Це відео не доступне.
Перепрошуємо.

Поэзия. Қалқаман Сарин "Күзгі Хат"

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 жов 2017
  • Қоңыр күз - ақындарға шабыт берген, сағынышқа, мұңға, романтикаға толы мезгіл ғой. Жаны лирикаға жақын қандай ақынды алмасаңыз да, шығармашылығынан осы мезгіл туралы өлең кездестіресіз. Қалқаман Сарин ағамыз бұл өлеңінде махаббат пен құдіретті күзді керемет байланыстырған екен. Тыңдап көріңіз! "Қазақстан-Тараз" телеарнасы ұжымының бұл еңбегіне бағаңызды да бере кетіңіз....)

КОМЕНТАРІ • 52

  • @user-fi5yc2bm4c
    @user-fi5yc2bm4c 5 років тому +17

    Күзді менде жақсы көрем мұңы үшін
    Жапырақтың жанға батқан жыры үшін!
    Қандай керемет өлең жолдары👍👍👍👍👍

  • @user-yu7jg5xq7j
    @user-yu7jg5xq7j 6 місяців тому

    Жылап отырмын❤

  • @topkazmusic3750
    @topkazmusic3750 4 роки тому +10

    Бекжан Әсімхан бауырым өте жақсы оқып шығыпты Қалқаман Сариннің өлеңін!👍👍👍

  • @user-ip9cm9je7z
    @user-ip9cm9je7z Рік тому

    Маган унады оте асерли

  • @user-yr9ck7fm5x
    @user-yr9ck7fm5x 3 роки тому +4

    Керемет 😆😆🌸💓👍👍👏

  • @user-pe8ew9zc3b
    @user-pe8ew9zc3b Рік тому

    Керемет

  • @user-ip9cm9je7z
    @user-ip9cm9je7z Рік тому

    кереметжурекке жетти енбегин жемисти болсын Калкаман Сарин

  • @user-dz9xl2pi9e
    @user-dz9xl2pi9e 2 роки тому +1

    Қандай керемет өлең бәрін өлең шумақтарына сыйғызған қупыйсы жақсы уйқасқан журектің қылын тербейді

  • @user-er2rj3js9d
    @user-er2rj3js9d 5 років тому +6

    Махаббат Сыз Омыр бос Деген Абай Атамыз.Калкаман Бауырым Керемет Нагыз Талгампаз.Акын.

  • @user-ke2bz2te4k
    @user-ke2bz2te4k 5 років тому +17

    Калкаман бауырым! Керемет дауыс,жаралы жанды емдейтин. Кунине нешеме рет тындаймын.

  • @user-jl5kr6em5w
    @user-jl5kr6em5w 3 роки тому +2

    Керемет!

  • @user-er2rj3js9d
    @user-er2rj3js9d 5 років тому +3

    Калкаман.Бауырым жаралы.жанды жандырдау.андерын.алла разы босын.керемет

  • @user-kc3bg8cc1g
    @user-kc3bg8cc1g 8 місяців тому

    "Тек жауапсыз қалуға тиісті емес хат бірақ" - дееп жауап алды ма екен? Керемет өлең хат. Тамаша оқылды.
    Ааа, жауап шы , жауап?

  • @user-cs4gq3dy1y
    @user-cs4gq3dy1y 3 роки тому +1

    Керемет...

  • @zheteskyzy1639
    @zheteskyzy1639 2 роки тому

    Күз тамаша ай менің айым

  • @periabdrasil1940
    @periabdrasil1940 4 роки тому +7

    Əсерлі

  • @smbatalimbai8818
    @smbatalimbai8818 4 роки тому +3

    👍👍👍👏👏👏

  • @user-ws2si3mi3j
    @user-ws2si3mi3j 5 років тому +3

    Неге екенин билмеймин Сиз дегенде,Кеширимшил айту бир кекшил басым.

    • @toyota6846
      @toyota6846 4 роки тому

      Кеширимшил айтеуир кекшил басым..

