Жеңгем сыртымнан сатты | Бақыт Беделхан - Алғашқы | Аман Тасыған

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 27 вер 2024
  • Елімізге еңбегі сіңген танымал адамдардың алғашқы қадамдарын қамтитын "Ең алғашқы..." жобасы.
    Бағдарлама барысында:
    - Студияда кейіпкерге бейнематериал жасырылған беймәлім ұяшықтар таңдауға ұсынылады. Таңдалған тақырыпқа қатысты кейіпкер өз өміріне қатысты оқиғаларымен бөліседі;
    - Репортер кейіпкердің ең алғашқы үйі, мектебі, махаббаты, жұмысы, жетістігі мен жеңілісі және т.б қадамдарына қатысты бейнематериал дайындайды. Сол арқылы кейіпкердің тіпті өзі ұмытып қалған сәттерін еске түсіреміз;
    - Кейіпкердің өмірінде маңызы бар қонақ студияға келеді. Бірақ ол жайлы кейіпкер білмейді;
    - Бағдарлама соңында кейіпкер алғаш рет бір әрекет жасайды және өмірден түйгенімен көпшілікпен бөліседі;
    Достар, жаңа шығарылымды жіберіп алмас үшін қоңыраушаны басып қойыңыздар!🔔
    БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР👇
    Аман Тасыған
    / ​
    Ресми парақшасы
    / amantasygan​. .
    #АманТасыган​ #Алғашқы​ #БакытБеделхан

КОМЕНТАРІ • 62

  • @ЛәззатЖанаманова-х6н
    @ЛәззатЖанаманова-х6н Місяць тому +2

    Бақыт ағамның түсінде көргенін , өңінде көк аспанға шалқытып ұшырған Аманға рахмет! Бақыт ағамыздың өзі де , өлеңі де тым ерекше ғой! Мың жасаңыз!
    Болмысы шынайы ,
    Өзі де сөзі де рас. Көк аспанда өзіңізде өлеңіңіз де , Шаттықпен қалықтыңыз ұдайы!

  • @ТомаТайгашкаева
    @ТомаТайгашкаева 6 місяців тому +10

    Аман Тасыган мыкты журналист.Тушунук денгээли оте жогору,жонокой,адамкерчиликтуу,патриот инсан.Ийгилик каалайм!❤❤

  • @МынбаеваЖазира
    @МынбаеваЖазира 6 місяців тому +18

    Менің әкеме қатты ұқсайды ,стилі де,әкемді көргендей болдым ,ӘКЕМ МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ, аман жүріңіз, АҒА!

  • @АзаматАтанов-и9л
    @АзаматАтанов-и9л 6 місяців тому +5

    Бақыт аға, сіз мықты ақынсыз! Басыңыздан алағайда бұлағай көптеген сынақ өтті. Оқырманыңыз ретінде біразынан хабардармын. Алла күш қуат берсін!

  • @Sanzhar-87
    @Sanzhar-87 5 місяців тому +1

    Бағдарлама дами берсін. Жақсы сұхбат болды. Алдағы шығарылымдарда журналист Зейін ағаны шақырыңызшы

  • @КуанышИсабекова
    @КуанышИсабекова 6 місяців тому +6

    Керемет сұхбат болды! Әлі де жазарыңыз таусылмасын!

  • @miramgalialgaliev9002
    @miramgalialgaliev9002 6 місяців тому +3

    Аман Тасыған, жоғарылай беріңіз! Табыс тілеймін! Сөз тыңдай білетін, мықты журналистсіз ғой!

  • @РустемАлмабеков
    @РустемАлмабеков 6 місяців тому +9

    Өте керемет сухбат
    Театрда отырғандай болдым
    Сөз саптауы қалай әдемі

  • @КаламкасТлеубердиева-ы2й

    Керемет ақын ретінде құрметтеймін. Шығармашылық шабыт пен отбасылық бақыт тілеймін❤

  • @SSN_3003
    @SSN_3003 6 місяців тому +2

    Аман Тасыған өте сауатты, білімді журналист. Сөз саптауы қандай керемет. Оқығанның аты оқыған, өз саласының нағыз маманы, майын ішіп, жілігін шаққан. Сұқбаттарын сондай сүйсініп тыңдаймын, өте ұнайды. Шығармашылық табыс тілеймін. Өсе берсін,өне берсін, шарықтай берсін.

