Тәрбиеші, Балалар әні
Вставка
- Опубліковано 7 лют 2025
- ТӘРБИЕШІ
Әні мен сөзі: Б.Бейсенованікі
Тәрбиеші апайым,
Жадырайды жаздайын.
Күндей күліп алдымнан,
Қарсы алады әрдайым.
Қ-сы:
Тәрбиеші, тәрбиеші,
Күн көрінген көзіңнен.
Тәрбиеші, тәрбиеші,
Үлгі аламын өзіңнен.
Тәрбиеші, тәрбиеші,
Тәлім берген төзіммен.
Тәрбиеші, тәрбиеші,
Нәр аламын өзіңнен.
Тәрбиеші апайым,
Арайланған таңдайын.
Аппақ оның көңілі,
Жаңа жауған қардайын.
Тәрбиеші әні минус керек болса, +7 701 4606633 номеріне уатсапка жазсаңыз болады.