  • @user-ni5uw9pn1v
    @user-ni5uw9pn1v 4 роки тому +7

    Менде унатам кузди

  • @user-ow4rf2tn2r
    @user-ow4rf2tn2r 4 роки тому +3

    Өте әсері

  • @amanjoljunaev4710
    @amanjoljunaev4710 4 роки тому +2

    👍👍👍👏👏👏😍😍

  • @kym5atik406
    @kym5atik406 4 роки тому +13

    Қалқаман кімге арнады екен мына хатты .Қыз жауабын жазды ма екен?Ешкім білмейді.Өлең сондай ғажап қой .Қиялға батып кетесің .

  • @user-vk4nr3ds9e
    @user-vk4nr3ds9e 3 роки тому +13

    Адамдардың бәрі өтірік күліп жүреме екен, іштегі мұң мен қайғы жүректі қансыратып жатқанын білдіртпей

    • @user-mb2io4of5j
      @user-mb2io4of5j 2 роки тому

      Жоқ, өйтпейтіндері де бар

    • @user-jv8uy8hc6w
      @user-jv8uy8hc6w 2 роки тому

      Амал барма солай болады

    • @user-kc3bg8cc1g
      @user-kc3bg8cc1g 8 місяців тому

      Сәттік мұң ғой ,
      Сәттік мұң.
      Содан кейін өз - өзіңді қамшылап,
      Жүгіресің тек алға ,
      Жаралы жүрек шам шырақ,
      Өз - өзіңді қамшылап.
      ...

  • @user-eq6yu2pd6n
    @user-eq6yu2pd6n 3 місяці тому

    Сүйемелдеген музыканы калай тапсам болады? 😊

  • @sddffxcvbb6034
    @sddffxcvbb6034 3 роки тому +2

    Күзді мен де ұнатам мұңы үшін бірақ бірақ болса да

  • @user-ml6jl3je8g
    @user-ml6jl3je8g Рік тому

    🖇

  • @user-rb7tn6eg2e
    @user-rb7tn6eg2e 4 роки тому +1

    👏👏👏👏👏

  • @user-vp3dz4db1z
    @user-vp3dz4db1z 4 роки тому +1

    Күзді менде жек көрмеимін

  • @user-hg8xq1zy3h
    @user-hg8xq1zy3h Рік тому

    Мелодия қандай

  • @user-fs7vo1wm6k
    @user-fs7vo1wm6k Рік тому

    Сенесіз бе?
    Сағындым,
    Сізді көрмей…
    Үмітіммен күй кештім үздігердей.
    Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам,
    Бәлкім, жақсы көрерсіз күзді мендей?!
    Мен білмеймін.
    Сезімді кештік нендей?
    Бірақ бізге бір бақыт кеш біткендей,
    Сағынуға, сүюге бола ма екен,
    ҮНІН, ӨЗІН... Адамның естіп… Көрмей…
    Мүмкін, сізді көрдім мен…
    Бірақ қашан?
    (Болған іске болды әсте кінә артпасам)
    …Жаныңызда жүргендей сезінемін,
    Жаныңыздан не болам, жырақтасам?
    Білесіз бе,
    Сіз сирек хат жазасыз?
    Содан менде жиілеп сәт мазасыз,
    Ауыр ойдан қаламын арыла алмай,
    …Ал сіз ше?
    Тап-тазасыз!
    ...Бүгін жаңбыр.
    Мейлі, аспан төксін жасын,
    Жалғыздықтай жалғанда жоқ сырласым.
    Неге екенін білмеймін,
    Сіз дегенде,
    Кешірімшіл әйтеуір кекшіл басым.
    КҮЗГІ ХАТ... ІІ
    Кеше сізден хат күттім,
    Неге, неге сонша асықтым, аптықтым?
    Ғұмырыма татитұғын шаттықтың
    Құнын жойып,
    Шырмап алды сәттік мұң.
    Хаттар, хаттар...
    Гүлдер сынды бүрі әппақ,
    Жұпар аңқып қалды қайда тұрақтап?
    …Менің тұтас бақытыма дәл қазір,
    Жетпей тұр-ау бір-ақ хат.
    Арыла алмай азабы көп аз мұңнан,
    Күз де келді...
    Жазмышқа жаз құрбан.
    Сағыныш-ай, сағыныш-ай қайтейін,
    Жазылмаған хатқа жауап жаздырған.
    Астанаға ерте келді күз биыл,
    Күздің мұңы баяғыдан бізге үйір.
    Іштей мені жұбатады күрсініп,
    Тозаңы ұшып жатқан анау түз-қиыр.
    Күзді мен де жақсы көрем мұңы үшін,
    Жапырақтың жанға батқан жыры үшін.
    Мінсіз ғұмыр кеше алмасым белгілі,
    Мұңсыз өмір өмір емес...
    Құрысын!
    Таңдайыма татымаған тәтті бақ,
    Маңдайыма тиседағы қаттырақ,
    Жауап жазып жіберіңіз нақтырақ.
    Жасырмаңыз...
    Тек жауапсыз қалуға,
    Тиісті емес хат, бірақ.

