Кітапхана тарихы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 13 сер 2019
  • Кітапхана - рухани мәдениет ошағы
    Кітапхана тарихы
    Сонау алғашқы Совет өкіметі орнаған жылдарында революция жұлдыздары - комсомол ұяларының (ячейка) қызыл отауларында, небір тарихи кезеңдерде де халыққа мәдени қызмет көрсетіп келген. Өмір ағымының қашанда алдында жүретін өнер, мәдениет адамдары біздің ауданымызда да өз міндеттерін атқарды.
    Аудан тарихы Жаңақазаннан басталғандықтан кітапхана тарихын да Жаңақазан кітапханасы тарихынан бастауды жөн көрдік.
    Новая-Казанка, Жаңақала, Жаңақазан. Кішкентай ғана ауыл. Бірақ мұнда тұнған тарих та, шежіре де мол.
    Ұлы Октябрь Социалистік революциясының жеңісінен кейін, бүкіл Ресейдің барлық жерлеріндегі сияқты Бөкей Ордасының Жаңақала жерінде ақ найзаның ұшымен, пілтелі қара мылтық күшімен Кеңес үкіметін орнату үшін 1919 жылдың күзінде Жаңақалада Кеңес үкіметі орнады. Сол жылы Қамыс-Самар жеріне үш коммунист келді. Олар Әлмұқанбетов, Б.Қарменов, Н.Залиев еді. Осы жылдың 31 желтоқсанында жоғарыда аталған үш адамнан ең алдымен Жаңақалада (Н-Казанкада) коммунистік ұя (ячейка) құрылған. Алғашқы рет коммунистік ұя пайда болуымен қатар үгіт-насихат, секретариат және әйелдер арасындағы жұмыс бөлімдері пайда болған. Бұл шағын аппаратта жұмыс істейтін кадрлар болмай барлық жұмыс азамат Н.Залиевке жүктелген. Сөйтіп, 1919-1920 жылдары үгіт-насихат бөлімінен кішкентай бұрыш «Қызыл отау» құрылған. Мұнда газеттер, журналдар, листовкалар, плакаттар т.б. сауат ашуға арналған құралдар қойылған. Осы жерге ауыл тұрғындары келіп сауаттанған. Кеңес үкіметі кезінде бұл пайда болған «Қызыл отау» кітапхананың ең алғашқы баспалдағы еді.
    Тарихы тереңде жатқан кітапхана шежіресі осы «Қызыл отаудан» бастау алып, бірте-бірте көбейе түскен ауыл тұрғындарына «Қызыл отау» кішірек болып, Жаңақазан аудан орталығынан арнайы кітапхана салынып, бір жағы кітапхана, бір жағы парткабинет болды.
    1930 жылдан бастап аудан құрылған кездерде мәдениет бөлімі, мәдениет үйі, аудандық кітапхана сияқты мәдени мекемелер бой түзей бастаған. Аудан кезінде көнекөз қариялардың айтуы бойынша мәдениет бөлімінде басшы болып Қойшекенов Бақыт аға, ал кітапхана меңгерушісі Досалиева Уазипа, Мағзомова Меңдеш, Талкеева Бибиғайша апайлар кітапханашы болып қызмет атқарған.
    1962 жылы 22 маусымда Жаңақала ауданын ажырату жөнінде Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің жарлығы негізінде «Жаңақала» совхозы Казталовка ауданына қарасты болған.
    1960-1970 жылдары Жаңақалада кітапхана мектеп жанындағы балалар жатақханасының бір бөлігінде орналасып, кітапханашы Мерғалиева Тұяқ жұмыс істеген.
    1972-1975 жылдары аудан құрылғаннан кейін кітапханада Габдушева Жұпар, Мерғалиева Тұяқ, Темирова Қадиша, Сұлтанова Айбарша қызмет атқарды.
    1974-1980 жылдары Байноғаева Альберта кітапхана меңгерушілігі қызметінде болды.
    1981 жылы кітапхана аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып, 177216 дана кітап қорымен қайта құрылып, 16 ауылдық кітапхана, 3 ауылдық балалар кітапханасы, 1 орталық және 1 аудандық балалар кітапханасы жұмыс жасады.
    Осы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылған уақыттан бастап ұжымды басқарған басшылар:
    1981-1987 жылдары Түсібалиева Нәсібия
    1987-1994 жылдары Такеева Маншук Әнуарқызы
    1994-2010жылдары Балдай Әліпқызы
    2010-2011 жылдары Еслямғалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы
    2011 жылдан бастап, күні бүгінге дейін Мұқашева Дина Даниярқызы кітапхана директоры қызметін атқарып келеді. Кітапхана ұжымы бүгінде халыққа рухани тәлім-тәрбие беруде айтарлықтай жұмыстанып келеді.
    Күні бүгін аудан бойынша 25 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Олар: аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 7 ауылдық модельді кітапхана, 8 ауылдық орталық кітапхана, 3 ауылдық балалар кітапханасы, 12 ауылдық бөлімше кітапханалары.
    2016 жылы 1 ақпанда Жаңақала ауданында өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың қатысуымен рухани орталық ашылды. Рухани орталықта «Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің» «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық ММ, «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Жаңақала ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық ММ, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты, “Жаңарған өңір” газетінің редакциясы, Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі және күй студиясы орналасқан.

КОМЕНТАРІ •