ЖЕҢІСХАН|Бизнес по казахский,Әншілікке оралуы,Өгей әкесі мен ата-анасы,Отбасы,Шоу бизнес жайлы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 27 чер 2024
  • ≡Жеңісхан! Отандық кинопрокатта рекорд жасаған “Бизнес по казахский”-дің алғашқы 2 бөлімін түсіріп, негізгі актерлік құрамды, образдарды бекіткен режиссер. Алайда тандем ұзаққа созылмады. Қоянбаев Жеңісханмен жылы қоштасып, фильмді басқа режиссерге тапсырды. Жігіттер неге бірге бастаған жобаны ары қарай бірге жалғастырмады? Арада қандай келіспеушілік болды?
    Танымал әншілердің барлығына дерлік клип түсірген Жеңісхан 2000 жылдары хип-хоп бағытында қазақша әндер жазып, жастар арасында кеңінен танымал болған әнші. Сахнада сәнді киінген байдың баласының образына көп қыздар ғашық болды, жастар еліктеді. Алайда бұл образ ғана болған екен. Себебі ол уақытта Жеңісханда алғашқы клипін телеарнаға шығаратын ақшасы да болмаған.
    Туған әкесімен араласпай, өгей әкенің қаталдығын көрген,интернаттың тәрбиесін алған Жеңісханның айтары бар.
    Тайм код:
    00:00-Анонс
    00:27-Не үшін ән айтпай кетті?
    03:30- Қазіргі жас әншілер туралы.Шоу биз-ден кеткен жоқпын!
    06:33-Ең қымбат клиптерді кімге түсірді?
    08:37-Алғаш түсірген фильмі “Бизнес по казахский”
    11:55- Жан Байжанбаев келіспей қойды.
    16:00- Фильм үшін қандай гонорар алды? Қай фильмі өтімді болды?
    18:05-Әкемді жек көріп өстім.
    26:03-Анасы мен өгей әкесі туралы
    28:04-Әкемнен кешірім сұрап үлгермедім…
    31:45- Ажырасу, бала психологиясы
    34:27- 16 жасымда үйден қашып кеттім
    37:41- Ең алғашқы әндері қалай жазылды?
    40:57- Отбасы,бауырлары
    41:35-Өнерге жақындық кімнен?
    44:00- Жеңісханмен қатар шыққан әншілер
    45:45-Бала тәрбиесіндегі ұстанымы
    48:19- Жеңісханның көкейіндегі сұрақ
    ➤ Түсірілімге қолдау білдірген “Diplomat” қонақ үйі кешеніне алғыс білдіреміз!
    / diplomat_hotel_astana
    ➤ Асхат Садырбай: / askhatsadyrbay
    #асхатсадырбай #перизатмырзахмет #Paradox #жеңісхан

КОМЕНТАРІ • 40

  • @user-lh9hn6dx2r
    @user-lh9hn6dx2r Рік тому +6

    Асхат, өзіңіз жеке сұхбат алғаныңыз ұнайды...жыртың күлкі жоқ, бос әңгіме жоқ...Осындай сабырлы, салиқалы әңгіме...🙏🏻👏🙌

  • @user-ud3nm2ex5m
    @user-ud3nm2ex5m Рік тому +3

    Жеңісхан мықтты режиссор екенсің.

  • @Mr.Nureke70
    @Mr.Nureke70 Рік тому +2

    Керемет сұхбат болды, жақсы өзекті тақырыптар қозғалды, Жеңісхан тек алға 🦾✊👍

  • @user-ob4gy3tl9b
    @user-ob4gy3tl9b Рік тому

    Жақсы сұқбат болған екен. Қызықты әрі мағаналы.

  • @user-tj1do8kn5n
    @user-tj1do8kn5n Рік тому +4

    Жеңіс хан мықты!

  • @baianongarova9953
    @baianongarova9953 Рік тому

    Жаксы идея айтып жатыр екен.Бала мәселесімен көп айналыспаймыз ғой.Шындык

  • @mysecret.
    @mysecret. 11 місяців тому

    Мааа, Жеңісхан молодец, өте дұрыс айтып отыр, шындық: соңғы кезде тек әйелдің проблемасы айтыла береді, ер адамды ғана жаман көрсете беру дұрыс емес, ол еркек сол проблемасы бар әйелдің баласы болып тұр ғой. Неге балаға көп мән берілмейді деп отыр ч тек әйел емес! Молодец, қаншама мықты болып көрінсе де ер адам да адам ғой, іштей сезімін бұғып жүрген адам. Олар көп нәрсе айта бермейді. Бала мен әке арасындағы теманы (ұл бала) жақсы айтты! Тек қана жақсылық тілеймін Жеңісханға өмірде де өнерде де ❤

  • @vet.vrash_nurlybek_umaraliev
    @vet.vrash_nurlybek_umaraliev Рік тому +2

    Жеңісхан красапчик

  • @user-ze2kv3bp1r
    @user-ze2kv3bp1r Рік тому +4

    Берері мол сұхбат!

