін берсін бе? Көп ұзатпай, саяси көзқарастары мен бұлжымас берік ұстанымдары үшін патша әкімшілігі батырды Ресейдің Түмен облысына жер аударады. Айдауға кетіп бара жатқанда жарықтық қылышпен бір саусағын шауып түсіріп, «Бұл сапардан оралмайтын шығармын. Менің көз жұмғаным жайлы хабар жетсе, мүрдемнің орнына осы саусағымды жер қойнына тапсырыңдар» деп аманаттап тастап кетсе керек. Айтқандай-ақ, ұлттың қамын ойлаған алып жүректі тұлғаға елге есен-сау оралу нәсібі бұйырмай, 1884 жылы айдауда жүріп, бақиға аттанады.

КОМЕНТАРІ • 82

  • @erikadilxan4925
    @erikadilxan4925 Рік тому +18

    Жараисың бауырым Қараторғай ұмыт болған БатырАтаБабаларымызды Атын жаңғыртыпЕске алып халыққа Танытқаның ұшінШаршама БауырымРахмет

  • @ДауренБейсембаев-х8ш

    ЕЛИН ЖАУДАН КОРГАУ ЖОЛЫНДА ШЕЙИТ БОЛГАН БАБАЛАРЫМЫЗДЫН ЖАНЫ ЖАНАТТА БОЛСЫН!😢😢😢😢🤲🤲🤲🤲🤲

  • @МарфугаТонтакова

    Қайран бабаларымыз жандары жәнетте болғай🙏🤲🤲🤲😢

  • @abaikunanbaev4997
    @abaikunanbaev4997 Рік тому +7

    Жаны жәннәттә болсын!!!

  • @raikhantaimanova4479
    @raikhantaimanova4479 Рік тому +12

    Ракмет
    Осындай жастарға үлгі өнеге беретін, тамаша жаналык жаршысы болғанына, мың алғыс, балам.
    Менде де бир тың материал бар. Соны колга алсаң, елің риза болар еди

  • @КАМмаиииаввмИДАНУРКАНОВА

    Керемет ақпараттарды, тарихи мәлеметтерді халыққа жеткізгендеріңіз үшін, Алла разы болсын! Ұрпағымызға осындай батырларымызды, тарихи жерлерімізді, зиялыларымызды дәріптеп, үлгілі тәрбиелік мәні бар шығармашылығыңыз үшін, бауырымызға мың алғыс! Сонымен тарихқа тұнып тұрған Ағамыз сияқты білгір, білімді азаматтарымыз да көбейе берсін!!!

  • @ernaruteuliev9359
    @ernaruteuliev9359 Рік тому +5

    Бармысың бауырым Қараторғай көп болды көрінбеи кеттің ғой, өзіңді көріп, бір қуанып қалдым, аман есен жүрсең болды бауырым

  • @ЕркебуланБекишев

    Кытай Манғолия Иран Өзбекстан Түркменстан Ауғаныстан Казактарына квота санын улгайту керек Солтустик Казастанды Казакка толтыру керек жер үй мал берсе оздери донгелетип акетеди Казактын санын 40 50 милион болуын Аллах насип етсин

  • @АйманХайтжанова-к4й

    Ерлік әрине,ерлік ,иманы жолдасы болғай

  • @БекжанЖамболаев

    Елді мекен орналастыратын жер екен жері құнарлы шөбі шүйгін суы мол керемет жер екен табиғаты бөлек екен жазық дала 😮😮😍😍👏👏👍👍

  • @ДауренБейсембаев-х8ш

    Жарайсын дурыс тарбиелик манызы бар ис!