  • @Mariam34314
    @Mariam34314 2 місяці тому

    Күзді не ұшын жақсы көретінімді енді түсіндім

  • @aynursdyhova443
    @aynursdyhova443 Рік тому

    👍👍👍⭐️⭐️⭐️⭐️🌷🌷🌷💐💐🌹🌹🌹

  • @user-uv5po8mk6k
    @user-uv5po8mk6k Рік тому +1

    Иә,Өмір өтіп жатыр.Дұрыс аитасың,Тәтті мұң болмама,ненің Қадірін білер Адамзат баласы.Әр Жаңа Күн тек,тек Жақсылықтар мен Сәттіліутерден тұрсын.
    Бұл Жүниеде Алланың бір Өзі келтіріп тұрған Бәрі Аманат екен...Бұл да бір Бақыт деп қабылда.
    Төңірегіміз,Төңірегіміз Түгел аман болсын деп тіле.
    Өмір тәтті мұң мен Сағыныштан тұрады.Оны да Керемет деп қабылда.
    Бірде жасы50лерге таяп қалған Адам аитып еді,мен ешкімді жақсы көре алмадым,монда менің Өмірім осылаи өте ме.Мен де біреуді жақсы көргім келеді,махаббат жоқ екен,кітаптар да ғана болады ма деп мұңаиып еді.
    Бәріне тек Тәуба мен шүкіршілік,Қанаға тұтыңыз Бір сәтке де Есіңнен шығарма,Бәріміз жолаушылап кетіп барамыз,Екінші Мәңгілік Мекенімізге...Жолаушы қандаи болушы еді,білесің.Артып,арқалап бара жатқан Аманатын аман -есен жетсін Пендем,Алланың құлы ғана ЕКЕНБІЗ...

  • @user-qs5ci5ly5y
    @user-qs5ci5ly5y 3 роки тому

    🔥👍

  • @almaz9697
    @almaz9697 3 роки тому

    👍👍👍

  • @user-vp5wn7uj9k
    @user-vp5wn7uj9k 5 років тому +2

    😘😘😘😘😰😰😰😰

  • @mukashevmereikhan9277
    @mukashevmereikhan9277 5 років тому +1

    Мелодияның аты қалай

  • @user-dw1wh1hb7r
    @user-dw1wh1hb7r 3 роки тому

    текст қайдан алса болад

  • @user-dy5bh8rm7w
    @user-dy5bh8rm7w 5 років тому +2

    Шындык жауапты куткенше асыгасын

  • @ventor25play78
    @ventor25play78 2 роки тому

    1:49

  • @user-yp9ky5uf3n
    @user-yp9ky5uf3n 3 роки тому

    Ууф, бір рахаттанып тыңдайын десең недеген рекламахана боп кеткен мына жер

  • @kaq8884
    @kaq8884 3 роки тому

    Оқи алдамыңыз. Жүрекпен оқу керек

  • @user-hm1ki7wl8y
    @user-hm1ki7wl8y 2 роки тому +1

    Керемет

  • @agentbanana6995
    @agentbanana6995 5 років тому +6

    Керемет!