  • @beibitzhanalina6607
    @beibitzhanalina6607 Рік тому +2

    Бизнес по казахский 1, 2 бөлім ғана ең үздігі

  • @gulnazotegen8828
    @gulnazotegen8828 Рік тому +1

    Жаралы сезімді әлі тыңдаймын🥲😁 ӘншітЖеңісханнан көп жаңалық күтем🫠 Дива Бони екеуі де маған қатты ұнайды🫶🏻 Өз ісінің мамандары👍🏻💯

  • @mysecret.
    @mysecret. 11 місяців тому

    Асхат Садырбай мықты журналист екеніне көзім жетіп жүр, өте сабырлы, орынды сұрақтарды қоя біледі, қонақты тыңдай алады және онымен бір толқында бола алады, то есть сезіне алады, және ең бастысы келетін қонақты алдымен толық зерттеп алады. ❤

  • @user-ud3nm2ex5m
    @user-ud3nm2ex5m Рік тому +3

    Женісхан дұрыс сенікі.Ешқашан балаға шешесі немесе нағашы әже атасы әкесін жамандамау керек.

  • @user-ud3nm2ex5m
    @user-ud3nm2ex5m Рік тому +1

    Женісхан мына шашың ұнады.

  • @jimjim1474
    @jimjim1474 Рік тому

    Мыктыыы жарайсыңдар ❤

  • @Madikaspan
    @Madikaspan 10 місяців тому

    Әкем бар, бірақ қазір сөйлеспей жүрмін. Мүмкін, әкеме әке емес, досы, баласы болуы керек шығар.

  • @YerzhanOspanov
    @YerzhanOspanov Рік тому +7

    Мен акемді мүлдем көрмегем, мені іздеп келмеді мен іздеп бармадым, әкем өмірден өткенде өкіндім! Өзім үйленген соң түсіндім әкем неге іздеп келмегенін

    • @user-sh3qg7me8r
      @user-sh3qg7me8r Рік тому

      Неге келмейді екен

    • @YerzhanOspanov
      @YerzhanOspanov Рік тому

      @@user-sh3qg7me8r мен жалғыз перзент отбасыда, ол кісі анам екеу жараспаған соң басқа отбасы құрған, ол жақта 4 бала шағасы бар, мен іздеп келсе сол бала шағасы айелі ренжіп отбасы бұзылады сондықтан келмеген деген ойға тоқталып, акемді кешірдім!

  • @user-ku3yo9jx5z
    @user-ku3yo9jx5z Рік тому

    Жақсы ангіме болды.

  • @rinat_omartayev
    @rinat_omartayev Рік тому +1

    Женисхан король kz rnb красавчик 🔥🔥🔥

  • @sholpanbatyrbaeva2753
    @sholpanbatyrbaeva2753 Рік тому

    👍👍👍

  • @user-it4jz9wl9i
    @user-it4jz9wl9i Рік тому

    👍🏼👍🏼👍🏼👏🏼👏🏼👏🏼👏🏼 31:00

  • @dinaraussipbekova9458
    @dinaraussipbekova9458 Рік тому +1

    Кешке дейін имам, түстен кейін иван дейді ондайларды! Үлкендер бар, жастар тыңдамайды. Жақсы дүниелер айтылды, әкені-ананы ешкім таңдамайды, бар кезінде сыйлау керек. Әкелер әйелімен ажырассада баламен ажырамау керек! Араласу керек! Өз жұртымен көбірек араласу керек, ол оның тегі, түбі өз жұртымен араласады. Нағашыға көрпені тарта бермеу керек. Негізі тең болғаны абзал. Бірақ өз жұртына жақын өскен рухты болады, тегі ғой себебі. Хиджаб қазақтікі емес! Араб идеологиясын дамытуды, құл жасауды қою керек қазақтан! Қазақтың өз дәстүрі, ғасырлар бойы келе жатқан салты, санасы, әдебі, киім үлгісі бар! Адекват ойлы екен, қуып кетпеген. Тұщымды дүниелер көп айтылды. Пиконың болмай қалғаны мына тақырыпты бұданда жақсы сұрақтармен ашар еді.

  • @user-cg6ji3gq6o
    @user-cg6ji3gq6o Рік тому +2

    Дурыс сурак койды, жауап беретин адам болса, биз араб емеспиз, хиджаб бизге тан емес, неге соны тусинбейди казактар?!