  • @БейбітШыңғысова
    @БейбітШыңғысова 6 місяців тому +2

    Отбасымен бақытты,ұзақ өмір сүрсін арқалы ақын!

  • @БатимаКабдолданова
    @БатимаКабдолданова 6 місяців тому +2

    Мықты сұхбат. Шығармашылық топқа Рахмет.

  • @ЖумабековаБибисара
    @ЖумабековаБибисара 6 місяців тому +2

    Әрбір бағдарламадағы шақырған кейіпкерлеріңіз ерекше,таңдауыңыз керемет.

  • @tolkinkozha5144
    @tolkinkozha5144 6 місяців тому +4

    Күлдім, жыладым.. Көөөөп нәрселер ұқтым, әдемі бағдарлама болды, рахмет ұжымға.

  • @aiulanaslanuly3283
    @aiulanaslanuly3283 6 місяців тому +1

    Аман Тасыганнын багдарламасы калдырмай коремин тебиренип кормей мумкин емес Бакыт Беделханды халыкка жаксы жеткизди казактын ер тулгалы азаматтар аман болсын.

  • @НұргелдіНурик
    @НұргелдіНурик 6 місяців тому +2

    бақытты бақыт аға аман болыңыз !

  • @ДинараЗамангельдыевна
    @ДинараЗамангельдыевна 6 місяців тому +2

    Сынаққа сынбай келген рухы мықты ақын екен…..👏👏👏👏

  • @АйаруБақыт-ц2е
    @АйаруБақыт-ц2е 6 місяців тому +2

    Әдемі кісі екен. Бұрын сонды танымайды екенмін, танысайын деп кірдім

  • @ГаухарКауазова-н3у
    @ГаухарКауазова-н3у 6 місяців тому

    Теледидарда жүргізуші болған кезден бері танимыз.Түсінікті бір сөзді екі қайталамай СӨЙЛЕЙДІ ҒАЖАП АҚЫН!❤

  • @slushashbazhenova3764
    @slushashbazhenova3764 6 місяців тому +1

    Күшті, күшті ақынмен бірге қуандым. Менің құрметті ақыным.

  • @АсияСыздыкова-л7з
    @АсияСыздыкова-л7з 6 місяців тому +3

    Керемет әңгіме, әсерлі 👏

  • @miramgalialgaliev9002
    @miramgalialgaliev9002 6 місяців тому +1

    Бір деммен қарадым! Өресі жеткен адам түсінеді! Бақыт аға, Алла сізге жар болсын!

  • @МаржанШарипова-с4й
    @МаржанШарипова-с4й 6 місяців тому +2

    Анасы да мықты екен.

  • @ГулиБайганыл
    @ГулиБайганыл 6 місяців тому +19

    Бағдарламаны сезімге беріліп көріп жылап қалдық.Жүрекпен көрдік.Аман болыңызшы аға,отбасыңыз аман болсын!Енді бәрі керемет болады.Туған ауылымызды көрсек ішіміз жылиды,Қара далам-ай❤

  • @ГулжанИбадуллаева-щ6ж
    @ГулжанИбадуллаева-щ6ж 6 місяців тому

    Бәрекелді Бақыт студент кезімізде Полтехта универде 1993 наурыз мейрамын жүргізгеніміз есіңдеме

  • @gulshatzhainak5949
    @gulshatzhainak5949 6 місяців тому

    Нағыз Азамат екен ,керемет сұбхат болды❤🎉✊🏻👍🏻🫶🏻🥰

  • @ТомаТайгашкаева
    @ТомаТайгашкаева 6 місяців тому +5

    Алтымышка келип,артыны кара,эч нерсе корунбосо,ошол кайгы.Ойлондураарлык...

