1300 балаға тәлім беретін оқу ұясы мектеп емес түбі жоқ тексеріс алаңына айналған

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 вер 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Жамбыл облысында бірнеше білім ошағы мен бөбекжай қожайыны әділдік сұрайды. Айтуынша бизнесіне көз тіккендердің қолдан іс қозғап, аяқтан шалуынан шаршаған. Бір жылдан бері ісімнен бір ілік таппаса да білім бөлімінің түбі жоқ тексерісінің таусылар түрі жоқ дейді. Осылайша 1300 балаға тәлім беретін оқу ұясы мектеп емес тексеріс алаңына айналған. Бала емес күнде комиссияның әлегімен жүгірген ұстаздар, бүгін көмек сұрап көшеге шықты.
    Сегіз жылдан бері ағартушылық саласында кәсіп еткен Нұргүл Төлендиева есімі қордайлықтар үшін таңсық емес. Алты бөбекжай, бір мектебінде 1300-ге жуық бала тәлім алады. Бірақ былтырдан бері бұл ұжымның берекесі қашқан. Себепсіз сан мәрте сау етіп келген білім бөлімі құрған комиссияның таққан кінәсы жоқ болса да, жаққан күйесі көп дейді кәсіпкер.
    НҰРГҮЛ ТӨЛЕНДИЕВА, кәсіпкер:
    - Кез-келген адам кіріп, қандай тексеруші келіп тексерем десе де бәріне дайынмын. Бірақ заңды болса екен деймін. 10 айдың ішінде ешқандай тексеріс СПСИ да жоқ, ешқандай прокуратура білмейді. Не негіз жоқ. Баса көктеп кіру, мені сегіз рет келіп тексерді.
    Бұл жағдай 500-ге жуық адам істейтін ұжымдағы ұстаздардың да ұнжырғасын түсірген. Олар тексеріс тоқтатылсын деген талаппен көшеге шықты.
    ӘЙКЕН ТІЛЕУБЕРДИЕВА, мұғалім:
    - Қаншама тексерістер келіп жатыр. Сол тексерістің бәрі бізге сабақ беруімізге кедергі жасайды ғой. Әр уақыт қашан тексеріс келеді деп күтіп отырамыз. Әділетсіз тексеруден, әділетсіздіктен біз өзіміздің істеп отырған жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деп отырмыз.
    Әділдік сұраған педагогтар аудан прокурорына арнайы барды. Созбалаңға салынған істің нүктесін қоюға, жазылған арыздың жауабын аузынан естуге асықты.
    БІРЛІК ІЗБАСАРОВ, Қордай ауданының прокуроры:
    - Біз өзіміздің таққан айыбыздан мүмкін шегінеміз. Бері қарай. Жеңілдету, қысқарту жағына қарай. Талқылаймыз. Прокурор болғаннан кейін сіз ойламаңыз біреуді іс сотқа түссе оны міндетті түрде соттаймыз деген жоқ. Жан-жағын көреміз.
    Жылға созылған дау нүктесін сотқа сілтеген прокурор, көпе көрінеу тексерістің заңсыз екендегін растады. Ол үшін білім бөлімі басшысының беті қызарды.
    НҰРАДИН РАҚАЙ, ТІЛШІ:
    - Айта кетер жайт кәсіпкерге мемлекеттік қызметкерге пара берді деген айып тағылған. Бірақ іс қозғаған құзырлы орган өкілдері дәлелін таппаған көрінеді. Бұған дейін сотқа жеткен істі аудандық сот қылмыс құрамының жоқтығын айтып бір қысқартқан екен.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 51

  • @ИндираСадыбаева
    @ИндираСадыбаева День тому +7

    Сұмдық қой. Масқара. Тыныштық берсін білім беруге кедергі жасамасын

  • @user-st7jf7ny8p
    @user-st7jf7ny8p День тому +8

    Недеген сұмдық прокурорлар жұмыс жасаңыздар.

