МҰХТАР МАҒАУИН "СКРИПКА БІЗДЕН ШЫҚҚАН"

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 9 тра 2024
  • Серікгүл Сұлтанқажы: Аға, соңғы жылдары қазақ арасында «Қара жорға» биін моңғолардың буын биі деп жүргендердің қатары көбейді. Жалпы бұл бидің тарихынына қатысты нақты деректер бар ма?
    Мұхтар Мағауин: Қазақ халқы 20 ғасырда үлкен апатқа ұшырады. Демографиялық апат және 1918-шы жылғы ашаршылық, рухани күйреу, тұрмыстың азап-тозуы бәрі бүкіл қазақ халқының басына ешбір халықтың басында болмаған апат әкелді. Міне, содан кейін оңалып, қайтадан халық болуымыздың өзі таңғажайып нәрсе деп ойлаймын. Ал енді осы ашаршылық кезеңде, советтік қыспақ салдарынан өткенді теріске шығаруда ұмытылғандар көп. Біз әлі түгендеп болған жоқпыз және түгендеу мүмкін емес сияқты. Мысалы қазақтың қолөнер және әшекей зергерлік бұйымдары, рухани өмірін айтпағанда жоғалған нәрсемізде сан жоқ. Қазір музейде тұрған дүниелер тек соның бір сарқыншағы, соның бір бөлшегі ғана. Ал енді рухани өмірде көптеген күйлер, әндер жойылып кетті. Ал мына «Қазақтың 1000 әнін» Ғалым Доскен шығарды. Сол «1000 әннің» ішінде халық әнін түгендесем, тең жарымнан артығы Қытайдан жазылып алынған екен. Мына жақта пәленбай миллион қазақ отыр, ал ана жақта бір миллион қазақ бар. Сонда жаңағы халық әнінің тең жартысынан астамы Қытайдан жазылып алынған. Бұның себебі біздің жақта ұмытылған. Ал ол жақта қанша қиыншылық болса да, дәл біздегідей ашаршылық жаппай геноцид болған жоқ. Осындай ұмытылған нәрсенің бірі қара жорға биі болатын. Мен өзім ес білген кезде біздің ауылда «Қара жорға» күйі тартылатын. Бұл қазір әртүрлі әуенмен шығарылып жүр ғой. Сол қара жорға деген күймен бірге би биленетін. Көпшілік «Байжігіттің қара жорғасы» дейді. Керемет күйге ауыл балалары «қара жорға» билейміз деп тыпырлап жататын. Мен өзім қара жорғаны билеген біздің аталас туысқан ағаларымыздың бірі, әкеміздің інісі Жұмажан деген ақсақалды танимын. Кезінде Қытайдан келген, Алакөлде тұрып, жансақтап қалған. Сол ақсақалдың Алматыға келген бір жолында биін көрдім. Қазір орыс саясатының кесірінен «қазақ деген халық та болған жоқ» деп айтып жатыр ғой. Одан бөлек кейбір мамандардың өзі, қазақтарды мынандай күй болған жоқ, бұл «қалмақтікі» бәлен-түген деп шығарып жүр. Ол жақта қара жорға күні кешегіге дейін сақталған. Мына біздің өнертанушылар, зерттеушілер соны қаншалықты зерттейтінін білмеймін, мысалы Қытайда 17 жылға дейін өте көп хабар, ақпараттар түсірілді. Соның бірі «Жолаушы» деген телевизиялық бағдарлама. Ауылдарды аралап, жаңағы малда шаруашылықта отырған еңбек адамдарын сөйлетеді. Содан кейін бір ән айтады немесе бір күй тартады. Сонда бір ауылда бір ақсақал 82 жасқа келгенде қара жорғаны билейді. «Қазір қара жорғаны билеп жүр ғой былай-былай ал біздің кезімізде басқашарақ болатын» деп өзгешелеу билейді. Ақсақалдың қасында домбыра тартып отырған жігіт бар. Осындай жоғалған нәрселер көп, соның бәрін жинастырып, қайтадан халқымыздың иігіліне айналдыру керек!

КОМЕНТАРІ •