СУ ТАСҚЫНЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТАР ТАҒЫ ДА ЖЫМҚЫРЫЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 25 вер 2024
  • Су тасқынының зардабын жоюға олигархтар мен ірі компаниялар 200 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлмекші. Бұл қаражаттың негізгі бөлігін Форбс тізіміне кірген ірі бизнес өкілдері мен байлығы соларға жуықтайтын кәсіпкерлер аудармақ. Атап айтар болсақ, Машкевич, Ибрагимов және Шодиев иелік ететін ERG компаниясы 40 миллиард теңге бөліп отыр. Байлығы 3 миллиард 600 миллион долларға бағаланатын Владимир Кимге тиесілі компаниялар тобы да 40 миллиард теңге жұмсауға ниетті. Әрқайсысының жеке қаражаты 5 миллиард долларға жететін Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева 30 миллиард теңгесін бермек. Каспий банк иелері Вячаслав Ким мен Михаил Ломтадзе 20 миллиард, Болат Өтемұратов 10 миллиард аудармақ. Астана моторс компаниясының қожайыны Нұрлан Смағұловтың бергелі отырған қаржысы 6 миллиардтан асады. Миллиардтан көп аударғандар тізімінде Айдын Рақымбаев пен Тимур Турлов та бар. Атышулы Екібастұздағы жылу электр станциясына иелік ететін Сергей Кан да 1 жарым миллиард жібермекші. Жиналған қаражатты берген азаматтардың өздері қадағалауы керек деп кетті депутаттар.
    Редакция нөмірі: 87774717140
    Ютуб каналы және 4vlastinfo.kz сайтына тіркеліңіздер

КОМЕНТАРІ • 8

  • @Николай-р3э3б
    @Николай-р3э3б 4 місяці тому +2

    Ұрламағанда қарап қалмайды, өйткені алдағы ұрлағандар - сүттен ақ, судан таза болып шығып, "үлгі" болып жүр ғой

  • @АманКарынбаев
    @АманКарынбаев 4 місяці тому

    Тірі жүрген аюдың терісін бөлісуден шаршамаған сыңайлы, біздің билік

  • @magnit_plus
    @magnit_plus 4 місяці тому +3

    Арам оймен ұрламаған шығар?!!! Осы сөз тұрғанда ұялайды ғой әрине!!!

  • @АманКарынбаев
    @АманКарынбаев 4 місяці тому

    Астафираллах, адал ойлы ұрлықшы болады екен, ау. Недген тақуалық

  • @КошербайБикиров
    @КошербайБикиров 4 місяці тому

    ОНЫ ЖОНЖАРЛАР БӨЛІП АЛАДЫ ОДАН ҚАЛЫҚҚА НЕ ПАЙДА ТОЙМАЙ ЖҰТЫП ЖАТҚАН ЖОҚСЫҢДАРМА

  • @zkihamen8134
    @zkihamen8134 4 місяці тому

    Осы Шарлапаевқа сенбеимін , миллиард десе төбесіндегі екі тал шашы тік тұрады