  • @user-uk7be3yb3g
    @user-uk7be3yb3g День тому +14

    Ақша бермей қойды ғой а??? Сонда болып тұр ғой бар мәселе.

  • @Нагима-с7ю
    @Нагима-с7ю День тому +4

    Мектептегі бухгалтерлерді тексеріңдер ,мұғалімдер несін береді?

  • @АхметПолатов
    @АхметПолатов День тому +9

    Білім бөлімінің бастығына ақша бермесең тексергенім- тексерген деп тұргой беті быттыйып , қарабеттің бетін тілсең қан шықпайды парахорлық қанына сіңіп пархорлық ата кәсібіне айналдырып алған Антикор парамен ұстаса сауап болар еді..

  • @alimakudaybergen3845
    @alimakudaybergen3845 День тому +5

    Тексеріс келгенде тыныш қана ешкімге кедергі жасамай өз жұмысын атқара берсе . Мұғалімдер балаға сабақ кезінде , сабақ беруі тиіс. Тексеріс керек , бірақ көп емес. Бәрі дұрыс болса , ешкімде қорықпайды.

  • @user-qz2fl8wi5j
    @user-qz2fl8wi5j День тому +3

    Пара бермеген гой, бул клоунстан басқаша болмайды😢

  • @bensmith619
    @bensmith619 День тому +2

    Ия, сабақ беруге мүмкіндік жоқ. Тырнақтың астынан кір іздеп

  • @user-es9ji5pe5n77
    @user-es9ji5pe5n77 День тому +3

    Жаксы айтылган тек тексерис, жане битпейтин курстар

  • @НургайшаСадыбекова

    Жемқорлар ғой, ақшаның арқасында жур ғойй прокурорларға сенім жоқ ақша шешеді ғоййй

  • @qaradomalaq4368
    @qaradomalaq4368 День тому +1

    Коррупцияның иісі шығып тұр. Тәртіптік шарамен шектелу дұрыс емес.

  • @АрманКулбаев-н2в
    @АрманКулбаев-н2в День тому +1

    Ақшасын берсей тексермей қойады

  • @abuev9159
    @abuev9159 День тому +1

    Кандай согіс көтінен бір тебіу керек

  • @ДарханАбдикаримов-ч3г

    Денги решають все

  • @ЖакСтив
    @ЖакСтив 21 годину тому +1

    АЭС КЕРЕК ЕМЕС ДЕП 6 ОТЯБРЬ МУГАЛМДЕР МИТНГКЕ ШЫКСЫН .

  • @Bach-iu9fz
    @Bach-iu9fz 13 годин тому

    Баяғы жемқорлық!! Кәсіпкерлерден ақша талап ететін шығар!!
    Заң, сот қайда??

  • @ДаригаНазарова-э6ч

    Дұрыс тексерілу керек

  • @БаратЕрубаев
    @БаратЕрубаев 23 години тому

    Білімді бизнеске айналдырғанға солай болу керек. Бала үшін емес ақша үшін жұмыс жасайды. Сол үшін жеке мектеп жауып мемлекеттік мектеп ашу керек

  • @user-js5my9br8d
    @user-js5my9br8d День тому +2

    Везде бардак 😂😂

  • @қазақбатыр-ы3щ
    @қазақбатыр-ы3щ 4 години тому

    Ой айтпаңыз тексеруден тексеру,қағаздан қағаз 😢

  • @МаратМейманбаев-с3к

    🤔🤔🤔🤔🇰🇿🇰🇿🇰🇿⚖️

  • @Asko-b1l
    @Asko-b1l 19 годин тому

    Тексерістен емес ақша беруден шаршадық десеңдерші

  • @user-bj3wp6zj7z
    @user-bj3wp6zj7z День тому +2

    Ишине киргизип сыртынан камап коймайсындарма

  • @user-ho7jv5oe6i
    @user-ho7jv5oe6i День тому

    Таң қалатын түгі жоқ.