  • @dinaraussipbekova9458
    @dinaraussipbekova9458 Рік тому +3

    Баланың проблемасы ең бірінші ананың күйі ғой! Ана бахытты болса бала бақытты болады! Қарайласып, алментін төлеп неге әке болып кеп жүрмейді?! Кім қой дейді осы әкелерге? Әйелді қолдап, әйелді түсінсе ол жоқшылыққа да, баршылыққа да шыдайды! Әйел шыдамның шегі біткен жерде тоқтайды! Стоп деп кетеді! Баланың көзінше анасын сабап жатқан балада қандай психология дұрыс болады?!

  • @jazira1124
    @jazira1124 Рік тому

    Женисхан санасы биык азамат екен неге балардын кукыгын коргамайды дейды ?менын ойымша улкендер оз проблемасын шеше алмай жатканда балалардын проблемасы алыстаума деймын
    Ата анага ой саларлык сурак койды осы суракка ар ата ана саналы турде ойланып саналы жауап тапса деймын

  • @user-ud3nm2ex5m
    @user-ud3nm2ex5m Рік тому +1

    Женісхан сізге киноға түсу керек мынандай шашпен.Меніңше кішкене өзінше боп қалған ,мафиозниктің рольін ойнасаң боладығой неге актер боп ойнамайсың ?бірақ өлеңдерін ұнамайды не орысша емес не қазақша емас .

  • @user-it4jz9wl9i
    @user-it4jz9wl9i Рік тому

    Блок деген тәкаппарлық шығар 23:16

  • @auylym
    @auylym Рік тому

    Мөлдір Мұқанованың сұрағы неге қойылмады? Асхат мырза

  • @user-li5tn3ei8e
    @user-li5tn3ei8e Рік тому

    Асхат по ходу өзінің проблемасын айтып жатыр ау

  • @user-ih3jr1co4n
    @user-ih3jr1co4n Рік тому

    Сұхбат күшті НО қайта-қайта шәй ішіп жұтынғаны жүйкеге әсер етті😴 қиын жұтынад екен өзі құрқ-құрқ деп дауысын шығарып тұрып

  • @user-ix6em8sb4o
    @user-ix6em8sb4o Рік тому +1

    Роза Аширбаева сұхбат неге шықпай жатыр??

  • @user-fg8mv3jo6v
    @user-fg8mv3jo6v Рік тому

    Мешіт құран оқыту деді да ,орамал хиджаб дұрыс емес деген нес 🤔

  • @tamarashalharova6543
    @tamarashalharova6543 Рік тому

    Неге орысша сөйлейді?қазақша ұрмайсың ба

  • @kazakhgames
    @kazakhgames Рік тому +1

    нормально келе жатып,ең соңында қуып кеткені несі,хиджап туралы айтып,үлкендер так и так айтатын айтып жатыр,неге хиджапка тирелип алдындар казакта болмаган деп,казактар арак ишипти ма,аузынан арак тастамайтын,аптасына ишпесе тура алмайтын "улкендердің" ақылы кимге керек, хиджапты жек коретин улкендер орыстарды Құдайдай коретиндер кобиси,казактар исламды жаксы устанган орыстар 70 жылда санасын озгертип Кудайға емес,аракка кул кылган,мешитке барады екенсин сурасай имамнан неге хиджап киеди мусылмандар деп, базарт жок 180 градуска озгереди екен)),айткан такырыбына сай сурак мазалап журген шыгар десем, НЕГЕ УЛКЕНДЕР ЖАСТАРГА КЛУБКА БАРМА ,АРАК ИШПЕ,ЕСИРТКИ КОЛДАНБА ДЕП АЙТПАЙДЫ? КАЙСЫСЫ ЗИЯН?

    • @gaininurgaliyeva503
      @gaininurgaliyeva503 Рік тому +1

      Теріс ағымдағы адамдардың пікірі,шағып алғандай атып шығады,арабтардың сойылын соғып.

    • @kazakhgames
      @kazakhgames Рік тому +1

      @@gaininurgaliyeva503 мен намаз окымаймын,хиджап кимеймин,видимо алкаштарга да менин пикирим унамай калды ау

    • @dinaraussipbekova9458
      @dinaraussipbekova9458 Рік тому +1

      Бұл кісі дұрыс айтады! Хиджаб арабтың киімі! Тіпті арабтың шейхы айтты хиджаб мұсылманның киімі емес деп! Қазақтықты насихаттап отыр. Респект! Қазақ әйтеуір орыс болуға ұмтылады, араб болуға ұмтылады, неге қазақ болуға ұялады ма, қорқады ма?