  • @КудайберлыМырзабек

    Сізден басқа қазақтың бәрі сеніп келдік. Ханыма берген антымнан таймаймын, орысқа қызмет етпеймін деп бас тартқан. Кенесары ханға қарсы болғандармен ұстасып өткен. Ерден Сандыбайұлы, Шыңғыс Уәлихановтар оязға шағымданып отырып айдатқан ғой
    Соңғысында: Дауылбай досымды босатыңдар, еліме, ұрпақтарыма тимеңдер- деп шарт қойып, Атбасар гауфвахтасына өз еркімен барған. Кетіп бара жатқанда орта жолда ел адамдары қуып жетіп, патшаға қызмет етуге келіссең босатады дегенде, көнбеген. Сондай ерегіс, ашумен саусағын орып түсіріп, үлкен ұлы Мағзұмға беріп жіберіпті. Ондай жағдайда адам медпункт іздеп тұрмайды ғой. Мына заманда да Оспан батырдың ауылында бір ұрпағы осыдан менікі қате болса мұрнымды кесіп берейін депті. Содан айтқаны келмегенде. Сөзінен таймаймын деп, пышақты ала сап танауын орып жібергенін білмейсің бе? Ол да йод пен бинт дайындап отырмапты. Сондықтан біздің бабаларымызға бүгінгі жасық, жалтақ, жарамсақ, өтірікші, сатымсақ, азған ұрпақтың көзімен қарамайық, бауырым!

    • @RAStime
      @RAStime  Рік тому +1

      кешегілердің қайсарлығын-ай!

    • @kairatabubakir2946
      @kairatabubakir2946 7 місяців тому

      Ассалаумағалейкүм бауырым.Дұрыс айтасың көпшілік Шыңғыс Уалихановты бір жақты біледі.Кенесары Қасымұлы қол бастап Ресеймен соғысқанда аға сұлтандар қолдама ды соның ішінде Шыңғыс әулеті де бар.

  • @ГлебОрлов-в2з
    @ГлебОрлов-в2з Рік тому +3

    Ассалаумағалейкүм. Рақмет сізге аға

  • @VivoVivo-qr8cu
    @VivoVivo-qr8cu Рік тому +4

    Осындай бабаларымыз болғандықтан, басымызды жоғары ұсталық!

  • @edil5647
    @edil5647 Рік тому +3

    Керемет жерлер

  • @baikanurdosmakhanov961
    @baikanurdosmakhanov961 Рік тому +13

    Ассалаумагалейкум Растайм! Жигиттер Туркистандагы Жылаган Ата жактан бир ролик тусирсендер деп отинем. Казак тилди контентке аркашан колдау жасауга дайынбыз! Алга жигиттер, жарайсындар! Енбектерин жана берсин!

    • @RAStime
      @RAStime  Рік тому +2

      Құдай қаласа ойда бар! Нақты қалай барады, жазып жіберіңізші

    • @damirbegen9069
      @damirbegen9069 Рік тому

      ​@@RAStimeПСИХОЛОГ АЙНУР АБДИРАСЫЛКЫЗЫНАН СУРАСАНЫЗ БИРАЗ НАРСЕЛЕРДИ АЙТАДЫ..ЮТУБТА НОМЕРИ БАР ИЗДЕСЕНИЗ

  • @kokzhal3823
    @kokzhal3823 Рік тому +3

    Бабалар рухы қолдасын.

  • @РауанМиятбек-ъ6о

    Ат басын Таразға бұрыңыз керемет тарихи құпияға толы Әулие жерлер өте көп! Соның бірі Қыз Әулие қаладан алыс емес тарихы тереңде..

  • @MedetAmangeldiev-t4s
    @MedetAmangeldiev-t4s 8 місяців тому

    Ассалаумағалейкум 🤝 бауырым Қараторғай ісек сәттілік тілеймін!!!✊✊✊

  • @УалиханНаурыз
    @УалиханНаурыз Рік тому +6

    Баубек менин Атам баубек баласы ЖАНКЫЛЫШ пын

    • @ҚуанышБактыбаев
      @ҚуанышБактыбаев 4 місяці тому

      Баубек Жанкылыш емес Арғынның батыры деп жатыр ғой Менде Жанкылыш Баубек

  • @Gamingbeatbox1102
    @Gamingbeatbox1102 Рік тому +4

    Алға Торғай

  • @ЖасуланТашиков
    @ЖасуланТашиков Рік тому +3

    Жаны жәннатан болсын

  • @ТалғатАбдраманов

    Рахмет

  • @КумысайБейсембаева

    Біз оны білеміз
    Арғын-Қарауылдың батыры Баубек батыр туралы
    Тек білмейтініміз Тоқтауыл мекен немесе Ьектауыл ма екен

  • @АйнурКенжегузинова

    Қызыл ту ауылы. ❤😊

  • @Айша-ч4г
    @Айша-ч4г Рік тому +3

    Осындаи бабаларымызға ескеткіш қою керек
    Қаи қаидағы жаман орысқа қоиғанша

  • @ДоктырбайКулманов

    Айналайын інім бар екенсіңғой сеніде қамап тастады ма деп жүр едім

  • @БахитжанГабдугалиев

    Ассалаумағалайкум бауырым, керемет видео...