  • @salimatolendi7125
    @salimatolendi7125 День тому +1

    За месяц уже 8 раз????? Капец 😮

  • @Qaraqalpaqstan-k1u
    @Qaraqalpaqstan-k1u Годину тому

    Гэптин ашыгы озбекше хэриплерди кабыллауыныз керек

  • @БейбарысСултан-ш3д

    Іштарлық жаманғой

  • @Зағира-щ4ф
    @Зағира-щ4ф 22 години тому

    Білім саласы әбден жемқорлықпен аты шығып жаман атақка ие болды ғой Казақстан бойынша асханалардан балалар уланып аты шығып жатыр содан болар тексерістің көбеиіп кеткені

  • @user-st7jf7ny8p
    @user-st7jf7ny8p День тому

    Сөгіспен қана құтылама өкілетігін асыра пайдаланса

  • @ӘбілсеитБ
    @ӘбілсеитБ 6 годин тому

    тексеру тексеру жай мектепте де

  • @КайратАсанов-ю3д

    Жемкорстан да омир суруге тура келеди.

  • @НургалиМугалов-ъ7о

    Соттағаннан басқа не білесіңдер, сендер

  • @user-yb9jd7wk3s
    @user-yb9jd7wk3s 2 години тому

    Отметка сын Бер))

  • @user-gy5pi7zv3t
    @user-gy5pi7zv3t День тому

    Екі балаға бір мұғалім болып тұр ғой ол қалай

  • @Моёмнение-ф8х
    @Моёмнение-ф8х День тому

    Үлкен репетицияға уқсайтын сияқты .

  • @БейбарысСултан-ш3д

    Төбедегілерге аткат бермегенғой

  • @user-un2nr6xj2b
    @user-un2nr6xj2b 5 годин тому

    Қатаң сөгіс емес білім болім басшысына омир боиына соттап жиберсін соның ісі бұл қаита қаита тексеріс жиберип отырған биреуден ақша алған орын таппаи жүр енді кімді шалып құлатсам деп т

  • @ПатимаБабаханова
    @ПатимаБабаханова 22 години тому

    Акша берсен тексерис токтайды

  • @user-kw4ld4go8d
    @user-kw4ld4go8d 19 годин тому

    Тексеру керек жемқорлық сол білім ошағында өршіп тұр.Біздің ауданымызда жиырмы жыл бастауыш мектебін басқарып келген завуч азаматша бар пара берсең тиіспейді бермесең өлгенше қыр соңыңнан қалмайды жала жауып тырнақ астынан кір іздеп жала жауып.Жоғарыға шағым айтам десем қүдайыңа айт дейді Менің сөзімді мұғалімдер сөйлейді ал саған ешкі сенбейді дейді.Осындай бір орында ұзақ отырған завучтарды неге ауыстырмайды. ЖЕМҚОРЛЫҚ ӨРШІП ТҰР. Осыған үкімет көңіл бөлсе екен

  • @БакытШерниязов-ы6с

    Жекени тексермесе билгенин истейди жекени жабу керек

  • @diasyussupov1056
    @diasyussupov1056 23 години тому

    Недеген маскара оздерин тексерсин

  • @fgggttvxxfg4355
    @fgggttvxxfg4355 День тому

    Ким пара берип отырады оларды мулде тексермейди.
    Табысын болиспегендерге маза бермейди гой бул жемкорлар.
    Каргыс аткыр калмак курган уры жуйе осылай бизде.

  • @daniyartokseitov7982
    @daniyartokseitov7982 23 години тому

    Шщс тексерис емес ,акша сурап жургои шщс,котеринен шикан шыксын

  • @ulanturarov4537
    @ulanturarov4537 День тому

    😂

  • @askaridaaskarida4756
    @askaridaaskarida4756 День тому

    КАЗАХСТАНДА СОЛГОЙ ОЗДЕРИНИН КОЛДАРЫНАН ТУК КЕЛМЕЙДИ. КУН ДЕМЕЙ ТУН ДЕМЕЙ КАСИПКЕР КАСИБИН ЖАСАП ОРЛЕСЕ ТАРТЫП АЛАДЫ АРАМДАР☝️☝️