Қызылордада «Қажы Мырқыайдар» мешіті ашылды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • Бүгін Қызылорда қаласында «Қажы Мырқыайдар» мешіті ашылды. Салтанатты рәсімге жерлестірімізбен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
    Қажы Мырқыайдар есімін иеленген жаңа мінәжат орны Қызылорда қаласының Шұғыла шағын ауданы аумағында ірге көтерген. Мырқы қажы деген кім? Ол жерлесіміз, өз заманының сауатты, білімді адамы болған, Мырқы өз қаражатына Қызылордадағы Сырдария өзені арқылы өтетін үлкен көпір салдырған. Перовскідегі қалалық мектептің қамқоршыларының бірі болған, Меккеде қонақүй ашуға себепкер болған меценат. Биыл өңірімізде «Руханият жылы» жарияланды. Жаңа мешіт рухани байлығымыздың темірқазығына айналсын, - деді облыс басшысы
    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары облыста 14 мешіт болған, бүгінде 184 ғибадат орны ресми тіркелген. Дәстүрлі дініміз адасушылық пен түрлі ағымға тосқауыл болып, имамдар халықты бірлікке, ынтымаққа ұйытуы тиіс. Жиында Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа мешіттің мейірімділік мекеніне айналуына тілектестік білдірді.
    Жүрегіміз - иманға, тіліміз - Құранға, құлағымыз - азанға толсын десті жиналған жамағат.
    Сайт - qyzylordatv.kz...
    Facebook - / qyzylordatv
    Instagram - / qyzylordatv
    Telegram - t.me/qyzylords_tv
    Tiktok - / qyzylorda_tv

КОМЕНТАРІ • 7

  • @user-tk5kp2pe1x
    @user-tk5kp2pe1x 3 місяці тому +4

    Өте тамаша жақсы болған екен.Құтты болсын.Бірақ осы мешіттерді жақсылап бақылауға алу керек.Енді иманға келіп жүрген жастарды басқа діни ағымға шатастырмауын.Ертесіне сақалын теке сақал қылып балағын қысқартып алып.Анау ширік мынау бидағат деп ата баба салтын жоққа шығаратын мәңгүрттер қаптамауын қадағалау керек ҰҚК.Неге таза білімді бірақ оқуға шамасы жоқ Ауыл балаларына арнап тегін лицей ашпасқа.Бұл менің жеке пікірім.

  • @user-pt9bl2id8g
    @user-pt9bl2id8g 3 місяці тому +1

    Құтты болсың, іші жамағатқа толсын!!!

  • @user-hi7dd1us7y
    @user-hi7dd1us7y 3 місяці тому +2

    Мешіттің көркі жамағат дейді ғой, іші жамағатқа толсын

  • @samsunga3zhaina
    @samsunga3zhaina 3 місяці тому +1

    Сол Мырқы Сырдарияның қай жерінде салдырыпты көпірді.
    Ешқандай тарихтан естімедік қой.
    Егер Жаппастар салған мешіт болса елін жерін қорғаған, екі елге ұран болған Əбілқайыр ханның он екі биінің бірі əрі əскерінің сол қанатын жауға бастап жүрген батыры Баймұраттың аты лайықты еді ғой Мырқыдан гөрі.

  • @user-rr2kr3jt6w
    @user-rr2kr3jt6w 3 місяці тому +1

    Ол кім

  • @user-mo2nj6ki4k
    @user-mo2nj6ki4k 3 місяці тому +2

    Я " тонкайгандар" кобейды....кайда барамыс.....жумыс орын,завод...халыка кашан болады....

    • @user-hi7dd1us7y
      @user-hi7dd1us7y 3 місяці тому

      Өзің не мешіт салмайсын, не завод-фабрика ашпайсын. Мешіт салғандарды көріп көтің ашып жүрген біреусің әйтеуір