  • @БагнурУтешова
    @БагнурУтешова 6 місяців тому

    Өте керемет сұхбат болды.

  • @Asylbekqyzy_Alina
    @Asylbekqyzy_Alina 6 місяців тому +1

    “Сөзбен ойнама, сөзді ойнат”
    Сөз тағдырға айналады

  • @dukschelsea0105
    @dukschelsea0105 6 місяців тому +2

    Неге кесіп тасталды қиылып? Бір есікті ашқаны көрсетілмеді. Осындай бағдарламадада саясат өз рөлін ойнайма не

  • @жанельнуржанова-е1ш
    @жанельнуржанова-е1ш 6 місяців тому +2

    Жасай беріңіз Аға

  • @АсельСултанова-ь5ш
    @АсельСултанова-ь5ш 6 місяців тому

    Көп сұхбатты көргенмен, осы сұхбат өзіме жұмбақ болды. Көп тұстары ашылмады немесе ашылғысы келмеді. Көп сұрақ жауапсыз қалған сияқты....

  • @АйаруБақыт-ц2е
    @АйаруБақыт-ц2е 6 місяців тому

    Тамаша сұхбат болды❤

  • @ЛяляДалеуова-у2ф
    @ЛяляДалеуова-у2ф 6 місяців тому

    ❤❤

  • @РозаШарипова-б3в
    @РозаШарипова-б3в 6 місяців тому

    ЕН КЕРЕМЕТ ЖУРНАЛИСТ АМАН ТАСЫГАН,ТЕККЕ ЖУРНАЛИСТЕРДИН КОРОЛИ ДЕГЕН БАГА БЕРИЛМЕГЕНИНЕ АРКАШАН КОЗИМ ЖЕТИП ЖУР .АМАН ЕСЕН ЖУР БАЛАКАЙ АМАН ТАСЫГАН

  • @ЛаураМузафарова-м3в
    @ЛаураМузафарова-м3в 6 місяців тому

    🔥

  • @ДжорданЛил
    @ДжорданЛил 6 місяців тому +6

    Шындықты айтып отыр 1 кластан бастап бирге оқыдық,мықты азамат Бақыт.

  • @Ulpan-t9u
    @Ulpan-t9u 6 місяців тому +7

    Халыққа береріңіз көп болсын.Амандық тілеймін 🤲

  • @SanduSandu-v6o
    @SanduSandu-v6o 6 місяців тому +11

    Не деген керемет ақын!!!
    Айзада актрисаны аяқтан тұрғызып,демеу болған,не деген адал жар десеңші?
    Екінің бірінен келмейтін ұлы қасиет
    Ұлы,мөлдір аппақ махаббаттан туған неке!!!
    Бақыт бауырым бақытты бола беріңіз!
    Арманыңыз орындалсын!Анаңызды қолыңызға тез алдырыңыз!!!