  • @Кырым-г6к
    @Кырым-г6к Рік тому +8

    Аргын - караул.

  • @zh8282
    @zh8282 Рік тому +3

    АЛЛА тағала жазбайды.

  • @miramiss548
    @miramiss548 10 місяців тому

    Журналистке көп рахмет ата-бабаларымыздың тарихынан сыр шерткен

  • @nurbekalimbekov3036
    @nurbekalimbekov3036 Рік тому +3

    Қандай қиын заман болған я өз үйіңде өз жеріңде отырып біреуге бодан болған.Қайран бабаларымызды оңбаған орыстар қырып тастады ғой орыстар не көрсетпеді бізге.орыстармен дос болудың қажеті жоқ.

  • @РауанМиятбек-ъ6о

    Таразға келсеңіз өзім алып барар едім жол бастап. Тектұрмас, Мамбет батырлар, Қарахан, Дәуітбек Айша бибі,Бабаджа хатун батыр Әулие ата апаларымыз бар. Қыз Әулие кесенесі бар тарихы тереңде жатыр Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған.

  • @АйдосБахтияров-т8з
    @АйдосБахтияров-т8з 8 місяців тому

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @КалижанБоранкулов

    Әруағыңнан аиналаиын бабалар ..сендер өлсек сүиегім елде жатсын десеңдер .қазіргі мырзалар елін тонап бар жиғанымен европаға қашып жатыр .

  • @КанжарбекАманбаев

    Қыргызды бір туған дейміз қазақтарды орыстарға жығып берген

  • @RAStime
    @RAStime  Рік тому +10

    Саусағын кесіп қалдырған! Ерлік пе? Қайсарлық па?

    • @АйгульЕлеуова-ы6з
      @АйгульЕлеуова-ы6з Рік тому +7

      Жарайсын! Бақытты бол! БАХАДУР БАУБЕК БАТЫР ИМАНДЫ БОЛСЫН! ЖАНЫ ЖҰМАҚТА БОЛСЫН! АРУАҒЫ ЕЛДІ ҚОЛДАМЫН! КЕНЕСАРЫ ХАНН
      ЫҢ КИЕЛІ БАСЫ ТАБЫЛСЫН! ДЕНЕСІ БҮТІН БОЛСЫН! АУМИН.ЛАЙК. ЖАЗЫЛДЫМ

    • @КайратШаяхметов
      @КайратШаяхметов Рік тому +3

      Қазақтың сүйемдей жері үшін - сүйегін сыртта қалдырған баһадұр бабамыз!

    • @ulansadybek6880
      @ulansadybek6880 Рік тому +2

      Негізі бабамыздың көріпкелдігі деп санаймын

    • @КумысайБейсембаева
      @КумысайБейсембаева Рік тому +2

      Екеуіде болған Бабамызда !!

    • @РауанМиятбек-ъ6о
      @РауанМиятбек-ъ6о Рік тому +1

      Ассалаумалейкум аға Таразға келсеніз керемет қасиетті жерлер өте көп!! Сырға толы Қыз Әулие тарихы өте тереңде қаладан алыс емес өте құпиялы жерлер бар шылық!!

  • @NurgulKalabayeva
    @NurgulKalabayeva 6 місяців тому

    Махамбет пен Исатай батырлардын кесенесі қайда орналасқан және Тәуекел хан туралы мағлұмат өте сирек

  • @РустемТанбышев
    @РустемТанбышев Рік тому +5

    Братан Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына келшеш, батырлардың көкесін көрсетейік

    • @RAStime
      @RAStime  Рік тому +1

      Байғанинде болғанмын. Нақты жазыңызшы, қандай тұлғалардың тарихын қозғауға болады?

    • @РустемТанбышев
      @РустемТанбышев Рік тому

      Да ну братан видеосы барма

    • @РустемТанбышев
      @РустемТанбышев Рік тому +2

      Нақтырақ айтқанда Сырым бар, Бір Сағыр, Қос Сағыр дегендей батырлардың кесенелері көпқо батыс өңірінде, бұл кесенелердің тарихын көреген аталарымыздан тереңірек сұрап білуіміз керек. Сіз Байғанин өңірінің қай жерінде болдыңыз, Байғанин үлкенғо

    • @RAStime
      @RAStime  Рік тому +1

      @@РустемТанбышеваудан орталығында. Сосын бір ауылға барғам. Атын ұмытып қалыппын

    • @РустемТанбышев
      @РустемТанбышев Рік тому

      Аа, қай ауыл болды екен

  • @ТанатарУразов
    @ТанатарУразов Рік тому +6

    ..ӘБІЛМАЖИТ АҒА , БАУБЕК БАБА РУЫ КІМ , ҚАЙСЫ ЖҮЗДЕН ?

    • @НурикБратан-г7к
      @НурикБратан-г7к Рік тому +1

      Оны қайтесің? Қазақты біріктірмеген қырсық сол, ру жүз болған. Бірін бірі сатып, соңы аштықтан қырылған....#

    • @RAStime
      @RAStime  Рік тому +2

      Аға, Баубек батыр - қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысында әскери қолбасшы Кенесары ханның қол астында күрескен батыр. Баубек батыр 1820 жылы қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданы жерінде дүниеге келген. Руы Қарауыл - Мәшектің ұлы Қарт Бәлекей → Құлымбет → Бектауыл → Түркпен, Сарғалдақ, Жасқамыс. Сарғалдақтан Тастемір → Бекмырза → Баубек. Әкесінің ата-тегі дәулетті адамдар болған.

    • @ТанатарУразов
      @ТанатарУразов Рік тому

      @@RAStime РАХМЕТ БАУЫРЫМ !

    • @ТанатарУразов
      @ТанатарУразов Рік тому

      @@НурикБратан-г7к ҚАЙТКЕННЕН САҚТАСЫН !

    • @ТанатарУразов
      @ТанатарУразов Рік тому

      @@RAStime АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН !

  • @СерикСахиев-ф7ь
    @СерикСахиев-ф7ь 8 місяців тому

    Ассалаума уағалейкім бауырым, амансыңба? Менің есітіуім бойынша Ақтөбеде Байғанинда Бармақ батыр деген батыр жерленген екен, сол жайлы қандай ақпарат білесіңіз?

  • @АжарОмарова-с2и
    @АжарОмарова-с2и Рік тому +4

    Отыз жылда небір ауылдар құрыды ғой.

  • @drzz00
    @drzz00 Рік тому

    Беріш Үбі батыр ғой ол айдалып бара жатқанда саусағын шауып лақтыратын, кішкентай сүйегім болса да туған жерде жатсын деп.

  • @ayanshaken6845
    @ayanshaken6845 Рік тому +5

    Хан ата туралы түсіресіз ба өтініш😂😂

    • @RAStime
      @RAStime  Рік тому

      Оны инопланетяндар түсіріп жатыр))))🤣

  • @Torsyq
    @Torsyq Рік тому

    Қараторғай көріп отырсаңыз, Алматы обылысы Үшарал қаласында Әкем молда деген бабамыз өмір сүрген. Магиямен айналысқан екен. 15 жылдай оқыған екен. Жерге аяғы тимей жүреді деп естігем. Тағы басқада көп әңгімелері бар Сол жайлы видео түсірсеңіз.

  • @ТурсынайСапарали
    @ТурсынайСапарали 9 місяців тому

    Якудза болган ау

  • @Асимнастройке
    @Асимнастройке Рік тому +2

    Мамай батыр

  • @ОрынтайБерлибекова-щ8ш

    Неге Ишім қаласы дейді? Атамыздын жатқан жері Бесаба жеріғой

  • @Kiiii642
    @Kiiii642 Рік тому +2

    Қиялды сапырып өңкей батырлар шығып жатыр әйтеуір. Бұрын неге білмеген ешкім

    • @ГульяНургожина
      @ГульяНургожина Рік тому +5

      Бурын айтуга тыйым салынган, егемендiк алып ендi тарихымызды жаксылап жеткiзiп журген жандарга Алла разы болсын

    • @KairatChiderbaev-gk7hw
      @KairatChiderbaev-gk7hw Рік тому +4

      Ол кезде айтуға тиым салынды .Ал сен көне көз қариялардың әңгімесін тыңдамай ,кітап оқымай өскен адамсың ғой тегі .Орыстың жазып сызып бергенімен жүре бергенсің.
      .