  • @Guleke_muz
    @Guleke_muz 6 місяців тому +2

    Сұхбаттардың ішіндегі, ең әсерлісі осы сұхбат болды дер едім.Көріп отырып жылап та алдым, қуанып та алдым. Қайталанбас тұлғалардың бірі. Ой саларлық дүниелер өте көп болды. Көріп отырып , әттеген ай деген сәттер де туды. Бақыт ағаның әрбір сөзінде үлкен тарих жатыр. Бір адамның жеке өмірі бір тарих, бір кино. Барында бағалай алмау , қиынның қиыны. Әрбіріміздің басымыздан сан қилы сәттер өтуде, сол өміріміздің кадрларын сынақ болса да бағалай білсек болғаны. Бәрі жақсы болсыншы. Біздер шығармашылықта бірлесіп көптеген дүниелер жаздық. Әндеріме қанат бітіріп, жан кіргізіп сөйлете білген ғажап адам. Керек кезінде ұрсып та алатын, қатты сөзбен қайрап та алатын, әрине мені мықты болсын деп, күш-жігерін жинап сынып кетпеуіме арқау болған ақылшы да, дана болған Ұлы тұлға мен үшін. Еркелеп те алатынмын, еркелетіп те алатын, өзі жомарт адам болса да , жаны жұмсақ , жүрегі жылы ағам да бола білді, бауыр да бола білді, ұстаз да бола білді. Әрқашан қанатыңды кеңге жай, қысылма, мықты бол деумен ақылын айтып отырды. Сынақтардан сынбай өтуіме, өзінің қабырғасы қайысып тұрса да, бетімнен қақпай , әрбір сөзіме жауап беруден қашпай , қазақтың мендей бір қызына қанат бітіріп самғауыма қолғанат бола білген жанашыр азаматтың бірі. Барымызда бір-бірімізді бағалаудан асқан бақыт жоқ. Әр адамның өзіндік орны бар бұл өмірде, біреу біреуге ұқсағанымен, өзіндік орны бір бөлек болады. Тек ұқсатуымыз ғана мүмкін. Бір-біріміздің жақсылығымызды асырғанымыз, адамның қадірін білуіміз, тілекші болуымыз, амандығымызды тілеуіміз ол, барша қазақтың бірлігі дер едім. Армандар орындалады. Алла ғұмырлы етсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Жақсы адам бола білуден жалықпайық!

  • @ПердекульАгажанова
    @ПердекульАгажанова 6 місяців тому +5

    Бақыт мықты ақын ғана емес,мықты азамат екен.

  • @ЗауреАбдиганиева-р8ф
    @ЗауреАбдиганиева-р8ф 6 місяців тому +6

    Керемет сухбат болды 🎉🎉🎉

  • @АйнаДемеубаева
    @АйнаДемеубаева 5 місяців тому +1

    Ең ұнаған сұхбат болды!

  • @КазынаНиязова-э8и
    @КазынаНиязова-э8и 6 місяців тому +4

    Керемет сұхбат!

  • @РозаШарипова-б3в
    @РозаШарипова-б3в 6 місяців тому +1

    АК ЖОЛ ТИЛЕЙМИН МЫНА БАКЫТ ДЕГЕН ЖИГИТКЕ ,АЛЛА ЖАР БОЛСЫН.МЕНДЕ АЗГАНТАЙ ЖЫЛДАРДА КОП БАУЫРЛАРЫМНАН ,КУЙЕУИМНЕН ,АТА,АНАМНАН ,ЖЕЗДЕЛЕРИМНЕН АЙЫРЫЛДЫМ ,ОТЕ КИЫН ШАК БОЛДЫ, ИМАНДЫ БОЛСЫН МАРКУМДАР

  • @ГулсамалКали
    @ГулсамалКали 6 місяців тому +1

    "Атажұрт"инт ойын жүргізді ертеректе.

  • @КулсинМусаева
    @КулсинМусаева 6 місяців тому +3

    Бақыт біздің мақтанышымыз
    Өте еңбекқор,ақ жүрек азамат.
    Әлі де берері көп ,адам жыл өткен сайын кемелдене түседі емес пе?

  • @РабигаКишкенебаева
    @РабигаКишкенебаева 6 місяців тому +2

    Керемет сұхбат

  • @Шапагат-ц4щ
    @Шапагат-ц4щ 6 місяців тому

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿👏👏👏

  • @БаянЖексекина
    @БаянЖексекина 6 місяців тому +1

    Ерболат Беделханмен туыс па

    • @МаратКасымбеков-х1ф
      @МаратКасымбеков-х1ф 6 місяців тому

      Туыстығы жок бір фамиляда

    • @katiraiskakova2956
      @katiraiskakova2956 6 місяців тому

      Жоқ

    • @Guleke_muz
      @Guleke_muz 6 місяців тому

      Жоқ оған қатысы жоқ мүлдем. Бұл Бақыт Беделхан Алматы облысы Шонжы ауданында туған, ал Ерболат ол Моңғолиядан келген.